Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02165 Эстрада өнері в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Эстрада өнері саласында кәсіби шеберлігін көркемдік бейнелік ой-өрісі мен іс-әрекетін көрсетуге қабілетті болу, кәсіптік пәндерді оқу барысында әншінің сахынадағы жұмысы, эстрада әнін орындау өнерін игеріп, кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеру. Өнер аясындағы бірлестіктер мен музыкалық ұжымдардың, мәдениет, білім беру, оқытушылық қызметтің шығармашылық ісін ұйымдастыру, теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруды ұйымдастыру, кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыра алатын, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, өнер саласындағы бәсекелесуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B021 Орындаушылық өнер
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эстрадалық ән І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты –эстрадалық вокал техникасының алғашқы орындаушылық тәсілдерін үйрету және әншілік дауыс беру мен әннің эсрада-вокалдық тәсілдері туралы білім беру.Орындаушылық барысындағы дыбыс шығару тәсілдерін(акцент, тыныс алу, дыбыс күші, дыбыс тазалығы (интонация), дауыс ауқымын кеңейту, резонаторларды дұрыс пайдалану)меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыка теориясы (сольфеджио)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - студенттерінің есту, есте сақтау, ән айту барысында дыбыстарды таза интонациялауға үлкен әсерін тигізеді. Көптеген музыкалық дағдыларын дамытады - есту қабілеті, ырғақ, есте сақтау қабілетін және де басқа мәндерді меңгеруге септігін тигізеді. Аталмыш пән кәсіби ән өнеріне бейімдеп, үлкен біліктілік пен білімділікті шығармашылық ізденіс пен әдіс тәсілді меңгеруды қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фортепиано І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – фортепианода ойнау музыкалық сауаттылығын, ансамбльдік ойын дағдыларын, сүйемелдеуге арналған қажетті дағдылардың, шеберліктерін, шығармашылық белсенділігін тәжірибелі жинақтауға, әлемдік музыка жоғары жетістіктерімен танысуға тәрбиелеу. Музыкалық дыбыс қасиеттері мен олармен жұмыс жасауға ұғындыру. Музыкалық шығармалармен таныстыру: пьеса, прелюдия, этюд, полифониялық шығармалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эстрадалық ән IІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - эстрадалық вокал мәдениетін қалыптастыру: фразировка, артикуляция, дикция, динамика. Сахна мәдениеті: ән мазмұнының көркемдік мәнін жеткізе білу. Эстрадалық әндердің метроритмикасын тереңдетіп оқыту. Негізгі ырғақтық фигуралар (музыкадағыекілік, триольдік бөліктердің ыдырауы). Агогика. Рубато. «Акаппелло»мен сүйемелдеуімен орындаушылығы. Полиритмиялық және полиметриялық кедергілер. Орфоэпия мен музыкалық ырғақтың екпін алуына байланысты күрделіліктерді сезінуге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Фортепиано ІІ
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты- студенттердің орындаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, арнайы орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Аспаптық орындаушылық шеберлігі: ансамбльдік ойын дағдылары, сүйемелдеу,парақтан бірден оқып ойнау, шығармашылық белсенділігін тәжірибелі жинақтауға, әлемдік музыканың жоғары жетістіктерін игеруге талпындыру. Шағын музыкалық шығармалармен қатар күрделі шығармалармен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Эстрадалық ән IІІ
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - бұл жанрдағы шығармалардың дұрыс және әдемі орындалуын ғана емес, сонымен қатар микрофонмен жұмыс істей білу, эстрадалық әртістің имиджінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сахналық қозғалысты және актерлік дағдыларды игеру. Орындаушылық шеберлікте музыканы, оның түрлері мен жанрларын қабылдаудың шығармашылық қабілеті мен іскерлігін дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аспаптану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - музыкалық-орындаушылық іс-әрекеттің принциптері мен әдістері сияқты ұғымдармен бетпе-бет келе жатқан композиторлардың идеялары мен эстетикалық көзқарастарын, теориялық білімдері мен жалпы музыкалық зерттеулерінің қажеттілігін зерттеуден бастап, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, көркемдік бағыт беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Эстрадалық ән IV
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - орындаушылық репертуармен жұмыс істей білуге дағдыландыру: репертуарды толықтыру, түрлі жанрлар мен стильдердің шығармаларын жинақтау; дәстүрлі қазақ мәдениетінде классикалық әндерді кеңінен қолдана білу, әлемдік эстрадалық музыка әндері мен фольклорлық шығармаларды жаңа интерпретациялау. Арнайы вокалдық әдебиеттерді зерттеу және талдау; көркемдік қабылдау әдістерінің көмегімен жанрдың, стильдің, ерекшелік сипаттарын меңгеру тәсілдерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыка теориясы (гармония)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – музыкалық теория негіздерінің бастапқы қағидалары мен тәсілдерін (жазып, оқып) үйрену. Дыбыс, оның физикалық және музыкалық қасиеттері. Дыбыс қатары. Ноталардың жазылуы. Ноталардың ұзақтылықтары. Дыбысты тыңдау және есте сақтау қабілетін дамыту. Музыкалық-теориялық білімдерді меңгеру (интервалдар, ладтар, тональдіктер, аккордтар т.б.).

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Концерттік орындаушылық шеберлік
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттерге музыкалық шығармамен жүргізетін жұмысты, шығармалардың әуенін, техникасы мен табиғатын, ырғағын, интонациясын меңгерту. Музыкалық шығармалардың нотасын оқып-ойнау негізінің қалыптасуы. Студенттердің орындаушылық шеберлігін нығайта отырып, ән салу мәнерін, концерттік дайындығы мен әдістемесін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Вокалдық ансамбль
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-вокалдық дайындықтың негізгі кезеңдерін, вокалдық өнерді дамытуда кәсіби білімдерді қалыптастыру, сонымен қатар қажетті білім деңгейін және орындаушылық шеберлікті арттыру. Өз алдына қойған кез келген шығармашылық міндеттерді өз бетінше орындау қабілетін қалыптастыру. Тек жеке ән салу емес, сонымен қатар дуэт, трио, квартет, квинттте және т.б. ән айту дағдыларын жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Эстрадалық аспаптық ансамбль
    Несиелер: 3

    «Эстрадалық аспаптық ансамбль» пәнінің мақсаты эстрадалық ансамбльдік орындаушылық ерекшелігімен танысу, көркемдік талғам мен музыкалық ой өрісін қалыптастыру, ансамбльдік ойындар мен солист аккомпанементтің бастапқы дағдыларын дамыту, ноталарды парақтан оқу. Ансамбль класында ұжымдық жауапкершілік пен серіктестік сезімі қалыптасады, сахналық мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдылары үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Микрофонмен жұмыс жасау әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру. Жұмыс істеу барысында оқу әдістемелік материалдарды құрастыру негізінде микрофонмен жұыс жасау технологияларын меңгеру. Пәннің әр-түрлі оқу әдістелемері мен бағдарламары. Жеке дауыста ансамбльдер мен оркестрлерде микрофонды пайдаланудың тиімді жолдары мен дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеңіл және классикалық музыка
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – классикалық және жеңіл музыкалық білімінің қалыптасуы мен дамуының жан-жақты жақтарын, жалпы білім беретін мекемелерде музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгеру қарастырылған. Студенттерді жеңіл түсінетін, ойын-сауық мақсатына арналған музыкалық шығармалар мен адамды жан-жақты ойландырып, керемет әсерге бөлейтін музыка жайында ойын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап-І (синтезатор, электро пианино, бас гитара, ритм - соло, барабан, перкуссия, кселофон, саксафон, скрипка және этно-фольклор аспаптары)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – музыкалық аспаптарда ойнауды еркін меңгеріп, күрделі музыкалық шығармаларды орындау тәсілдерін игереді, сүйемелдеу дағдыларын меңгеріп, өз орындауындағы әндерді, жеке әншілерді сүйемелдей білу, нотаны оқып ойнау, нотасы жоқ әндерді есту арқылы сүйемелдеу, түрлі сарындылыққа көше білу, ансамбль, оркестрге қосылып ойнай білуге үйрету, музыкалық репертуарлармен өз бетінше жұмыс істей білуді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этно-фольклор мен эстраданы үйлестіру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерді этно-фольклор және эстраданы үйлестіруін үйрету: дуэттер, трио, квартеттер. Әріптестермен бір стильде ансамбльде ән айту бойынша барысында осы іскерліктер мен дағдыларды қолдана білу. Динамикалық реңктерді, вокалдық штрихтерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру және әр түрлі ағымдағы стильдегі rock, swing, bosSaya, disco этно-фольклор құралдарымен іскерлікті қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық эстетика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - музыкаға деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті тәрбиелеу; музыкалық әсермен байыту; музыкалық қызметтің барлық түрлерінде: ән айту, тыңдау, музыкалық-ырғақтық қозғалыс, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын дамыту; эстетикалық сезімдер мен музыкалық талғамды тәрбиелеуге және қалыптастыруға ықпал ету; адамның жан-жақты дамуына ықпал ету; музыкалық қызметтің барлық түрлерінде шығармашылық белсенділікті дамыту; музыкалық-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Полифония
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге полифонияның негізгі заңдылықтары мен көп дауыстылықтың ерекшеліктері жөнінде түсінік береді. Полифония түрлеріне қызығушылықты қалыптастырады; полифония дамуынның тарихи кезеңдері; полифониялық құрылымның түрлері; әуенді полифония түрлерін дамыту дағдыларына баулиды; көп дауыстылық имитация және канонды шығарады. Жай үшдауысты фугаларды күй сандықта шығаруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қоғам және музыка
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қоғамда музыка мәдениетін тарату, насихаттау, музыка өнерінің жеке түрлерін зерттеу мақсатымен құрылған кәсіби музыканттардың және музыка әуесқойларының бірлестігін зерттейтін пән болып табылады. Музыка қоғамдарының ұлттық, халықаралық түрлері болады, олар ішінара орындаушылық, ғылыми және ағартушылық болып бөліну жолын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Эстрадалық ән V
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - әншілік дауысты дамыту: диафрагмалды тыныс алу техникасы; дауыс ырғағының тазалығы және дыбыс шығару; әншілік дауыстың ауқымын кеңейту; ерекше эстрадалық тәсілдерін меңгеру; эстрадалық сахналық өнер және актерлік шеберлік дағдыларын жетілдіру; дикцияны жетілдіру; минустық фонограммада микрофонмен жұмыс істей білуге. Концерттік тәжірибенің арқасында психологиялық кешендерді жеңе білуге. Эстрадалық музыкалық композиторлардың шығармаларымен таныстыру арқылы орындаушылық репертуарын кеңейту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Фортепиано ІІІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - фортепианода ойнаудың орындаушылық шеберлігінің теориясы мен тәжірибесінің негіздерін жетілдіру. Арнайы білімді меңгере отырып, пианисттің көркемдік-шығармашылық ойлауын тәрбиелеу міндеттерін шешудің маңызды аспектілерінің бірі болып табылатын орындаушылық дағдыларды дамыту: техника: саусақтардың жүгіртпесі мен ептілігі; «қарқынмен», мықты ойнау, нақты және сенімді ойнау (гамма, арпеджио, октавалық жолаушы, қос ноталық комбинация және т. б.) ойнауді білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыка мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынас формаларының алуан түрлілігімен, әлем халықтарының музыкалық-интонациялық идеалдарының көп түрлілігімен және оларды өсіру формаларымен, мәдениетаралық қарым-қатынас тарихы мен мәселелерімен таныстыру; басқа музыкалық мәдениеттерге және олардың тасымалдаушыларына толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұлттық аспаптардың ерекшеліктерін, музыкалық дәстүрлерді, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және музыкалық-поэтикалық өнердің бірлігін көрсете білуді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орындаушылық өнер тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – өнердің даму кезеңдерін өнердің түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Орындаушылық өнер тарихы өнер шығармашылықтың құбылыстарын зерттейді. Орындаушылық өнер тарихы өнердің жалпы тарихымен қатар жеке өнер жанрларын (мысалы, опера, симфония, театр, хореграфия), орындаушылық өнер түрлерін тарихын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетел музыкасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шетел музыкалық мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін: өткен музыкалық шығармалардың негізгі стильдік ерекшеліктерін, олардың есту бойынша негізгі тақырыптарын; композиторлар туралы музыкалық-тарихи және өмірбаяндық мәліметтерді зерттейді. Музыкалық шығармаларды, оның стильдік және жанрлық ерекшеліктерін көркем дәуірдің ерекшеліктері контексінде талдайды; ноталық материалмен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істейді; Батыс пен Шығыстың музыкалық мәдениетінің мазмұнын дәлелдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық аспап-ІI ( синтезатор, электро пианино, бас гитара, ритм - соло, барабан, перкуссия, кселофон, саксафон, скрипка және этно-фольклор аспаптары).
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – шығармашылық музыкалық қызметтің түрі ретінде аспаптық орындаушылықты меңгеруге, музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспапта ойнау дағдылары мен кәсіби біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дауыс пен сөйлеу шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – коммуникативті талаптарға, жанрға, шығарманың сипатына сай тыңдаушылардың сөзді қабылдау деңгейіне сәйкес өзіндік сөйлеу стилін таңдау және жүзеге асыруды үйрену. Сөйлеу мәдениетін, сөйлеу этикетін, әдеби тіл нормаларының талаптарын сақтай отырып, мәтінге тілдің көркемдік шеберлігін енгізуді қалыптастыра білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Актерлік импровизация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – рольмен жұмыс жасау. Драматургиялық үзінділерімен жұмыс жүргізу. Пьесаның жанры мен стилі, негізгі мақсаты, автордың идеясын айқындау, сахнада рөлін түсіну және жүзеге асыру. Ішкі монолог. Рольге ену жұмысының бастамасы. Физикалық іс-әрекет және бейімделу. Рөлдің көкейкесті мақсаты мен әрекет арқауын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фортепиано IV
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орындаушылық дағдыларды жетілдіру: жеке орындау, ансамбль немесе оркестр құрамында ойнай білу, басқа музыканттарға аккомпаниялау және техникалық дағдыларынан қалыптасатын кәсіби қасиеттері: орындау мәнерлілігі, орындалатын шығармалардың өзіндік түсіндірмесін жасау қабілеттерін меңгеру. Игерілген дағдыларды қолдана білу және нәтижесіндеоларды автоматтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Эстрадалық ән VІ
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-студенттерді өзінің орындаушылық дағдыларын, орындаушылық техникасын өз бетінше жетілдіруге бағыттау: дыбыс шығару сапасын, орындаудың көркемдік деңгейін, фразировкасын, нюансировкасын және артикуляционды аппаратпен жұмыс істеу. Түрлі стильде импровизациялау - баллада, свинг, блюз, босса- нова, джаз-рок. Эстрадалық көркемдік қойылымда бейнені ашуда сахналық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ музыкасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасының тарихын зерттейді. Музыкалық мәдениеттің тарихи даму кезеңдерін сипаттайды. Кәсіби қазақ музыкасының, қазақ халық шығармашылығының пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ежелгі түрік кезеңінің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды, жіктейді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шығармаларын синкретиздейді, түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сахна мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – орындаушылық өнердің музыкалық шешімін табады. Сахнадағы серіктеспен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сахнамен жұмыс жүргізу жолын және әншілік шеберлігін кәсіби дәрежеге жетілдіреді. Өндірістік режимде жұмыс істейді. Әнші диапазонының кеңдігі мен дауыс шығару жолдарын, өнер ұжымындағы жұмыс перспективасын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Импровизациялау тәсілдері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-импровизациялау – шығармашылықтың ерекше түрі; импровизациялау әдістеріне машықтану; импровизация тәсілдерін вокал және аспапты музыкада іс жүзінде пайдалана білу; музыка тілінің (нақыштық, ладтық, ырғақтық, құрылымдық) параметрлерін ескере отырып, әуенді тізбекті құрастыруды үйрену; импровизациялаудың негізі ретінде дәстүрлі және қазіргі кезең джаз гармониясының теориялық принциптерімен байланыстыра білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Концерттік номерлерді қою
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- кәсіби орындаушылық, эстрадалық-орындаушылық шеберлік дағдыларын іс жүзінде қолдану және жетілдіру және концерттік бағдарламаларды қою мен ұйымдастыруда дағдыларды іс жүзінде қолдана білу. Әр түрлі эстрадалық репертуарлардың жанрлары мен стильдерін терең зерделеу сахнада орындаушылық шеберлік пен концерттік орындаушылықты дамытады. Интерпретаторлық шешімдерді орындаушының сахналық мінез-құлқын іздеуге жәрдемдеседі. Орындаушының ерік аясына әсер ету тәсілдерін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық компьютерлік технология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – музыкалық компьютерлік технология арқылы – болашақ мамандардың музыкалық ноталық редакторларын жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пәнін оқыту жұмыстарында тиімді пайдалану, музыкалық білім беру ісінің жаңа әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады. Музыкалық компьютерлік технология пәніне қызығушылығын арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі дүниесінің ән өнері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты- түркі дүниесінің ән орындау ерекшеліктері мен ұлттық бояуларын меңгеру. Миллизмдер. Әнді өңдеу. «Түркі дүниесінің ән өнері» пәні студенттің осыған дейін алған білімінің орындаушылық саладағы маңызды бөлігі және жаңаша қыры саналады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер Түркі дүниесінің түрлі характердегі, жанрлық сипаты ерекше шығармалар мен әндер үлгілерін жан-жақтылығын үйреніп, біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ноталық редакторымен жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың Finale бағдарламасымен жұмыс жасау жолын түсіндіреді. Дыбыспен жұмыс жасау, дыбыс сапасы, орындаушылықтың көркемдік деңгейі, фразировка, нюансировка, артикуляциямен жұмыс жасайды. Терминдерді ашу – фантазия мен ой өрісті дамытады. Эмоционалдық тондар бойынша жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық шығармаларды талдау.
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – музыкалық сауаттылығын дамыту. Ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру. Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл – музыкалық талдау жасауға алғашқы аяқ басуы. Сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлұмат алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық репертуармен жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - Биг-бэндте (үлкен джаз оркестрі) ойнай білуге дағдыландыру. Оркестрлік сыныпта үйлесімді жұмыс істеу принциптерін қалыптастыру: ноталарды парақтан оқып ойнау, әртүрлі дәстүрлі және қазіргі заманғы джаз стилінде биг-бэндке арналған өңдеулерді партитурадан оқу және орындау. Эстрадалық-джаз репертуарымен танысу барысында жеке партияны орындаушылар тобында концерттік қойылымдарда орындау қабілеттерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эстрадалық ән VІІ
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттерді эстрадалық әншілермен вокалды-жаттықтыру жаттығуларының арнайы кешенін қамтитын вокалдық- жұмыстарының өзіндік әдістемесін әзірлеуге үйрету: тыныс алу, дауыстық аппараттарды босататын, ән айту кезінде резонанс сезімін қалыптастыратын; оқыту процесін басқару әдістерін қолдана білу; эстрадалық ән айтуды оқытудың педагогикалық алғышарттарын ашу; эстрадалық жанрдағы вокалдық стильдердің қалыптасу тарихын білу;

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Студиядағы жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету. Компьютерлердегі бейнемонтаж программаларымен таныстыру. «NUENDO» музыкалық бағдарламасының 3 нұсқасын игерту. Белгілі бір тақырыпта арнаулы бағдарлама көмегімен жоба жасау, монтаждау процесімен, әртүрлі эффектілер, бейне және аудионы кесуге арналған құралдармен жұмыс жасауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік аранжировка негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – студенттерге шығармаларды компьютер, семплер модульдері және басқа да элекутронды аспаптар арқылы өңдеудің негізгі тәсілдерін меңгерту – CubAspe SX SonAra Pro Tools. Классикалық аранжировка мен қазіргі компьютер арасындағы байланыс техникасы. Композицияларды аналогтық және сандық өлшемдерді пайдалану нәтижесінде жазуға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Модерн /Э/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – модерн биінің орындалу техникасын, терминологияны, сабақтың құрылымын және қазіргі заман билерін білу. Өзінің денесін басқару дағдыларын игеру; қазіргі заманауи хореографиялық стилінің негізгі қозғалыстары мен пластикалық тапсырмаларды орындай білу. Деңгейлердің негізгі түрлері, үйлестіру, кеңістіктегі қозғалыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; -мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    -қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттардықолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    -қазақ және шетел музыкасының туу тарихы мен шығармашылық мұрасының ерекшелігін анықтау. -өнердің қалыптасу тарихын, жалпы орындаушылық өнердің жанрлары бойынша, өнер тұлғаларының атқарған еңбегін көрсетеді. -жеке тұлғаның қоғамдағы музыкамен байланысын, музыкалық эстетика тәрбиелігін, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытуға көмектеседі

  • Код ON5

    - жаңа шығармалар мен репертуарлық жоспарды жүзеге асыру арқылы оқу үдерісін тиімді қолдану -әр түрлі эстрадалық репертуардың жанрлары мен стильдерін терең меңгеру арқылы сахнада орындаушылық шеберліктерін дамытып концерттік өнер көрсетеді. -әр түрлі дәстүрлі және қазіргі кездегі джаздық стильдердегі бигбэндке арналған өңдеулерді зерттеп, жекеше партияларды, топтық және жалпы дайындықтарды меңгере отырып эстрадалық-джаздық жаңаша репертуарларды үйренеді.

  • Код ON6

    -Музыка теориясының ережелері мен музыкалық дыбыс, интервал, аккордтарды күнделікті тәжірибеде қолданып заңдылықтарын түсіндіру. -Берілген теориялық тапсырмаларды, тәжірибе жүзінде орындайды және музыкалық теориялық құрылымдарды (лад, ырғақ, интервал, аккорд) аспапта орындай бастайды. - Нота ұзақтығын өлшемдерге (тактіге) бөліп, топпен жұмыс жасауға қабілеттілігін көрсетеді, музыканың тілі арқылы өнердің маңыздылығын көрсетеді

  • Код ON7

    -Болашақ әншіге жеке дауыс техникасын өсіруге дұрыс бағдар беру. -Әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіріп резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолданады -Вокалдық жаттығулар арқылы дауыс техникасының негіздерін үйрене отырып кәсіби әншілік қабілетін қалыптастырады

  • Код ON8

    -Орындаушылық техникасын дамытуда түрлі жаттығулар қолданады. -Музыкалық дыбыс қасиеттерімен жұмыс жасауға оны біліп талдауға әрекет етеді. -Музыкалық аспаптарды еркін меңгеріп, күрделі музыкалық шығармаларды мәнерлі орындайды

  • Код ON9

    - Кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайларға икемді және ұтқыр болу қабілеттілігін қолдану. - орындаушылық және шығармашылық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсетеді - Өзінің кәсіби қабілетін арттыру мақсатында тың ізденістерді, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру арқылы әр түрлі тәсілдерді дәлдікпен қолдануды үйренеді

  • Код ON10

    - Кәсіби орындаушылық шеберлік дағдыларын тәжірбие жүзінде қолдану - орындаушылық өнер саласында сахналық еркіндікті сезінеді, өзіндік қимыл әрекеттерін құру қабілетін жетілдіреді, музыкалық сауат, ән салу негіздерін үйрену арқылы толыққанды сапалы кәсіби білімін жинақтайды. - музыкалық аспапта ойнау арқылы эстрадалық әндердің жанры мен стильдерін жоғары деңгейде орындайды

  • Код ON11

    -жеке дауыста ансамбльдер мен оркестрлерде микрофонды пайдаланудың тиімді жолдары мен дағдыларын есте сақтау және қолдану. -вокалдық ансамбль: дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б. ансамбльдік орындаушылық, серіктермен бірігу, ансамбльде барлық партияларын есту дағдыларын қалыптастыруға әрекет етеді. -вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, музыкалық-эстрадалық дәрежеде ән орындайды

  • Код ON12

    -Өнер, мәдениет, білім саласындағы музыкалық және ұжымдар мен бірлестіктердің шығармашылық ортасында теориялық білімдерді практикалық жүзінде қолдану; -концерттік бағдарламаларды, фестивальдарды, байқауларды ұйымдастырады. - шығармашылық жобаларды жасау және әзірлеу ісін үйренеді

Top