Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01514 География в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ, білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыру және Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әртүрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін қамтамасыз ету; - Әлемдегі жаһандану процесінің күшеюі кезеңінде қазіргі география- жер туралы білімді тоғыстырушы жеке дара ғылым ретінде жаратылыстану –ғылыми, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және технологиялық ақпаратарды түйістіруді қамтамасыз етуге; - География бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдауға және ұқыпты шеше білуге, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алуға бағытталған
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік, экономикалық саяси географияға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты -мемлекеттер мен аймақтардың өзіндік шаруашылық ерекшеліктерін, шаруашылықтардың өңірлік айрмашылығын, орналасуы туралы ғылыми білімдер қарастырылады. Сонымен қатар, жер шарындағы елдердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты -физикалық географиялық білімді қалыптастыру, географиялық қабық туралы ғылыми пікірлерді меңгерту Жалпы планетамыз жердің пайда болуы және оның дамуы туралы және жердің атмосфера, гидросфера, биосфера, литосфера қабықтары туралы жалпы физикалық географиялық білімдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы геология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты- жердің пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі геологиялық процестер туралы білімдер қарастырылады. Сонымен қатар геохронологиялық кесте, геологиялық карталар, пайдалы қазбалардың пайда болуы және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Топырақ географиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты- топырақтың пайда болуы, қалыптасуы, түрлері,құрамы,қасиеттері және Қазақстан аймағындағы топырақ түрлерінің зоналар бойынша қалыптасуын заңдылықтары туралы білімдерді меңгертеді Сонымен қатар топырақтарды қорғау шаралары және оларды тиімді пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдары көрсетіледі. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, формалары, әдіс-тәсілдері туралы ғылыми білімдер жүйесімен және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы қолдау көрсету әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Географиялық білімнің дамуындағы жаңа тұжырымдар
    Несиелер: 4

    География білімінің дамуындағы жаңа тұжырымдардың басты мақсаты - кеңістік заңдылықтарына талдау жасай білу, геожүйелер мен олардың компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды қазіргі әлемнің географиялық картинасына түсінік беретін тарихи әдістемелер негізінде анықтау. Географ әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, жер беті мен оның жеке аудандарындағы табиғат пен шаруашылықта болатын өзгерістерге болжам жасай білуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдаланып, болашақ педагогтың оқытуды ұйымдастыруы, цифрлық білім беру контенттерін құру және кәсіби педагогикалық ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады. Оқытуда цифрлық білім беру қорларын пайдалану сабақтың көрнекілік, ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық форматтағы оқу-әдістемелік материалдар сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануға, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жер кадастры
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау үйрету Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесін меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүние жүзіндегі мұхиттар мен материктер туралы жалпы физикалық географиялық білімдер қарастырылады. Сонымен қатар әрбір материкке тиісті физикалық географиялық ерекшеліктері көрсетіледі. Мұхиттардың экологиясы және олардың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биогеография
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүние жүзі бойынша өсімдіктер және жануарлар дүниесінің патшалықтары туралы білімдер қарастырылады. Сонымен қатар бұл патшалықтарда қазіргі кезде болып жатқан биологиялық және экологиялық өзгерістергеде жан-жақты тоқталып өтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физикалық географияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты — жер сферасы, географиялық орта және жер типтері — географиялық ландшафтар туралы ғылым саласы туралы білімді қалыптастыру Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстар мен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаратылыстану пәндерін оқытудың технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – заманауи білім беру технологияларымен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған маман даярлау. Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың ақпараттық білім беру технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- географияны оқыту әдістемесі пәнінің дамуы, географияны оқыту әдістері,түрлерін туралы жан-жақты білімдер қалыптастырады. Географиялық сабақтардың түрлері, орта мектеп географиясы,географиялық құралдар және географиядағы сыныптан тыс жұмыстар экскурсиялар туралы білімдер көрсетіледі. Сонымен қатар география пәніндегі жаңа инновациялық технологиялар туралы да пікірлер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • География пәнін оқытуда креативті технологияларды қолдану әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - Қазіргі мұғалім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда креативтіліктің қандай маңызы барын жақсы түсінуі керек. Креативті ойлау оқушының өмір жағдайларына тың көзқараспен қарап, өзіне тиімді, қажетті болашаққа сенім артатын шешімдер қабылдай білуіне ықпал ету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геоморфология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- жердің бедері, оның түрлері мен пішіндері, жасы, жаратылысы, жер бетінде таралуы заңдылықтары болып есептеледі. Сондықтан студентерге рельефке тиісті барлық білімдер беріледі. Жер бедерінің микро, нано, мезо, макро және мегапішіндері туралыда білімдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Рекреациялық география
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты- аймақтардың рекреациялық ресурстары және олардың географиялық таралу заңдылықтары туралы пікірлер қарастырылады. Рекреациялық ресурстарға әсер ететін физикалық географиялық факторларға жан-жақты тоқталып өтіледі. үйренуге үлкен мән беру. Сонымен қатар ҚР-ның рекреациялық ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қорықтық жұмыстардың географиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -табиғи ресурстарды қорғаудың географиялық негіздері көрсетіледі. Аталған пән қорықтық жұмыстардың негізіне, оларды ұйымдастыруға және басқаруға қатысты сұрақтарды қарастырады. Сонымен бірге аса қорғалатын аймақтардың түрлеріне қарап оларда табиғатты қорғау жұмыстарын іске асыру әдістеріне сипаттама беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Картография және топография негіздері
    Несиелер: 6

    Пәнінің мақсаты- географиялық карталар, картографиялық бейнелеу түрлері, карта бойынша өлшеу жұмыстары тәсілдерінің мәселелері қарастырылады. Студенттерді географиялық карталарды пайдалану әдістерімен және географиялық карталарды жасау жолдарымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік саяси географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүние жүзіндегі мемлекетердің экономикалық-әлеуметтік жағдайына тоқталып өтіледі.Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарға географиялық тұрғыдан қарастырады.Сонымен қатар дүние жүзінің саяси картасы және оның дәуірлер бойынша өзгеру себептері туралы жан-жақты білімдер беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықтар географиясы, демография негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүние жүзіндегі елдердегі халықтың табиғи өсімі және соған байланысты жүргізілетін демографиялық саясаттар, демографиялық проблемаларды қарастырылады. Халықтардың арасындағы этникалық проблемаларды оларды шешу халықтың түрмыс тіршілігін жақсарту жолдарын меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық экономикалық байланыстар географиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Экономикалық қатынастардың аса маңызды нысандары – халықаралық сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықаралық несие, халықаралық валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болатынын меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Транспорт географиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы,көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік (көлік-географиялық) үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы. Көліктің өзі де кәсіпорындарының, салалардың, аудандардың және елдердің мамандануы мен кооперациялануына жағдай туғыза отырып, осы орналасуға пәрменді ықпал жасайды. Соның арқасында көлік қандай болсын өндіріс үрдісінің табиғи жалғасы қызметін атқарады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Туризм және өлкетану негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- туризмді дамытудың географиялық заңдылықтары қарастырылады. Туризмді дамытуда өлкетану материалдарының орны көрсетіледі. Қазақстанда туризмді дамытудың өзіне тән географиялық және экономикалық көз қарастар туралы білімдер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықтар географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүние жүзіндегі халықтардың саны,орналасу заңдылықтары, тығыздығы, миграциясы,өсуі және қалалардағы халықтар туралы жалпы білімдер қарастырылады. Сонымен қатар дүние жүзіндегі және Қазақстандағы демографиялық проблемалар жан-жақты көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ТМД-ның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ТМД елдерінің физикалық географиялық жағдайы туралы білімдер қарастырылады. Сонымен қатар бұл мемлекетердің экологиялық жағдайына және оларды шешу жолдарына да тоқталып өтіледі. ТМД елдеріндегі рекреациялық ресурстарды және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Палеогеография
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты–жердің өткен геологиялық дәуірлердегі физико-географиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым; қазіргі табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін әр түрлі аймақтағы геологиялық дәуірлердегі табиғи жағдайлардың динамикасын зерттеу; литологиялық-фациялық, ландшафтылық, климаттық және т.б. аймақтық және ғаламдық карталар түріңде кеңістіктегі қайта құрулар әзірлеу; табиғи өзгерістердің себебін анықтау 5

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы гидрология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- гидросфера қабатын және оныі элементтері туралы білімдер қарастырылады. Өзендер, көлдер, мұздықтар, батпақтар, жер асты сулары және дүниежүзі мұхиты туралы білімдер көрсетіледі. Сонымен қатар дүниежүзі су ресурстарынан тиімді пайдалану жолдарын көрсетді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • География пәнін жаңартылған білім беру жағдайында оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның минеральды ресурстары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Қазақстанның минералды ресурстары және олардың географиясы туралы толық мағлұмат беріледі. Пайдалы қазбалардың ел экономикасын көтерудегі маңызын және оны өндірудің қоршаған ортаға әсерін туралы білімдер қарастырылып меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қызмет көрсету географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қызмет көрсету географиясы пәнінің обектісі және предметі туралы әртүрлі ғалымдардың ғылыми пікірлері қарастырылады. Егеменді жылдары Қазақстанда халыққа қызмет көрсететін салалардың өзгеруі және олардың географиясы туралы білімдер беріледі. Қызмет көрсету саласының дамуына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қаржының көбеюі жан-жақты көрсету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктер мен жануарлар географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым. Биоценоздардың және олардың құрамына кіретін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің таралу заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Географияның өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- физикалық географияның және экономикалық географияның обекті және предметі туралы білімдер қарастырылады. География пәніндегі жұйелі тәсіл және оның даму жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар физикалық және экономикалық заңдылықтар туралы білімдер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Метеорология және климатология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -метеорология және климатологияға тиісті ғылыми пікірлердің даму ерекшеліктері көрсетіледі. Метеорология және климатология пәнінің халық шаруашылығының дамуына әсер ететін ролі жан-жақты қарастырылады. Дүниежүзінің климат белдеулері туралы және олардың аймақтары туралы білімдер беріледі. Сонымен қатар қазіргі кезде дүниежүзінде климаттың өзгеруіне әсер ететін факторлар туралы да жан-жақты меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстаның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты- Қазақстанның экономикалық – әлеуметтік жағдайы қарастырылады. Қазақстанның табиғи ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар демографиялық проблемалар және оларды шешу жолдары экономикалық – географиялық аудандар мысалында қарастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүние жүзінің табиғат ресурстары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-дүниежүзінің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты екендігін меңгерту Дүние жүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуда мүмкін

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ,Қазіргі дүние географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүниежүзі мемлекеттердің қазіргі кездегі экономикалық –географиялық жағдайларына тоқталып өтіледі. Әрбір мемлекеттердің өзіне тән даму жолдары жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі кезде дүниежүзі халқының көбею процесі және оларды азық –түлікпен қамтамасыз ету проблемалары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүние жүзінің шаруашылық географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- дүниежүзінің шаруашылығы және олардың түрлері туралы жан-жақты білімдер қарастырылады. Әрбір мемлекеттердің шаруашылығына әсер ететін физикалық –географиялық және экономикалық-географиялық факторлар туралы білімдер көрсетіледі. Сонымен қатар қазіргі кезде дүниежүзінің шаруашылығына әсер ететін экономикалық дағдарыстардың роліне тоқталып өтіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- еліміздің физикалық географиялық жағдайы туралы білімдер қалыптастыру Қазақстанның горизонталь және биіктік табиғат зоналары туралы жан-жақты білімдер меңгерту Сонымен қатар Республикамыздың экологиялық жағдайына және олардың шешу жолдары көрсетіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі; -оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі

  • Код ON5

    -психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON6

    -күнделікті өмірдің әртүрлі жағдайларында географиялық білімдерін, географияны тану әдістерін және практикалық іс-әрекет тәсілдерін қолдана біледі

  • Код ON7

    -географиялық зерттеулер жүргізгенде негізгі табиғи құбылыстар мен заңдылықтарды ескеріп кез-келген жекеленген зерттеулер жүргізгенде оның мағынасын жалпы заңдарымен байланыстыра орындайды

  • Код ON8

    -географияны оқыту саласындағы білімдерін және табиғаттың географиялық құбылыстарын тану әдіснамасын қолданады; -күнделікті кәсіби қызметте және білімді жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгереді; - географиялық далалық тәжірибелерді сауатты кәсіптік деңгейде жүргізе біледі

  • Код ON9

    географиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеп, оған анализ жасап қорытынды шығарады; - оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын,тиімді пайдаланып, оқу тәжірибелік жұмыстарда қолданады

  • Код ON10

    -педагогикалық жұмыстың тиімді құралдарын жинақтау және тарату әдістерін қолданып, пәндік оқытудың жаңа технологиясына сәйкес пән бойынша оқу-әдістемелік материалды рәсімдейді және әзірлейді

  • Код ON11

    -педагогикалық технологияларды пайдалану мен дағдыларын меңгереді, әдісті іздеп және оның шешімін табады; мәселені суреттеп, жүйелейді, жаңашылдыққа қабілетті, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылады, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете біледі; - географияны оқыту саласында білім алушылармен бірлесе жетістіктерді бағалау үшін жетістік критерийлерін анықтайды; -географияның негізгі салалары бойынша дәріс беріп, талқылауды ұйымдастыра біледі және пәндік саланы терең игере отырып, өз қабілеті мен мүддесін бағалайды, оны қоғам сұранысымен үйлестіре алады, заманауи зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады;

  • Код ON12

    -ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талдаудың заманауи тәсілдерін меңгереді, теория мен эмпирикалық ара қатынастарды бағалайды және тексереді; - өз бетімен педагогикалық міндеттерді шешу барысында мониторинг зерттеулердің нәтижелерін, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауға және жүзеге асырады

Top