Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03138 Халықаралық қатынастар в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Халықаралық саясат
    Несиелер: 4

    Әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саясатын біртұтас қарастыратын және халықаралық қатынастардың дамуын зерттейтін пән. Халықаралық қатынастардағы негізгі даму бағыттары мен халықаралық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды қамтиды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастар теориясына кіріспе
    Несиелер: 4

    Халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясат анализі жалпы қарастыру үшін курс мазмұны көпғасырлық процесстің негізгі кезеңдерін, атап айтқанда, әлемнің жетекші мемлекеттері мен ірі аймақтарының сыртқы саясатында болған айтулы оқиғаларды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
    Несиелер: 4

    Халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясат тарихын жалпы қарастыру үшін курс мазмұны көпғасырлық процестің негізгі кезеңдерін, атап айтқанда, әлемнің жетекші мемлекеттері мен ірі аймақтарының сыртқы саясатында болған айтулы оқиғаларды қамтиды. Сонымен қатар. жаңа кезеңдегі әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалардың халықаралық қатынастарға әсері қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дипломатиялық және өкілдік қызмет
    Несиелер: 4

    «Дипломатиялық және консулдық қызмет» курсының мақсаты студенттердің дипломатиялық және консулдық қызмет негіздері, олардың негізгі құрамдас бөліктері, кәсібі мен жұмысын ұйымдастыру туралы тұтас түсінік қалыптастыру болып табылады. Курстық бағдарлама қазіргі әлемдегі дипломатиялық және консулдық қызметтердің басымдықтарын жүйелі түрде зерттеуге, олардың сыртқы саясаттың негізгі құралдарының рөлін анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыртқы саясат анализі
    Несиелер: 4

    Белгілі бір мемлекетті мысалға ала отырып, оның сыртқы саясатымен халықаралық қызметін талдау арқылы сыртқы саясаттың түп негізін және келешектегі дамуын бағдарлауға байлансты пән болып табылады. Сыртқы саясатты талдаудың объектісі - мемлекеттің сыртқы саяси қызметтің басқа субъектілерімен: мемлекеттермен, шетелдік серіктестермен және басқа ұйымдармен қатынастарды реттейтін халықаралық аренадағы қызметі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дәстүрлі, заманауи және қазіргі көшбасшылық теориялары мен тәсілдерін зерттей отырып, барлық аспектілерін түсінуге мүмкіндік берумен қатар, осы теориялар мен тәсілдер шеңберіндегі көшбасшылық мінез-құлықты талдау үшін білім мен дағдыларды игеру қажет. Сонымен қатар, осы теорияларды практикада қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Энергетикалық саясат
    Несиелер: 4

    Халықаралық қатынастар жүйесінде экономикалық дипломатияда энергоресурстар факторының сыртқы саясатқа әсерін анықтайтын пән. Сонымен қатар әлемнің жетекші мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздік мәселесі мен энергетикалық дипломатияның экономикалық дипломатиядағы маңызы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар тарихы
    Несиелер: 4

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ халықаралық қатынастар мамандарына әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихының негізгі кезеңдерін түсіндіру. Бұл пән арқылы алынған мәліметтер студенттерге қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Халықаралық қатынастарға үлкен ықпал еткен тарихи маңызды оқыиғалар туралы студенттерге жан-жақты білім беру. Дипломатияның халықаралық қатынастардағы және әлемдік саясаттағы ролін түсіндіруге баса назар аудару.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық ұйымдар
    Несиелер: 3

    Халықаралық ұйымдардың пайда болу тарихын зерттеу, олардың құрылымын, принциптерін, ұйымдардың негізгі құжаттарын талдау, халықаралық ұйымдардың қызметіне жаңа геосаяси өзгерістердің әсерін көрсетуге бейімдеу. Қазіргі әлемдегі халықаралық ұйымдардың рөлін, олардың құрылымын, принциптерін және жұмыс әдістерін зерттеу түрлері мен әдістерін айқындауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі әлемдегі ұлттық және этникалық мәселелер (Гази)
    Несиелер: 3

    Ұлт және ұлттық мүдделер, ұлттық қажеттіліктер. Этникалық және ұлттық сана- сезім. Әлемдік саяси үрдістегі ұлттардың, ұлттық мемлекеттер мен халықаралық институттардың өзара әрекеттілік мәселелері. Ұлтшылдық идеяға қатысты әртүрлі ұстанымдар. Ұлтшылдықтың түрлері мен пішіндерінің топтастырылуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Саясат социологиясы
    Несиелер: 3

    Саяси әлеуметтану - саясат саласындағы адамдардың әлеуметтік әрекеті факторлары, механизмдері мен формаларын зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Саяси әлеуметтану пәні аясында саяси құндылықтар мен саяси бағыттардан бастап үлкен және кіші әлеуметтік топтардың саяси мінез-құлқы, саясаттағы қоғамдық пікірдің рөлі, саяси режимдер мен саяси партиялардың әлеуметтік негізі және басқа да мәселелер зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесі
    Несиелер: 3

    Аталған пәннің мазмұны мемлекеттер мен жүйелер арасындағы бүкіл экономикалық, саяси, идеологиялық, құқықытық, әскери, ақпараттық, дипломатиялық және т.б. байланыстарын және әлемдегі түрлі әлеуметтік, экономикалық-саяси күштер, ұйымдар мен қозғалыстардың өзара қарым-қатынастарын қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 3

    Барлық ақпаратты зерттеудің ғылыми негіздерін, жолдары мен әдістерін реттейтін белгілі бір теориялық білімді иемденуге бағытталған пән. Ғылыми жұмыстардың қандай әдіс-тәсілдермен және ережелермен жүзеге асырылатынын қамтиды. Халықаралық қатынастарды болжау үшін қолданылатын мәліметтерді салыстыру арқылы аналитикалық тұжырымдар мен зерттеулер жасалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геосаясат негіздері
    Несиелер: 4

    Мемлекеттің стратегиялық әлеуетіне әсер ететін географиялық, тарихи, саяси және басқа өзара әсерлесетін факторларды біртұтастықта зерттейтін пән. Геосаяси терминдер халықаралық қатынастар контекстінде қарастырылады. Онда сонымен қатар әлемнің жетекші елдерінің геосаяси стратегиялары талданады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастар теориясы
    Несиелер: 5

    Халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясат анализі жалпы қарастыру үшін курс мазмұны көпғасырлық процесстің негізгі кезеңдерін, атап айтқанда, әлемнің жетекші мемлекеттері мен ірі аймақтарының сыртқы саясатында болған айтулы оқиғаларды қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • АҚШ-тың сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Мамандық бойынша АҚШ-тың сыртқы саясатын оқыту әлемдік алып мемлекетті зерттеу, халықаралық саясаттағы ролін танып білу. Алпауыт мемлекет ролінің белгіленуі. АҚШ-тың Орта Азия саясаты, Таяу Шығыс елдерімен саясаты, Европа елдерімен саясаты және Латын Америка елдерімен қарым-қатынастарын қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дипломатиялық келіссөздерді жүргізудің тәсілдері
    Несиелер: 5

    «Дипломатиялық келіссөздерді жүргізудің тәсілдері» пәні студенттерде дипломатиялық келіссөз жүргізу тәсілдері туралы теориялық ұғым қалыптастырады. Халықаралық дипломатиялық келіссөздер жүргізудің әдіс-тәсілдері мен тактикасына қатысты мағлұматтар беріледі. Келіссөз жүргізудің практикалық дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Азия мемлекеттернің саяси жүйесі және сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Пән бойынша Орта және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің саяси және экономикалық құрылымдары тарихи үрдіс шеңберінде зерттеледі. Азия туралы жалпы түсінік, Азия аймағы халықтардың тарихына қысқаша шолу, Азия мемлекеттерінің құрылымы және олардың құлдырау себептері туралы, қазіргі кездегі азиялық елдердің экономикалық. саяси, мәдени салалар бойынша ынтымақтастығы туралы мәліметке қанық болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дипломатиялық шет тілі І
    Несиелер: 5

    Шет тіліндегі дипломатиялық құжаттардың үлгілері. Ноталар, жеделхаттар және факстардың үлгілері. Дипломатиялық қарым-қатынастар жөніндегі Вена конвенциясының ағылшын тіліндегі мәтіндері, дипломатиялық хат алысу және ауызша тілдесуде қолданылатын терминдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастар және Жаһандану
    Несиелер: 5

    Жалпы жүйе құрылымы және теориясы, жүйе динамикасы түсінігі, жұйе теориясына қатысты қоғамдық ғылыми көзқарастар және халықаралық жұйеде шешім қабылдау процесі, халықаралық жүйенің тарихи дамуы, қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйенің құрылымы және халықаралық глобалдық-аймақтық құрылымдар жүйесі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлемдік экономика және ХЭҚ (Гази)
    Несиелер: 5

    Әлемдік экономика халықаралық қатынастардың маңызды саласы болғандықтан, студенттер классикалық халықаралық экономика теорияларын, трансұлттық коорпорациялардың қызметтерін, халықаралық өндіріс орындарын басқаруда экономикалық теория білімдерін меңгеруі тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси география
    Несиелер: 5

    Саяси география пәнін зерттеудің негізгі бағыттары: мемлекет пен саяси жүйенің, әлем мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық құрылымының, сондай-ақ олардың басқару формаларының ерекшеліктерін зерттеу; мемлекет аумағының құрылуын, оның саяси, географиялық жағдайын және аумақтық шекараларын зерттеу; партиялық және саяси күштердің сәйкестігін талдау; әртүрлі мемлекеттік органдарға сайлаудың географиялық принциптерін зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі Дүниесінде интеграциялық үдерістер
    Несиелер: 5

    Түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістер пәні барысында студент Түркі әлемі туралы жалпы түсінік, түркі тектес халықтардың тарихына қысқаша шолу, ежелгі түркі мемлекеттерінің құрылымы және олардың құлдырау себептері туралы, қазіргі кездегі түркі тектес елдердің экономикалық. саяси, мәдени салалар бойынша ынтымақтастығы туралы мәліметке қанық болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлемдік интеграция үрдістері
    Несиелер: 5

    Аталған пән болашақ халықаралық қатынастар мамандарына әлемдегі интеграциялық үрдістердің барысын және олардың түрлері мен формаларын ашып көрсетуді, және әлемдегі әртүрлі интеграциялық топтардың мақсат-мүдделерімен таныстыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары
    Несиелер: 5

    дипломатиялық қатынастарды зерттейді. Жаһандану жағдайында 1991 жылы еліміздің саяси жүйесінде болған өзгерістер дипломатиялық қатынастарды зерделеу қажеттілігін туғызады. Түркия мен Еуро Одақ арасындағы қарым-қатынастар мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік қатынастарды дамытып, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Ол халықаралық келіссөздер, ұйымдастыру әдістемесі мен әдістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Дипломатиясы
    Несиелер: 5

    «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» пәнін оқыту барысында студенттер Қазақстанның дипломатиялық бағытын талдай білу, болашақ кәсіптік қызмет үшін жеке елдермен де, халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары мен әдістерін зерттеу жоспарланған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси көзқарастар тарихы
    Несиелер: 5

    Саяси доктриналар тарихының тақырыбы - адамдар, өздерінің саяси мінез-құлқын түсіндіруге тырысатын мемлекет, үкімет, саясат, құқық және ең алдымен теорияның саяси және философиялық аспектілері; оған деген қатынасты қалыптастыратын құндылықтар; адамдар саяси мінез-құлықты басқаруға тырысатын тетіктер (заң).

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дипломатиялық шет тілі ІІ
    Несиелер: 6

    Дипломатиялық құжаттардың үлгілері, сонымен қатар хаттарды, жазбаларды және жеделхаттарды, телекстер мен факстарды, дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының толық мәтінін ағылшын және орыс тілдерінде және дипломатиялық құжаттарда және ауызша сөйлесуде қолданылатын терминдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Қазастан және БҰҰ; ТМД шеңберіндегі Қазақстан Республикасының саясаты; Азиялық бағыттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты; Қазақстанның Америка құрлық мемлекеттерімен қатынастары; Қазақстанның Еуропалық бағыттағы сыртқы саясаты; Қазақстан және аймақтық ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері. Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының қалыптасуы, сыртқы саясаттағы ұстанымдары мен көпвекторлы сыртқы саясаттың қыр-сырымен таныстыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пән бойынша қазіргі кездеі саяси жүйе, халықаралық саясатқа қатысты тарихи оқиғалар, тарихи және теориялық анықтамалар үйретіледі. Оған қосымша ұлттық мемлекет, ұлттық мүдде, халықралық қауіпсіздік және сыртқы саясат терминдеріне балама терминдер, трансұлттық. халықаралық қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық түсініктері және өзара байланыстары зерттеледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көпжақты дипломатия
    Несиелер: 5

    Халықаралық қатынастар жүйесіндегі көпжақты ынтымақтастықты сараптама жасауды үйрету. Осы мақсатқа келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады: ”көп жақты дипломатия” пәнінің жүйелендірілген түріндегі мазмұнын көрсететін негізгі ұғымдарды, концептуалдық және әдістемелік тәсілдерді ұсыну; студенттерді ұғымдық аппаратымен таныстыру, оларға оқып жатқан теорияны халықаралық қатынастардағы қазіргі және тарихи оқиғаларды сараптама жасауда қолдануылуы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дипломатия тарихы
    Несиелер: 5

    «Дипломатия тарихы» пәні дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуын, оның мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлін жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар, ежелгі әртүрлі елдердегі дипломатиялық қызметтердің қалыптасу ерекшеліктерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Киберқауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Студенттерге технологиялық аспектілерді жақсырақ түсінуге және ұлттық және халықаралық деңгейлердегі қауіпсіздік саясатына және қорғаныс саясатына тигізетін әсері туралы неғұрлым толық білуге мүмкіндік беретін жеткілікті тереңдікті сақтай отырып, киберқауіпсіздік туралы кең түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еуропа мемлекеттерінің саяси жүйесі және сыртқы саясаты
    Несиелер: 6

    ЕО-ның басты мемлекеріндегі саяси жұйе, партия жүйесі, саяси мәдениет пен саяси қозғалыстар қарастырылады. Социализм, социал демократия, христиан демократиясы, либерализм сынды ағымдардың даму үрдісі, жасылдар сияқты жаңа саяси қозғалыстардың пайда болуы, билік пен оппозиция арасындағы қатынас, азаматтық қоғамның рөлі зерттеледі

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық талдау
    Несиелер: 5

    «Ақпараттық талдау» курсы студенттер арасындағы халықаралық қатынастардағы ақпараттың рөлін тұтас қабылдауды дамытуға арналған. Курс коммуникациялық теориялардың негіздерін, халықаралық қатынастар теориялары мен практикасы контекстіндегі медиа теорияларды игеруді қамтиды. Курс барысында студенттер әртүрлі ақпарат көздерін ұйымдастыру, іздеу, бағалау, талдау дағдыларын игереді; әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды тексеру, ақпаратты синтездеу. Студенттер ақпараттық жұмыстың практикалық әдістерімен дәрістер барысында да, практикалық сабақтарда да танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркияның сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Түркия Республикасының сыртқы саясатының қалыптасу принциптері мен тарихы, оның эволюциясының негізгі кезеңдерін қазіргі твңдағы халықаралық қатынастар жүйесімен ұштастыра отырып зерттеуге бағытталған пән болып табылады. Сонымен қатар, Түркияның сыртқы саясаты және қауіпсіздігі бойынша негізгі құжаттар, деректер зерттеледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дамушы елдердің сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Бұл тақырып, ең алдымен, дамушы елдердің қазіргі заманғы сыртқы саясатының қалыптасу тарихы мен негізгі қағидаларын, оның эволюциясының негізгі кезеңдерін, оның ішінде қазіргі кезде қалыптасып жатқан халықаралық қатынастар жүйесіне талдау жасайды. Сонымен қатар, дамушы елдердің сыртқы саясаты бойынша негізгі құжаттарды білу қажет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дипломатиялық құжаттама
    Несиелер: 5

    Бұл пән болашақ халықаралық қатынастар мамандары мен дипломаттарға тәжірибелік тұрғыдан дипломатиялық құжаттардың рәсімделуі мен дипломатиялық хат алысудың жүзеге асырылу формаларын үйрететін білімдер жиынтығын құрайды. Сондай-ақ, курс аясында студенттерге ақпараттық-аналитикалық жұмыстың әдістемесі, ақпараттық базаны құру және онымен жұмыс жасау, ақпараттық-аналитикалық және аналитикалық құжаттар жазу әдістері туралы негізгі білім беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қытайдың сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Бұл сабақтың барысында Қытай Халық Республикасының саясаты зерттеледі. Бүгінге дейін бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп, осы мақсатты жүзеге асыру жолын бұзбаған Қытай Халық Республикасы көрші елдерге ұсынылған конференциялармен, келісімдермен және пакттермен мұны растауға тырысты. Қытай Халық Республикасының бұл саясаты сабақ барысында талданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ресейдің сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    Халықаралық қатынастар кафедрасының студенттеріне арнайы дайындалған бұл пән Ресей Федерациясының сыртқы саяси түсінігінің теориялық негіздері мен практикалық қолданысын түсіндіріп, Ресей Федерациясының жаһандану әлеміндегі орны мен рөлін түсіндіреді. Сонымен қатар Ресей Федерациясының аймақтық басымдықтары мен сыртқы саясатының негізгі бағыттары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Алып елдердің сыртқы саясаты және технология
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер әлемдегі алып елдердің сыртқы саясатында қолданатын түрлі заманауи технологиялардың ерекшеліктерімен жан-жақты таныса отырып олардың тиімді жолдарын басшылыққа алуды үйренеді. Сыртқы саясаттың мақсаттарын жүзеге асыруда заманауи технологияның маңызы мен роліне қатысты мағлұматтар беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық революция және 21-ғасырда қауіп-қатерлер
    Несиелер: 5

    «Ақпараттық революция және 21-ғасырдағы қауіп-қатерлер» пәні әлемдік саясат, халықаралық қатынастар саласында ақпараттандыру және ғаламдануға байланысты маңызды пән болып табылады. Жаһандану және цифрландыру кезеңінде дипломатия мен қауіпсіздік саласында да үлкен өзгерістер пайда болды. Осы пәннің шеңберінде ақпараттық дәуір мен жаңа қауіп-қатерлер арасындағы байланыс зерделенеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Цифрлы дипломатия
    Несиелер: 5

    Бұл сабақ, соңғы кездері халықаралық қатынастарда кеңінен таралған виртуалды дипломатия тақырыбына кіріспе болып табылады. Виртуалды немесе цифрлық дипломатия әр түрлі тараптар арасында идеялар мен пікірлер алмасуға делдал болумен қатар, жаңа медиа желінің «иелеріне» түрлі бақылау және аудит мүмкіндіктерін ұсынады. Сабақтың барысында, жаңа медиа құралдарын пайдаланып, ақпаратты коммерциялық өнімге айналдыратын ұйымдарды талдауды және пайдалануды қамтамасыз етеді, сонымен бірге олар өздерінің саясатындағы қоғамдық қолдау мен заңдылықты қамтамасыз ету үшін осы желілік құрылымды басқаруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың дамуы, маңызды халықаралық проблемалардың даму тенденцияларын Қазақстан Республикасының мүдделері тұрғысынан қарастыратын және талдау жасауға бағытталған пән. Қауіпсіздік ұғымы мен тұжырымдамаларын қалыптастырады, сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі негізгі қауіпсіздік жүйелерін талдайды, қақтығыс ұғымына анықтама береді, қақтығыстардың түрлерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    - өз кәсіби саласының жетік маманы ретінде халықаралық аренада болып жатқан оқиғалар мен пайда болған мәселелерді алған теориялық білімі аясында түсіндіреді

  • Код ON5

    - халықаралық қатынастарда және әлемдік саясатта туындаған кикілжіңдік жағдайлардың шығу себептерін ғылыми тұрғыда сараптайды

  • Код ON6

    - кәсіби ортада, командада жұмыс істей біледі, конфликттік жағдайларды тараптарға ыңғайлы ортақ шешім табу жолдарын іздестіреді және ымыраға келе алады; - топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім көрсетеді

  • Код ON7

    - этикалық құндылықтарды құрметтейді және іс-әрекеттерінде әдептілік нормаларына сүйенеді; - қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсіндіреді; - кәсіптік қызметінде дәлдікпен қолданады; - өзге халықтардың мәдениетіне толерантты

  • Код ON8

    - қоғам мен кәсіби ортадағы қарым-қатынастарда дипломатиялық келіссөздер жүргізу технологиялары бойынша алған білімдері негіздеріне сүйенеді және дипломатиялық қызметтің психологиялық аспектілерін есепке алады; - шет тілдерінде коммуникация жасау, қарым-қатынастарды қалыптастырудың ерекшеліктерін үйренеді; -көпұлтты, түрлі конфессионалды, полимәдениетті ортада ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал ете алады

  • Код ON9

    – халықаралық қатынастарда және әлемдік саясатта болған жағдайларға қатысты сараптамалық ойлай білу машықтар негізінде, болып жатқан оқиғаларға егжей-тегжейлі талдау жасай отырып, келіп түскен ақпараттық ағымдарды кәсіби өңдеуден өткізеді және пайдаланады

  • Код ON10

    – көшбасшылық дағдыларды ұстана отырып, ұйымдастырушылық жұмыстың машықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде қызмет жасауға және ұйымдастырушылық әрекет жасайды; –басқарушылық жұмыстарына белсене араласуға қабілетті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерді, құрылымдарды, ұйымдарды басқарады

  • Код ON11

    – жоғары оқу орындарында халықаралық қатынастар бойынша дайындалған маман ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу машықтарын игереді және халықаралық қатынастар, тарих, саясаттану ғылымдары бағытында магистратурада, PhD докторантурада өзінің оқуын жалғастыра алады

  • Код ON12

    – ғылыми-зерттеу ұйымдарында, мемлекеттік органдарда және БАҚ-та халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, дипломатия, ұлттық немесе сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби кеңестер беруге және сарапшы бола алады

Top