Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M03203 Мультимедиялық журналистика в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Менеджмент қағидаларына баса назар аудара отырып, мультимедиалы жобаларды жүзеге асыру және оны басқару дағдысын меңгерген магистр мамандарды даярлау. Бағдарлама мультимедиалы журналистикаға, жаңа медиаға, сторителллинг және жаңа технологияларды ұтымды пайдалану әдістеріне ерекше назар аударады. Практикалық пәндер жазу машығы, мультимедиалы контент жасау, басқару және ұйымдастыру дағдыларын дамытуға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Менеджмент
Мультимедиалы жобаларды басқару
Сандық сторителлинг және контент стратегия
Медиа мен коммуникациядағы зерттеу әдістері (сапалық және сандық талдау)
Басқару психологиясы
Көпшілік аудиторияға арналған маркетинг стратегия
Мультимедиялық сторителлинг
Нарратив жазу
Шет тілі (кәсіби)
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістері мен статистика
Оқыту нәтижелері
- Психология теориялары және концепцияларын басқару мен қарым-қатынастың әр түрлі аспектілерінде пайдалана білу қабілеті, іскерлік этиканы сақтай отырып, адамдармен ауызша және жазбаша байланыс орната алу, фактілік деректерді пайдалана отырып хаттар мен құжаттар әзірлей білу, ағылшын тілінде презентация жасау қабілеті
- Медиа және коммуникация саласындағы соңғы зерттеулерді талдай білу әрі оның нәтижелерін, теориялары мен проблемаларын көрсете білу,медиа зерттеулеріндегі негізгі теориялық парадигмаларға анализ жасай алу, сандық және сапалық зерттеу әдістерін меңгеріп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, бір-бірінен айырмашылығын жақсы білу; коммуникация және әлеуметтік ғылымдарға қатысты зерттеулерде сандық және сапалық зерттеу әдістерін пайдалана алу
- Цифрлық, жаңа медиа және онлайн медиаға арналған контент өндіре білу қабілеті, конвергентті мультимедиалы материалдар әзірлеу үшін жаңа технологияларды пайдалана білу дағдысы,жаңа технологияларды журналистика мамандығымен интеграциялау қабілеті.
- Дәстүрлі және жаңа медиа секілді түрлі ақпарат таратушы платформаларға арналған әр түрлі жанр мен журналистика формасындағы материалдарда ұтымды сторителлинг әдісін пайдалану; ақпаратқа қол жеткізіп, жаңалықтар мен түрлі тақырыптағы материалдарда дәйексөз ретінде қолдана алу үшін сұхбат алу дағдыларын меңгеру.
- Мультмиедиалы журналистика және диджитал медиа саласындағы заманауи жобаларды жүзеге асыра білу; мультимедиалы жобаны басқару ерекшеліктерін білу; онлайн-редакция жұмысымен таныс әрі оны ұйымдастырудың әдістерін меңгереді. Мультимедиалы жобаларды жүзеге асыру барысында уақыт, бюджет пен жұмыс көлемін жоспарлау, тәуекелдерді басқару, онлайн-медиа нарығына анализ жасау, веб-сайт жұмысын ұйымдастыру дағдыларына ие болады.