Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Halyqtar dostyǵy

  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 3

    Шетел тілі (кәсіби) Кәсіпкерлік және серіктестік келісім шарт жүргізеді. Ұжымдық жұмыста шеберлікті ұштастыру және коммуникация дамытуға мүмкіндік береді. Іскерліктегі этика мәселесі, жобаны басқару, стратегия, ғылыми мақала орындауда визуалды құралдарды негізге ала отырып академиялық мәтіндердерді пайдаланады. IT –технология және коммуникация: сайтқа ақпарат береді. Әлеуметтік мәселелер: ақпарат жинайды, ақпарат дайындайды. Ғылыми жұмысына презентация жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлттық ономастиканың лингвомәдени негіздері
    Несиелер: 6

    Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі, инновациялық қоғамдық, психологиялық тарихи мінезімен сипатталатындығын меңгертеді. Қазақ лингвомәдени қауымдастығында қолданылатын онимдік лексиканы сипаттайды..Қазақ жаңа атау формуласының пайда болуы, прагматонимдер мен идеонимдер корпусының мәселелерін қарастырады.Мәдениетаралық қарым-қатынас оның тіл аралық қарым-қатынастың көрінісі ретіндегі антропонимдердің тілдік табиғатын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 3

    Ғылым тарихы мен философиясы Ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін анықтайды. Ғылым және өркениеттің даму типтерін талқылайды. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі ғылымның дамуын түсіндіреді. Өркениет пен мәдениет аясындағы ғылымды талдайды. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарының философиялық мәселелерін бағалайды. Қазіргі кезеңдегі ғылымдағы жаңа бағыттарды тұжырымдайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихына қатысы бар мәселелерді саралап, оларға ғылыми түрғыдан сараптама жасайды. Көне түркі тілі және орта ғасыр дәуірлеріндегі тарихи ескерткіштер тілін қазақ тілімен салыстырады. Шумер тілі мен көне түркі тілдеріндегі лексикалық, грамматикалық ұқсастықтарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғарғы мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектептің педагогикасы Отандық және шетелдік ғылыми методологияның педагогикалық негізгі мәселелерін сипаттайды. Оқу-тәрбие үдерісінде тұлға дамуының қарама-қайшылықтарын талдайды, іс-әрекетін диагностикалайды, зерттеу әдістерін жүргізуді үйретеді. Оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын әзірлеу технологиясын, әдістемелік талаптарын саралайды. Мамандық саласында білімгерлердің білім сапасын арттыруда өзін-өзі дамытуды жетілдіруде озық тәжірибелерді тұжырымдайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл тарихы
    Несиелер: 6

    Тіл тарихы-қазақ тілінің шығу төркініне жалпы шолу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Басқару психологиясы Заманауи психологияның ғылыми-теориялық салаларын меңгертеді. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық құбылысты анықтайды. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдерін, тәсілдерін сипаттайды. Коммуникативтік технологияларды пайдаланады, диагностикалық коррекция жасайды. Тұлғааралық қарым-қатынасты, сапалы нәтижеге қол жеткізу ұмтылысын, білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнін оқу барысында қазіргі әдебиеттанудағы өзекті мәселелер болып отырған әдебиеттің даму процесіндегі айрықша орны бар - әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың жүйесін саралап таниды. Осы мақсатты орындау үшін әдебиеттану ғылымындағы ең басты екі тарауы әдебиет тарихы мен әдебиет теориясы қисындарының тұтаса қолданылу ерекшеліктерін жүйелеп таныту міндеті көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиет және уақыт
    Несиелер: 3

    Әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың жүйесін, тарих пен әдебиет сабақтастығын,ежелгі дәуірден бергі қазақ әдебиетінің дамуын,әр дәуір әдебиетіндегі әдебиет өкілдерінің шығармаларына баға беруді,сараптама жасауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Психолингвистика
    Несиелер: 3

    Психология мен лингвистика аралығындағы ғылымның саласын, адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуын, сөйлеу процесін, мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын зерттеп, жан-жақты талдайды. Психологияның танымдық бағытын, субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін қарастырып, талқылайды. Тұлғаның iшкі, көзге көрінбейтін сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерін ажыратып, саралау арқылы тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік парадигмалары
    Несиелер: 3

    Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік парадигмалары мәтіннің синтаксистік байланысын қарастырады, нақты синтаксистік құбылыстарды талдайды. Тиісті түсіндірме және фразеологиялық сөздіктерді қолдануға, мәтінге тұтас синтаксистік талдау жүргізуге, әдеби тіл мен коммуникативті қондырғының лингвистикалық және стилистикалық нормаларына сәйкес әртүрлі тілдік бірліктерді таңдап, сөйлеу жағдайының табиғатын ажырата білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Этнопсихолингвистика
    Несиелер: 3

    Көптілділік және көпэтникалық аймақ жағдайындағы тілдегі серпінді өзгерістерді ескере отырып, тіл байлығын,тіл тазалығын,сөздік құрамның дәлдігі жағынан талдауды меңгертеді. Этнопсихолингвтстиканың зерттеу әдістерін,негізгі бағыттарын,дерек көздерін анықтайды.Берілген аймақтағы тіл мәселесінің негізін ашады.Этникалық мәдениетті, психологияны қалыптастырудағы тілдің атқаратын ролін айқындайды.Ұлттық менталды-тілдік кешен ретінде көрініс табатын ұлттық тілдің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады.Түрлі мәдениеттердегі стереотиптер жұмсалуының ерекшеліктерін меңгертеді.Таным мен сипаттаудың негізгі нысандарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Корпустық фонетика
    Несиелер: 4

    Ақпараттық технология заманының талабына сәйкес ұлттық корпустар құрастырудың тиімділігін тұжырымдайды.Сөз әуезі,сөзді буынға автоматты бөлу,дыбыстардың фонетикалық сипаттамасын меңгертеді.Ақпараттың барлық типтері мен түрлерін, ауқымды түрде жинақтау, оны өңдеу, жіктеу және талдау жөніндегі IT-технологияларды тұжырымдайды. Ақпараттық технология заманының талабына сәйкес ұлттық корпустар құрастырудың тиімділігін тұжырымдайды.Сөз әуезі,сөзді буынға автоматты бөлуді ,дыбыстардың фонетикалық сипаттамасын жасауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары
    Несиелер: 3

    Ғылыми танымдық заңдылықтарды жалпы гносеологиялық ізденімдермен сәйкестігін қазіргі тіл білімінің даму бағытында қарастырады.Лингвистикалық теория мен методологияның арасындағы байланысты сипаттайды.Лингвистикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін меңгертеді.Қазіргі замандағы тіл біліміндегі жүйе мен құрылым түсініктерін қарастырады.Лингистиканың негізгі ғылыми ұстанымдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің құрылымдық грамматикасы
    Несиелер: 4

    Сөз тудыру, сөз жасам тәсілдерінің, морфологиялық сөз таптары мен түрлену формаларының,категорияларының ,сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің,сөйлем құрылысының жүйесін қарастырады.Грамматикалық мағына,форма,категория үшеуінің диалектілік байланыста болып,тілдің грамматикалық құрылысын құрайтындығын сипаттайды.Тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыруды меңгертеді.Тілдің когнитивтік,прагматикалық қызметін анықтайтын зерттеулерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мәтін интонациясы
    Несиелер: 3

    Мәтіннің негізгі категорияларын сипаттайды.Ауызша мәтін мен жазбаша мәтіннің айырмашылықтарын меңгертеді.Интонацияның фонемадан өзгешелігін,өзіндік белгілерін сипаттайды.Көркем әдебиет стилі мен сөйлеу тілі стилі мәтіндерінің интонациялық құрылымын айқындайды.Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы байланысты тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Интонология
    Несиелер: 3

    Интонация деңгейлеріне байланысты интонема жасаушы факторларды анықтайды. Интонация—дауыс ырғағына,сөйлеу қарқынына,дауыс қаттылығына және оның әуезіне байланысты болып келетіндігін меңгертеді.Қазақ лебізі интонациясын сипаттау және саралаудың әдістерін игертеді.Лебіздің коммуникативтік бағытына байланысты интонацияның типтерін жасап шығаруды тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оразовтану
    Несиелер: 5

    Оразовтану пәні- ғалымның өмірі мен шығармашылығын, тіл біліміне қосқан үлесін насихаттау. Оразовтың түркітанудағы ғылыми ізденістері пәні-М.Оразовтың ғылыми еңбектері мен ғылыми ізденістерін талдау, оны тәжірибеде қолдануға машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні - Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау. Соған сай студентттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету; студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту; қазақ тілі жүйесін мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету пәннің мазмұнын құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ мәдениетінің концептосферасы
    Несиелер: 5

    Жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін қарастырады.Адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттің алатын орнын тұжырымдайды. Тіл мен мәдениеттің тарихи байланысын түсіндіру арқылы тұлғаның ұлттық дүниетанымын , ұлттық құндылықтарын қалыптастыруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың философиялық, педагогикалық, методологиялық негіздерімен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуын әлеуметтік-қоғамдық талаптармен ұштастыра қарау. Осыған сай қазақ тілін меңгертудің жаңа жүйесін зерттей отырып, білім алушылардың маман ретінде кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай тудыру. Тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындауда озық технологияларды жасау, оларды іске асырудың түрлі жолдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту
    Несиелер: 5

    Ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт-дәстүрді құрметтейтін рухани кемелді,отансүйгіштік ұрпақты тәрбиелеуді үйретеді. Қазақ әдеби тілін сауатты пайдалануды қарастырады. Әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастырады. Қазақ зиялыларының оқу-білім жөніндегі пікір-талаптарын қарастырады.Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Прозаны оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Прозалық шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік формасын сипаттайды.Кейіпкер образдарын талдап, оларға мінездеме жасатуды үйретеді..Прозалық шығармалардың композициясы мен сюжеттік желісін талдау оның элементтерін ашу, солардың қызметін танытуды қарастырады.Шығарманың көркем тілін зерттеу,жазушының тілдік қолданыс шеберлігін талдауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оразовтың түркітанудағы ғылыми ізденістері
    Несиелер: 5

    М.Оразовтың түркітану саласының негізін қалаушы түрколог екендігін,оның ғылыми еңбектері мен ғылыми ізденістерін талдау, тәжірибеде қолдануға машықтандыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениет
    Несиелер: 5

    Тіл мен мәдениет арасындағы байланысты қарастырады.Мәдениет пен тіл терминдерінің мағыналық ауқымын ашады.Тілдің құрылымы мен халықтың мәдени ойлау құрылымы арасындағы параллелизмді,қазақ әлемінің тілдік бейнесін сипаттайды.Тіл қуаты мен мен ментальділікті,халықтың мәдениетін біртұтас ететін факторларды меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік сарыны
    Несиелер: 4

    Кеңестік кезеңде назардан тыс қалған тақырыптарға арналған поэзиялық,прозалық,драматургиялық шығармаларды талдауды қарастырады..Романтизм,реализм көркемдік әдістері аясындағы постмодернизм сарынды туындыларды зерттеуді меңгертеді.Еліміздің егемендік алуына орай ашылған мүмкіндіктер,қалыптасқан жаңа көзқарастар тұрғысынан ғылымның бүгінгі жетістіктеріне сүйене отырып,тарихи-салыстырмалы,тарихи процесті шола сипаттау,көркемдік,әдеби –теориялық талдау мен жинақтау ,тарихи-жүйелеу әдістерін қолдана отырып сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын айқындайды. Әдебиеттегі басты тақырып,мәселелердің ара-жігін ашып түсіндіреді..Қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысын тереңдетіп меңгертеді.Ауызша, дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығын,көркемдік,стильдік жалғастық мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

  • Код ON2

    Кәсіби қызметтегі табиғи, ғылыми, математикалық, әлеуметтік, экономикалық және инженерлік білімдерін, математикалық мәліметтерді өңдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін көрсету.

  • Код ON3

    Ақпараттың және есептеу сауаттылығының болуы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жетудің жолдарын таңдау мүмкіндігін меңгеру.

  • Код ON4

    Психологиялық-педагогикалық білім мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, мектеп оқушыларының физиологиясының жас ерекшеліктерін білу және түсіну; психологиялық білім жүйесіндегі жалпы психологияның орны, рөлі мен мағынасы, шешендік шеберлігі, жазбаша, ауызша түрде логикалық тұжырымдау қабілетін меңгеру, ойларын дұрыс жеткізе білу.

  • Код ON5

    Тіл білімінің негізгі бөлімдерін білу: фонетика, сөзжасам, морфология, лексика, синтаксис, стилистика; қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын білу.

  • Код ON6

    Әдебиетті өнердің бір түрі ретінде, оның түрлері мен жанрлары, көркем образ және типтеу тәсілдері, поэтикалық жолдар және верификацияның негізгі жүйелері туралы білімі болуы керек.

  • Код ON7

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістері мен технологияларын меңгеру, ғылыми-практикалық зерттеулерді өз бетінше жүргізу, инновациялық технологияларды қолдану арқылы олардың нәтижелерін талдай және бағалай білуі қажет;

  • Код ON8

    Әдеби ағымдарды, тенденциялар мен мектептерді, көркем әдебиеттің ерекшелігін, оның эволюциясы мен қазіргі жағдайын, әртүрлі тарихи және мәдени дәуірлердегі жазушылардың шығармашылығын білу;

  • Код ON9

    Әдебиеттану және оның негізгі бағыттары бойынша бағдарлай білу, көркем шығарманы талдай білу.

  • Код ON10

    Тіл білімінің ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, негізгі лингвистикалық категориялар, зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерн білу;

  • Код ON11

    Кәсіпкерлік және жұмыс дағдылары анықталмаған жағдайында зерттеу , іздену дағдыларын қолдану.

  • Код ON12

    Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасауға, өз көзқарасыңызды дұрыс жеткізе білуге, өз әрекеттерін реттеп және әртүрлі әдістерді қолдану.

Top