Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01524 География педагогтерін даярлау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Географиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Курс географиялық ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және басқару саласындағы негізгі ұғымдар мен анықтамаларды зерделеуді қарастырады. Қазіргі кезеңдегі орта және жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында және жобалау ұйымдарында ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру рөлі мен маңызын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнді оқытудың қажеттілігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруін және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-да географияны оқытудың заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    "ЖОО-да географияны оқытудың заманауи әдістері" пәні жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесі саласында кәсіби құзыреттілік пен тәжірибе дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар оқытудың келесі заманауи әдістерін меңгереді: интерактивті, жобалық, зерттеу, және имитациялық

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-да географияны оқыту технологиясы
    Несиелер: 5

    "ЖОО-да географияны оқыту технологиясы" пәнінің мазмұны педагогикалық қызметтің мәні мен педагогикалық шеберлікті құраушы білімдерді қалыптастырумен, оқу үрдісінде магистранттардың кәсіби құзыреттілігін дамытумен және оқытудың заманауи технологиялары мүмкіндіктерімен және білім берудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асырумен байланысты мәселелерді қамтиды. Пәннің мақсаты оқытудың инновациялық технологияларының концептуалды негіздерін, педагогикалық технологияның қазіргі заманғы (үлгілерімен) модельдерімен негізделген оқытуды құрудың әдіснамалық (методологиялық) ұстанымдарын және оларды географияны оқытуда қолдану болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • География және жаратылыстану пәндерін оқытудағы педагогикалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    География және жаратылыстану пәндерін оқытудағы педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық пәндерге қатысты және сандық және сапалық талдаудың теориялық және эмпирикалық әдістері болып бөлінетін сәйкес зерттеу әдістерін қарастырады. Бұл курсты оқу география мен жаратылыстану саласындағы педагогикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін (талдау, синтез, модельдеу, өзін-өзі бағалау және т.б.) зерделеуді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Географиялық білім беруде заманауи технологиялар
    Несиелер: 5

    Курс білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологияларды, қазіргі педагогикалық технологияларды жіктеуге бағытталған. Бұл курсты оқу ЖОО-дағы география мазмұнының құрылымы мен негіздерін, географияны оқыту құралдарын, географияны оқытудың заманауи технологияларын (инновациялық педагогикалық технологиялар, модульдік оқыту технологиялары, жобалық қызмет технологиялары) меңгеруді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми жұмыс негіздері және диссертациялық зерттеудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    "Ғылыми жұмыс негіздері және диссертациялық зерттеудің әдіснамасы" пәнін оқу барысында ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері саласындағы білім қалыптасады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымы мен негізгі кезеңдері зерттеледі. Бұл курс теориялық зерттеу әдістерін, ғылыми зерттеулер әдіснамасы мәселелерін зерттеуге бағытталған, ғылыми диссертациялық зерттеудің жоспарын дұрыс таңдауға және құруға көмектеседі. Курсты оқу кезінде білім алушылар ғылыми ақпаратты іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді, сондай-ақ эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін жүргізуді, өңдеуді үйренуі тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Табиғи-аумақтық кешендерді геоақпараттық модельдеу
    Несиелер: 5

    Пән статистикалық, картографиялық материалдар мен ғарыштық суреттер негізінде табиғи-аумақтық кешендерді модельдеу үшін қазіргі ГИС-технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеумен айналысады. Практикалық сабақтың өткізілуі ДК-ді, ғарыштық суреттерді және мультимедиялық құралдарды қолдануды қарастырады. Пәннің бағдарламалық қамтамасыз етілуі: ArcGIS, MapInfo, ERDAS IMAGINE.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Географияның ғылыми теориялық негіздері/
    Несиелер: 5

    Зерттеу қазіргі заманғы қоғамның білім теориясындағы география міндеттерін сипаттайды, географияның өзінің табиғи тарихи дамуындағы әдістемелік негіздерін таныстыру және географиялық білімдердің ерекшеліктері, негізгі географиялық, физикалық, географиялық және әлеуметтік-географиялық тұжырымдамалары және олардың өзара байланысы көрсетілген

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ландшафтық-экологиялық зерттеулерде ЖҚЗ және ГАЖ әдістерін қолдану
    Несиелер: 5

    Түрлі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде ГАЖ-ны және ЖҚЗ-ны қолдану. ГАЖ-ды талдау және кез-келген географиялық жағдайды модельдеу, қоршаған ортаға түсетін процестерді болжау және басқару. Жер туралы ғылымдармен зерттелетін табиғи, әлеуметтік және табиғи-әлеуметтік объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін ГАЖ-ны пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Географиялық зерттеулерде ЖҚЗ және ГАЖ әдістерін қолдану
    Несиелер: 5

    Пән географиялық зерттеулерде ЖҚЗ және ГАЖ әдістерін қолдануды зерттеуге бағытталған. Білім алушы геоақпараттық жүйелер мен технологияларды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді пайдалануды, географиялық зерттеулерде ЖҚЗ мен ГАЖ жобалау және пайдалану тәсілдері мен әдістерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Табиғи-аумақтық кешендерді зерттеуде ГАЖ-ды қолдану
    Несиелер: 5

    Пән барлық мүмкін болатын ғылыми және практикалық есептерді шешуде ГАЖ қолдануға, ГАЖ-талдау және кез келген географиялық жағдайларды модельдеуге, қоршаған ортада болып жатқан процестерді басқаруға және болжамдарды құрастыруға арналған. "Табиғи-аумақтық кешендерді зерттеуде ГАЖ-ды қолдану " пәні Жер туралы ғылымды зерттейтін барлық табиғи, қоғамдық және табиғи-қоғамдық нысандар мен құбылыстарды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Су менеджменті және су ресурстарын қорғау
    Несиелер: 5

    "Су менеджменті және су ресурстарын қорғау" пәнін игерудің мақсаты су ресурстарын тиімді және кешенді пайдаланудың бағыттары мен тәсілдері, оларды ластанудан және сарқылудан қорғау, сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін талдау туралы білім алу болып табылады. Пәнді оқытудың міндеттері су шаруашылық аудандастыру саласында білім, білік және дағды алу, су шаруашылық баланстарын құру, шаруашылық қызметтің су ресурстарына теріс әсерін анықтау және алдын алу, су ресурстарына зиянды әсерден экологиялық залалды бағалау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру әдістері
    Несиелер: 5

    "Туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру әдістері" пәні туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру және реттеу әдістерінің көп қырлы аспектілерін қамтитын материалдарды береді. Пәнді оқытудың міндеттері: білім алушыларды өлкетану ақпаратының әр түрлі көздерін өз бетінше пайдалануға үйрету; білім алушылардың өлкетану білімін іздеу және жүйелеу, туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру әдістерін меңгеру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар білуі тиіс: туристік-өлкетану жұмысының негізгі әдістері; өлкетанудың негізгі көздерін еркін пайдалану; туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырудың негізі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жаһандық және аймақтық геоэкология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты Жер ғаламшарының негізгі жаһандық және аймақтық геоэкологиялық мәселелері, олардың пайда болу себептері және шешу жолдары туралы студенттердің бұрын алған білімдерін оқу, тереңдету және кеңейту болып табылады. Негізгі міндеттері: Ғаламдық және аймақтық геоэкологияның білімнің басқа салаларымен сабақтастығын және өзара байланысын көрсету; қазіргі заманның негізгі жаһандық геоэкологиялық мәселелерін, олардың болжамдарын, салдарын және оларды шешу тәсілдерін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ОЭК және баламалы энергетиканың қазіргі даму үрдістері
    Несиелер: 6

    Пән шаруашалықтың «жасыл» экономикаға көшірілу жағдайындағы кәзіргі кездегі ОЭК-нің өнеркәсіп орындарының территориялық орналасу географиясының басымдылықтарын оқытуға бағытталған, сонымен қатар саланың баламалы энергетика көздерін күн, жел, кіші өзендердің суэнергиясын пайдалануға көшірүдің тұжырымдамасын жүзеге асырудын жолдары баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісінің географиясы
    Несиелер: 6

    Пән ел экономикасың индустриалды-инновациялық даму жолына көшіру жағдайындағы кәзіргі кездегі өнеркісіп және ауылшаруашылық өндірісінің географиясын оқытуға бағытталған, сонымен қатар, өнеркәсіп орындарымен ауылшаруашылық өндірісіндегі инновациялық технологиялармен технологиялық қайта жабдықталу мәселелері баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Су ресурстары менеджменті
    Несиелер: 5

    "Су ресурстары менеджменті" пәнін оқу барысында білім алушы су ресурстарын, тұтастай алғанда, су шаруашылығы жүйелерін басқару бойынша білімді игереді. Пән ҚР Су ресурстарын басқару жүйесінің экономикалық механизмінің мақсаты, құрылымы, құқықтық негіздері мен тәсілдерін, Су шаруашылығы жүйелерінің құрылымын қалыптастыру әдістерін және олардың қызметін басқаруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
    Несиелер: 6

    "Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау" пәнінің мақсаты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелерін, табиғатты тиімді пайдалану және табиғатты қорғау қызметінің экономикалық механизмі мен құқықтық негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Негізгі идеологиялық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде пәнаралық сипаттағы, ғылымның қазіргі даму кезеңінде оқыған және кәсіптік қызметтегі нәтижелерді пайдалана отырып талдау жасау; білім беру саласындағы философиялық және ғылыми көзқарастардың бірлігін жүзеге асыру; магистранттарға халықаралық кәсіби ортамен ықпалдасуға мүмкіндік беретін C1-де еуропалық деңгейде жазу және сөйлеу дағдыларына ие болу; ғылыми академиялық және кәсіби қарым-қатынас мақсатында ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру (академиялық жазу, академиялық презентация, көпшілік алдында сөз сөйлеу); шет тілінде білім беру мазмұнын иелену; шет тілдерін меңгеру барысында түпнұсқа материалдары мен заманауи білім беру ресурстарын бейімдеу; пәндік мазмұнды қалыптастыру.

  • Код ON2

    Педагогикалық әдістерді және оларды қолданудың заманауи тәсілдерін білу; педагогикалық зерттеулерді құрастыру және жүргізудің негізгі принциптеріне ие болу; білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу үдерісін құру; педагогикалық мониторингтің негіздерін меңгеру; кәсіби этикалық нормаларды сақтау; кәсіби педагогикалық мәселелерді тиімді шешу және педагогикалық мамандықтың әдістемелік жүйесін жасау; ұжымды, бөлімді, ұйымды басқаруға дайын болу; оқу үдерісінде психологиялық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау; педагогикалық үдерісіне негізгі басқару тәсілдерін енгізу әдістерін меңгеру.

  • Код ON3

    ЖОО-да географиялық пәндерді оқытуда заманауи теория мен әдістемені және география мен жаратылыстану пәндерін оқытуда педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері бойынша білімдерін көрсету.

  • Код ON4

    ЖОО-да, арнайы орта оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын мамандандырудың географиялық пәндер циклі бойынша ғылыми-әдістемелік өнімдерді, оқу-әдістемелік кешендерді, авторлық курстарды әзірлеу әдістемесін қолдану.

  • Код ON5

    Географиялық пәндер мен географияны оқыту әдістері саласындағы оқу бағдарламаларын жүзеге асыру және сараптама жүргізу, географиялық білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми географиялық зерттеулердің нәтижелерін оқу материалдарына түрлендіру.

  • Код ON6

    Ғылыми жұмыстарды және диссертациялық зерттеулерді жазудың негізгі қағидаларын қолдану.

  • Код ON7

    ГАЖ және ЖҚЗ қолданумен геожүйеге антропогендік әсер ету дәрежесін анықтау қабілеті.

  • Код ON8

    Қолданбалы міндеттерді шешуде геоақпараттық модельдеу мен геожүйелерді болжаудың практикалық дағдыларын меңгерген.

  • Код ON9

    Қазіргі кезеңдегі табиғат пен қоғамның өзара іс-қимылының ерекшеліктерін; геосфералық қабықтарға антропогендік әсер ету ерекшеліктерін;; табиғи ресурстарды бағалауды және жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейлердегі табиғат пайдаланудың жай-күйін көрсететін статистикалық және картографиялық материалдарды талдау, салалық табиғат пайдалану проблемаларын тұжырымдау

  • Код ON10

    ГАЖ негізінде су ресурстары туралы ақпаратты бейнелеу және өңдеу технологиясын қолдану.

  • Код ON11

    Қазақстанның ұлттық шаруашылығының "жасыл" экономиканы дамыту жолына көшуін мақсатты іске асыруда елдің отын-энергетика кешені мен балама энергетика кәсіпорындарын өңірлік және жергілікті орналастырудың қазіргі заманғы үрдістері мен перспективаларын моделдеу.

  • Код ON12

    нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі заманғы тенденциялары мен даму перспективаларын ынталандыратын және тежейтін физика-географиялық және экономикалық-географиялық фоакторлар жүйесі туралы білімді көрсету.

  • Код ON13

    Турларды, жорықтарды, туристік-өлкетану қызметі бойынша экскурсияларды әзірлеудің заманауи әдістері мен технологияларын пайдалану.

Top