Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02126 Дизайн в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В021- Өнер бағыты (Дизайн) бойынша білім алушыларды даярлаудағы білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты: - білім алушылардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстанның қазіргі заман тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді, іскерлікті меңгеруін; Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін қамтамасыз ету; - жобалау-конструкторлық қызмет (дизайнер маманының жетекшілігімен): нысандардың, бұйымдардың, заттардың жаңа модельдердін, макеттерін, жобаларын, бағыттарын дайындау, ұйымдастыру, шығармашылық, зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік шығармашылық жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті дизайнерлер даярлау. - кәсіби білімнің іргетасы ретінде шығармашылық, өнертанымдық және арнайы көркемдік шығармашылық сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру; - теория мен практиканы ұштастыра отырып көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B031 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнер тарихы
    Несиелер: 3

    Өнер тарихы көркем шығарманы толық мәнді қабылдай алатын және шығармашыл дизайн мамандарын антикалық, классикалық, жаңа кезең өнері тарихының теориялық негіздерімен тереңірек таныстырады. Әлемдік өнер дамуының хронологиялық мәліметтеріне бейімделе алуды, өнерде негізгі стильдік бағыттарды анықтауды және ондағы қабылданған терминологияны игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түстану
    Несиелер: 5

    Түстану теориясы, оның мақсаттары және міндеттері, түстану заңдылықтары, оларды көркем шығармада қолдану тәсілдерімен таныстыру, түстер гаммасы мен ритмикасы, студенттердің түстану бойынша өзіндік жұмысының сипаты, басқа пәндермен байланысы. Пәнді зерттеу барысында студенттер түс үйлесімдерін құрудың заңдары мен ережелерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайн суреті І
    Несиелер: 4

    Дизайн cуреттерін дайындаудың теориялық және практикалық білімдері ұсынылады. Дизайн суреті курсында геометриялық денелердің, өсімдіктер мен жануарлардың, мәдени-тұрмыстық заттардың дизайндық суретін салу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады. Дизайн суреттерін стилизациялау, аппликация және әртүрлі басқа бейнелеу техникасымен орындау ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дизайн кескіндемесі І
    Несиелер: 4

    Дизайн кескіндемесі - дизайнерлерді дайындау жүйесіндегі оқу үдерісінің құраушы негіздерінің бірі. Дизайндағы кескіндеме жұмыстарын жүргізуге қажетті бейнелеу құралдарымен, бояу түрлері мен тәсілдермен таныстырады. Дизайн кескіндемесін әртүрлі техника мен сан алуан түстерді қолдану арқылы орындау амалдары мен ерекшеліктеріне үйретеді және дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Костюм құрастыру І
    Несиелер: 6

    Костюм құрастыру І пәні бағдарламасында костюм құрастырға қажетті адам анатомиясы мен морфологиясы туралы жалпы ақпараттар беріледі. Қазіргі заманғы киімдердің ассортименті мен функциялары, негізгі морфологиялық белгілері, пропорциялары, дене типтері, дене пішіні, антропометриялық нүктелер, белдік конструкцияларының сызбаларын есептеу және құру принциптері туралы білімдер ұсынылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Костюм дайындау технологиясы І
    Несиелер: 6

    Пән бағдарламасында костюм дайындау технологиясына қажетті жеңіл өнеркәсіп бұйымдары туралы жалпы мағлұматтар беріледі. Киімге қойылатын негізгі талаптармен бірге, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдері қамтылады. Негізгі киім ассортименті бөлшектерінің ерекшеліктері, қиындылардың және конструкциялы сызықтардың қолданылу сипаты көрсетіледі. Тігін бұйымдарының техникалық құжаттары үйретіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Стиль тарихы
    Несиелер: 3

    Курста мынадай стильдердің пайда болуының алғы шарттары көрсетіледі: ежелгі грек, готикалық, қайта өрлеу дәуірі, барокко, классицизм, ампир, романтизм, модерн, XX ғасыр стилдері. Пәнде дизайнның негізгі даму кезеңдерін, негізгі стильдердің сипатын, стиль туындау принциптері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Костюм құрастыру ІІ
    Несиелер: 4

    Костюм құрастыру ІІ бұл бұйымдарды жобалаудың маңызды бөлігі және көркемдік, дизайнерлік, техникалық міндеттерді шешетін күрделі шығармашылық үдеріс. Пән бағдарламасы иық киімдерінің негізгі конструкцияларының сызбаларын құруға қажетті дағдыларды игеруге көмектесетін практикалық жұмысты қарастырады. Костюм құрастырудағы құралдар арқылы әртүрлі силуэттердің киім конструкцияларын есептеуге және құрастыру сызбаларын есептеу және салуға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дизайн кескіндемесі ІІ
    Несиелер: 3

    Кескіндеме пәнінде киімді ер адам мен әйел адам фигураларының кескіндемелік заңдылықтарына сүйене отырып, бейнеленген затқа тән ерекшеліктерін көрсетіп, натурамен елестету бойынша бейнелеуді сауатты жасау. Кескіндеме образдары кеңістіктің жазықтық пен тереңдігін беріп акценттертерді тұрмыстың өнімі немесе өзгермелі сипатына қойып, деректі идеяларды суреттейді. Кескіндеме тәсілдері арқылы көркем образ жасау, қабілетін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дизайн суреті ІІ
    Несиелер: 3

    Дизайн сурет ІІ пәні композицияның көркемдік тәсілдері мен заңдылықтарын үйретеді. Суреттің әр алуан техникалық әдістерімен құралдарын меңгеріп, адамды бейнелеудің теориялық негіздерін талдайды. Натураға қарап, оймен және елестету арқылы сурет салуды сауатты бейнелеуді меңгеру. Графикалық қабілеттерін нығайтып, оны одан әрі дағдыларын қалыптастырып, нұсқадан нобайлар салу арқылы шығармашылық қызметтерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сәнді трендтерді болжау
    Несиелер: 3

    Курстың соңында студент жақсы байқау жасауға және нарықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады; олар мақсатты топты анықтау арқылы қойылған мақсаттардың сипаттамаларын анықтай алады. Үрдістерді құру; сәнді бояулар, маталар, аксессуарлар, декоративті трюктер және тенденцияларға арналған киімнің тиісті формаларын анықтай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Костюм дайындау технологиясы ІІ
    Несиелер: 3

    Костюм дайындауға қажетті жеңіл өнеркәсіп бұйымдары туралы жалпы мағлұматтармен таныстыру. Костюмге, киімге қойылатын негізгі талаптарды пысықтау. Костюм дайындау технологиясын қолданатын жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдерін қарастыру. Костюм дайындаудағы негізгі ассортимент бөлшектерінің ерекшеліктерін, қиындыларды және конструкциялы сызықтарды қолдану. Костюм дайындауда тігін бұйымдарының техникалық құжаттарын пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау І
    Несиелер: 6

    Костюмді жобалау негіздері. Костюмді жобалаудың негізгі әдістері модельдеу және макеттеу. Макеттеу тәсілдері. Шығармашылық ізденудің құралы ретінде, адам мүсінінде, манекенде, көлемді пішіндерді ине шаншу тәсілін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Костюм тарихы
    Несиелер: 4

    Түрлі елдердің киім және костюм тарихымен таныстырып, өзіндік ерекшеліктерімен құнды әрі кемшілік тұстары жөнінде көркемдік білім беріледі. Киім негізінде әсемдікке баулу, эстетикалық талғамды дамыту, әртүрлі киім үлгілерінің және стиль жасау ерекшелігіне талдау жүргізіледі. Ежелгі Египет, Греция, Европа, Шығыс елдеріндегі және қазақ ұлттық костюм түрлерімен таныстыру жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика дизайнының объектілерін жобалау І
    Несиелер: 6

    «Графикалық дизайн объектілерін жобалау І» саласында жемісті еңбек ету дегеніміз – көркемдік жобалаудың формасын, әдісін, қазіргі заманғы құралдарын кәсіби меңгеру, тұтынушы өнімінің сұраныс аудиторияларындағы жалпы және жеке сана сезімге әсер етуі. Оқытудың негізгі принциптері полиграфиялық және жарнамалық қызметтердің қазіргі замандық тақырыптар, эскиздер мен жобалар, жаттығулар орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Костюм құрастыру ІІІ
    Несиелер: 6

    Костюм құрастыру III бұл киім дизайны бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Бағдарлама белдікті бұйымдардың құрастыруын ескере отырып, фотосуреттерден (эскиздерден) модельдерді талдау тәртібін қарастырады. Конструктивті модельдеу әдістерін, жаңа модельдер құру тәсілдерін қарастырады. Тігін бұйымдарының бөлшектерін жасау принциптерін сақтап, өндірісті жобалауды автоматтандыру үшін бағдарламалық және ақпараттық қолдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Заманауи дизайн
    Несиелер: 4

    Пән заманауи сәулет пен дизайнның негізгі теориялық негіздерімен танысудан тұрады. Білімгерлердің сәулет пен дизайнның теориялық негіздерімен, шығармашылық үдеріспен және заттармен нысандардың форма түзуімен, сондай ақ жобалау және дизайн қызмет негізі ретінде жобалық ойлаумен өзара байланысты туралы түсінігін қалыптастыру. Білімгерлерді теориялық материалдарды талдау және жүйелеу негіздеріне оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика дизайнының элементтері мен процесстері І
    Несиелер: 5

    Макет дайындауда модульдік тор көп көмектеседі. Графикалық дизайн болашақ жарияланымның дизайнын анықтайды және текст, иллюстрация, тақырып және бастапқы тұрған жолды орналастырады, компьютерлік дизайн, яғни қолданбалы салаға көшіп, дизайнерлік жобалау қызмет көрсету түрлерін, өзіндік шығармашылық түрлер, бағыт беруші, интернетке веб-өнімдерін дайындап байланыстырушы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайндағы заманауи материалдар
    Несиелер: 4

    Тоқыма талшықтарының құрылымы, химиялық құрамы мен қасиеттері, жіптердің түрлері мен қасиеттері, иірілген жіптің түрлері мен дайындау тәсілдері, тоқыма өндірісінің технология негіздері. Әр түрлі мақсаттағы киімге қойылатын талаптарды қарастырады. Табиғаты, құрамы, дайындау әдісі бойынша материалдардың ассортиментін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Костюм дизайнының элементтері мен процесстері І
    Несиелер: 5

    Пән дизайнның идеялық-шығармашылық негізін, оның көркем шығармашылық кезеңдеріне талдаулар жасайды. Дизайндағы образдық, костюм дизайнының шығармашылық бастауларына шолу. Костюм дизайндағы эвристикалық әдістерін саралап, дизайн туындыларын психологиялық қабылдау ерекшеліктерін қарастырады. Костюм дизайнының образдық ассоциативті композициясын, костюмнің пішін сұлбаларын шешу ізденістерін абстракті түрде графикалық жолмен қайта құруды жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн композициясы
    Несиелер: 5

    Дизайн композициясы дизайндағы және өнердегі жалпы ішкі өлшем заңдылықтары құрылымдарының түрлерін қарастырып, заттың тұтастылығы мен бірегейлігіне жетудің нақты тәсілдерін үйретеді. Дизайндағы композициялық ізденіс тұтынушының тиімді әсерлермен қамтамасыз ететін күшейтілген пішіннің қасиеттеріне бағытталады. Дизайндағы композициялық заңдылықтардың ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика дизайнының объектілерін жобалау IІ
    Несиелер: 6

    «Графикалық дизайн объектілерін жобалау ІІ» Оқытудың негізгі принциптері полиграфиялық және жарнамалық қызметтердің қазіргі замандық тақырыптар, эскиздер мен жобалар, жаттығулар орындау. Графикалық дизайн нысандарын жобалау негіздерін теориялық және практикалық түрде меңгеру, жарнаманың арнайы түрлері пәнін басқа пәндерге негіздеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Материалмен жұмыс /Д/
    Несиелер: 6

    «Материалмен жұмыс» пәні киім үлгісінің эскизді жобасын матада техникалық құрал арқылы орындау ғана емес, сонымен қатар киім үлгісінің жаңа, сән бағытына сай пішімдерін көркем жобалаудың іздену әдісі арқылы табу. Костюм пішінінің өзгеруі бұл сәннің өзгерісі болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дизайндағы компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 4

    Компьютерлік дизайн І бағдарламасы Adobe Photoshop және Corel DRAW графикалық редакторларында жұмыс жасауға арналған. Осы бағдарламалар бойынша алған білімдерін қолдана отырып көркем өнер маманы ретінде қарапайым нысандарды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Графика дизайнының элементтері мен процесстері IІ
    Несиелер: 5

    Графикалық дизайнның теориялық негіздерін оқу, теориялық іздеу және жобалық есептерді шешудің негізгі дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ бейнені ұйымдастыру принциптерін меңгеру. Графикалық дизайнның теориялық негіздерін оқу. Жобалық есептерді шешуде бейнелеу заңдылықтарын меңгеру және шығармашылық іздеу дағдыларын қалыптастыру. Графикалық дизайнда бейнелерді құрастырудың композициялық тәсілдері мен процестерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының элементтері мен процесстері ІІ
    Несиелер: 5

    Қалыптасқан ассортименттік топтардың қазіргі уақыттағы киімге, костюмге деген шарттарын: жас ерекшелігіне байланысты, дайындау тәсілі, мерзім, қызметі (тағайындауы мен қолданылуы), сән ерекшелігіне байланысты шарттарын орындау тәсілдері. Костюм топтамасында киімдердің ашық жеке бөлшектерінің бір-бірімен байланыстарын сақтау. Топтамадағы шығарылатын өнімдердің өзектілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау ІІ
    Несиелер: 6

    «Топтама» түрінде жеңіл ассортимент өнімдерінің жобасы. Тақырып бойынша фор-нобайлар фриз түрінде қарастырылады. Материалда орындау үшін нобайды таңдап алуды жүргізу. Үлгіні құрастыру сызбасын тұрғызу және берілген көрсеткіштерді құрау. Үлгіні пішу үшін лекаланы дайындау. Макетті орындау және үлгіні материалда дайындау тәсілдерін үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік дизайн
    Несиелер: 4

    Компьютерлік дизайн бағдарламасы растрлық графика және векторлық графика құралдарымен жұмыс істеуге дағдыланады. Сызбаны түзету командалары. Объектілерді таңдау. Объектілерді өшіру және қалпына келтіру. Объектілердің орнын ауыстыру. Объектілерді бұру. Ұқсас объектілер құру теориялық негіздерін игерумен болашақ мамандық саласында нақты қазіргі программалық жабдықтарды кеңінен қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Костюм құрастыру IV
    Несиелер: 5

    Костюм құрастыру IV - бұл ер адамның жеке стандарты бойынша есептеуге негізделген негізгі сызбаның графикалық құрылысы, бағдарлама студенттердің ерлер киімінің негізгі конструкцияларының сызбаларын құруға қажетті дағдыларды игеретін практикалық жұмыстарды қарастырады; әр түрлі силуэттерден жасалған ерлер киімінің дизайнын есептеу және құрылыс сызбаларын; мойынтіректер мен басқа да бөлшектердің сызбаларын есептеу және салу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау ІІІ
    Несиелер: 5

    Костюм дизайнындағы сырт киім ассортименттерін жобалау. Тақырып бойынша фор-нобайлар фриз түрінде қарастырылады. Костюм дизайнын материалда орындау үшін нобайды таңдап алу. Костюм дизайнын материалда орындау үшін мата қасиетін зерттеу. Үлгіні құрастыру сызбасын тұрғызу, берілген көрсеткіштерді құрау. Үлгіні пішу үшін лекаланы дайындау. Макетті орындау және үлгіні материалда дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Костюм дизайнының элементтері мен процесстері ІІІ
    Несиелер: 5

    Костюм дизайнын жобалаудың негізгі кезеңдері: жобалау кезіндегі талдаулар, жобалаудың авторлық жинақтарының қорытындысы, шығармашылық тұжырымдардың өңделуі, дизайн жобасының негізгі тапсырмаларын анықтау, жобалаудың әдістерін іздестіру. Костюм дизайнының процесіндегі киім ассортименті коллекцияларының қолдануына тәуелсіздігі. Сырт киім коллекциялары мен өнімдерінің графикалық жобалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Коллекциялық бұйымдарды жобалау
    Несиелер: 5

    Бағдарламада білімгелерді әлемдік белгілі, танымал дизайнерлердің киімдерін зерттеу негізінде, коллекциялық өнімдерді практикада жасау қағидаларымен таныстыру, өнім коллекциясын жобалаудың ерекше және эксперименттік шығармашылық процесі ретінде қарастырылады. Өнімдерді коллекциялық жобалау мүмкіндіктері, «Сәнді» немесе жаңа микросериялы дизайн стильдің қалыптасуына күшті әсер ете алуына қабілетті.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графика дизайнының объектілерін жобалау IIІ
    Несиелер: 5

    Графикалық дизайндағы жобалау пәні шығармашылық қызмет түрі ретінде графикалық дизайнды қалыптастыру. Композицияның жалпы әдістері, принциптері мен тәсілдері саласындағы визуалды коммуникацияның әр түрлі объектілерінің графикалық дизайнерлік өнім жасауға дағдылану. Жобалау саласында алған теориялық білімдерін қолдану, графикалық материалмен жұмыс істеу тәжірибесінде көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Театр костюмдері
    Несиелер: 5

    Театр костюмдері курсының - драма, ертегілер, трагаедия, комедия қойылымдарына қарай киімдердің үлгілерін жобалау. Сахна киімі, спектакль кейіпкерлерінің костюмін әзірлеу. Сахналық қойылым киімдерін тігу, қолөнер бұйымдарын жасалу жолдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Композицияны матада орындау
    Несиелер: 5

    «Композицияны матада орындау» курсы сан алуан киім үлгілерін жасаудың шығармашылық үрдісі. Ол ретімен келетін үш деңгейден тұрады: жоба жасау, үлгілерін көркемдеп безендіру, жобаны матада орындау. Костюм пішінінің өзгеруі бұл сәннің өзгерісі. Пішінді үлгілеу бұл костюмнің композициялық шешімін мата арқылы береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графика дизайнының элементтері мен процесстері ІII
    Несиелер: 5

    Графика дизайнының объектілерін жобалау IІІ пәні бәсекелістік қабілетті баспа және жарнамалық өнімдерін графикалық, көлемді материалынан жүйелі білім алу, графикалық бейнелеудің әр түрлі құралдармен, техникалармен, материалдармен, жобалау проблемаларын белгілеу, оны шешу үшін бірнеше варианттарды ұсыну, ұсынған варианттардың арасынан ең жақсы вариантты таңдау, бұл пән адамның білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бұйымдарды топтап жобалау
    Несиелер: 5

    Бағдарламамен өндіріс өніміне қойылатын көптеген әлеуметтік экономи-калық, эргономикалық пен эстетикалық талаптар қаралады. Спорт, арнайы киім, әр түрлі қызмет саласы үшін униформалардың эскизін әзірлеу мен киім комплектілерін құрастыру. Сызба комплектілерімен экспозицияларды орындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графика дизайнының объектілерін жобалау ІV
    Несиелер: 5

    Оқу бағдарламасының негізінде пəннің əрбір тарауы бойынша шығармашылық жұмыстар енгізіп, графикалық іс-əрекетті оқу шығармашылығымен байытуды іске асыру идеясы жатыр. Сол мақсат үшін дидактикалық құрал ретінде білімгерлердің жобалау іс- əрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын жəне ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы пропедевтикалық тапсырмалар қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жоба жұмыстарын ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 3

    Қазіргі дизайнердің практикалық қызметінде қолдану үшін бизнес технологиялар саласындағы білім алушының құзыреттілігін дамыту. Дизайндағы бизнес технологияларды түсіну, қолдану. Бизнес жоспар құру. Құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттарды сауатты жүргізу

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Графика дизайнының элементтері мен процесстері ІV
    Несиелер: 5

    Графика қандайда бір мекемеге жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Электрондық кестелерді, қамтамасыз етуді графика бағдарламасы қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • 3D модельдеу (3D Max)
    Несиелер: 5

    Растрлық графика және векторлық графика құралдарымен жұмыс істеуді дағдыландырады. Сызбаны түзету командалары. Объектілерді таңдау. Объектілерді өшіру және қалпына келтіру. Объектілердің орнын ауыстыру, бұру.Ұқсас объектілер құру теориялық негіздерін игерумен болашақ мамандық саласында нақты қазіргі программалық жабдықтарды кеңінен қолдана білуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Киізді заманауи киім дизайнында қолдану
    Несиелер: 5

    Авторлық заманауи киім дизайнынында киізді қолданудың технологиялық тәсілдерімен әдістерін меңгеру. Киіз материалдарын безендірудің жаңашыл тенологиялық және сәндік тәсілдерімен тоқыманың қазіргі заманғы үрдістерін үйрену. Киізден сәнді бұйымдарды жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының элементтері мен процесстері ІV
    Несиелер: 5

    Коллекцияның материалда, образда, түстік шешімдерде, пішінде, базалық құрылымда стильдік шешімдерде біртұтас авторлық тұжырымға бағынатын коллекция үлгісінің бөлімдері екендігін талдау. Костюм дизайнының маңызды элементі ретіндегі коллекцияның құрылымын анықтау. Костюм дизайнын орындау үдерісіндегі коллекцияның біртұтастығын қамтамасыз ететін ережелерді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Аксессуарлар дизайны
    Несиелер: 5

    Білімгерлерге зергерлік бұйымдар мен аксессуарлардың тарихын, әлемдегі аксессуарлар нарығындағы жағдай туралы аналитикалық ақпараттарды қабылдау. Аксессуарлар техникасын дамыту, әдістерін үйрену, шығармашылық ойлау негіздерін қарастырады. Әртүрлі материалдармен және өндіріс техникаларымен оның ішінде авторлық аксессуарларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жобалау графикасы
    Несиелер: 5

    «Жобалау графикасы» пəнінің оқу бағдарламасының негізінде пəннің əрбір тарауы бойынша шығармашылық жұмыстар енгізіп, графикалық іс-əрекетті оқу шығармашылығымен байытуды іске асыру идеясы жатыр. Сол мақсат үшін дидактикалық құрал ретінде білімгерлердің жобалау іс- əрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын жəне ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы тапсырмалар қызмет етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау ІV
    Несиелер: 5

    Костюм дизайны композициясында киім ансамблі жиынтығының жабық жүйедегі құрылымын ұсынады. Костюм дизайнын жасауда матадағы қатпарлы киім үлгісін әзірлеу жолдарын қарастырады. Киім ансамблінің түрлі арнаулы жобаларын енгізуді жүргізу. «Ансамбль» жүйесінде эскиздің сериясын жобалау. Костюм дизайнындағы аксессуарларды таңдауға қажетті үлгіні (макетін) демонстрациялау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Патенттану
    Несиелер: 3

    Қазақстан Республикасының Патенттік жүйесімен, құжаттарын алу тәртібімен таныстыру. Қазақстан Республикасының патенттік жүйесі, қазіргі Халықаралық патенттік құқықты қалыптастырудың тарихи аспектілерін түсіндіру. Құқық объектілерінің түрлері, зияткерлік және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау жүйесімен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Графика дизайнының объектілерін жобалау V
    Несиелер: 5

    Графикалық дизайн дегеніміз - сызбаларда немесе компьютерлік модельдерде жобаны бейнелеу. Графикалық дизайн осы тенденцияны қолдана отырып, өз қолымен жазылған қаріпті қолдануды белсенді түрде енгізуде. Бұл адамның қолымен жазылған сияқты, табиғи мәтінге ұқсайды. Қазіргі заманғы графикалық дизайн мәтінге, дизайн жасаудың жаңа бағытын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Сән брендингі
    Несиелер: 5

    Бренд пен брендингтің негізгі ұғымдарын, бренд құру принциптерін, брендинг стратегиясын түсіну. Брендті жылжыту тәсілдері. Брендинг саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Брендтің пайда болу тарихын, брендтің түрлері мен артықшылықтарын қарастыру, брендті жылжытудың негізгі жолдарын анықтау, брендті басқару әдістерін, бағалау тәсілдерін зерделеу.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Сән Графикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пән қазіргі заман талабына сай киім үлгілері жайында мағлұматтар қарастырылады. Сән әлеміндегі дизайнерлердің шығармашылық жұмыстарын зерттейді. Дизайнерлердің киім үлгілерімен таныстырады. Бұл жерде стильмен жұмыс істеу қабілеті маңызды. Бұл жағдайда олардың шығуы мен таралу шарттарын білу қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Дизайн саласында іскерлік қарым –қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    Дизайнердің кәсіби қызметіндегі қарым-қатынас мәдениетінің рөлі мен маңыздылығын түсіну. Жағдайға байланысты қарым-қатынас құрылымын, құралдарын және стильдерін таңдау. Іскерлік этика мен этикеттің нормалары мен ережелерін қолдану. Дизайн саласында іскерлік қарым –қатынас мәдениетін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Костюм сәулетшісі
    Несиелер: 5

    Студенттерге әлемдік білім беру кеңістігінде, шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында өз білімін еш кедергісіз жалғастыруына мүмкіндік беру және сәулет ғимараттардың құрылуынан ой киялымен нобайлар сызу, композициялық үлгілерді жобалау, озық технологияларды меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Драптау
    Несиелер: 5

    Киімдегі қатпарлармен бүрмелерден үлгінің пішінін жасау үшін модельдеуді және көркем сәндеуді құрастырады. Бүрмелердің сыртқы көрінісі, матаның фактурасы мен икемділігіне байланысты жасалынады. Қалың және қатты матадан жасалынатын бүрмелерді бір бағытқа орындалатын қатпарларды жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы
    Несиелер: 5

    Дизайнерлік масштабтық жоба мәдени тұжырымдамасыз жүзеге аспайды. Бұл дәуір, қоғам, аймақ мәдениетіне тән белгілер мен таңбаларды жасауды қажет етеді. Курста мынадай стильдердің пайда болуының алғышарттары көрсетіледі: ландшафт,климат, сәулет, өрнек, бейнелеу және сәндік өнер, жиhаз және костюм. Бұндай тәсіл жинақталған формада әр түрлі халықтардың материалдық мәдениеті туралы тұтас түсінікті береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Модельерлік сурет
    Несиелер: 5

    Модельдік суреттің негізгі киімдегі пропорциясы мен құрастыру ерекшелігін көрсету. Сондай-ақ, киімді бейнелегенде костюмнің материалдан, шілтеріден, теріден, бүрмелі, қатты матадан жасалғанын суреттеу. Киімнің формасын силуетін, пропорциясын толық нұсқасын көру үшін адам бейнесін суреттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Тренд анализі
    Несиелер: 5

    Тренд анализі - бұл соңғы өнімнің болашақтағы бағасының өзгеруін байқайтын тренд деректерінің негізін болжайтын техникалық талдау әдісі. Үрдістерді талдау бұрын болған идеяға негізделген, трейдерлерге болашақта не болатыны туралы түсінік беру. Тренд-ресурсты әзірлеу, өніміңізді өзекті әрі сұранысқа ие болу үшін трендбуктерді меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік бұйымдар дизайнындағы графикалық модельдеу
    Несиелер: 5

    Өнеркәсіптік бұйымдар дизайнындағы графикалық модельдеу шығармашылық жетістіктерді, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы көркем эстетикалық бағыттарды ескере отырып өз білімін оқуда сонымен қатар дизайнерлік қызметінде пайдалану дағдыларын ұсынады. Оқу процесінде білімгерлер, дизайнерлік суреттің және графиканың негізгі құрлысын, жазықтықтағы негізгі көлемнің құрылысын, композициялық әр түрлі әдістерінің көмегімен орындау техникасының, образды бірлескен композиияны модельдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Сәнді фотосурет
    Несиелер: 6

    Сән стиліндегі фотосуреттерді қысқа мағынада түсінуге болады, сурет дефиле, backstage, сән үйлерінің киім-кешектері мен аксессуарларын таныстыру, сондай-ақ кең, жылтыр фотосурет саласында патшалық гламурдың шексіз жанры есте ұстай отырып. Сәнді фотосурет, өнердің басқа бір бағыты сияқты, уақыт атмосферасын, дәуірдің стилі мен көңіл-күйін көрсетеді, кеңістік уақытша континуумның белгілі бір нүктесінде мәдениет үнемі ұмтылады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Костюм дизайнының объектілерін жобалау V
    Несиелер: 5

    Коллекция үлгілерінің тақырыптық үлгілеу жобаларымен байланысты болуы талданады. Тақырып бойынша фор-нобайлар фриз түрінде қарастырылады. Костюм дизайнын жобалауда коллекцияның композициялық шешімдерін талдау, аксессуарларды таңдау, үлгіні (макетін) демонстрациялауды жүргізу. Костюм дизайнын жасаудың технологиялық сызбасын типтік құжаттамада жасау. Дизайн үлгісінің технологиялық нұсқасын құжатта көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    -кәсіби қызметтің негізгі амалдарын (пішіні мен қызметі бойынша қарапайым нысандардың өлшеулері, кроктары, сызбалары), сонымен қатар күрделі емес жобалау міндеттерін және жазықтықта кескіндеу тәсілдерін игеру; -дизайнның негізі мамандануындағы міндеттері мен мақсаттарын көрсетеді, шығармашылық ойға сай, кескіндеудің дәстүрлі және аралас техникаларын қолданады

  • Код ON5

    - өркениеттің дамуындағы ғылымның рөлін, әлемнің, Қазақстанның халықтарының дәстүрлерімен мәдениетінің тарихын түсінеді; -әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды құрады және өзінің кәсіби қызметінде оларды қолданады

  • Код ON6

    - жазықтықты, көлемді, кеңістікті модельдеудің композициялық құралдары мен әдістерін меңгеру; -дәстүрлі және қазіргі замандық техникаларды, материалдарды және құралдарды қолдана отырып, өнердің әрқилы түрлерін, жанрдағы кескіндерін, бейнелерін жасаудың жалпы заңдары мен әдістерін түсіндіреді

  • Код ON7

    -конструкциялар жұмысының заңдылықтарын үйренеді; -әр түрлі материалдармен және конструкциялармен формалар жасау әдістерінің нақтылығын қамтамассыз ету тәсілдерін қалыптастырады; -дизайн мен өндіріс технологиясының нысандарының құрлысының өзара тәуелділігін қолданады

  • Код ON8

    - жазық көлемді және кеңістіктік композицияларды жасаудың негізгі тәсілдері мен құралдарын сүреттеу; -жобалау үрдісіндегі композициялық амалдарды түсіндіреді; -бұйымдар мен нысандардың мәнерлі көркем бейнесін жасау үшін композициялық құралдарын қолданады

  • Код ON9

    -жобалаудың әрекеттері мен кезеңдерінің бірізділігін үйрену; -өз бетінше жобалық зерттеу жүргізе біледі, жобаның мақсатын қояды, міндеттерді қалыптастырады және оған жетудің жолдарын анықтайды; -соңғы нәтижені бағалайды; жобалық ұсыныстарды нормативтік талаптар мен стандарттарға сай кәсіби түрде орындайды

  • Код ON10

    - Басқару ұйымдастырушылық қабілетке ие, мемлекеттік экономиканың реттеудің мақсаттарымен әдістерін түсіну; - кәсіби қызмет саласында тұжырымдай біледі және іс жүзінде мәселені шешеді

Top