Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B10105 Қоғамдық денсаулық сақтау в Қазақстан-Ресей медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі медициналық-әлеуметтік іс-шараларды кейіннен әзірлей отырып, қоғамдық денсаулықты кешенді бағалау мен мониторингілеуді іске асыру бойынша арнайы білімі мен дағдысы бар білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қазақстан-Ресей медицина университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B089 Қоғамдық денсаулық
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Химия
Молекулярлық биология және генетика
Анатомия негіздері
Қоршаған орта және денсаулық
-
2 Оқу жылы
Жалпы гигиена
Микробиология және иммунология
Қоғамдық денсаулық
Физиология негіздері
Денсаулықты нығайту негіздері
Биологиялық химия
Фармакология
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Денсаулық сақтаудағы инновациялар және адам ресурстарын басқару
Әлеуметтану және денсаулық психологиясы
Эпидемиология негіздері
-
3 Оқу жылы
Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
Эпидемиология дезинфекция негіздерімен
Биостатистика
Қоршаған орта гигиенасы
Заңнама мен денсаулық экономикасына кіріспе
Ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері
Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар
Еңбек гигиенасы
Жобалық қызметті ұйымдастыру
Зерттеу негіздері. Биоэтика
Денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу
-
4 Оқу жылы
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Профилактикалық медицина
Жұқпалы емес аурудың эпидемиологиясы
Емдеу-алдын алу ұйымдарындағы гигиена
Кәсіби аурулар
Медициналық ұйымдардағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Госпитальдық менеджментке кіріспе
Тұрғындарды медициналық және әлеуметтік қорғау
Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды қйымдастыру
Денсаулықты басқару негіздері
Сапаны қамтамасыз ету негіздері
Денсаулық сақтау саясаты және заңнама
Оқыту нәтижелері
- Пәндерді оқыту шеңберінде алынған интеграцияланған білімді пайдаланады, креативті ойлайды және зерттеу міндеттерін шешу үшін шығармашылық жағынан қолайлы, қоғамдағы әлеуметтік-маңызды мәселелер мен процестерді талдайды.
- Қоғамда қабылданған моральдық және құқықтық нормаларды ескере отырып, кәсіби қызметті жүзеге асырады, дәрігерлік этика ережелерін, академиялық адалдықты, сондай-ақ құпия ақпаратпен жұмыс істеу жөніндегі заңдар мен құқықтық актілерді сақтайды.
- Денсаулық сақтауды реформалау және қаржыландыруды ырықтандыру жағдайында тиімді басқару әдістерін қолданады.
- Қазіргі заманғы ақпараттық ағындарға бағдарланады, әлемдік экономикадағы серпінді өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе алады, белгісіздік және қаржы-экономикалық тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдайды
- Әр түрлі ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың ұжымында, пациенттермен және олардың туыстарымен кәсіби коммуникацияны көрсетеді.
- Медициналық-биологиялық деректерді талдау үшін статистикалық әдістерді қолданады және алынған статистикалық деректердің нәтижелерін түсіндіру қабілетін көрсетеді.
- Қоршаған ортаның антропогендік және табиғи-техногендік факторларының халықтың денсаулығына әсерін анықтайды; гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді, халық денсаулығының алиментарлық аспектілерін, тамақ өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін ұйымдастыруды, бақылауды бағалайды; экологиялық қауіптіліктің негізгі сыныптарын анықтайды.
- Денсаулық сақтау саласындағы саясаттың негізгі компоненттерін дұрыс бағалайды, Қазақстан Республикасының халқына медициналық қызметтерді толыққанды және сапалы ұсыну үшін тиімді қаржыландыруды анықтайды.
- Адам денсаулығы проблемаларын тиімді шешу үшін іргелі медициналық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдарының орнын анықтайды.
- Қоғамдық денсаулықты сақтау саласында ҚР ДСМ заңнамалық, нормативтік және жедел медициналық құжаттарын, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың (ҮЕҚҰ) ұтымды бағдарламаларын толыққанды пайдаланады.
- Қазіргі заманғы қоғамдық денсаулық сақтауға сүйенетін іргелі ғылым негіздерін меңгереді, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды талдайды, халықтың денсаулық көрсеткіштерін және медициналық ұйымдардың қызметін бағалайды, халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығының көрсеткіштерін түсіндіреді, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттарды анықтайды.
- Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде басқару мәселелерін анықтайды; психология мен педагогика негіздерін, сондай-ақ медициналық ұйымдарды басқаруды пайдалана отырып, кәсіби қызметте менеджмент дағдыларын қолданады.
- Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогендік қауіп факторларын бөле отырып, эпидемиологиялық есептерге талдау жасай алады; эпидемиологиялық жағдайды бағалауда дәлелді медицина әдістерін меңгерген.
- Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының емдеу-алдын алу қызметін басқаруды жаңғырту, қаржыландыру, цифрландыру жөніндегі мемлекеттік инновациялық бағдарламаларды кезең-кезеңімен енгізуді айқындайды.
- Ұйымның клиникалық қызметін талдауда алынған білім мен іс қағаздарын жүргізу дағдыларын пайдаланады, зерттеу этикасы қағидаларын қолдана отырып, ықтимал жариялануымен есепті дұрыс жасайды.