Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B02112 Аспаптық орындаушылық (классикалық гитара) в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қалыптасқан дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде қабілеттіліктерін арттыру; коммуникация бағдарламаларын мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде салауатты өмір салтын құру, өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби табыс дағдыларына бағдар беру;
  • Аспапта кәсіби ойнаудың дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерін, орындаушылық техникаларды, стилдік және жанрлық жағынан әртүрлі репертуарды (халықтық және кәсіби) орындау, жеке, ансамбльді, оркестрлік орындауда штрихты тәсілдерді меңгеру; шығармашылық бастамаларды көрсету, шығармаларды орындаудың әдістемесі мен қиын шығармаларды орындау кезіндегі қиындықтармен жұмыс жасау тәсілдері туралы нақты ұғым беру; көркемдік музыкалық-орындаушылық шеберлікті меңгерген оркестр, ансамбль әртісі ретінде кәсіби практикалық маманынын дайындау
  • Әлемдік және қазақ музыкалық өнерінің тарихы мен қазіргі даму үрдістерін білу.
  • Музыкалық шығарма жасалған және ұсынылған теориялық және тарихи контексті білу/түсіну, оның ішінде музыкалық стильдерді және олармен байланысты шығарылу және орындау дәстүрлерін білу.
  • Музыкалық материалды ноталар бойынша және/немесе есту арқылы тану, түсіндіру, түсіну және/немесе есте сақтау қабілеті.
  • Көп салалы кәсіби музыкалық білім беру, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі саласында жалпы педагогикалық, психология-педагогикалық білімнің қажетті кешенін меңгеру; Академиялық сенімділік қағидалары мен мәдениетінің маңызын меңгеру;
  • Музыканы әртүрлі ансамбльдерде, оркестрлерде және басқа да бірлескен жобаларда орындау қабілеті.
  • Әр түрлі дәуірдің, стильдің, жанрдың және форманың музыкалық шығармаларын талдай білу.
  • Дипломдық зерттеу проблематикасына сәйкес тәжірибелік деректерді, ақпаратты жинау мен өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын қолдана білу және оны аудиовизуалды қолдаумен өз сөздерінде қолдана білу;
  • Оқыту пәніне жататын музыка өнеріндегі тәжірибені, стильдерді, жанрларды, тілдерді, формалар мен техникаларды және олармен байланысты мәтіндік деректерді, ресурстар мен концепцияларды білу.
  • Негізгі музыкалық аспапта оқытудың, жаттығулардың және дайындықтардың тиімді және кәсіби техникасын көрсете білу;
  • Ғылыми әдебиеттермен, Ғылыми зерттеу әдістерімен және алынған мәліметтерді өңдеу әдістерімен өзіндік жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; оқылатын салада олардың арасындағы күрделі тәуелділік, құбылыстар, теориялар мен фактілерді түсіну және білімін қолдану
Top