Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01705 Шетел тілі: екі шетел тілі в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Шеттілді білім беру саласында жоғары білікті тереңдетілген теориялық және практикалық жеке даярлығы бар, бірнеше шет тілдерін кәсіби дәрежеде меңгерген, инновациялық әрекеттерге қабілетті, шеттілді білім беру саласында өз бетінше жұмыс жасай алатын, шет тілінде білім беру мәселелеріне білікті баға беріп сыни талдай алатын, әлеуметтік мәселелер, жаңа концептуалды білім бойынша жобалар жасай алатын, ғылыми талқы аясында мамандарға ұсына алатын, командада жұмыс істей білетін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты: ғылыми зерттеулердің жалпы ғылыми, арнайы әдістерін қолдану және талдай білу қабілетін қалыптастыру. Пән танымның жалпы теориялық әдістерін және теориялық зерттеулердің жеке әдістерін, әдістер типологиясын, түрлі тілдік деңгейлерде лингвистикалық талдаулар әдістерін қолдану, шет тілінде білім беру саласында лингвистикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және интерпретациялауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілдерін оқыту практикасындағы шетел лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: шетел лингвистикасы тарихы бойынша білімді жүйелендіру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: – оқу, оқу-зерттеу, ғылыми жұмстарда қолдану мақсатымен шетел лингвисикасының ғылыми парадигмалары бойынша пән аралық білімді концептуалдау және жобалау; – кәсіби іс-әрекетте пайда болатын шетелдік тіл білімінің ғылыми парадигмалар бойынша түсінік негізінде мәселелерді қолдану және шешу; – лингвистикалық білімді тіл туралы өзара логикалық байланысқан ғылыми түсінік жүйесі ретінде көрсету қабілеті; – гуманитарлық білімді (философия, әлеуметтану, саясаттану, психология) жүйелік қолдану негізінде оқу-кәсіби мәселелерді шешуді қатар қолдану; – шетел тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың ауысуы жайлы іргелі филологиялық білім мен даулы мәселелер және жағдаяттарды шығармашылықпен шешуде лингвистикалық талдау әдістерінің арақатынасын табу. Қысқаша мазмұны. Бұл пән келесіні оқытуға бағытталған: шетел лингвистикасы дамуының гипотезалары, бағыттары, даму кезеңдері, жаңа концепциялардың лингвистикалық алғышарттары, сөйлеу актілерінің теорияларына жасаған шетелдік ғалымдардың негізгі алғышарттары, әлеуметтік лингвистика параметрлері, лексикастатистика, қолданбалы лингвистика, шет тілдерін оқыту әдістерін салғастыра оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Контрастивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты: контрастивтік лингвистика ерекшелігінің жүйесін ұсыну қабілетін қалыптастыру және оның шет тілінде білім беру саласында қажеттілігін арттыру. Пән келесі ұғымдар мен түсініктерді оқытуға бағытталған: контрастивтік лингвистиканың категориялы-әдіснамалық аппараттың пайда болуы, ерекшелігі, қателерді талдау, тілдік бірліктердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау, тіл аралық сәйкестіктің түрлері, конгруэнттік/ эквиваленттік, лакунарлық/ эквиваленттің жоқтығы, оқытудағы, ғылыми қарым қатынастағы контрастивтік лингвистиканың заңдылықтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Пәннің мақсаты: әртүрлі жанрдағы академиялық мәтіндерді жазу дағдыларын жетілдіру. Пән академиялық хатты, ғылыми метатілдің, ғылыми мәтіннің ерекшеліктерін, оның композициясын, ғылыми рефераттауды, баяндаманы, тезистерді, эссені, мақалаларды, стилистикалық және тілдік қателердің түрлерін, библиография мен сілтемелерді ресімдеу қағидаларын, қазақстандық, халықаралық стандарттарды, кітапханалық, электрондық деректер қорын, плагиатты, ғылыми дәйексөздің ережелерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілді білім берудің қазіргі парадигмасының әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты – шет тілінде білім берудің әдіснамасын бағалау және сипаттай алу қабілетін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: –түпнұсқалықты, жаңашылдықты, шынайылықты қамтамасыз ететін шет тілде білім берудің, шет тілдерін оқытудың заманауи парадигмасының әдіснамасын жоспарлау, жасау, жүзеге асыру, түзету.  қазіргі тіл білімінің қағидалары мен постулаттарын қалыптастыру;  динамикадағы лингвистикалық зерттеу әдіснамасын, әдісін, тәсілін қолдану;  лингвистикалық зерттеулер пәнін, нысанын анықтау және негіздеу, репрезантивтік әдістерді бағалау және таңдау; – оқу бағдарламасын, авторлық курстарды, оқулықтар, оқу құралдарын, практикалық сабақтарға және түрлі бағалау құралдарын дамытушы шет тілде оқыту өздік жұмыстарға арналған әдістемелік ұсыныстарды жасау ; Қысқаша мазмұны. Курсты оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: лингвистикалық зерттеудің нысаны, әдіснамасы, әдістемесі, әдісі және нақты бағыт бойынша қолданылатын тілді талдау әдістері. Курсты оқыту барысында келесі теориялық және қолданбалы аспектілер қарастырылады: теориялық: тіл біліміне бағытталған философиялық және жалпығылыми әдіснаманың теориялық негіздері; заманауи лингвистикалық ғылым дамуының негізгі үрдістері; тілдік жүйенің әртүрлі деңгейлерінің бірліктерін зерттеу мен сипаттаудың заманауи жалпы және жеке лингвистикалық әдістерінің жүйесі; қолданбалы: өз зерттеулерінде теориялық және қолданбалы арнайы ғылыми әдебиеттерді пайдалану; тіл мен тіл бірліктерін талдаудың заманауи әдістерін практикада қолдануын көрсету; өз диссертациялық зерттеуінің әдістемелік және концептуалды аппаратын жетілдіруге септігін тигізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салғастырмалы лингвистикалық типология
    Несиелер: 5

    Мақсаты – тілдердің типологиялық белгілері, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейлердегі әмбебап және бірегей ерекшеліктері жайлы білімді жүйелендіру. Нақты тілдік тип қатарына жататын сәйкестілігі ретінде ерекше тілдің типологиялық сипаттамаларын, сонымен қатар өзге типтегі типологиялық белгілерінің тілге қатысты көзқарастарды қарастыру және көрсету. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - салғастырмалы лингвистикалық типологияның тарихи қалыптасуы мен бағыттарын меңгере алуы; - тілдің ішкі және сыртқы саясатын тану үшін мағынасы ерекше шешім болып табылатын пәннің келелі мәселелерін игеруі; - қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдерге типологиялық талдау жасай алуы; - түрлі тіл деңгейлері бойынша қазақ және орыс, қазақ және ағылшын, француз, неміс тілдерінің негізгі салғастырмалы типологиясын құрастыра алуы; - әр түрлі типтегі тілдердің құрылымын салғастыра алу және салғастырылатын тілдердің жалпы және арнаулы белгілерін нақтылай алуы. Қысқаша мазмұны. Пәнді оқыту негізінде қарастырылатын тақырыптар: kингвистикалық типология – тіл білімінің ерекше саласы, «лингвистикалық типология» терминінің мазмұны, әлемдегі тілдерінің көптілігі, лингвистикалық компаративизм, типология нысаны және оның тіл білімінде алатын орны, типология әдістері, тілдік тип ұғымы, тіл-эталон мәселелері, типологияның ішкі тармақталуы, классикалық (дәстүрлі) және құрылымдық типология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілді меңгеру теориясы және практикасы: бірінші және екінші шет тілдері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Оқытылатын тілдің теорияларының жалпылингвистикалық негіздерін сипаттай және талдай алу қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: – жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары туралы пәнаралық білімді оқу, ғылыми-зерттеу үдерісінде қолдану мақсатында концептуалдау және жобалау; – жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары туралы тұтастықтағы таным негізінде кәсіби салада туындаған мәселелерді шешу, білімді қолдану; – тіл туралы логикалық өзара байланысты ғылыми таным жүйесі ретіндегі лингвистикалық білімді жаңғырту қабілеті; – гуманитарлық (философия, әлеуметтану, саясаттану, психология) білімді жүйелі пайдалану негізінде оқу-кәсіби міндеттерді шешімін құру; – жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары ауысуы туралы іргелі филологиялық білім мен туындаған мәселе шешіміндегі шығармашылық ізденіс барысында қолданылатын лингвистикалық талдау әдістерін өзара байланысыру. аргументировать и точно формулировать теоретические положения исследования и давать соответствующие рекомендации по развитию иноязычного образования в современном социуме, анализировать и интерпретировать результаты экспериментов для улучшения преподавания иностранных языков; зерттеудің теориялық шарттарын нақты қалыптастыру және талқылау,заманауи қоғамда шет тілде білім беруді дамыту бойынша сай келетін ұсыныстар беру, шет тілдерін оқытуды жақсарту бойынша эксперименттер нәтижелерін талдау және интерпретациялау. Қысқаша мазмұны: Бұл пәнді оқыту барысында келесі күрделі сұрақтар қарастырылады: тілдің мәні, оның шығу тарихы мен негізгі қызметтері, тіл мен ойлаудың, тіл мен объективті шындықтың арақатынасы, тілдің типтері, олардың тілдік деңгкйін ұйымдастыру, функционалдық және тарихи дамуы, тілдердің жіктелуі, жалпы лингвистика парадигмалары және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілдерін меңгерудегі әлеуметтік-мәдени теориялар
    Несиелер: 5

    Мақсаты: тілдік және әлеуметтік құрылымдардың байланысының теориялық және әдіснамалық негіздемесі, сонымен қатар тіл-адам, тіл-тұлға, тіл-қоғам, тіл-этнос, тіл-мемлекет сияқты қатынастар туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі қабілеттерге ие болады: - қазіргі тілде орын алған өзгерістер туралы терең жүйелі білімді талқылау (интерпретатция); - әлеуметтік лингвистика дамуы барысындағы мәселелер, бағыттар мен үрдістерді сыни зерттеу; - әлеуметтік лингвистика пәні туралы біліктілікті, оның ұғымдық категориялар аппаратын қолдана отырып, әлеуметтік зерттеулерді жүзеге асыру; - магистрлік диссертациялардағы зерттеу тақырыптары бойынша өзіндік бақылаулар нәтижелерін сипаттау тәжірибесінде қолдану мақсатында қоғамда орын алған экстралингвистикалық үдерістермен байланысты әлеуметтік ғылым жағдайын бағлаудағы әдіснамалық негіздер қатарын құру; - казіргі тілдік жағдаят, тілдік саясаттағы өзгерістерге сыни тұрғыдан сараптау және талдау; - магистранттардың белгілі бір тілдік құбылыстарды ғылыми негіздеу және олардың арасында тарихи байланыстар орнату іскерлігін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Контактология теориясы және шет тілдерін меңгеру
    Несиелер: 5

    Мақсаты – Контоктология теориясының негізгі түсініктері мен терминдерін қалыптастыру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: игерілген білімді тақырыптың негізгі мәселесін талқылағанда қолдану: сөздердің кірігуінің(тіклелей/жанама, интернационализмдер, сөзжасаушы және семантикалық калькалау; пайда болу шарттары және қостілділік түрлері (табиғи, жасанды, координативтік, субординативтік, функционалдық) лингвистикалық механизмдері, себептері мен жолдары. – жеке мысалдар арқылы лексикалық кірмелердің фонетикалық, грамматикалық, сөзжасамдық және семантикалық адаптациясын көрсету; табиғи және жасанды қостілділіктің нақты жағдаяттарын талдау; – мәдениаралық құзыреттілікті басқа лингвамәдени қоғамдастықтың өкілімен екі жақты сәтті қарымқатынас жасауға қабілеттік пен дайындық ретінде қалыптастыру, – ана тілінде және шет тілінде сөйлеу мәнерін талдау; – лингвистикалық білімді өз бетінше толықтыру, тереңдету, шет тілі нормаларын меңгеруді жетілдіру; Қысқаша мазмұны: Бұл пән келесіні оқытуға бағытталған: тілдік контакт механизмдері, яғни белгілі қоғамдық-тарихи жағдайда бір немесе бірнеше тілдердің арақатынасын, экстралингвистикалық факторлар мен лингвистикалық үдерістерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдениаралық қарым-қатынас теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты мәдениаралық қарым-қатынас ғылыми қағидалары, міндеттері мен мәнісі туралы таным-түсініктерді, мультимәдени ортада қарым-қатынас үдерісін ұйымдастырумен байланысты негізгі мәселелер шешіміндегі қабілеттілігін дамыту, мәдениаралық қарым-қатынастың қазіргі жағдайдағы негізгі мәселелерімен таныстыру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: – қақтығысты жағдаятты меңгере алу қабілеттілігін көрсету, кәсіби қызмет барысында қақтығыс шешімінде конструктивті тактиканы қолдануы; – қақтығыстанудың қазіргі мәселелеріне бағдар жасай алу қабілеті; – персоналды, оның ішінде, мәдениаралық ортадағы ұжымды басқарудың қазіргі технологиясы негізінде тұлғааралық, топтық және ұйым-мекемелік қарым-қатынасты жобалау кезінде қақтығысты жағдаят шешімінің түрлі амалдарын игеруі; – мәдени менеджмент кеңістігінде орын алатын көсем (тұлға) қалыптасуының қазіргі моделі мен тәжірибесіне талдау жасау; - іскери қарым қатынас саласындағы қазіргі үйлесімділік ережелері мен классикалық іскери әдеп арасындағы айырмашылықтарды салыстырып, салғастыра алу қабілеті. Қысқаша мазмұны: Пәнді оқыту негізінде қарастырылатын тақырыптар: мәдениаралық қарым-қатынас пән ретінде, мәдениаралық қарым-қатынастың әдіснамалық принциптері, халықаралық бизнестегі ұлттық мәдениеттің концепциясы, мәні және рөлі, мәдениаралық қарым-қатынас және оларға әсер ететін факторлар, мәдениаралық қарым-қатынастың этикалық аспектілері, этноцентризм, ксенофобия, стереотиптер мен асығыс пайымдар, мәдени шок пен типтік байланыс қателіктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Шет тілінде білім берудің заманауи парадигмаларының әдіснамасын жоспарлау, жасау, жүзеге асыру, мазмұнының өзектілігін анықтау негізінде әлеуметтік тақырыптар мен мәселелерге мониторниг жүргізу.

  • Код ON2

    Шет тілін оқытудың ғылыми және қолданбалы аспектілерін сыни тұрғыдан қарастыру, мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы тоғысқан білімдердің негізінде нақты тілдерге (ана тілі, бірінші, екінші) қатысты қазіргі тың әлеуметтік-мәдени зерттеулер бағыттарын болжау.

  • Код ON3

    Тілдік/тілдік емес пәндердің интеграциясы негізінде ЖОО-да дәрістің барлық түрлерін құру және жүргізу, сандық технология және ииновациялық әдісті қолдану, жоғары білімнің даму стратегиясын және әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып студенттердің жеке білім беру траекторияларын анықтау, ЖОО-да оқу-тәрбие беру үдерісінің барлық формаларын жүргізудің педагогикалық технологияларын жобалау және енгізу.

  • Код ON4

    Жоғары білімді ұйымдастыратын түрлі бағалау құралын дамытатын білім беру технологияларын және оқыту әдісін қолдану арқылы дәрістің кез келген түрін, оның ішінде өзіндік және аудиториядан тыс дәрістерді оқу-әдістемелік қамсыздандыру негізінде курс мазмұнын жасау.

  • Код ON5

    Әдістемелік, лингвистикалық эксперименттер жүргізу, шет тілдерін оқытуду жетілдіру үшін эксперименттердің нәтижелерін талдау және интерпретациялау, тілді қолдануда ана тілі, бірінші және екінші тілдер арасындағы шартты интерференция нәтижесінде орын алатын болуы мүмкін қателерді анықтау.

  • Код ON6

    Әлеуметтік лингвистикалық құралдарды қолдана отырып, мелекеттік саясатты талдау негізінде ҚР көптілдігін дамыту, тілдік жағдаятты бағалау бойынша ұсыныс, ғылыми қортындылар жасау; интегративті жолдар мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы көптілдік білім берудің өзекті бағыттары бойынша жобаларды басқару; тілдік саясаттың жүйелілік аясында біртілді және көптілді қоғамды салғастыра отырып жоспарлар, жобалар, жағдаяттар мен болуы мүмкін тәуекелдерді бағалау.

  • Код ON7

    Шет тілін оқыту бойынша ғылыми және қолданбалы зерттеулерде қолданылатын дәстүрлі және инновациялық әдістердің негізділігі бойынша сараптама жүргізу, қоғамның түрлі салаларының тәжірибелік қызметінде шет тілдерін талдаудың түрлі әдістерін қолдану; түпнұсқадағы мәтін мен оның аудармасын, мәтіндік-ремалық ұйымдастырылу ерекшелігін анықтау негізінде ақпараттық өнімнің мәнін бағалау.

  • Код ON8

    Лингвистикалық бағдарламалық өнімдерді жобалау және жасау, оның ішінде шет тілде оқыту үшін көптілдік лексикографиялық және оқу өнімі, инклюзитвтік білім беру үшін инклюзивтік оқыту әдістерін және ақпараттық технологияларды қолдану.

  • Код ON9

    Оқу жүктемесін, оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ете отырып білім беру мекемелерін, жоғары және жоғары білім беруден кейінгі білім беру бағдарламаларының бөлімдерінің оқу-кәсіби жұмыстарын басқару, шет тілінде білім беру мәселелері бойынша білім берудің жоғары органдарына мемлекеттік және мемлекеттік емес институционалдық мекемелердің білім беру саласының дамуы бойынша ұсыныс бере алу.

  • Код ON10

    Редакторлық бөлімшелерді басқару стратегияларын қалыптастыру, шет тілінде құзыреттіліктерді және шеттілді мәтіндерді құрастыруды, ғылымның және техниканың түрлі саласында мәтіндер аудармаларын өңдеуді меңгерген редакциялық коллегияны құрау, жанжалды жағдайлардан шыға білу, әлеуеті мен даму бағытын анықтай келе, ұйымның ішкі және сыртқы ортасын ескере отырып, шығармашылық бірлестіктер стратегиясын жасау.

  • Код ON11

    Педагогикалық этика ережесін ұстану жеке басты сыйлау, әлеуметтік жоғары құндылықтар алдындағы міндеттілік, гуманистік педагогика идеялары, жалпыадамзаттық жүйе мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру үдерісін жүргізу, Қазақстанның ұлттық артықшылықтарын кірістіре отырып, тәрбие жұмысын құру, жастар және бірыңғай мемлекеттік саясат бойынша бағдарламаларды жасау.

  • Код ON12

    Түрлі жанрлардағы басылымдарда оқу және ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну, оның ішінде рейтингі жоғары басылымдарда; жеке және кәсіби дамудың бағыттарын анықтау; мәденииетаралық қарым-қатынастың компоненттерін саралау негізінде тиімді қарым-қатынас жасауға кедергі келтіретін мәселелерді шешу, қарым-қатынастық кедергілерді болдырмау, кемсітудің кез келген түріне, экстремизмге қарсы тұра білу, қоғамда дұрыс және сабырлы қарым-қатынас жасауға дайын болу, әлеуметтік өзара әрекеттесуге және ғылым мәселелерін шешу үшін ынтымақтастықта болу.

Top