Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05319 Химиялық материалтану (ММУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистратурада оқытудың мақсаты - химиялық материалтану саласында іргелі және практикалық білімге иеленген, өндіріс мәселелерін шешуге құзыретті, сонымен қатар ғылым мен білім беру саласында басқару қызметін атқаруға қабілетті жоғары білікті мамандарды сапалы түрде даярлау. Бағдарлама мамандарды қалыптастыруға бағытталған.: - химиялық материалдарды талдау және диагностикалау әдістемесін жетілдіру; - химиялық материалдардың физика-химиялық сипаттамаларын бағалау және мақсатты түрде өзгерту; - озық заманауи білім беру технологияларын енгізумен педагогикалық қызметпен айналысу; - берілген қасиеттері бар жаңа материалдарды алу технологиясын жасау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M089 Химия
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қазіргі материалтанудың іргелі негіздері
Ғылыми деректер
Заманауи компьютерлік технологиялар
Техникалық пәндерді оқыту әдістемесі
Жоғары мектептің педагогикасы
Материалдарды алу әдістері
Арнайы функциялы перспективті бейорганикалық материалдар
Материалдарды талдау және диагностикалау әдістері
Ғылым тарихы мен философиясы
Супрамолекулалық химия
Нанохимия
Кәсіптік қызметтегі шет тілі
Басқару психологиясы
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Мембраналық материалтану
Электрохимиялық материалтану
Оқыту нәтижелері
- Химиялық материалтанудың ғылыми білімнің жалпы жүйесіндегі (нысандар, қасиеттер, құрылымдар, алу және талдау әдістері, алу технологиялары, материалдардың қасиеттерін болжау және модельдеу әдістері) қазіргі жай-күйін көрсететін және осы саладағы білім беру технологиясына қатысты жаңа ғылыми теориялар мен концепцияларды түсіндіру;
- Материалдардың қасиеттері, оларды алу технологиялары туралы мәліметтерді қазіргі заманғы алдыңғы қатардағы ғылыми әдебиеттердің, оның ішінде халақаралық библиографиялық, реферативтік, мерзімді ақпарат көздерінде индекстенетін мәліметтердің негізінде, ғылыми білім алудың методологиясы мен философиясына сәйкес жүйелендіру;
- Заманауи материал тану, сынау құрылғыларын материалдарды талдау мен сынаудың күрделі мәселелерін шешу үшін, сонымен қатар компьютерлік технологияларды мәліметтерді талдау, модельдеу және өңдеу үшін қолдану;
- Материалдардың химиялық құрамының, құрылымының және қажетті қасиеттерінің өзара байланысын жүйелей отырып, олардың қасиеттерін қолданбалы мақсатқа сәйкес реттеу мен өңдеу жолдарын ұсыну;
- Химиялық материалтану саласындағы ғылымның жетістіктерін ескере отырып, материалдардың құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін талдау әдістерін жетілдіру;
- Материалдарды, оларды өндіру үрдістерін, өңдеу және қолдану барысында жоспарлау мен кешенді сынақтардан өткізуді жоспарлау және іске асыру;
- Қазіргі заманғы материалтанудың ғылым мен өндірістегі өзекті мәселелерін ғылымның, мәліметтер базаларының және ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы шешу;
- Жаңа конструкциялық, бейорганикалық, биобейорганикалық, наноөлшемдік және басқа болашағы зор материалдарды алу жолдарын жетілдіру;
- Жоғары және арнайы орта білім беру жүйесінде химиялық материалтану бойынша оқу үрдісін заманауи білім беру технологияларын,оқыту әдіснамаларын және басқару психологиясын қолдана отырып, іске асыру;
- Химиялық материалдарды алу және зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерге, білім беру және өндірістік процестерге инновациялық технологияларды енгізуге ұсыныстар жасау;
- Химиялық материалтану теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін өз әзірлемелеріне қолдану үшін сыни бағалау;
- Адам және ұжым психологиясы бойынша білімді және ғылым мен білім туралы ҚР заңдарын пайдалана отырып, өзгермелі еңбек жағдайында командалар мен еңбек ұжымдарын құру және басқару.