Археология ғылымының алғашқы негіздері айтылады, түсіндіріледі. Археологиялық теориялар мен ғалымдардың пікірлері жайлы түсінік қалыптасады. Археология зерттеулерге керекті ұғымдар мен жалпы тарих ғылымындағы маңызы студенттерге жеткізіледі. Сабақтар барысында шетелдегі археологияның қалыптасуы, біздің елге таралуы мен бүгінгі жағдайы жайлы толыққанды ақпарат беріледі. Археологиялық толық цикл келтіріледі, іс-тәжірибеде керекті дағдылар қалыптастырылады
Оқу жылы - 1Әлемнің және Қазақстанның тарихилыққа дейінгі дәуірдегі өмірінен мәліметтер беру жүргізіледі. Студенттің тарихилыққа дейінгі дәуірдегі өмір тарихы бойынша теориялық біліктілігін арттыру көзделеді. Тарихилыққа дейінгі дәуірдегі өмірден өткен тарихи-мәдени процестердi зерттеудiң өзектiлiгi қарастырылады.
Оқу жылы - 1Этнология ғылымының алғашқы негіздері айтылады, түсіндіріледі. Этнологиялық теориялар мен ғалымдардың пікірлері жайлы түсінік қалыптасады. Этникалық және конфессиялық зерттеулерде керекті ұғымдар мен жалпы тарих ғылымындағы маңызы студенттерге жеткізіледі. Сабақтар барысында шетелдегі этнологияның қалыптасуы, біздің елге келуі мен бүгінгі жағдайы жайлы толыққанды ақпарат беріледі.
Оқу жылы - 1Әлемнің негізгі тарихи мен кезеңдері, оқиғалары, олар жайлы деректер мен зерттеулер толыққанды жеткізіледі. Студенттер кітаптар қорымен танысып тарих ғылымының жалпы даму тенденциясы мен әлемдік тарихты зерттеу жайлы түсінеді. Дүние тарихының толыққанды қамтылып қарастырылуы біздің еліміздің тарихын кешенді түрде жан-жақты талдауға да мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Қазақстанның қола ғасыры курсын оқыған студент жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып біледі, жинақтайды, тарату және қолдана білу дағдыларын қолдана алады
Селективті тәртіпҚазақстанның қола ғасыры археологиясынан мәліметтер беру. Студенттің қола ғасыры археологиясынан теориялық біліктілігін арттыру. Қола ғасыры археологиясы-ның Кеңес үкіметі дәуірінде және Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі зерттелу тарихына шолу жасау. Қазақстанның қола ғасыры курсын оқыған студент жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып біледі, жинақтайды, тарату және қолдана білу дағдыларын қолдана алады
Селективті тәртіпҚосымша тарихи пәндердің негізгі тарауларының қалыптасуы және даму тарихы: палеография, хронология, генеалогия, тарихи метрология, нумизматика, тарихи ономастика, геральдика, сфрагистика; қосымша тарихи пәндердің тарихи деректі зерттеудегі орны мен рөлі; тарихи деректермен жұмыс жасауда қосымша тарихи пәндер бойынша білімдерді қолдану әдістемесі.
Селективті тәртіпҚазақстанның тас ғасыры дәуірінен мәліметтер беру. Студенттің тас ғасыры тарихы бойынша теориялық біліктілігін арттыру. Тас ғасырының Кеңес үкіметі дәуірінде және Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі зерттелу тарихына шолу жасау. Қазақстан территориясында өткен тарихи-мәдени процестердi зерттеудiң өзектiлiгi. Дүниежүзiлiк тарихи процестердi зерттеудiң синхронды және диахронды әдiстерi. Қазақстан тарихының кезеңдерi.
Оқу жылы - 2Тарихи ономастика пәнінің мақсаты - тарихи атаулардың тұрақтылығы, олардың этимологиялық түсіндірілуі және ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Тарихи ономастика пәні тарихи атаулар мен есімдердің қалыптасуынан хабар беріп, тарих ғылымы қосымша деректік бағалы материал қалыптастырады.
Селективті тәртіпЕжелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы шеңберінде осы бағыт бойынша негізгі деректер мен зерттеулер қарастырылады. Сабақтарда студенттерге көне рим, парсы, қытай, грек, араб, парсы деректерімен жұмыс жасауға бағыт беріледі. Олардың сонымен қатар археологиялық зерттеулер материалдарын дұрыс пайдалана алуы да қолға алынады.
Оқу жылы - 2Қазақстан Республикасының дипломатиясы курсында мемлекетіміздің елшілік саладағы жетістіктері, мемлекеттік сыртқы саясат мәселелері, тәуелсіздік алғаннан бергі өзге елдермен, оның ішінде алыс, жақын шетелдер, ТМД елдерімен дипломатиялық қатынастар орнату мәселелері терең ғылыми түрде дәлеледеніп көрсетіледі, нақтыланады. Студенттерге осы сала бойынша іс-әрекет дағдылары мен нәтижелері беріледі.
Селективті тәртіпМұражай мекемелері мен мұрағаттардың құрылу үрдісін ұғыну, олардың дамуы, Мұражай мекемелері мен мұрағаттардың тарихының маңызды міндеттері. Қазақстанның архив мекемелерінің қалыптасуының тарихи кезеңдері. Отандық мұражайлар мен архивтердің қалыптасуы және дамуы, олардың әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
Селективті тәртіпҚазақ халықының рухани мұрасының қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдерін қамтиды. Ежелгі мәдени құндылықтарды және қазақ халық ауыз әдебиеті терең талданады. Әдебиет пен өнердің түрлі кезендері туралы білімдерін, өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымының озық жетістері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Көркем шығармашылықты талдау үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесі қамтылады.
Селективті тәртіпҚазақстан мен қазіргі кезеңнің тарихи тәжірибесінің жаңғыруы. Ұлттық сана ерекшеліктері мен қалыптасуы. "Мәңгілік ел" ұлтжандылық және ұлттық сана үшін оның мәні. Қазіргі заманғы жаһандану әлеміндегі қазақстандық бірлік. Жаңғырту үдерістеріндегі рухани мұра және оның рөлі. Қазіргі заманғы қоғамдық сананың бәсекеге қабілеттілігі мен болжамдық құндылықтары. Меритократикалық қоғам және оның құндылықтары. Қазақстан "білім қоғамы". Қазақстан "ақпараттық қоғам" мен "сандық технологиялар"қоғамы. Рухани жаңғы
Селективті тәртіпМемлекет, құқық, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. ҚР конституциялық құқық негіздері. ҚР Құқық қорғау органдары мен соты. ҚР мемлекеттік билік органдары. ҚР Әкімшілік құқық негіздері. ҚР Азаматтық және отбасылық құқық негіздері. ҚР Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Селективті тәртіпҚазақстанның архив мекемелерінің қалыптасу және даму тарихының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге, архив мекемелерінің жұмыс принциптері мен әдістерін түсінуге мүмкіндік береді. Пәнді оқып үйренуде алған білімдерін тарихшының зерттеушілік және тәжірибелік қызметінде архив құжаттарының рөлі мен орнын анықтауға мүмкіндік береді. Меңгеру тарихи зерттеулерде архив деректерінің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді. Архив мекемелері қызметінің мазмұны және олардың тарихшы-зерттеуші және тарихш
Селективті тәртіпҚазақстан Республикасының сыртқы саясат тарихы курсында мемлекетіміздің елшілік саладағы жетістіктері, мемлекеттік сыртқы саясат мәселелері, тәуелсіздік алғаннан бергі өзге елдермен, оның ішінде алыс, жақын шетелдер, ТМД елдерімен сыртқы саяси қатынастар орнату мәселелері терең ғылыми түрде дәлеледеніп көрсетіледі, нақтыланады. Студенттерге осы сала бойынша іс-әрекет дағдылары мен нәтижелері беріледі.
Селективті тәртіпӘлем халықтарының этнографиясы курсы шеңберінде студенттерге тарихи білімдегі этнографиялық мәліметтердің маңызы мен жеткізілу жолдары, сонымен қатар ақпаратты жинақтау тәсілдері мен әлемдік мемлекеттер жайлы бұрыннан жинақталған мәліметтер түсіндіріледі. Әлем бойынша жинақталған этнографиялық мәліметтер жеткізіледі.
Оқу жылы - 2қоғам мен табиғатты дамытудың негіздері, Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың қазіргі заманғы тәсілдері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу, жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау туралы білім мен түсініктерді қалыптастырады
Селективті тәртіпКәсіпкерлік құрылымдардың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастар жүйесі ретінде кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын зерттеу негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың практикалық дағдыларын алу.
Селективті тәртіпҚазақстан археологиясының бір бөлігі болып табылады. Ең басты зерттеу мәселесі өндіріс ошақтарының маңызы. Археологиялық материалдардың арқасында өндіргіш күштердің мәнін ашып, зерттеу қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Археологиялық ескерткіштердің арасында маңыздысы қола заманының тау кен ісінің және металлургилық ошақтарының сақталғаны.
Оқу жылы - 2ХХ ғ. Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар тарихын оқып білу. Әлем елдері мен Қазақстан Республикасында болып жатқан жеке құбылыстарды үдерістермен салыстыру, талдау және қорытынды жасау, өзінің кәсіби қызметі саласында іргелі тарихи білімдерін қолдану. Мәселенің тарихнамасы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бағыттар. Саяси партиялар, олардың маңызы мен рөлі. Ұлттық интеллигенция тағдыры мен қызметі.
Селективті тәртіпПедагогикалық психологияның қызметінің міндеттері мен құрылымын және қазіргі қоғамдағы қайта құрылу жағдайындағы оның дамуының негізгі бағыттары, дәстүрге, салт, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтар. Психологиялық бет-бейне тұлға теориясы, қызмет теориясы, білім беру саласындағы құқықтық және тұжырымдылық құжаттардың негізгі ережелері, білім беру кәсіптік қызмет жүйесі ретінде және құзіретті маманнның қалыптасу нәтижесі.
Селективті тәртіпҚазіргі заманғы білім беру ортасында ІТ-технологиялардың рөлін тұтас қарауды қалыптастыру арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға жәрдемдесу. Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру үдерісі. Жоғары және орта мектептердегі оқу үрдісінде IT-технологияларды пайдалану. Сандық оқыту. Оқу үрдісінде Интернет-технологияларды пайдалану. Ашық білім беру. Электрондық оқу құралдарын жасаудың техникасы мен технологиясы
Селективті тәртіпТарихты оқыту үдерісінің заңдылықтарын, әдістерді, заманауи оқыту технологияларын жіктеуді меңгеру. Мектептік тарихи білім берудің қалыптасу сатылары. Мектепте тарихты оқыту әдістері. Заманауи оқыту технологиялары және оларды Отан тарихы бойынша сабақтарда қолдану.
Селективті тәртіпТарихты оқыту үдерісінің заңдылықтарын, әдістерді, заманауи оқыту технологияларын жіктеуді меңгеру. Мектептік тарихи білім берудің қалыптасу сатылары.
Селективті тәртіпҚазақстанның ортағасырлар археологиясы ерекшеліктерін зерттеу, археологиялық ескерткіштерге сипаттама беру. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің жалпы сипаттамасы, ортағасырлар дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу. Ортағысрлар кезеңіндегі тарихи ескерткіштерді зерттеу бойынша археологиялық экспедициялар. Қазақстанның ортағасыр археологиясы бойынша білімдер мен түсініктерді қолдана білу, артефактілерді талдай білу, археологиялық нысандардың қай мәдениетке жататындығын анықтау, датасын білу жүреді
Селективті тәртіпКурстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылыми пән ретінде психологияның мәні. Субьектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау мәселесі. Негізгі психологиялық ұғымдар және оның анықтамалары. Даму психологиясы саласындағы зерттеулерді құрудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері. Тұлға теориясы, қызмет теориясы, білім беру саласындағы құқықтық және тұжырымдамалық құжаттардың негізгі ережелері, білім беру кәсіптік қызме
Селективті тәртіпXVII ғ. қарсаңындағы Қазақстаннан бүгіндегі Егемендік алғаннан кейінгі тарихты саралап студенттерге ғылыми түсінік қалыптастыру және білім беру болып табылады. ҚР-ның қазіргі аумағындағы адамзат қоғамының ХVII-ХХІ ғғ. даму үдерісін ашып көрсетеді. Қазіргі заман тарихының деректері және олардың ерекшеліктері сипатталады. Курстың тарихнамасы, қазіргі заман тарихының кезеңдері, оны оқыту-дағы концептуалдық көзқарастардың қолданылуы анықталады.
Оқу жылы - 3ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-иедологиялық ағымдар және қазақ зиялыларының қалыптасуы. Алаш қозғалысының мерзімді баспасөз құралы. Алаш қайраткерлері еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы. Азамат соғысы жылдарындағы Алаш қайраткерлерінің қызметі. Алаш автономиясы мен Алашорданың құрылуы. Алашорда және 1920-1940 жж. кеңес үкіметі. Алаштың көрнекті қайраткерлері.
Селективті тәртіпКең байтақ еуразия аумағындағы ежелгі және ортағасырлық көшпелілер тарихында соғыс пен әскери өнер ауқымды маңызға ие болған. Көшпелі халықтар оригиналды әскери жүйені құрушылар болған, оның көмегімен бірнеше ғасырлар бойы олар Ұлы дала шегінен тыс жерде өз қарсыластарынан даусыз әскери-саяси үстемдікке ие болған.
Селективті тәртіпҚазақстанның ортағасырлық тарихы. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы қала мәдениеті. Жетісудағы қала мәдениеті. Орталық Қазақстандағы қала мәдениеті. Ортағасырлық қалалардың құрылымы. Ұлы Жібек жолы. Қалалардағы шаруашылық түрлері, жер өңдеу мәселелері. Ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарының жүргізілуі.
Селективті тәртіпХронологиялық мерзім шеңберіндегі Батыс пен Шығыс өркениеттерінің айырмашылығы мен жақындығы, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі мен жетістіктері талқыланып, студенттерге жеткізіледі. Сабақтарда екі өркениеттің күресі мен бүгінгі жағдайы айтылады. Әлемдік маңызы бар оқиғалар мен олардың себебі, салдары, маңызы туралы толымды ақпараттар беріледі.
Селективті тәртіпШет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы курсы шеңберінде осы хронологиялық мерзім ауқымындағы мемлекеттер жайлы қарастырылатын зерттеулер мен тарихнама. Теорияларда әртүрлі елдердің өзгешеліктері, аталмыш кезеңдегі өзге елдермен байланысы, отар елдер мен отарлаушы елдердің қарым-қатынасы
Селективті тәртіпЗерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлерін қалыптастыру, тарих ғылымының жалпы ғылыми әдістері мен әлеуметтік қызметтерімен танысу. Тарихи зерттеулердің генезисі, әдістері, тәсілдері мен принциптері туралы іргелі білімдер. Тарихи таным спецификасы. Тарих ғылымының нысаны мен пәні.
Оқу жылы - 3Шетел археологиясы курсы шеңберінде шетелдегі археологиялық әдіс-тәсілдер, арнайы жаңа технологиялар жайлы айтылады. Студенттерге сабақ барысында өзге елдерден табылған археологиялық артефактілер, ірі жаңалықтар, қызықты фактілер жайлы түсіндіріліп жеткізіледі, негізгі бағыттар көрсетіліп, тапсырмалар беріледі.
Оқу жылы - 3Зерттелуші пәннің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу; - деректанулық зерттеудің техникасы мен әдістемелік білімін жасақтау; - тарихи методология мен жалпы ғылымидан тарихи деректерді зерттеу әдістерінің тәуелділігін ашып көрсету; - типтік және түрлік сыныптау көзқарасы тұрғысынан отандық және шетелдік тарих бойынша деректердің негізгі топтарын қарастыру; - деректерді талдау әдістерін және оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін айқындау.
Селективті тәртіпМұражай пайда болуы. Ғибадатханалар, храмдар, пинакотеки. Жиналыс мұражай заттары Ежелгі Греция, Ежелгі Рим. Храмдар мен олардың қазынасының. Ежелгі және ортағасырлық Шығыс. Мұражайлар Франция. Мұражайлар Испания. Мұражайлар Америка. Мұражайлар туралы қарастырылып, қамтылады, оқытылады.
Селективті тәртіпМұражайтану пәні Қазақстан аумағындағы мұражай жүйесінің іс әрекеті және оның дамуы болып табылады. Курста Қазақстан аумағындағы алғашқы мұражайлардың қалыптасуы, Кеңестік дәуірдегі мұражайлар жүйесі және Тәуелсіз Қазақстанның мұражайларының тарихы оқытылады, қамтылады, қалыптасады.
Селективті тәртіпСтуденттерді археологияның және этнологияның негізгі әдістерімен таныстыру. Жалпыфилософиялық әдістері археология және этнология. арнайы ғылыми әдістер археология және этнология. арнайы ғылыми әдістері - барлау қазбалар, дала зерттеулері және т. б. Табысты ғылыми ізденіс жүргізу, археологиялық және этнологиялық экспедициялар жүргізе білу болады.
Селективті тәртіпМұражайлардың тарихи анықтамалық - білімдік орнын көрсету."Мұражай мен көрермен түсінігінің арақатынасын білу. Мұражай - писхологиялық және музей педагогтық бағытта білім беру. Мұражай - писхологиялық және музей педагогтық бағытында білім беріп, оқыту. Мұражайлардың тарихи анықтамалық–білімдік орнын көрсету. Мұражай көрермендерімен жұмысты үйрету, Экскурсия түрлерімен жұмысты үйрету т.б.
Селективті тәртіпАдам қоғамының өткені, оның қалыптасуы мен дамуын материалдық деректер негізінде сипаттау. Археологияға ғана тиесілі заттарды зерттеу тәсілдері арқылы артефактілерді алу жолдары,археологияның жазу қалыптаспаған кезеңдегі негізгі дерек көзі ретіндегі мәнін көрсету.
Селективті тәртіпТарихи антропология үздіксіз тарихи процесті, тұрмыстың әр түрлі көріністерін тануға арналған сала. Сондықтан да тарихи антропология адамдар мәдениетінің түсінігін кеңейте түседі. Аталмыш курстың осы негізгі жағдайы әр көріністі, тарихи тұрмыстың оғаш тұстарында (реалиларында) ашылатын болады.
Оқу жылы - 4Бұл пән шеңберінде студенттер этногенетикалық үрдістер, этногенез және этникалық тарих мәселелерін, сонымен қатар Қазақстан халықтарының этникалық құрамын оқып біледі. сонымен бірге этнографиялық зерттеулер негіздерімен және этногенетикалық, этникалық құбылыстарды жіктеудің жалпы жүйесімен танысады.
Селективті тәртіпОрталық Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі кезеңнен жаңа дәуірге дейінгі мәдени дамуы. Тарихи дамудың түрлі кезеңіндегі Орталық Азия мен Қазақстанның халықтарының жалпыәлемдік мәдениетке қосқан үлесі, жалпы даму тенденциялары мен мәдениеттің аймақтық спецификалық көрінуін анықтау.
Селективті тәртіпДемографияның ғылым ретінде тарихы, ежелгі және ортағасырдағы демографиялық түсініктер, жаңа және қазіргі заманда демографияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Демографиялық мектептер мен тұжырымдамалар. Демография ғылымы туралы шетелдік және отандық тарихнама. Миграция, туу, өлім, неке, халық өсімі және артуы мәселелері. Демографиялық болжамдау және саясат. XIX - XXI ғғ. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер.
Селективті тәртіпТарих ғылымының қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымының әр кезеңдердегі дамуының әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, ұлт-азаттық қозғалысты, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, Еуропа елдері және Америка тарихының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан тарихының әр кезеңдерін сараптайды.
Селективті тәртіпТарихнама пәні – тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымының әр кезеңдердегі дамуының әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, ұлт-азаттық қозғалысты, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, Еуропа елдері және Америка тарихының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан тарихының әр кезеңдерін сараптайды.
Селективті тәртіпПедагогиканың тарихи дамуы және қазіргі жағдайы; этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар; мақсаты, мазмұны, әдістері және халықтық тәрбие құралы. Тұлға теориясы, қызмет теориясы, білім беру саласындағы құқықтық және тұжырымдылық құжаттардың негізгі ережелері, білім беру кәсіптік қызмет жүйесі ретінде және құзіретті маманның қалыптасу нәтижесі.
Селективті тәртіпҒылым ретінде демографияның тарихы, халық, саны және халықтың құрамы, туу, өлім, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы, некеге тұру және ажырасу, халықтың миграциясы туралы берілгендердің деректері, отбасы демографиялық зерттеудің объектісі ретінде, демографиялық болжамдау және саясат, әлем халықтарының дамуы, XIX – XXI ғғ. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер.
Селективті тәртіпҚазақстандағы алғашқы адамдар қоғамының өткені, оның қалыптасуы мен дамуын материалдық деректер негізінде сипаттау. Археологияға ғана тиесілі зерттеу тәсілдері арқылы артефактілерді алу жолдары,археологияның жазу қалыптаспаған кезеңдегі негізгі дерек көзі ретіндегі мәнін көрсету.
Селективті тәртіпБіртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы білімдерді қолданады; өзінің кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, өзара түсіністік, төзімділік және демократиялық құндылықтары басымдықтарындағы өзінің азаматтық ұстанымын бекітеді; әлеуметтік, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық саланың біртұтас жүйелі бірлігі ретінде, адам және оның топтық мінез-құлқы туралы базалық білім жүйесіндегі интеграциялық процестердің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын талдау және зерделеу саласындағы білімдерді меңгерен.
Археология ғылымының әдістерін қолданады, материалдық дереккөздерді зерттеуге негізделген тарихи оқиғалардың барысын қайта қалпына келтіреді
Этнографиялық ғылымның әдістерін қолданады, дала және кеңсе жағдайында Қазақстан мен әлем халықтарының мәдениеті туралы ақпаратты жинайды және интерпретациялайды.
Ғылым әдіснамасы мен философиясының принциптеріне ие, білімнің жалпы ғылыми әдістерін қолданады.
Тарихи және тарихи-мәдени ақпаратты беру және сақтаудың заттай және құжаттық құралдарын сақтау әдістерін қолданады. Олардың сақталуын және оларға жұртшылық тарапынан қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекет, жазу-сызу қалыптасқанға дейнгі дәуіріндегі адамзат қоғамының қалыптасу үдерісін талдайды. Әлеуметтік-мәдени процестерге адами биологиялық эволюция процесін жобалайды.
Ғылыми ізденістер барысында ежелгі және ортағасырлық әлем мен Қазақстанның тарихы туралы заманауи білімдерге сүйенеді. Индустрияға дейінгі қоғамдардың даму заңдылықтарын және оларда болған қоғамдық қатынастардың нысандарын талдайды.
Ғылыми ізденіс барысында әлем мен Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы туралы заманауи білімдерге сүйенеді. Индустриялық қоғамдардың қалыптасуы мен даму процесінің заңдылықтарын және онымен байланысты қоғамдық қатынастардың өзгеруін талдайды.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық процесін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару қызметіндегі іс-әрекеттерге, тұлғалық-бағытталған және технологиялық тәсілдерді басшылыққа алады; теориялық білімдерін практикалық қолдану деңгейіне адекватты аудару үшін педагогикалық ғылымның теориялық және әдіснамалық негіздерін қолдану дағдысына ие; білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті жүзеге асырудағы заңдарды, принциптерді, білім беру тетіктерін, формаларын, әдістерін және құралдарын біледі.
Акт технологиясы арқылы белгілі бір қарым-қатынас және кәсіби қызмет жағдайларында нақты коммуникативтік міндеттерді шешеді.
Адам анатомиясы мен физиологиясын егжей-тегжейлі білуі, мектеп гигиенасы мәселелерінің кең спектрін түсінуі, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруді басқаруда дене шынықтыру мен спорт құралдарын қолданады.
Тарих, деректану, тарихнама, тарихи демографияға сүйене отырып, ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады