Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01523 Физика в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы физиканың негізгі концепциялары мен мәселелерін, оның мәдениетті дамытудағы рөлін, жоғары мектеп дидактикасының арнайы саланың теориялық концепцияларымен интеграциялаудағы классикалық ережелерін, көптілді кадрларды даярлау аспектісінде жоғары мектеп дидактикасын, мектеп пен ЖОО-дағы инновациялық және қашықтықтан білім беру технологияларын біледі және түсінеді.
  • Ғылыми, кәсіби, білім беру, мәдени ортада коммуникацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген; үш тілділік талаптарын ескере отырып, өз бетінше сабақтар жүргізеді.
  • Педагогикалық тактіні, педагогикалық этика ережелерін және білім алушының тұлғасына деген құрметін сақтайды, кемсітушілік пен экстремизмнің кез келген түрлеріне төзбеушілік танытады; ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
  • Физиканың әртүрлі бөлімдері бойынша мектеп факультативтік және жоғары оқу орындарының авторлық курстарын әзірлеу әдістерін; көптілді кадрларды даярлауды, ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан білім беру технологияларын және білім беру мен ғылым саласындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, ғылыми-әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу әдістемесін меңгерген.
  • Физикада және физиканы оқыту әдістемесінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін технологияларды, эксперименттер жүргізу және нәтижелер алу үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалануды меңгерген. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін, ғылыми және педагогикалық жетістіктерді өңдеуге, бағалауға және сыни талдауға, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде, соның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды құруға қабілетті.
  • Пәндік және психологиялық-педагогикалық міндеттерді қою және тиімді шешу, зерттеу нәтижелерін өз бетінше және команда мүшесі ретінде өңдеу, сынақтан өткізу және енгізу, озық тәжірибені тарату және алынған нәтижелерді коммерцияландыру мақсатында жұмыс берушілермен, кәсіби бірлестіктермен және ғылыми ұйымдармен оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастық орнату.
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, өңдеу, сыни талдау және жалпылау әдістерін, кәсіби қызметтегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені, Академиялық адалдық, жауапкершілік және парасаттылық принциптерін сақтай отырып, зерттеу нәтижелерін таныстыруды меңгерген.
  • Білім алушыларда оң өзін-өзі бағалауды, тілдерді үйренуді ынталандыруды, азаматтық бірегейлікті, толеранттылықты, халықаралық ынтымақтастық дағдыларын дамытады. Көшбасшылық қасиеттерге ие, өзінің ғылыми және педагогикалық қызметін рефлексия мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға қабілетті және өмір бойы оқуға дайын.
Top