Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02102 Балет педагогикасы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: - білім алушылардың таным мен шығармашылыққа уәждемесін қамтамасыз ететін ЖОО-да білім беру және тәрбие ортасын қалыптастыру; -хореографиялық өнер бағыттары бойынша жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, заманауи қазақстандық қоғамның талаптарына жауап беретін, оның рухани-эстетикалық дамуына ықпал ететін Хореография педагогикасы саласында бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау; - Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы театрларды, оқу орындарын, кәсіби би ұжымдарын және қосымша хореографиялық білім беру мекемелерін ұлттық кадрлармен қамтамасыз ету; - ұлттық би мәдениетін сақтау және насихаттау және жас ұрпақты хореографиялық өнердің үздік үлгілері мен жетістіктеріне тәрбиелеу; - тарихи үрдістер мен көпұлтты би мәдениетінің генезисін меңгеру арқылы білім алушылардың төзімділігін тәрбиелеу; - қазақстандық хореографиялық білім беруді дамыту және оны халықаралық мәдени-білім беру кеңістігінде тану.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B028 Хореография
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер