Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05169 Биотехнология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Өсімдік морфологиясы мен физиологиясы

    Пән өсімдік ағзасының өсу мен даму процестерін сипаттап, морфология, физиология, жүйелілік түсініктері туралы теориялық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы өсімдіктердің физиологиялық процестерін, морфологиялық ерекшеліктерін практикалық, тәжірибелік тұрғыдан ұғынудың негізін меңгертеді. Өсімдіктің жеке мүшелерінің функциясын, жасуша құрылымын, тыныс алу процестерін, сыртқы орта факторларына бейімделуін зерттеуге бағытталған әдістерді пайдаланып, ғылыми зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнология негіздері

    Пән өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммдарын шығару, биотехнологияның басқа ғылым салаларымен байланысы негізіндегі теориялық білімін көрсетеді. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы микробиологиялық синтездеумен дайын өнімді бөліп алудың озық əдістерін, биотехнологиялық өндірісте қолданылатын қондырғылардың жұмыс жасау принципін айқындайды. Гормондар, ферменттер, дәрумендер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар, дәрі-дәрмектер алу механизмін, технологиялық процестердің өндірісте пайдалану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Цитология және гистология

    Пән тірі ағза жасушалары мен ұлпаларының шығу тегін, молекулалық құрылымын, қызметтері мен биологиялық маңызын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Білімгер пәнді игеру барысында биология ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін меңгереді. Білімі мен білігі нәтижесінде уақытша және тұрақты цитологиялық, гистологиялық препараттарды әзірлеуді тәжірибелерде қолдануды үйренеді. Зерттеу әдіс тәсілдерін айқындап, жасушалық инженерияның мүмкіндіктерін пайдаланып, биологиялық зерттеулер жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы микробиология

    Пән микроорганизмдердің таксономиясын, морфологиясын, генетикасын, көбеюін, метаболизмі мен олардың әр түрлі өзгерістерге қатысу ерекшеліктерін түсіндіреді. Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы бактериялар мен вирустардың физика-химиялық, биологиялық факторларға төзімділігі, қоршаған ортада таралуы, зат айналымына қатысу мүмкіндіктерін айқындап, адам, жануар, өсімдіктерде бұрын зерттелмеген жаңа қоздырғыштармен, вирустармен күресудің, оларды жұқтырудың алдын-алу жолдарына жүргізілген зерттеу нәтижелерін практикада қолдану қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасушалық биотехнология

    Пән биотехнологияның теориялық және қолданбалы негіздері туралы білу, әртүрлі ағзалардан бөлініп алынған жасушаларды, ұлпаларды, мүшелерді in vitro жағдайда өсірудің принциптері мен практикалық әдістерін меңгертеді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер таза дақылдарды халықшаруашылығының салаларында қолдану аспектілерін айқындай отырып, жасушалардың физиологиялық, биохимиялық ерекшеліктерін, гендік инженерияның замануи әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып жасушалық дақылдарды алу дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнология нысандары

    Пән биотехнологияның негізгі нысандарын: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайым микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар мен адам жасушаларын, биологиялық шығу тегі бар заттар мен молекулалар құрылымының теориялық негіздерін меңгертеді. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы биотехнологиялық нысандардың жіктелуін және олардың функционалдық ерекшеліктерін, алынған физиологиялық белсенді зат түріндегі микроорганизм жасушаларын мақсатты өнімдер мен гендік түрлендірілген ағзалар жасауда культивирлеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Адам, жануарлар физиологиясының негіздері

    Пән тірі ағзаның мүшелер жүйесінің физиологиялық қызметін, механизмдерін, сыртқы ортамен байланысын, тірі ағзаның физиологиялық қалыпты жұмыс жасау, ауытқу заңдылықтары аясындағы білімді қолдануға мүмкіндік береді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер биологиялық жүйелер арасындағы байланыстарды интерпретациялай отырып физиологиялық теориялар мен заңдылықтардың арасындағы тәуелділікті анықтайды. Биотехнологиялық процесс кезінде болатын өзгерістерді зерттеу мақсатында лабораториялық қондырғыларды пайдаланып, зертханалық тәжірибе жүргізеді. Ғылыми-зерттеу нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биотехнологиядағы селекция әдістері

    Пәнде трансплантациялау технологиясын қолдана отырып өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлерін, микроорганизмдердің штамдарын алуда прициптер, заңдылықтар мен ережелердің ғылыми теориялық негіздерін біледі. Пәнді игеру нәтижесінде студент биотехнологияда тиімді нәтижелерге қол жеткізетін селекция, будандастыру, полиплоидия, жасанды мутагенез және гендік инженерия әдістері, олардың жұмыс жасау приципінің алгоритімін құрастыру, зерттеу әдістерінің нәтижелерін ауылшаруашылық салаларына енгізу дағдысын игертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнологиялық өндірістерді ұйымдастыру

    Пән өнімдер өндіру саласында кәсіпорынның өндірістік қызметін жүзеге асырудың заңдылықтарын, әдістерін, нысандарын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауарларды сақтау-өткізу процестері туралы білімін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер жаңа өнімдер шығаруда өндірістік процестерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың, нормалаудың, қабылданған шешімдердің тиімділігін анықтауға, экономикалық техникалық тиімділікті есептеу әдісін қолдана отырып, өндірістің қуаттылығына баға беруге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнологиялық өндірістерді микробиологиялық бақылау

    Пән биотехнологиялық өнеркәсіптік микробиологияда бақылаудың негіздерін, технологиялық схемасын және өндірістік процестердің ықтимал ластану көздерін, себеп салдарын меңгертеді. Пәнді игеру нәтижесінде биотехнологиялық процестердің асептикалық жағдайларын инженерлік-техникалық қамтамасыз ете отырып, микробиологиялық бақылаудың құрылымы мен биотехнологиялық процестерді басқаруды ұйымдастырады. Отандық өндірістегі дайын өнімнің құрылымы, сапасы мен көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асыратын әдістерді микробиологиялық зертханаларда жүргізу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнологиялық өндірістердің құрал-жабдықтары

    Пән ауылшаруашылығы салалары бойынша қажетті шикізаттар құрамын, олардың құрылымын, биотехнология өндірісінің машина- аппараттарының классификациясын, жұмыс істеу принциптерін, технологиялық желілердің процестері мен жабдықтарына қойылатын талаптардың сақталуы туралы білімін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы биотехнологиялық өндірістерді жүзеге асыруға қажетті техникалық қамтамасыз ету объектілерін анықтайды, арнайы құрал-жабдықтарды таңдай отырып заманауи технологиялық тәсілдерді қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Санитарлық микробиология

    Пән тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы әлеуетті қауіпті микробтардың алмасуының заңдылықтарын, қауіпсіздікті бағалаудың әдістерін, сыртқы орта объектілерінің микрофлорасының сапалық-сандық құрамының гигиеналық талаптарын, стандарттарын сипаттайды. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы жануарлардан алынатын шикізаттар мен өнімдерге, өсімдік текті жем және жемшөп қоспаларына микробиологиялық-санитариялық сараптама жүргізеді. Азық-түлік және өсімдік өнімдерінің сапасына, қауіптілік деңгейіне зертханалық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қабілетін игертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фитобиотехнология

    Пән өсімдіктердің бөліктерін культивирлеу арқылы пайдалы өнім алу, in vitro жағдайында жасушалардың морфологиялық, эксперименттік морфогенез тетіктерін, қазіргі заманғы био,-нанотехнологиялықжетістіктері туралы түсіндіреді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер in vitro қоректік ортасында өсірілетін өсімдіктерді зерттеудің теориялық, методологиялық принциптерін айқындайды. Өсімдік клеткаларын өсіруге арналған ортаны дайындау, өсімдіктерді көбейтіп жаңа түрлер алудың әдістерін қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зообиотехнология

    Пән ауылшаруашылық жануарларын көбейтудің биотехнологиялық аспектілерін, тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздерін игертеді. Пәнді оқыту нәтижесінде білімгер ген және жасуша деңгейінде өзгертілген таза дақылды қолдану аясын анықтап, суперовуляция, жануарлар эмбриондарын трансплантациялау, гаметалар мен эмбирондарды дақылдау, селекция, ДНҚ-ны рекомбинанттау, трансгеноз бен клондау әдістерімен жануарлардың құнды генотиптерін көбейтудің озық технологияларын айқындап, гендік инженерия әдістерін қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Трансгенді жануарлар, өсімдіктер және оларды алу әдістері

    Пән трансгенді жануарларды, өсімдіктерді алудың мақсаттылығы және кезеңдері, эмбрионалды бағаналы клеткаларды қолданудың теориялық негіздерін қалыпастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді алу әдістері арқылы әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездейді, тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары бағалы белгілері бар малдардың жаңа тұқымдарын алатын әдістерді талдайды. Зиянкестерге төзімді ауылшаруашылық дақылдарын алу бойынша нәтижелерін практикада қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биохимия

    Пән ағзаны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамын, тіршілік процесіндегі ролін, химиялық қасиеттерін, функциясын, зат және энергия алмасу механизмін, биохимиялық реакциялардың маңыздылығы туралы білімді меңгертеді. Білімгер биохимия ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін интеграциялау қабілетін игереді, химиялық және биологиялық процестердің арасындағы байланыстарды интерпретациялау арқылы өңдеп, сараптап, тұжырымдайды. Тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер интродукциясының негіздері

    Пәнде ғылым саласының негізгі ұғымдары мен терминдерін, өсімдіктердің шаруашылық мақсаты бойынша жіктелуін, интродукцияның теориялық негіздерін біледі. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы географиялық, биоклиматтық аудандыстыру принциптері бойынша көбею заңдылықтарының жүру, іске асыру механизмдерін сипаттайды. Өсімдіктердің таксономиялық құрамын, пайдалы флорасының түрлік әлеуетін қалыптастырады. Эксперименттік талдау әдістерін ұйымдастыру мен жүргізу, заманауи зертханалық қондырғылармен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер биоалуантүрлілігі және оны сақтаудың биотехнологиясы

    Пән өсімдіктердің әртүрлілігінің заңдылықтары, өзгеруі, биожүйедегі рөлі мен оларды сақтаудың биотехнологиялық әдістері мен стратегиялық ерекшеліктері туралы көзқарасты қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы табиғи ортаны қорғау саласында жүргізілген зерттеулерді саралап, ғаламшардағы генофондтың сақталу қажеттілігін анықтайды. Заманауи ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеуді биологиялық алуантүрлілікті сақтауда, кейбір түрлердің жоғалу себептерін айқындау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Генді модифицирленген ағзалар жасау технологиясы

    Пән биотехнологиядағы ғылыми зерттеулердің генді құру саласындағы инженерлік түрлендірілген ағзалар (өсімдік, жануар) тіршілік әрекетінің тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен механизмін, әртүрлі жүйелерін, олардың жеке құрылымдық элементтерінің өзіндік ерекшеліктерін, гендік түр өзгерістерін айқындайды. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер селекцияда биотехнологиялық инженерияны қолдану мүмкіндіктерін негізге ала отырып биологиялық объектілерге молекулалық- генетикалық, агробактериялдық және баллистикалық трансформация әдістерін тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тағам биотехнологиясы

    Пән тағам биотехнологиясының даму кезеңдері мен микроорганизмдерді өндірісте қолдану аспектілері, басты мәселелері және биотехнологиялық саланың құрылымы мен негізгі өндіріс көздерін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер микробтық синтез өнімдерін өндірудің жалпы биотехнологиялық схемасында ашыту, нан пісіру, сүт, ет өңдеу, алкогольді, алкогольсіз өндірісінде өнім түрлеріне микробиологиялық зерттеу тәсілдері арқылы талдау жасау дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жалпы генетика

    Пән генетика саласы бойынша құбылыстардың, процестердің жүру заңдылықтарын, тірі ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, олардың молекулалық механизмдерін, мутациялардың түрлері мен факторларын, материалдық және цитогенетикалық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру барысында білімгер гендік инженерия, селекцияның заманауи әдістерін меңгеріп, биология саласында теориялық, практикалық білімін көрсете отырып, генетикалық есептер шығаруға және биологиялық зерттеулерді жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инженерлік энзимология

    Пән ферменттердің қасиеттері, ферментативті катализ ерекшеліктері, жасушадағы биохимиялық реакциялардың реттелуі және тәжірибелік іс-әрекеттегі функциясын айқындайды. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер ферменттерді иммобилдеудің ғылыми әдістерінің нәтижелерін сараптай алу, биологиялық және ферментативті катализ ерекшеліктерін, сонымен қатар ферменттердің белсенділігін реттеудің негізгі механизмерін салыстыру,биокатализатор ретінде ферменттерді қолдану және олардың белсенділігін бағалаудың құрылымын әзірлеу қабілетін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық биотехнологиясы

    Пән өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістері мен құралдарын жетілдірудегі биотехнологияның рөлі, маңызы, орны туралы білім қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы азықты ұтымды өндіру мен пайдаланудың, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының өнімділігін арттырудың биотехнологиялық әдістерін, құралдарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде материалдық ресурстарды пайдаланатын процестердің өнімдеріне зертханалық талдау жүргізу дағдысын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Медициналық биотехнология

    Пән дәрілік препараттарды, биокатализаторлар, вакциналар, антибиотиктер, пробиотиктер алу үдерістерін сипаттау қабілетін игертеді. Фармация және медицина саласында биотехнологияның заманауи жағдайын бағалайды. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер медицинада қолданылатын табиғи қосылыстар, олардың құрылысы, қасиеті, қызметі, жаңа дәрілік препараттарды құрастыру қағидаттары, диагностикалық әдістерді және осы қосылыстар негізінде жүйелерді өңдеуді, жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында тиімді вакциналарды құрастыру әдістерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық сүтқышқылды өнімдердің биотехнологиясы

    Пәнде ұлттық сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер, оның ішінде сүтқышқылды бактериялар, ашытқылар, олардың цитологиясы мен химиялық құрамы және биотехнологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми теориялық білімдерін көрсетеді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер сүтқышқылды өнімдер өндірісіндегі қазіргі заманғы биотехнологиялық процестерді ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру, тамақ өнеркәсібіндегі биотехнологиялық әдістері мен тәсілдерін жүзеге асыру, оларды практикада қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық микробиологиясы

    Пән топырақ микроорганизмдерін зерттеу, микробиологиялық тыңайтқыштар және олардың құрамы, топырақ құнарлылығының көбеюіндегі рөлі, озық агротехникалық әдістердің топырақ микроорганизмдеріне әсері туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы экологиялық қауіпті агрохимиялық заттарды минималды қолдану және биологиялық өнімдерді пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін ауыл шаруашылығының қарқындылығын арттыру, табиғи экожүйелерге, биоәртүрлілікке әсерін бағалап, тәжірибе жүргізу дағдысын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Токсикология және биоқауіпсіздік

    Пән токсикометрияның параметрлері мен заңдылықтары, зиянды заттардың уыттылық деңгейі мен әсер ету механизмі, радиоактивті сәулеленудің құрылымы туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер ағзадағы токсиканттардың кинетикасы мен динамикасын, биотехнологиялық өндірісте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарына жауап беретін әдістер бойынша тәжірибелер жүргізу мен жаңа биотехнологиялық процестерді ұйымдастыру дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азық-түлік өнімдерінің биотехнологиясы

    Пән азық-түлік өнеркәсібіндегі шикізатты, қоғамдық тамақтану мен дайын өнімдердің, бұйымдардың компоненттері құрылымы туралы білім негіздерін түсіндіреді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер тағам өндірудің түрлі салаларында микроорганизмдердің метаболиттік белсенділік мəселелері мен азық-түлік өнімдерінде пайдаланылатын күрделі органикалық қосылыстарға зертханалық талдаулар жасау қабілетін меңгертеді. Биохимиялық қасиеттері мен тағамдық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындайтын жұмыстарды ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биопрепараттар өндірісінің биотехнологиясы

    Пәнде биотехнологияда тірі организмдерді және биологиялық жүйемен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдану түсіндіріледі. Азықтық ақуыз өнімін микробиологиялық әдіспен өндіру туралы мәліметтер, азықтық ақуыз өнімдері үшін микроорганизм биомассасын алу технологиялары, биологиялық препарат алудың қaзipri заманғы микробиологиялық әдісі мен жеке биопрепараттарды алу технологиясы зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бионанотехнология

    Пән жеке биомолекулаларды манипуляциялау технологияларын игеру, биомолекулалар мен нанобөлшектер арасындағы интерфейс беттерін дамыту ерекшеліктерін анықтау, оларды биотехнология, инженерия, медицин және фармацияда қолданудың ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер бионанотехнологияның функционалды принциптері мен бионаноматериалдардың пайдалану аясын анықтап, бионанотасымалдау жолдарының алгоритмін түзу, биомолекулалардың өздігінен репликациялану нәтижесін практикада қолдану дағдысын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өнеркәсіптік микробиология

    Курс микроорганизмдердің метаболизмін, оның реттелуін, оларды алу әдістерін, селекциясын, дақылдандыруын, сақтауды оңтайландыру жолдары туралы білім қалыпастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер микроорганизмдердің энергетикалық алмасу өнімдерін алу механизмі, бактериялық және микробиологиялық синтез нәтижесінде түзілетін өнімдердің өндірілуімен байланысты өзекті мәселелерді тәжірибе жүзінде қарастырады. Микроағзаларды пайдалы қазбаларды өндіруде, қоршаған табиғи ортаны тазартуда пайдалану туралы мәселелерді шешу дағдысын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өнеркәсіптік биотехнология

    Пән дақылдау принциптерінің заманауи әдістері мен биологиялық объектілерді қолдану, өндірісте биологиялық активті заттар мен биомасса алудың теориялық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер өндірістік дайындық сатысы мен ферментация процесінің инженерлік рәсімделуінің, биотехнологиялық өндіріс сатыларының сызбанұсқасы мен алгоритмін құрастыру, микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммдарын алу, продуценттерді өсіру, қадағалау, әдістерін практикада қолдану дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақуыз заттардың биотехнологиясы

    Пәнді игеру нәтижесінде өсімдіктен, жануардан және микроағзалардан алынған ақуызды заттардың ерекшеліктерін ескеріп, биотехнологиялық процестерде жүзеге асырады. Ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулар және липидтер алмасуының өзара байланысын, тірі жүйелерді құрудағы және қызмет етудегі ақуыздардың рөлін, ақуызды алудың биотехнологиялық тәсілдері туралы білім негіздерін игеруге жағдай жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экологиялық биотехнология

    Пән биотехнологияны қоршаған ортаны қорғау мәселелері және ауылшарушылығы мен жылу энергетикасында қолдану туралы ғылыми-теориялық білім негіздерін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы өнеркәсіптің төгінді суларын, газ шығарындыларын тазартудың биологиялық әдістерін ұйымдастыру, су экожүйелерінің өзін-өзі тазарту, жасуша иммобилизациясын қолдану, минералды шикізатты бактериялық сілтіден айыру, органикалық қалдықтарды компосттау бойынша зертханалық талдау жұмыстарын жүргізу дағдысын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Биологиялық жүйелерді зерттеу әдістері мен құралдары

    Курс түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелерді далалық, зертханалық және математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып табиғат жағдайында эксперимент жүргізеді. Пәнді игеру нәтижесінде білімгер түрдің тіршілігіне, дамуына антропогенді факторлардың әсерін анықтауда зерттеудің ғылыми әдістерін таңдайды, техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен биологиялық объектілерден сынама алу, бақылау, өлшеу жүргізу, алгоритмін құру, алынған нәтижелерді математикалық модельдеу тәсілдерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ботаникалық және микологиялық зерттеу әдістері

    Пән ботаника мен микология ғылымдарының зерттеу әдістерінде өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, географиялық таралуы мен атқаратын қызметі, биоалуантүрлілікті сақтаудың практикалық маңыздылығы туралы білім қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың өзара және қоршаған ортамен байланысын ескере отырып, боиобъектілердің өнімділігін арттыру үшін қажетті құрал жабдықтарды таңдайды. Зерттеудің тиімді әдістерін қолданып, процестердің жүру механизмін айқындайды және жүргізу дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Биотехнологияның негізгі заңдылықтарын түсініп, өнеркәсіп салаларында озық технологияларды қолданады
  • Тірі ағзадағы заттардың биохимиялық функциясы мен молекулалық құрылымының өзара байланысын тәжірибелерді жүргізу арқылы талдайды
  • Биотехнологиялық өзгерістерді зертханалық жағдайда айқындап, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдайды
  • Биотехнологиялық процесс кезіндегі тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын микробиологиялық өзгерістерде айқындайды
  • Нано-, биотехнологиялардың клеткалық инженерия нәтижелерін қолдануда микробиологиялық синтез әдістерін таңдайды
  • Биообъектілердің өнімділігін арттыру үшін биотехнологиялық препараттардың тиімді технологияларын техникалық шарттарға сәйкес, жүзеге асыру алгоритмін әзірлейді
  • Жаңа түрлер алу үшін биоресурстарды пайдаланып селекциялық зерттеулер жүргізеді
Top