Жаңа білім беру бағдарламасы

7M06113 Цифрлық медиатехнологиялар және мағлұматты визуализациялау в Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Мағлұматтарды талдау (Python және басқа бағдарламалар)
    Несиелер: 5

    Үлкен мағлұматтарды жинау, өңдеу, басқаруға арналған бағдарламалар мен тұтынушы интерфейстері, үлкен мағлұматтармен жұмыс ерекшелігі және оған арналған компьютерлік бағдарламалардың жұмыс тәсілдері, деректер базасын жасау, сақтау және басқарудағы тетіктер мен проблемалар, оларды шешудің жолдары, ақпараттың сақталуы және бүлінбеуі, өзгермеуіне қойылатын талаптар, үлкен мағлұматтарды өңдеу қызметін көрсететін сервистер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Білім алушылар зерттеу үшін орталық болып табылатын іс-әрекет үдерістерімен және іс-шаралардың реттілігімен танысады: зерттеу саласы мен тақырыбын қалай анықтау, зерттеуді қалай жүргізу, әртүрлі базалармен және дерек көздерімен қалай жұмыс істеу керектігмен танысады. Курс барысында магистранттар бір жобамен жұмыс істейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Информационное общество, телекоммуникации и масс-медиа
    Несиелер: 5

    Телекоммуникацияның дамуы және қазіргі цифрлық орта дамуының тренттері, медиалық қатысым, адам, тұлға және оның рухани сұраныстары, қоғам және жеке адам, медиатұтыну, адам қызметіндегі технологиялық және практикалық қырлар, мағлұматтарды компьютерлік өңдеу, жасанды интеллект, заманауи гаджеттер және түрлі құралдар, олардың адамның іс-әрекет өрісінің дамуына ықпалы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуының негізгі тарихи кезеңдері, сондай-ақ ғылым феноменінің философиялық талдауы зерттеледі. Қоршаған шындық туралы білімді ұзақ іздеу және жинақтау барысында табиғаттағы белгілі бір заңдылықтарды, кейбір терең мақсаттылықты және табиғи сұлулықты ажыратуға тырысқан ғалымдар мен ойшылдардың зияткерлік қызметі зерттеледі. Ғалымдардың ғылыми ізденістері олар өмір сүрген және жұмыс істеген тарихи-мәдени ахуалдың ерекшеліктерімен тығыз байланыста сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Цифрлық медиатехнологиялар
    Несиелер: 5

    Үлкен мағлұматтар және олармен жұмыс істеу принциптері, телекоммуникациялар адамзатқа қызмет етуде, ашық ақпараттық көздер және олармен жұмыс істеу құралдары, күнделікті қолданыс үшін пайдаланатын ақпаратты іздеу, сүзу және тазалаудың маңызы мен мәні, мағлұматтарды визуализациялау: диаграммалар, инфографика және интерактивті таныстырымдар; деректерді өңдеу жөніндегі онлайн ресурстар, үлкен мағлұматтардың даму болашағы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Зерттеуді ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Магистранттарда шығармашылық ойлауды дамыту, нақты өндіріс проблемаларын шешу, ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және синтездеу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің негіздерімен танысу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникация теориясы және медианың дамуын модельдеу
    Несиелер: 5

    Ақпараттық алмасудың эфолюциясы, бұқаралық коммуникацияның теориялық аспектілері, телекоммуникациядағы техника мен технологияның, интерфейстердің дамуы, байланыстырушы сымдардан сымсыз технологияларға қарай, цифрлық медианың қазіргі дамуындағы үрдістер, желілік құралдардан виртуальды шындыққа дейін, олар медиадағы жаңа бағыттар ретінде, бұқаралық ақпараттан жан-жақты екіжақты коммуникацияға дейін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Үлкен мағлұматтар және әлеуметтік талдау
    Несиелер: 5

    Қоғамдық пайдалы ақпараттар және оған деген сұраныс, азаматтардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру жолындағы қызметтер, олардың түп негізі, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету, ашық үкімет жобасы, онлайн арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесі, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы және қызметтерді пайдалану белсенділігі, әлеуметтік желілер және басқа да коммуникациялық арналар, азаматтардың сұранысын, көңіл-күйін, проблемаларын анықтау мақсатындағы зерттеулер және цифрлық қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдары мен болашағы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Big data: мағлұматтар туралы ғылым принциптері
    Несиелер: 5

    Үлкен мағлұматтардың математикалық негізі, заманауи алгоритм, желілердің жұмыс істеу алғышарттары, ақпаратты сақтаудың және өңдеудің түрлері мен тәсілдері, үлкен деректер базасын жасау және өңдеудің проблемалары, деректерді бұлтта сақтаудың ерекшеліктері, ақпаратты қорғау мен желілік ресурстарға кіруге рұхсат беру, үлкен мағлұматтарды кәдеге жаратып, дұрыс пайдаланудың негіздері, практикалық тәжірибелер мен зерттеулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Суреттерді өңдеу және талдау
    Несиелер: 4

    Кескінді өңдеудің және талдаудың заманауи әдістеріне жүйелік шолу, олардың ақпараттық мазмұнын бағалау. Курс кескін өңдеу алгоритмдерінің, редакциялау және визуалды талдаудың, бағдарламалық жүйелер мен сандық графиканы интеллектуалды өңдеуге арналған жүйелердің құрылу принциптерін оқып үйренуге және игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары мектептегі оқу-тәрбие үдерісін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізгілендіру мен демократияландырудың заманауи үрдістерін педагогикалық қызметтің жеке-шығармашылық стиліне бағыттайды. Бұл курстың мазмұны магистранттарды жоғары білім берудің модернизациясы жағдайында заңдылықтарын, ұстанымдарын, мазмұнын, формалары мен әдістері туралы біліммен қаруландыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мобильдік журналистикадағы заманауи қосымшалар
    Несиелер: 5

    Мобильдік бүгінгі күннің басты сипаттарының бірі ретінде, смартфон мен планшет тұтынушыларға арналған арнайы контенттің ерекшілігі, Гугл микромомент технологиясы туралы, алдыңа мақсат қойып, оны шешуге дейін барлық амал мобильді құрал арқылы, ақпаратты жеке сүзіп тұтынудың артықшылықтары, ақпарат тасқынынан керегіңді табу, іздеу және сүзу принциптері, мағлұматқа қол жеткізу және рұхсат алудың маңыздылығы, мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтерді дамытудың мәні, оның практикалық қырлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Психология ғылымның негізгі категориялары мен пәнінің қазіргі заманғы түсіндірмелерімен; кәсіби қызмет жағдайындағы тұлғааралық қарым-қатынас заңдылықтары мен басқарудың психологиялық механизмдерімен таныстыру; адам өміріндегі практикалық мәселелерді шешуде психологиялық білімнің өзектілігін негіздеу; болашақ маманның жүйелі, шығармашылық ойлауын, зерттеу мәдениеті мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық қоғамдағы қауіп-қатерлердің алдын-алу және басқару
    Несиелер: 5

    Заманауи коммуникациядағы ақпараттық қауіп-қатерлер, ақпараттың ұрлануы, бүлінуі, өзгеруі және бөгде мақсаттарға қолданылуы, жалған ақпарат таратудың және манипуляциялық тәсілдердің жолдары, деректерді сапалы өңдеудің әдістері, ресурстарға деген сенім деңгейі, авторлық және аралас меншік құқығын қорғау, коммуникациядағы спин-доктор тәсілі, қауіп-қатерлерді болжау және алдын-алу шараларын қарастыру, сырттан келетін қатерлерден сақтану, ішкі коммуникациядағы тетіктер, кризис жағдайындағы іс әрекет, медиаресурстардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары, кризистің алдын алу шаралары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасанды интеллект: медиа-стратегияны дамытуда пайдалану
    Несиелер: 5

    Есептеу құралдары мен бағдарламалары адамзат қызметінде, гаджеттер мен түрлі ақылды құралдар, Интернет заттар және бағдарламалық қызметтер, машиналық интеллектпен байланыс интерфейсінің дамуы, боттар мен қосымшалар, сервистер, ақпараттық ортаны жетілдіруде, медиа стратегияны дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін кең қолданудың жолдары мен практикалық қырлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикалық тәжірибе
    Несиелер: 6

    Практика арнайы және кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі бойынша білімді бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге және жүйелеуге бағытталған. Білім және ғылым саласындағы реформалардың теориялық негіздері мен заңдылықтары, білім беру мекемелерінің қызметін жүзеге асыратын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, педагогикалық және басқарушылық шешімдерді қабылдау және іске асыру ұстанымдары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Виртуальды және аралас шындық принциптері
    Несиелер: 5

    Заманауи гаджеттер, виртуальды және аралас шындық көзілдіріктері, шлемдері адамзат қызметінде, оның орны мен маңызы, жаңа цифрлық құралдардың ғылыми зерттеулерде қолданылуы, адам өмірінің кейбір қызметтерін өлшеп отыратын датчиктер мен өлшеу құралдарының орны, заманауи инженерияның ізденістері, роботтар мен көмекші құралдар, бағдарламалар тұрмыста, жұмыста және өндірісте, оларды жобалау мен қолданысқа енгізудің маңызы және проблемалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық маркетингтік талдау
    Несиелер: 5

    Ақпараттың екіжақтық сипаты әрі тауар, әрі қызмет түрі ретінде, ақпараттық өнімдерді сатудың жолдары мен тәсілдері, желі мен әлеуметтік қызметтердегі жарнама, оның тәсілдері мен жолдары, социалмедиа маркетинг; контекстік жарнама, интернеттегі серіктестік, қайырымдылық шаралары, краудсорсинг және аудсорсинг, ақпараттық және жарнама агенттіктерінің жұмысы, жұмыс принциптері, бәсекелестік ортада монетизация мен конверсия саясатын жүргізудің алғышарттары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Көрнекілік информатика: компьютерлік графика және визуализация
    Несиелер: 4

    Компьютерлік графика құрудың заманауи әдістерін зерттеу және оларды журналистің кәсіби қызметінде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Компьютерлік графика саласындағы информатика дамуының негізгі бағыттарын зерттеу; графикалық ақпаратты сақтау ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; компьютерлік графиканы құруда қолданылатын заманауи бағдарламалық қамтамасыздандырудың ерекшеліктерін зерттеу; графикалық кітапханалармен және заманауи графикалық пакеттермен және жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дүниежүзілік бұқаралық коммуникациядағы цифрлық медиа
    Несиелер: 4

    Курс халықаралық деңгейдегі цифрлық медиа жүйелер мен модельдердің қазіргі жағдайын талдау құзіреттілігін қалыптастырады. Ол жаһанданған заманауи қоғамдағы сандық медиа дамуының негізгі бағыттарын зерттейді; әртүрлі медиа жүйелер контексіндегі қоғамдық-саяси және мәдени процестерді, ерекшеліктерін, цифрлық медиа индустриясының динамикасы контексінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстан Республикасының ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаты
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасының ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаты, заңдық және нормативті құжаттар, мемлекеттік құпия туралы түсінік және ақпаратқа қолжетімділіктің принциптері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң нормалары, журналистиканың қазіргі қоғамдағы жетекші орны, ақпаратты қорғаудың қажеттіліктері мен міндеттері, проблеманың этикалық қырлары, жеке адамның өмірі мен құпиясы, оның мағлұматтарын қорғау, ақпараттық ресурстарға шабуыл мен бүлдірудің себеп-салдарлары, хакерлік шабуылдардан, рұхсатсыз мағлұмат алудан қорғану шаралары, желілер мен құралдарды қорғаудың қажеттігі және міндеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютерлік анимация практикасы және 3D модельдеу
    Несиелер: 5

    Цифрлық ортада визуализация жасауға артықшылық берілу себептері, бейнефильм өндірісіндегі жаңа тенденциялар, анимациялық эффектілер, қазіргі заманғы мультипликация және оларды жасауға арналған бағдарламалар, 3D модельдеу, 3D принтерлер, галограммалар мен басқа да жарық эффектілері, лазерлік шоу, осының бәрінің қолданысы технологиялар мен ғылым дамуындағы жаңа трендтер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық телехабар тарату
    Несиелер: 4

    Курс цифрлы теледидарда медиа-өнімдерді шығарудың технологиялық ерекшеліктерін, оларды құрудың негізгі өндірістік циклдерін зерттейді, цифрлық теледидарлық контент құру цикліне қатысатын мәтіндік және аудиовизуальды материалдармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық медианы әкімшілік басқару
    Несиелер: 4

    Курс медиа-нысандардың, олар жұмыс істейтін жүйелердің маңыздылығын зерттейді, сандық және эфирлік, қоғаммен байланыс, жарнама және журналистика сияқты түрлі нысандардағы бұқаралық коммуникацияны зерттейді. Сандық медианы басқару, кәсіби тәжірибе, халықаралық байланыс ағындары, цифрландыру, саяси экономия, мәдени тәжірибе және зерттеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық медиадағы журналист этикасы
    Несиелер: 4

    Цифрлық медиа нарығында болып жатқан жаһандық өзгерістерді, оның ішінде заңды жақтарын ескере отырып, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін теңдестіруге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сандық медианы этикалық реттеу принциптері мен нормаларын жан-жақты зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық ортадағы бизнес-стратегия
    Несиелер: 5

    Ақпараттық қоғам және ақпараттық орта, медианарықтың даму болашағы, қазіргі заманғы медиа дамуындағы бизнес модельдер, дәстүрлі журналистикадағы медиаменеджмент, заманауи медиамен бірге келген артықшылықтар, медиа кеңістіктің дамуындағы жарнаманың жетекші орны, танымдық және ойын-сауықтық, көңіл-көтерушілік контентке деген сұраныс, ойындар мен желідегі саяхаттар, аралас және виртуальды шындық модельдері, медиаконтент дамуындағы басқа да маңызды факторлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
    Несиелер: 5

    Ақпараттың сақталуы, бүлінбеуі және өзгермеуі туралы ұғымдар, оны жеткізу мен тасымалдаудың жолдары мен әдістері, дерекке рұхсатсыз қол жеткізу және кіру рәсімдерін бұзу, хакерлік, кибер қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау шаралары, желідегі ақпаратты қорғаудың құралдары мен тәсілдері, қорғау деңгейлері мен рұхсат етудің жайлары, мемлекеттік құпиялар мен коммерциялық ақпаратты қорғаудың өзекті мәселелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Цифрлық медианың техникасы мен технологиясы
    Несиелер: 4

    Оқытудың практикалық-бағдарланған тәсілін басшылыққа ала отырып, курс қазіргі заманғы мультимедиялық форматтарды құруға арналған құрал-жабдықтарды, қызметтерді және қосымшаларды қолданушылардың негізгі дағдыларын қалыптастырады, медиа мәтіннің және оның графикалық мазмұнын әртүрлі визуальды элементтерін құруды, интерактивті құралдармен жұмыс істеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Медианарықтың мониторингі
    Несиелер: 5

    Медианарықтың даму тенденциялары, дәстүрлі медиа жаңа жағдайда, медиаресурстардың трансформация және конвергенция жолымен өзгеріске ұшырауы, жаңа ақпараттық ортадағы әлеуметтік желінің маңызы, жарнама және пиар технологиялары, азаматтардың медиа сұраныстарын зерттеу және анықтау тәсілдері, қазіргі жастардың рухани сұраныстарын білудің маңызы, сұранысқа ие контентті анықтау, жоспарлау, өндіру және тарату, қаржы ресурстарын басқару, медианарықтың даму болашығын болжау және модельдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    қабілеттілігі: заманауи ғылыми танымдағы үрдістерді ажыратып, бағалай білуі, жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық ғылым проблемалары бойынша әдістемелік және философиялық көзқарасының, өзіндік ұстанымының болуы, ақпараттық және медиакоммуникация саласында пәнаралық сипаттағы ғылыми мақалаларды жаза және редакциялау білуі;

  • Код ON2

    білуі: жаһандану үдерісінің әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын талдап көрсетуі, қазіргі кезеңдегі экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортада бизнес-әріптестікті өрбітуі, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, осы бағытта тереңдетілген талдамалы өзекті мақалаларды зерттеп, жарыққа шығаруы;

  • Код ON3

    біліктілігі: кәсіпорын, мекемені стратегиялық басқаруды, инновациялық менеджментті ұйымдастыруы, көшбасшылық теориясын қолдануы, негізгі қаржы-шаруашылық проблемаларды шешу жолдарын білуі, жобалық жұмыстарды, стартап жобаларды дамыту мен ілгерілетудің, контенттен монетизация жасаудың жолдарын білуі және жүргізуі;

  • Код ON4

    білуі: кәсіби деңгейде ең кемі бір шет тілін толық меңгеруі, ол бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, практикалық қызметінде қолдануы, шетелдік серіктестермен жұмыс істей білуі, ақпарат, озық тәжірибе және идеялармен алмасуы, жетік компьютерлік бағдарламалар және қосымшалармен жұмыс істей білуі;

  • Код ON5

    қабілеттілігі: заманауи инновациялық технологияларды, яғни үлкен мағлұматтар, оны визуализациялау, 3D принтерлер, жасанды интеллект, виртуальды және аралас шындық құралдарын меңгеруі және қолдана білуі, қоғамдық өмірдегі ғылым мен білім берудің жетекші рөлін бағалауы, өзінің ғылыми тұжырымдары мен бастамаларын маманға да, маман емес адамдарға да түсіндіріп жеткізе білуі және өмір бойы білімін жетілдіру қағидатын ұстануы;

  • Код ON6

    білуі: ғылыми идеяны жүзеге асырудың, одан коммерциялық өнім жасаудың жолдарын білуі, өзінің жоғары кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруы, ғылыми зерттеу әдістерінде қолдануы, сол арқылы еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға істі жұмылдыра білуі;

  • Код ON7

    біліктілігі: ақпараттық және киберқауіпсіздік саласы бойынша тәжірибесін ұштауы, тосын және күтпеген жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бейінділігі, қауіп-қатерледің алдын-алуға даярлығы және салааралық ғылымда зерттеулер мен талдамалар жасауға қабілеттігі;

  • Код ON8

    қабілеттілігі: өз білімін ғылыммен, инновациялармен және стартап жобалармен ұштастыра білуі, түбегейлі шешім қабылдау кезінде алған білімі мен мағлұматтары нәтижесін қорытып, күрделі мәселелерді шешуге бейінділігі, осы жолда этикалық және әлеуметтік жауапкершілік нормаларын қатаң сақтауы.

Top