Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07173 Мұнайхимия в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Көмірсутекті жүйелердің өнеркәсіптік экологиясы
    Несиелер: 5

    Көмірсутекті жүйелерді өңдеудің экологиялық проблемаларды, қоршаған ортаны мониторингін, көмірсутегі жүйелерін өңдегенде өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, қоршаған ортаның сапасын басқаруды, экологиялық сипаттамалары жақсартылған көмірсутекті жүйелер өндірісін қарастырады. Көмірсутекті шикізатын өңдеудің технологиялық процестерді, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтай отырып органикалық заттардың өндірісін басқару дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары білім берудің заманауи парадигмаларын, Қазақстанда жоғары кәсіби білім беру жүйесін таныстырады. Педагогикалық ғылымның әдістемесін, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қарастырады. Оқытудың кредиттік жүйесін, болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың жаңа әдістері мен формаларын меңгеруге, білімді және көшбасшылық қасиеттерге ие маман тұлғасын тәрбиелеуге және қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім беруде құзыреттілікті қалыптастыру, жеке, интеграцияланған және мультимедиялық оқыту технологияларын пайдалануды қарастырады. Мәселелік жағдайларды талқылау және шешу, топтық жобаны құрастыру, рөлдік ойындар жүргізу арқылы бейіндік пәндерді оқып үйретеді; оқу үдерісін, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруда дағдыларын қамтамасыз етеді. Бейіндік пәндерді оқып-үйренудің әдістемелік ерекшеліктерін меңгеруге, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және бекітуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнайды өндіру және даярлаудың инновациялық технологиялары және құрал-жабдықтары
    Несиелер: 6

    Мұнай-газ кешенінің төрт негізгі сегментінде технологиялық инновацияларды қарастырады: барлау, ұңғымаларды бұрғылау және айдау, өндіру, ұңғымаларды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жаңа техникалық шешімдерді енгізу кезінде жабдықтарды орналастыру, конструктивтік және экономикалық есептеулерді орындау; инновациялық өзгерістерді ескере отырып, құрал-жабдықтарды таңдау; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды өңдеу, жүйелеу және талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Беттік-активті заттар және синтетикалық жуғыш заттар химиясы және технологиясы
    Несиелер: 6

    Беттік активті заттарды (БАЗ) және олардың негізінде синтетикалық жуғыш құралдарды (СЖҚ) алудың химиялық негіздерін; беттік-активті заттарды синтездеу процесінің механизмдерін, жуу әрекеті теориясын, жуғыш құралдар компоненттері ролін қарастырады. Белгілі бір қасиеттерге ие БАЗ мен СЖҚ құру бойынша теориялық және эксперименталды зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философия-сын, мәдениет пен өркениеттің жаңа еуропалық ғылымды, ғылыми таным құрыл��мын, нақты ғылымдарның философиялық мәселелерін, XXI ғасырдағы байланыс технологияларын және олардың заманауи ғылымдағы рөлін зерттейді. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың заманауи өзекті методологиялық және философиялық мәселелерін шешу жолдарын айқындайды, сыни ойлау мен логиканы дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 3

    Шетел тіліндегі ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мәдениетаралық құзыреттілік, іскерлік хат алмасу дағдыла-рына, өзге тілдегі түпнұсқа дерек көздерін оқудың негізгі түрлерін меңгеруге, мамандық бойынша ғылыми тақырыптаға жазбаша мәлімдемелер - шет тілінде ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми баяндама, презентация, пікірталастар, тезистер және мақалалар; ғылыми мәтіннің аннотациясы, резюме жазу т.с.с. даярлауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Органикалық қосылыстарды зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    УК, ИҚ және ЯМР-спектроскопияларының теориялық негізде-рін, газ-сұйықтық хроматографиясын және органикалық қосылыстарды талдаудың заманауи әдістерін; спектрлер мен хроматограммаларды анықтау жұмысының ретін; элементтік және функционалдық талдаудың негізгі әдістерін қарастырады. Зерттеулердің спектроскопиялық әдістері бойынша есептерді шешу, УК, ИҚ және ЯМР-спектрлері бойынша органикалық қосылыстарды сәйкестендіру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Жоғары білікті мамандардың кәсіби қызметінде қажетті заманауи психологиялық ғылымның негізгі принциптерін қарастырады. Жеке тұлғаның психологиялық зерттеулерінің іргелі психологиялық ұғымдары, дағдылары мен қабілеттері туралы ғылыми-теориялық дүниетанымын қалыптастырады, эксперименталды-психологиялық зерттеулердің негізгі әдістерімен мен психокоррекциялық жұмыс бағыттарымен, ұжымдағы қақтығыстарды, күйзелістер мен оларды шешу әдістерін басқарумен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнайхимиясының таңдаулы тараулары
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы мұнай-химия өндірістерінің заманауи проблемалары мен дамуының инновациялық жолдарын; мұнай-химия мәселелерін шешудегі қолданбалы және іргелі зерттеулерді; мұнай өңдеу өнеркәсібінің екіншілік қалдықтарды пайдалануды; көмірсутекті шикізатты өңдеудіңполимерлік материалдар, пластмассалар, каучуктер өндірудің заманауи проблемалары мен инновациялық жолдарын; мұнай-химия өндірістері химиялық технологиясының экологиялық мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи мұнай-газ технологиялары
    Несиелер: 5

    Мұнай-газ кешені технологиясының ғылыми негіздерін және мұнай мен газды іздену-барлау, бұрғылау, кен орындарын игеру және пайдалану, мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау, сақтау, тарату технологиясын дамыту үрдістерін қарастырады. Мұнай-газ кешені объектілері мен процестерінің қауіпсіздігі мәселелерінде жаңа ғылымды көп қажетсінетін шешімдерді табу және енгізу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лак-бояу және композициялық полимерлік материалдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Негізгі ірі тоннажды лактар, бояулар маркілері мен композициялық жабындар ассортиментін, пайдалану, технологиялық қасиеттері мен құрамын, оларды өндіру технологиясының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін; лак-бояу және композициялық полимерлік материалдарды алу технологиясының ғылыми негіздерін қарастырады. Лак-бояу және композициялық полимерлік материалдар рецептураларын құрастыру және физика-химиялық қасиеттерін теориялық және эксперименталды зерттеулер дағдыларын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұнайхимиясы технологиялық процестерінің есептеулері
    Несиелер: 4

    Мұнай-химия процестерінің негізгі көрсеткіштерін; шығыс коэффициенттерін есептеу әдістерін, бастапқы шикізаттың конверсиялану және мақсатты өнімнің шығымын; реакция өнімдерінің құрамын; мұнай-химиялық процестердің материалдық және жылулық баланстарын құрастыру принциптерін; мұнай-химия процестері реакторларын технологиялық есептеу элементтерін; мұнай-химия процестерінің реакциялық түйіндерін жобалауды; реакторларды есептеуді қарастырады. Мұнай-химия технологиялық процестерін есептеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химиялық реакторлар
    Несиелер: 4

    Заманауи химиялық процестерді, химиялық реакторлардың негізгі моделдерін, олардың жұмыс істеу принциптерін; химиялық реакторлардың жұмысын сипаттайтын теңдестірілген, кинетикалық және қосалқы теңдеулер түрлерін қарастырады. Осы процеске арналған технологиялық параметрлерді есептеу дағдыларын; химиялық реактордағы процестің оңтайлы параметрлерін, химиялық реакторларды таңдау әдісін игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Газдар және газ конденсаттарын талдаудың заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Көмірсутекті, табиғи газдар мен газ конденсаттарын, олардың негізіндегі тауарлық өнімдерді талдауға қолданылатын заманауи әдістер мен құрылғыларды; газ өңдеу өнімдерін өлшеу теориясының негізгі ережелерін; газ шикізатын өлшеудің түрлерін, әдістерін және құралдарын жіктеуді қарастырады. Газ өнеркәсібінің өнімдерінің қасиеттерін өлшеуге арналған заманауи құрылғыларда жұмыс істеу және зертханалық құралдарды калибрлеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұнайхимиясы синтезінің шикізат ресурстары
    Несиелер: 5

    Мұнай-химия синтезі процестеріне арналған шикізаттың негізгі көздерін; ірі тоннажды мономерлерді өндіруге арналған карбонил тобы бойынша конденсациялау, алкилдеу, хлорлау, пиролиз, тотығу процестері технологияларын қарастырады. Мұнай-химия синтезіне арналған шикізат ресурстарының қолданыстағы өндірісін жетілдіру жолдарын табу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Композициялық материалдарды модификациялау
    Несиелер: 6

    Модификациялаудың физика-химиялық негіздерін; полимерлік материалдарды модификациялау әдістерін; полимерлік материалдардағы құрылым түзуді; физикалық және химиялық модификациялау тәсілдерін; көпкомпонентті жүйелермен модификациялауды; композициялық материалдардағы армирленген талшықтар бетін модификациялауды, модификацияланған талшықтармен армирленген шыны пластиктердің шекаралық қабатында өзара әрекеттесу механизмін; органикалық талшықтарды модификациялауды қарастырады. Зертханалық жағдайларда модификацияланған композициялық материалдарды алудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұнай өнімдерімен қамтудағы ресурс үнемдеуші технологиялар
    Несиелер: 5

    Мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жүйелері сипаттамаларын; оларды тасымалдау, сақтау және тарату кезінде мұнай өнімдерінің ластану көздерін; мұнай өнімдерінің ресурстық шығындарының негізгі көздерін; ресурстық шығындарды болдырмаудың ұтымды әдістерін; мұнай өнімдерін тасымалдау, сақтау және таратудың инновациялық технологияларын қарастырады. Жаңа технологияларды, құрал-жабдықтар мен жүйелерді енгізгендегі инновациялық тәуекелдерді бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Парфюмерия-косметикалық құралдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге арналған шикізаттың негізгі түрлерін, косметикалық өнімдер рецептураларын құрастыру тәсілдерін; парфюмерлік және косметикалық өнімдерді алу технологияларын қарастырады. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндірудің технология-лық процестерін басқаруға ғылыми білімдерді пайдалану; шикізатты талдау, рецептураларды құрастыру, парфюмерлік-косметикалық құралдарды алу технологиясы, дайын өнімдер сапасын талдау әдістеріне қатысты практикалық жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мұнайхимиясы синтезі технологиясы
    Несиелер: 6

    Мұнай-химия шикізатынан органикалық өнімдер алудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Синтетикалық материалдарға арналған маңызды мономерлер және мұнай-химия синтезіне арналған бастапқы көмірсутектерді алу химизмі мен технологиясы туралы білімдерін тереңдетеді. Құрамында оттегісі бар, галоген және нитротуындылы қосылыстар, синтетикалық жуғыш заттарды, каучуктер, пластикалық массалар мен талшықтар өндіру технологиясын меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Магистралді өнім құбырларына диагностика жасау жүйесі
    Несиелер: 6

    Техникалық диагностиканың жалпы сұрақтарын; терминдер мен анықтамаларды; құрал-жабдық жұмысының сапасына әсер ететін факторларды іріктеу және талдау мен бас тартудың жіктелуін; техникалық диагностика міндеттерін; диагностика-лық параметрлерді; диагностика қою әдістері мен құралдарын қарастырады. Магистралді өнім құбырларына диагностикалық қызмет көрсету жүйелерінің техникалық күйін талдау, оларды жетілдіру жолдарын талдау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Техникалық көміртек өндірісі
    Несиелер: 5

    Техникалық көміртек өндірісін ұйымдастыру принциптерін, оның иерархиялық құрылымын; өндіріс тиімділігін бағалау әдістерін; техникалық көміртекті өндіру тісілдерін; техникалық көміртекті синтездеу реакциясы механизмін; техникалық көміртекті алу процесінің аппаратуралық ресімделуін, олардың құрылу принциптерін қарастырады. Техникалық көміртекті синтездеу процесі сипаттамалын есептеу; техникалық көміртекті өндірудің ұтымды схемасын таңдау; өндірістің технологиялық нәтижелілігін бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балама энергетика және мұнайхимиясында энергияны үнемдеу
    Несиелер: 5

    Энергияның жаңартылатын көздерін, оларды елдің және өңірлердің жалпы энергетикалық теңгерімінде пайдалануды; өнеркəсіптегі жаһандық энергияны үнемдеу мəселелерін; екіншілік энергия ресурстарын пайдалануды; экологиялық жағдайларды жақсартуды; энергияның жаңартылатын көздерін пайдаланудың техника-экономикалық көрсеткіштерін қарастырады. Энергияның жаңартылатын көздеріне негізделген энергия қондырғыларын практикалық есептеу мен таңдау; қондырғыларды пайдаланудың ұйымдастырушылық-техникалық шараларын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, баяндама түрінде қорыту.

  • Код ON2

    Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген жан-жақты және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру.

  • Код ON3

    жоғары орқу орнының (ЖОО) психологиясы мен педагогикасын іс жүзінде қызметте қолдану, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану арқылы ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жоспарлау және орындау.

  • Код ON4

    Стандартты емес өндіріс жағдайларында шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпкерлік дағдыларын қолданып жоо психологияны білу арқылы мамандар тобына жетекшілік ету.

  • Код ON5

    тіршілік қауіпсіздігі және экологиялық тазалықты сақтай отырып органикалық заттар өндірісін, көмірсутекті шикізатты өңдеудің технологиялық процестерін басқару, өндірістің оңтайлы технологиялық режимін негіздеу

  • Код ON6

    Сапаның экологиялық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту мен қайта құрудың балама нұсқаларын құрастыру

  • Код ON7

    Эксперименталды зерттеулерді дербес орындау, алынған мәліметтерді дәлелдеу, өздерінің жұмыстарын үлкен аудиторияға ұсыну; ғалыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру

  • Код ON8

    Технологиялық есептеулерді орындау, синтетикалық талшықтарды, табиғи газдан күкіртті өндіруге арналған, көмірсутекті шикізатты терең өңдеудің технологиялық схемаларын құрастыру; шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру

  • Код ON9

    Мұнай шикізатын терең өңдеу процестеріне катализаторларды, үстемелерді, техникалық сұйықтықтарды іріктеу қағидаларын және полимерлі композицияларды құрастыруды меңгеру.

  • Код ON10

    Білім алудың пәнаралық туыс салаларындағы мәселелерді талдауға арналған білім мен дағдыларды қолдану; алынған білімдер мен дағдыларды докторантурады оқуға мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізу, өмір бойы біліктілігін жоғарылату.

Top