Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B10107 Қоғамдық денсаулық сақтау в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B089 Қоғамдық денсаулық
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Әл-Фараби және қазіргі заман
Кәсіпкерлік
Анатомия негіздері
Пропедевтика негіздерімен ішкі аурулар
Жұқпалы аурулардың иммундық профилактикасы
Генетика және молекулалық биология
-
2 Оқу жылы
Биохимия
Физиология негіздері
Биостатистика
Химия
Қоршаған орта гигиенасына кіріспе
Фармакология
Микробиология
Денсаулық психологиясы
Жұқпалы аурулар
Эпидемиология негіздері
Клиникалық эпидемиология
Қоғамдық денсаулық
-
3 Оқу жылы
Алдыңғы қатарлы эпидемиология І
Госпитальдық менеджментке кіріспе
Заңнамаға және денсаулық экономикасына кіріспе
Қоршаған орта және денсаулық 1
Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
Зерттеу негіздері. Биоэтика
Қоршаған орта және денсаулық 2
Денсаулықты нығайту негіздері
Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар
Сақтандыру медицинасы
Алдыңғы қатарлы эпидемиология ІІ
Денсаулық сақтау заңнамасы
Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу І
-
4 Оқу жылы
Денсаулық сақтау экономикасына кіріспе
Қоршаған орта гигиенасы
Сапаны қамтамасыз ету негіздері
Ғылыми жазу
Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу ІІ
Еңбек гигиенасы
Денсаулықты басқару негіздері
Денсаулық сақтау саясаты және заңнама
Ауруханалық ұйымдардың құрылымына және оларды ұстауға қойылатын санитарлық талаптар
Менеджмент және маркетинг негіздері.
Оқыту нәтижелері
- Экологиялық факторларды ескере отырып, салауатты өмір салтының дұрыс құрылымын қалыптастыруға және оны іс жүзінде іске асыруға, денсаулықты басқарудың іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның нәтижелерін бағалауға және қажет болған жағдайда түзетулер енгізуге қабілетті.
- Денсаулық сақтаудағы қазіргі заманғы этикалық мәселелерді сауатты және өз бетінше талдауға, Қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі әртүрлі жағдайларды өлшеуге және этикалық талдау жүргізуге қабілетті.
- Инфекциялық және паразиттік ауруларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға, инфекциялық аурулар ошақтарына эпидемиологиялық тексеру жүргізуге, инфекциялық аурулар жағдайларына тексеру жүргізуге қабілетті.
- Медициналық-демографиялық көрсеткіштерді, сырқаттанушылық, мүгедектік және дене дамуының көрсеткіштерін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметін талдау және бағалау, медициналық көмекті жоспарлау үшін қоғамдық денсаулықтың басқа да көрсеткіштерін есептеуге және түсіндіруге қабілетті.
- Салауатты өмір салты туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін қазіргі заманғы байланыс арналары мен цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға қабілетті.
- Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын олардың жұмыс істеуінің экономикалық және саяси тетіктерін, реттеудің құқықтық және этикалық нормаларын негізге ала отырып талдай алады.
- Медициналық ұйымдар жұмысының сапасы мен тиімділігін бағалау үшін денсаулық сақтауда қабылданған нормативтік құжаттаманы (ҚР заңдары, техникалық регламенттер, халықаралық және ұлттық стандарттар, бұйрықтар, ұсынымдар, терминология, қолданыстағы халықаралық жіктемелер) пайдалануға қабілетті.
- Халықтың денсаулығы қауіп факторларын анықтауға және бағалауға, нақты жағдайға байланысты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін таңдауға қабілетті.
- Тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарды, медициналық ұйымдар мен қоршаған орта объектілерін (су, ауа, топырақ) санитариялық-гигиеналық бағалауды жүзеге асыруға және оларды қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қабілетті.
- Аурудың пайда болуын қоршаған, өндірістік немесе тұрмыстық ортаның қолайсыз факторларының әсерімен байланыстыруға және ортаның адам денсаулығына теріс қолайсыз факторларын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұсынуға қабілетті.
- Денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған және салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтитын маркетинг принциптерін ескере отырып, іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қабілетті.
- Эпидемиологиялық қағидаларды пайдалана отырып, зерттеу жоспарын жасауға, Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу гипотезасын құруға, статистикалық критерийлерді таңдауды негіздеуге қабілетті.