Білім беру бағдарламасы өзекті емес

8D01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Көркем мәтінді талдау методологиясы

    Пәннің мақсаты: әдеби мәтінді зерттеудің жалпы филологиялық мәселелерін әдістемелік тұрғыдан қолданудың жолдарын игерту. Мазмұны: көркем мәтіннің сыртқы және ішкі құрылымын талдаудың жолдарымен танысады. Құзіреттіліктер: көркем мәтіннің ерекше мазмұнын, жанрлық табиғатын, стильдік бітімін, эстетикалық тұтастығын, күрделі құрылымын, шығармадағы психологизм, сарындар тізбегі, концепт, архетип мәселелерін саралайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы-интегративті лингвистика

    Пәннің мақсаты: тілді семасиологиялық, салыстырмалы-құрылымдық, фунционалдық, когнитивтік және т.б. аспектіде меңгерту. Мазмұны: тілді адамның менталді, рухани, танымдық қызметімен байланыста үйренеді. Құзіреттіліктер: тілдің коммуникативтік-танымдық табиғатын коммуникацияда қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвопрагматика: тіл үйретудегі функциясы

    Пәннің мақсаты: коммуникация теориясы, лингвистика, мәдениаралық коммуникация, психология ғылымдарының лингвопрагматикамен байланысын игерту. Мазмұны: семантика, синтактика мен прагматикалық заңдылықтардың сөйлеу процесі мен тілдік ортадағы қызметімен танысады. Құзіреттіліктер: тілдік және паралингвистикалық құралдарды қолдана отырып коммуникативтік мақсатқа жетудің жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми мақала, ғылыми жұмыс жазудың жолдарын игереді, ақпарат пен деректерге аналитикалық талдау жасап, тұжырымдайды, ғылыми зерттеулеріне енгізіп, қолданады.
  • Зерттеу жұмысын жүргізуде қолданылатын әдістің түрлерін сараптайды, оны қолданудың жолдарын игереді, академиялық шешендікте, ғылыми және мәдениаралық коммуникацияда, халықаралық байланыста өз ойын еркін, ғылыми тілде жеткізеді.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жаңа ғылыми-әдіснамалық концепцияларды, түрлі ақпараттық деректерді өңдеп, сыни тұрғыдан талдайды, салыстырады, өзіндік тұжырым жасайды және өз бетімен ғылыми зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жоспарлап, іске асырады, тәжірибе нәтижелеріне математикалық, статистикалық талдау жасайды.
  • Академиялық шешендік талаптарын игеріп, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық, әдістемелік конференциялар мен семинар-тренингтерде зерттеу нысаны, оның нәтижесі жөнінде баяндайды, өз пікірін дәлелдей алады.
  • Көркем мәтіннің ерекше мазмұнын, жанрлық табиғатын, стильдік бітімін, эстетикалық тұтастығын, күрделі құрылымын, шығармадағы психологизм, сарындар тізбегі, концепт, архетип мәселелерін саралай отырып, шығарма талдауды үйренеді, сыни талдайды, салыстырады, зерделейді.
  • Қазіргі әдебиеттанудың бағыттарын, даму тенденцияларын, көркем шығарманы талдау әдістері мен тәсілдерін, филология ғылымының ұғымдары мен категорияларын, қазіргі әдебиеттанудың негізгі теориялары мен концепцияларын ажыратады, интерпретациялайды.
  • Қазақ тілін семасиологиялық, салыстырмалы-құрылымдық, функционалдық, когнитивтік аспектіде талдайды, антропоцентристік ғылымдармен байланысын анықтайды, қазақ тілін мәдениаралық коммуникацияда ұтымды қолданады.
  • Коммуникация теориясы, лингвистика, мәдениаралық коммуникация, психология ғылымдарының байланысын сараптайды, семантика, синтактика мен прагматикалық заңдылықтардың тіл үйретудегі қызметін игереді, тілдік және паралингвистикалық құралдарды қолдана отырып коммуникативтік мақсатқа жетудің жолдарын меңгереді.
Top