6B01502 Химия в ОАИУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру мекемелерінде химияны инновациялық әдістерімен оқытуда құзыреттілігі жоғары логикалық ойлауы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті және заманауи талаптарға сай тәжірибелік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері жоғары білікті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Орталық Азия Инновациялық Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Бейорганикалық қосылыстардың кластары
Бейорганикалық қосылыстардың кластары Жай заттар, күрделі заттар, оксидтер, гидроксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар қосылыстарын талдайды; Галогенидтер, оксидтер, алькогенидтер, пниктогенидтер, гидридтер, карбидтер, силицидтер, боридтерге талдау жүргізеді. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының айырмашылығын бағалайды. Оксидтер,негіздер, тұздар және қышқылдардың алыну жолдарына эксперименттер жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Балалар организмінің функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын қарастырады. Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомия-физиологиялық ерекшеліктерді оқытады. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін кәсіби шешуге дағдыландырады. Жеке тұлғалардың психологиялық, физиологиялық даму заңдылықтарына, зиянды әсер ететін факторларды жою, еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері Элементтердің атомдық құрылысы мен қасиеттерін меңгертеді. Жай және күрделі заттардың молекулалық, кристалдық құрылымдарын, химияның стехиометриялық заңдары мен элементтердің периодтық жүйесін сипаттайды, саралайды. Заттардың сандық және сапалық қатынастарын, заттардың масса сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, эквивалент заңы, газдардың көлемдік қатынастар заңын айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Элементтер химиясы
Элементтер химиясы Элементтердің химиялық заңдылықтары мен принциптерін жіктейді. Атомдардың электрондық конфигурациясына байланыстарын талдайды. Д.И Менделеевтің периодтық жүйесін талдайды. Табиғаттағы химиялық заттардың негізгі кластарын ажыратып, өз пікірін қалыптастыруға бағыттайды. Химиялық заттардың қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын ажыратуға бейімдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы Алифатты (майлы) қосылыстар ашық тізбекті қосылыстар , ациклді қосылыстарды молекуласындағы көміртек атомдарының тізбек құрауына байланысты оқытып үйретеді. Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер және олардың атомды туындыларын талдайды. Алифатты қосылыстардың әртүрлі саларда қолданылуын түсіндіреді. Қосылыстардың органикалық синтез өнеркәсібінде қажеттілігін айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Органикалық химияның теориялық негіздері
Органикалық химияның теориялық негіздері Көміртектің қаныққан атомдарындағы және қанықпаған жүйелерге қосылу реакцияларының механизмдерін түсіндіреді. Органикалық заттар, олардың қосылыстары мен реакцияларының жіктелуін және жүру қағидаларын талдайды. Өндірісте, тұрмыста, медицинада және мектепте органика курсын оқытуда қолдануға бейімдейді. Көмірсутектердің түрлерін ажыратуға, органика курсынан жаңа бағдарламалар құруға ынталандырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сирек кездесетін элементтер химиясы
Сирек кездесетін элементтер химиясы Сирек кездесетін элементтердің физика-химиялық қасиеттерін, өндіру технологиясын және радиоактивті элементтерді оқытып, үйретеді. Сирек кездесетін металдарды (рений, молибден, вольфрам, ванадий, ниобий, тантал, кентас концентратынан бөліп алуға талдау жасайды. Ттаза химиялық қосындларды тотықсыздандыру арқылы кешенді түрде өндіру әдіс- тәсілдерін, технологиясын сипаттайды,саралайды, бағалайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық химия синтезі
Органикалық химия синтезі Органикалық заттардың синтезі органикалық заттардың электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктікте орналасуын және химиялық реакция механизмдерін үйретеді. Органикалық химия ситезі - химиялық байланыстар мен молекулада атомдардың байланысу ретіне талдайды. Типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың әсер теорияларын жіктейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Аналитикалық химия
Аналитикалық химияның теориялық негіздерін, заттардық химиялық құрамын, сандық және сапалық анализдің талдауларын үйретеді. Катиондар мен аниондарды анықтауға, ажыратуға, химиялық маңызды қосылыстардың функциялық топтарын анықтайды. Есептер шығаруға машықтайды. Аналитикалық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакцияларды сипаттайды, талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық процесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Стереохимия
Молекулалардағы атомдардың кеңістіктікте орналасу принциптерін түсіндіреді. Стереоизомерлердің жіктеу жүйесі мен номенклатурасын сипаттайды. Қаныққан көмірсутектердегі тетраэдрлік валентті көміртегі атомы туралы түсінікті қалыптастырады. Молекулалық симметрия мен асимметрияның стереохимиялық құбылыстарын көрсетеді. Студентті молекулалық құрылымдардың кеңістіктік формаларын құру кезінде стереохимияның негіздерін қолдануға бағыттайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды. Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және экономикалық тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сандық анализ
Заттар құрамындағы жеке бөліктердің сандық қатынасын анықтауды қарастырады. Химиялық қосылыстарды алудың, бөлудің және концентрлеу, тұндыру, экстракция, хромотография, иондық алмасу әдістерін үйретеді. Аниондар мен катиондарды ажыратуға, анықтауға машықтайды. Сандық талдаудың негізгі гравиметрия, титриметрия, хромотографиялық әдістеріне анализ жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Педагог ғалымдардың ой-пікірлері мен ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдайды. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Оқыту мен тәрбиенің қазіргі педагогикалық технологияларын кәсіби әрекетінде қолдануға қабілеттендіреді. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет түрлерін талдайды. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды әзірлейді. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидаларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Келешек мамандардың кәсіби іс-әрекетін әр түрлі аспектілерін жүзеге асырудағы кәсіби шет тілін қалыптастырады. Сөйлеу қатынастарын, контекстерде грамматикалық, лексикалық құрылымдықты сипаттайды. Кәсіби бағытталған шет тілі тыңдалған және оқыған мәтіннің мазмұнын ажыратып, анализ жасап, ғылыми-танымал мақалаларға сипаттама беріп, мәтіндерге және монографияларға аннотация жасай алуға үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Кәсіби лексикаға билингвалды көзқарасты қамтамасыз ету, білім алушылардың кәсіби билингвалдылығын дамытады. Кәсіби тіл лексикасын қалыптастыру, білім алушылардың коммуникативті-сөйлеу компетенциясын терендетеді. кәсіби бағытталған орыс тілінде оқу, сөйлеу, аудару, жазу істей білулерін дамытады. Таңдалған мамандық бойынша терминологияны терең ойлануды және бекітуді қамтамасыз ететін арнайы лексиканы оқу нәтижесінде білім алушының кәсіби сөйлеуін жеткізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
Қазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін басшылыққа алады. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын меңгереді. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын webex, zoom, skype платформаларын пайдалану арқылы кәсіби тұрғыдан (модерация, жобалау) үйретеді. Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын жасайды. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің орындалуын талдайды. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Химияны оқыту әдістемесі
Оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін үйретеді. Оқыту мен бағалаудың жоспарларын жасайды. Химия пәндерін оқыту барысында алған білімі мен дағдыларын қоладануға машықтанады. Білім бағдарламаларын талдайды, химияны оқыту барысында педагогикалық әдістерді қолдануға бағыттайды. Химиядағы зертханалық жұмыстарды жасауға бейімдейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Виртуальды зертханалық тәжірибелерді пайдалану
Виртуалды зертхана, электронды жаттықтырғышты оқулықпен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған қосымша оқу құралдарымен сәйкестендіріп, сабақ методикасын дербес құрылымдауға үйретеді. Анимацияланған интерактивті стимуляторларды бақылау және ғылыми сынақ жүргізуіне жол ашады. Виртуалды зертханаларды жасап машықтануға бейімдейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Бағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін айқындайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын қарастырады. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдарын сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратуды түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын қарастырады. Қазіргі заманғы тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтайды. Тәрбиелік жүйенің оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік бағыттарын меңгертеді. Педагогикалық қолдау тактикасын кәсіби қызметінде пайдалана алады. Мектеп пен сыныптың6 оқушы мен отбасының өзара әркеттестігін ұйымдастыруда алуан түрлі формаларды жоспарлауды үйретеді. Балалар ұжымын дамытуда тәрбие жұмыстарының стратегиясын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Физикалық химия
Физикалық химияның негізгі түсініктерін және заңдарын, функцияларын, тепе-теңдік жүйелерін үйретеді. Ерітінділер мен дисперсті жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттерін ажыратуға бейімдейді. Химия курсын оқтуда, есептер шығаруда, зертханалық жұмыстарда, жобалар жасауға бағыттайды. Пәннің заманауи мәселелерін талдуға, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
"Мәңгілік Ел" құндылықтары және рухани жаңғыру
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың жаңғыруы мен заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге бағыт-бағдар береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар қалыптастырады және түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолдануды үйретеді. Білім беру ұйымдарындарының қызметкерлері мен балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химиялық технология
Химиялық технология химиялық өндірістердің ғылыми принциптерін, олардың тиімді қолдануын үйретеді. Табиғи шикізаттарды : көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш т.б. заттардың химиялық жолдар арқылы тұтыну, өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық әдістері мен процестерін талдайды. Өндіріс қалдықтарын пайдалану, минералды ресурстар және құймаларды өндірісте алудың тәсілдерін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химия сабағында көрнекі құралдар дайындау
Химия пәнін оқытудың әдістері : бейне әдісі (диапозитивтер, оқу фильмдері, макеттер, көлемдік символикалық иллюстрация, демонстрация, карта, схема, молекула мен иондардың модельдерін жасаудың тиімді жолдарын үйретеді. Білімгерлерге химиялық анықтамаларды түсіндіруді жеңілдетіп меңгертеді. Көрнекі құралдарды дайындау мен сабақта пайдалануға дағдылайды. Жаңартылған білім бойынша оқыту барысында көрнекі құралдарды қолдануға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жастар саясаты
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химиялық термодинамика
Химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру , булану, кристалдану) және заттардың термодинамикалық қасиеттерінің құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін үйретеді. Химиялық термохимия, химиялық тепе-теңдік және ерітінділер, электролиттер, электродты потенциалдар, беттік құбылыстар теориясын талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Элементтерді айқындау әдістері
Элементтерді сандық және сапалық анализдеудің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, спецификалық жеке реакциялардың жүру жағдайларын түсіндіреді. Гравиметрия, титриметрия, хромотографияны сипаттайды Элементтерді бөлу, концентрлеу, анықтау, күрделі заттарды талдау әдістеріне, олардың мүмкіншіліктері мен кемшіліктерін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері
Сәулелену, заттардың өзара әрекетесуі, электромагнитті толқындардың таралу заңдылықтарын, молекулалардың құрылымын анықтауды үйретеді. Ультракүлгін сәулелер, магнитті резонанс, хромотография әдістерін талдайды. Физикалық зерттеулерге анализ жасайды. Мектептегі химияда химиялық заттарды, физикалық сипаттама беруге, физико-химиялық есептер шығаруға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тыңайтқыштар химиясы
Химиялық тыңайтқыштардың түрлерін, оларды дұрыс пайдалануды, өнімнің сапасын жақсартуды үйретеді. Органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштарды жіктейді. Агрегаттық күйіне қарай қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) тыңайтқыштарға талдау жасайды. Топырақтың құнарлылығын химиялық элементтермен байытудың, ауыл шауашылығы дақылдарының сапасын, түсімін арттыру жолдарына эксперименттер жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дінтану
Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық хат
Ғылыми-зерттеу жұмыстарды, рефератты, эссе, дипломдық жұмыстарды еркін жазуға бейімдейді. Зерттеу тақырыбын таңдайды және мәселені анықтайды. Дипломдық жұмыстарда қандай да бір проблемалық сұрақты шешуге бағыттайды, маман ретінде оны шешудің жолдарын үйренеді. Зерттеу әдісі, зерттеу сұрағы, өзге авторлар пікірін қолдану, талдау жасау, сыни пікір білдіру, құрылымын сақтаудың күрделі мәселелерін шешуге бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кристалды химия
Химиялық заттардың молекулалық құрылысын, кристалдық заттардың өріс теориясын мен лигандтардың өріс теориясын түсіндіреді. Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтарын үйретеді. Заттар құрылысының маңызды сипатына, сол заттарға кіретін атомдар мен иондардың координаттық сандарын сипаттайды. Мектептегі химияның зерттеу жұмыстарында қолдана алуға және ғылыми жобалар ұсынуға дағдылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Беттік құбылыстар
Шекаралық қабаттағы беттік энергияны, беттік қабат молекулаларының белсенділігін, олардың құрылымы мен құрам ерекшеліктерін қарастырады. Когезия, адгезия, жұғу және үйкеліс құбылыстарын жіктейді. Жылу алмасу, масса алмасу процестерінің (еру, булану, қоюлану, кристалдану, коррозия, т.б.) жылдамдығын, бөліну бетінің шамасы мен қасиетіне байланыстылығын айқындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химиядан есептер шығару әдістемесі
Химиялық есептерді шығаруға арналған жалпы әдістемелік талаптарды, дидактикалық принциптерді жүзеге асыру, талдау, шығару жолдарын үйретеді. Химиядағы эксперимент түрлерінің ролін түсіндіреді.Оқушыларға есептер шығаруды үйретуде білім мен біліктілікті қалыптастырады және өз беттерінше жұмыс жасауға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коллоидты химия
Коллоидты қосылыстар жүйелерінің табиғатта маңызын, жүйелердің жіктелуін үйретеді. Катализ туралы ұғымдар мен каталитикалық жүйелердегі катализатордың белсенділігін түсіндіреді. Ультрамикроскопия , электрондық микроскопия, ультрацентрифугирлеу (сүзу), электрофорез әдістеріне талдау жасайды. Күрделі қосылыстарды айқындайды, коллоидты түрлерін ажыратуға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектеп оқушыларына арналған химия бойынша олимпиадалық есептер
Жалпы химия курсындағы есептеулердің негізгі типтерін үйретеді. Мектептегі химияның есептер шығару әдістерін меңгертеді. Формуланы қолданып және алгебралық тәсілдермен есептер шығаруға дағдылайды. Базалық білім берудің әртүрлі саласында дамытушылыққа, халықаралық жарыстардың шарттары мен оларды шешудің жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық анализ
Қышқылдар мен негіздердің теориясын, химиялық жүйеде гомогенді және гетерогенді тепе-теңдік теорияларын қарастырады. Химиялық заттарға сандық, сапалық, физика-химиялық анализ жасауды үйретеді. Мектептегі химиялық зерттеулерде заттардың құрамы мен қасиеттерін анықтайды. Химиялық заттарға сандық және сапалық анализ жасайды, білім беру саласында қолдануға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық экология
Химиялық экология -қоршаған орта мәселелері мен концепцияларын, табиғи ортадағы ластағыш заттар айналымының химиялық негіздерін үйретеді. Табиғаттағы қосылыстардың айналымы туралы түсіндіреді.Заттар айналымы туралы сараптама жасайды. Табиғи ортада әртүрлі ластағыштардың күйін болжайды, олардың таралуын бағалайды.Қоршаған орта сапасының және химиялық заттардың уыттылық дәрежесінің нормативтік көрсеткіштерін сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектепте химияны оқытудың инновациялық әдістері
Мектепте химияны оқытудың инновациялық әдістері Білім беру саласынағы химияны оқытудың жаңа инновациялық әдістер курсын үйретеді. Химияны оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын түсіндіреді .Инновацияның нәтижелерін бақылау, даралап, топтап, бағдарламалап және модульдеп оқыту саласында қолдануға дағдылайды. Оқытудағы компьютерлік технологияларды, оқытудың жаңаша мазмұны мен құрылымдарын пайдалануға бейімдейді. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Мектептегі химиялық зерттеу жұмыстарын, шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарын үйретеді. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына дағдылайды. Мектеп оқушыларының ғылыми- зерттеу және эксперименттік жұмыстармен айналысуын талдайды. Химия саласында шығармашылық қасиеттерге, өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биохимия
Организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделу жолдары мен заңдылықтарын, молекулалық құрамын меңгереді. Ағзадағы заттар алмасуын түсіндіреді. Тіршілік әрекетінде пайда болатын биохимиялық құрылымдарды түсіндіреді. Заттар алмасуы, метоболизм процестеріне талдау жасайды. Анаболизм және катоболизм процестерін ажырата сипаттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Комплексті қосылыстар
Жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамдас заттардың күрделі кристаллогидраттар, аммиакаттар, ашутас қосылыстарын түзетінін қарастырады. Қосылыстарға химиялық талдау жасайды, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алу, тазарту жасауға үйретеді.Жеке компоненттердің тіркесінен түзілген кристалдық күйде, еріген күйде болатын күрделі иондар мен молекулалардың құрамды қосылыстарына анализ жасайды. Жай және күрделі заттарды ажыратуға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Минералогия
Қазақстанның жер қойнауындағы минералдарды заттардың, олардың құрамын, қасиетін, шикізат кендерін іздеу, барлау, бағалау, байытудың ғылылыми негіздерін түсіндіреді. Минералды заттардың халық шауашылығына ендіру жолдарына талдау жүргізеді. Минералдық шикізатты кешенді пайдалануға, одан алынатын заттардың сапасын жоғарылатуға бағытталған ғылыми жұмыстарға анализ жасайды. Кен орындарының технологиялық, минералогиялық картасын жасауға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кванттық химия
Қазіргі теориялық химияның негізін қалыптастырады, химиялық жүйелерді және реакцияларды сипаттаудың кванттық-механикалық әдістерімен таныстырады. Кванттық химияның негізгі заңдылықтарын түсіндіреді. Есептерді шешу үшін кванттық химияның теориялық және есептеу әдістерін қолдану принциптерін сипаттайды. Физика-химиялық есептеулерді жүргізуде кванттық химия негіздерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық заттардың химиялық синтезі
Органикалық заттардың күйін, реакциялар мен реагенттердің классификациясын түсіндіреді. Индукциялық эффектілер, таутомерлік эффектілер, гиперконьюгация, ауыспалы күй теориясын үйретеді. Органикалық синтез жолымен табиғи газдар, мұнай өнімдері, тас көмір, битумды және жанғыш тақтатастар, целлюлоза, пластмасса т.б. заттардың синтездеп алу жолдарына талдау жасайды. Химиялық қосылыстарды синтездеуде заманауй жобалар жасауға бейіидейді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Беттік активті заттар
Беттік активті заттардың еру кезінде еріткіштің беттік керілуін төмендететін заттардың құрылысы мен қасиеттерін үйретеді. Беттік активтік заттарды, сұйық пен газдың, сұйықтардың бөліну бетіндегі адсорбцияларды талдайды. Беттік активтік заттарды - тоқыма өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, мұнай алуда, полимерлік материалдарды өндіруде, медицинада, парфюмерлік өндірістерде қолдануға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бейорганикалық заттардың химиялық синтезі
Бейорганикалық заттардың, негіздердің, тұздардың, фосфор қосылыстары, карбидтер мен силикатты материалдардың қалдықсыз технология өндірісін ұйымдастырудың жалпы заңдылықтарын үйретеді. Фазалардың жанасу шегінің ерекше қасиеттері мен дисперсті жүйелердің түзілу жолдарын, молекула-кинетикалық, оптикалық, электробеттік қасиеттерін түсіндіреді. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы мен ыдырауына олардың қасиеттеріне талдау жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
Химия курсындағы есептеулер, бақылау, бағалау, есептер құрастыру, заманауи химияның заңдылықтарын үйретеді. Химиялық қосылыс заттарын алу және қолдану тәсілдерін талдайды. Химиялық эксперименттер жүргізуде, көрнекіліктер дайындауда, практикалық жұмыстар жасауда қолдануға машықтандырады. Өз беттерінше эксперименттер жүргізуге бағыттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұрмыстық химия (Minor)
Тұрғын үй және тұрмыстық тауарлардың алыну жолдарын үйретеді. Тұрмыстық өнімдер, синтез, химиялық өзгерістерден алынған материалдарды жіктейді. Негізгі тұрмыстық бұйымдар: жуғыш заттар, бояу өнімдері, желімдер, косметика, тыңайтқыштар, кондиционерлер, стимуляторларларға анализ жасайды. Тұрмыстық заттардың химиялық құрамдарын анықтауға бейімделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы
Полимерлердің химиялық құрылысын, жіктелуі мен қасиеттерін үйретеді. Жоғары молекулалы қосылыстардың табиғи, жасанды, синтетикалық түрлерін ажыратады. Күрделі қосылыстар молекуласының негізгі қасиеттеріне талдайды. Шикізат өндіруде, өндіріс орындарында қоладануға бейімдейді. Жоғары молекулалы қосылыстардың байланыстарына эксперименттер жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Электрохимия негіздері (Minor)
Электрохимиялық үдерістердің негізгі заңдары мен заңдылықтарын түсіндіреді. Электроқозғаушы күштер және электродтық потенциалдар айырмасын үйретеді. Электрохимиялық реакциялардың термодинамикасы мен кинетикасына сипаттайды. Физико-химиялық реакциялар жасауда қолдануға бағыттайды. Электрохимияда, спектрометрияда ғылыми жобаларды талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қоршаған орта химиясы
Қоршаған орта мәселелері мен концепцияларын, табиғи ортадағы ластағыш заттар айналымының химиялық негіздерін түсіндіреді. Табиғи жағдайдағы химиялық қосылыстардың түрлерін жіктейді. Заттар айналымы туралы сараптама жасайды. Табиғи ортада әртүрлі ластағыштардың күйін болжауға, таралуы мен қосылыстар құндылығын бағалауға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Органикалық заттар химиясы
Органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктікте орналасуын және химиялық реакция механизмдерін меңгертеді. Органикалық заттар химиясы мен тірі организмдердегі биохимиялық процестерді анықтауға, химиялық заттар ситезінің тиімді жолдарын табуға дағдылайды.. Күрделі органикалық заттардың құрылымын анықтауға эксперименттер жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химия-педагогикалық зерттеулердің негіздері
Химия – педагогикалық әрекетті зерттеулердің технологиялары бойынша фундаментальды сұрақтарды теориялық жасақтау арқылы түсіндіреді. Химиядан - педагогикалық сұрақтарға жауап беру негіздемелерін үйретеді. Химиялық үдерістердің негізгі заңдарын, катализдік технологияны практикалық тұрғыдан фундаментальды сұрақтарды қанағаттандыратын үрдістерді бағалайды, ажыратуға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Органикалық заттардың құрылымын анықтау әдістерін сипаттайды және жүйелендіреді. Химиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін қалыптастырады. Электрохимиялық процестердің жіктелуін жүйелейді, химиялық реакциялардың кинетикасы мен катализін зерттейді.
- Химияны оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың маңызын саралайды. Тиімді жаңа инновациялық әдістерді таңдайды. Критериалды ойлауды дамыту үшін олимпиадалық есептерді сыни бағалайды. Мектепте химияны оқыту процесінде есептік есептер мен оларды шешу әдістерінің рөлін сипаттайды. Химияны оқыту барысында заманауи әдістер мен технологияларды игереді және қолданады. Практикалық қызметте тәрбие жұмысының тиімді әдістерін қолданады. Табиғи ортадағы ластаушы заттардың экологиялық проблемалары мен айналымдарын түсіндіреді. Алған теориялық білімдері мен дағдыларын тәжірибеде көрсетеді.
- Бейорганикалық химияның теориялық негіздерін және бейорганикалық қосылыстар сыныптарын қарастырады. Периодтық жүйе элементтерінің химиялық заңдылықтарын және сирек және радиоактивті элементтердің қасиеттерін көрсетеді. Органикалық заттардың жіктелуін түсіндіреді. Алифатикалық қосылыстардың қасиеттерін және олардың туындылары мен оларды алу әдістерін талдайды. Молекулалардың құрылысын біледі және органикалық қосылыстардың стерео жасауын орнату үшін тәжірибелік әдістерді қолданады. Жаңа органикалық қосылыстарды алуда және органикалық химияны дамытуда органикалық синтездің рөлін бағалайды.
- Аналитикалық химияның теориялық негіздерін қорытындылайды және заттардың химиялық құрамын анықтау кезінде оның мәнін жүйелейді. Физикалық әдістердің теориялық негіздері мен жіктелуін түсіндіреді және зерттеу әдісін таңдау критерийлерін бағалайды. Химиялық заттарға талдау жүргізу әдістемесін сипаттайды. Кешенді қосылыстардың құрылымын, номенклатурасын, кешен құрушының құрылымын, лигандтар мен координациялық сандарды білімін көрсетеді. Тұрмыстық химиядағы химиялық заттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін талдайды
- Жастар саясатын жүзеге асыру тетіктерін біледі, "Мәңгілік Ел" саясатының рухани құндылықтар жүйесінің мәнін түсінеді, діннің дамуының негізгі кезеңдерін, оның қазіргі әлемде қызмет ету үрдістерін талдайды, дәстүрлі емес діннің ерекшеліктерін ажыратады. Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде өндірістік персонал мен халықты қорғаудың әдістері мен құралдарын пайдаланады
- Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасын сипаттайды. Беттік-белсенді заттардың құрамын құрылымдайды. Оқыту процесінде химиялық эксперименттің жіктелуін, рөлі мен орнын сипаттайды және оларды моделдеуді жоспарлайды. Мектепте ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі мен ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып оны жүргізуді жоспарлайды.
- Сандық талдау әдістерінің жіктелуін және сандық талдаудағы реакцияларға қойылатын талаптарды сипаттайды . Оқу үрдісінде элементтерді анықтау әдістерін жіктейді және талдайды. Химиялық реакциялардың өтуінің негізгі заңдылықтарын және кристалды құрылымдарды моделдеуді қарастырады.Минералогияның даму кезеңдерін, оның басқа ғылымдармен байланысын және оның халық шаруашылығы үшін маңыдылығын негіздейді. Бейорганикалық қосылыстардың барлық сыныптары үшін синтездің әр түрлі түрлерін жүргізуді жоспарлайды.
- Мемлекеттің тарихи негіздерін сипаттайды және жалпы әлемдік мәдени кеңістік жүйесіндегі орнын бағалайды. Мәдениетаралық-коммуникативтік, оқу-әдістемелік және кәсіби қызметте коммуникативтік дағдыларды үш тілде жүзеге асырады. Ақпараттық кеңістікке еркін икемделеді, ақпараттық-коммуникациялық құралдардың түрлері мен типтерін жіктейді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің рөлін бағалайды, сыбайлас жемқорлық құбылысының мәнін түсінеді,сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық ретіндегі жауапкершілік шараларын біледі.
- Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын негіздейді және тәжірибеде қолданады. Мектеп педагогикасының негізгі ережелерін түсіндіреді, білім беру менеджменті стратегиясының мәнін, мақсаттары мен міндеттерін сипаттайды. Кәсіби қызметте критериалды бағалау бойынша білімді қолдану тәсілдерін сараптайды. Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негіздерін дәлелдейді.
- Физикалық химия және химиялық термодинамика негіздерін жалпылайды. Технологиядағы коллоидтық ерітінділердің және коллоидтық химиялық процестердің қасиеттерін интеграциялайды. Адсорбциялық теорияларды, қатты адсорбенттердің адсорбциясын дәлелдейді. Химиялық технологияның мазмұнын және химия мұғалімдерін дайындау кезінде оны зерттеудің маңыздылығын бағалайды. Химиялық тыңайтқыштардың әртүрлі түрлерін және оларды оңтайлы пайдалану әдістерін талдайды. Кванттық химияның қазіргі химияның теориялық негізі ретіндегі рөлін дәлелдейді. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін виртуалды зертханаларды қолданудың рөлін бағалайды.
- Кәсіби тілдік лексиканы қалыптастырады, оқушылардың коммуникативтік-сөйлеу құзыреттілігін арттырады. Педагогикалық қызметтің проблемалық мәселелерін зерттейді және талдайды. Практикада өзіндік және зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қолданады.
- Организмдердің химиялық құрамын, биохимиялық қосылыстарды синтездеу тәсілдерінің заңдылықтарын, олардың қасиеттері мен функцияларын ашады. Оқу үрдісінде химия-педагогикалық зерттеулердің рөлін, мәнін және қолдану қажеттілігін дәлелдейді. Қазіргі заманғы технологияларда электрохимиялық құбылыстарды пайдалану мәнін бағалайды.