Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B02105 Халық аспаптары в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

  • Фортепианолық ансамбль 2

    Жалпы музыкалық мәдениетті, парақтан, техникалық аппараттан еркін оқу дағдыларын дамыту, музыкалық терминологияны оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 1
  • Мамандық

    Дәстүрлі күйшілікті қалыптастыра білу. Орындаушылық мектептерді түсіну. Күйшілік мектептердің стильдік ерекшеліктерін сезіне білу. Шетел классиктері және қазақ композиторларының шығармаларын орындай білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Аспаптану

    Дәстүрлі музыкалық аспаптардың түрлерін, сипатын, құрылымын, дыбыс тембірін түсініп, ажырата білу. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптар түрлерін ансамбльде дұрыс қолдана білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Фортепиано 1

    Студенттің таңдауы бойынша фортепианода орындаушылық дағдыны тәрбиелеу. Шетелдік және қазақстандық композиторлардың фортепианолық әдебиетімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Сольфеджио

    «Әуендік», «Үндестік», «Полифониялық» және «Тембрлік» есту қабілетін дамыту, түрлі стильдік музыкалық үн өнерінің барлық элементтерін есту қабілетімен анықтап, айыра білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ансамбль

    Ансамбль құрамында орындаушылық шеберлікті арттыра білу. Ұжымдық орындаушылық шеберлікті түсіне білу. Ансамбльдегі аспаптардың дыбыс бояуларын ести отыра, құлақпен тыңдау қабілетін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Гармония

    Гармониялық тіл және оның құрылымы мен заңдылықтары. Қалыптасу түрлері мен көркемдік қасиеттері. Ладтық-гармониялық жүйелер. Гармонияның көркемдік конструктифтік маңызы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мамандық

    Дәстүрлі күйшілікті қалыптастыра білу. Орындаушылық мектептерді түсіну. Күйшілік мектептердің стильдік ерекшеліктерін сезіне білу. Шетел классиктері және қазақ композиторларының шығармаларын орындай білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Этносольфеджио

    Этносольфеджио –қазақ музыкасы, сольфеджио және талдау пәндерінің жиынтығы. Студенттің есту қабілетін қазақ фольклоры, ән және күй өнерінің ауызба ауыз жеткізу дәстүрінде қалыптастырып жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Фортепиано 2

    Студенттің таңдауы бойынша фортепианода орындаушылық дағдыны тәрбиелеу. Шетелдік және қазақстандық композиторлардың фортепианолық әдебиетімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Ансамбль

    Ансамбль құрамында орындаушылық шеберлікті арттыра білу. Ұжымдық орындаушылық шеберлікті түсіне білу. Ансамбльдегі аспаптардың дыбыс бояуларын ести отыра, құлақпен тыңдау қабілетін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Аспаптау

    Пәннің мақсаты аспаптанудың негізгі әдістері мен ережелерін меңгеру, музыкалық жанрға байланысты оларға оркестр құрамын және ансамбльге арналған шығарманы аспаптауға үйрету

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Музыкалық шығармаларды талдау

    Музыкалық шығарма түсініктемесі; Оның белгілері, морфологиясы; талдау әдістемесі. Музыкалық шығарманың формасы мен мазмұнының құрылымы..

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ансамбль партиясын оқу

    Ансамбль партитураларын талдау, транспозиция жасаудағы қарапайым әдістерді қолдана білуді оқушыға меңгерту, көпжолдық ноталық жазбаларды оқуға және ансамблдік дыбыстарды ести білуге дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оркестрдегі дирижерлық сетка

    Дирижердың қолы – шығарманың мазмұнына лайықты ерекшеліктерімен, өзіндік жұмыс істеу әдістерімен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Полифония

    Музыка-көркемдік тәсілдер жүйесіндегі полифония пәні. Полифониялық фактуралар мен оның түрлері. Қатаң және еркін жазудың айырмашылықтары мен ортақтығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мемлекет тарихы және құқық теориясы

    Заң ғылымының түсінігі, мәні және мазмұны. Құқық ғылымы жүйесіндегі заң және мемлекет теориясы. Мемлекет пен құқық қалыптасуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Құқық негіздері

    Аталған курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары, дамуы және қалыптасуы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Әлем музыка тарихы

    Еуропаға жатпайтын елдердің музыка мәдениеті. Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия елдері музыка мәдениеттерінің жалпы мінездемесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дәстүрлі орындаушылық

    Репертуар мазмұндылығын, жан-жақтылығын қалыптастыра білу. Күй қорын молайтуда орындаушылық мектептердегі белгілі тұлғалардың күйлерін үнтаспадан қабылдай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлемдік музыка есімдерде

    «Әлемдік музыка есімдерде» пәні болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың қажетті компоненті болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    «Кәсіби бағытталған шет тілі» - үздіксіз білім беру жүйесінде қажетті байланыстардың бірі және сол арқылы негізгі шет тілі курсын жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оркестрлік класс

    Оркестр құрамында орындаушылық шеберлікті білу. Ұжымдық орындаушылық шеберлікті түсіне білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымдарын білу. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өнер саласындағы менеджмент

    Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге, сонымен қатар мәдениет саласындағы ұйымдарды басқару қызметінің практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілi

    Курс LSP (арнайы мақсатқа, кәсіби бағдарланған қатынасқа арналған тіл) деңгейінде кәсіби қазақ (орыс) тілін меңгеру үшін шығармашылық мамандықтар студенттеріне арналған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оркестрдегі дирижерлық сетка

    Дирижердың қолы – шығарманың мазмұнына лайықты ерекшеліктерімен, өзіндік жұмыс істеу әдістерімен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкершілік қызметі негіздері

    Пәнді оқытудың негізгі міндеттері нарықтық экономика мен мемлекеттің экономикалық саясатын дамытудың объективті жағдайларымен негізделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

    Кәсіби орындаушылыққа үйрету бағытындағы әдіс- тәсілдердің негізгі қағидаларын білу. Құйма-құлақ әдіс-тәсілімен үйрете білу. Оқушының музыкалық қабілеттерін анықтай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жалпы дирижерлау

    Ұжымдық (оркестр, хор, ансамбль) басқарудың негізгі тәсілдерін, орындаушылық шеберлікті түсіне білу. Музыкалық шығарманың идеялық-көркемдік құндылығын аша білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дәстүрлі музыканы оқыту әдістемесі

    Пән, қазақ халқының дәстүрлі әншілік, күйшілік мектептерін толық қамтиды. Сонымен қатар, әншілік-күйшілік мектептердің ерекшеліктері мен орындаушылық әдіс-тәсілдерін жайында ақпарат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оркестрлік класс

    Оркестр құрамында орындаушылық шеберлікті білу. Ұжымдық орындаушылық шеберлікті түсіне білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дәстүрлі орындаушылық

    Репертуар мазмұндылығын, жан-жақтылығын қалыптастыра білу. Күй қорын молайтуда орындаушылық мектептердегі белгілі тұлғалардың күйлерін үнтаспадан қабылдай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Көне саз аспаптары

    Қазақтың ұлттық көне саз аспаптары, олардың ішінде: сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, құссайрауық, қамыс сырнай, бұғышақ, мүйіз сырнай т.б. жайында толық мағлұмат беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақтың музыкалық этнопедагогикасы

    Қазақ фолькоры және сал, сері, жыршы, күйшілердің ауызекі кәсіби шығармышылығының үлгілерін ауызша қабылдау, орындау негіздерін меңгеруге бағытталған практикалық пән

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

    Кәсіби орындаушылыққа үйрету бағытындағы әдіс- тәсілдердің негізгі қағидаларын білу. Құйма-құлақ әдіс-тәсілімен үйрете білу. Оқушының музыкалық қабілеттерін анықтай білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Орындаушылық шеберлігі

    Күй тарихына байланысты күйдің мазмұнын түсіну. Орындаушының белгілі күйші-композиторлар шығармашылығын салыстырмалы түрде қарастыру. Шығармаларды тиянақты орындауға қалыптастыра білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Орындаушылық өнер тарихы

    Көшпенділер мәдениетіндегі музыка туралы деректемелерді білу. Қазақ халқының музыкалық аспаптары және көне дәуірлердегі күйшілік өнер туралы білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актерлік шеберлік

    Бұл пәнде болашақ әншілерімізге тигізер пайдалы жақтары қарастырылған. Әншілер көп, нағыз әншілер аз. Ал әнді шеберлікпен орындау әркімнің қолынан келе бермейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігінің тренингтері

    Актерлік жұмыстың табиғатын меңгеру және түсіну. Актерлік мамандықтың негізгі заңдылықтары мен элементтерін тәжірибе жүзінде игеру және түсіну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Этнофольклорлық ансамбль

    Бұл пәннің мақсаты көне аспаптарды ансамбльге қосып оның ерекше тың дыбыстарын қолдану болып табылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Дәстүрлі музыканы оқыту әдістемесі 2

    Пән, қазақ халқының дәстүрлі әншілік, күйшілік мектептерін толық қамтиды. Сонымен қатар, әншілік-күйшілік мектептердің ерекшеліктері мен орындаушылық әдіс-тәсілдерін жайында ақпарат береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Этнопедагогика

    Ол әлеуметтік-педагогикалық үрдістерді, өзара қарым-қатынастарды, педагогиканың халықтық мәдени дәстүрдің қарым-қатынасын талдайды, ұлттық (этникалық) тәрбиенің ерекшеліктері мен үлгілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Фольклорлық ансамбль

    «Фольклорлық ансамбль» пәні қажетті практикалық дағдыларды меңгерту болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Қосымша аспап

    Бұл курс студенттерге басқа да музыкалық аспаптарды қолдана білу мақсатында жүргізіледі. Сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз аспаптарын дұрыс ұстау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық білім берудегі педагогика және психология

    Педагогика мен психология негіздерін сақтай отырып, музыкалық білім берудегі әдістің мақсаты мен міндетін білу. Музыкалық білім берудің біртұтас жүйелілігін түсіне білу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Музыкалық шығармашылықтың психологиясы

    Музыкалық шығармашылық психологиясының кәсіби білімін қалыптастыру, музыкадағы шығармашылық үдерістің психологиясын дамыту механизмдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Күй аңыздарының тақырыптық ерекшеліктері

    Пәнде халық және халық композиторларының домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалатын аңыз күйлер қамтылған. Күйлердің аңыздары мен олардың тақырыптық ерекшліктері жайында айтылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Қазақ музыка фольклоры

    Қазақтың көне фольклорлық жанрларын білу. Қазақ музыкасының негізі болып саналатын фольклорлық жанрлардың маңызын түсіне білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орындаушылық өнер тарихы

    Көшпенділер мәдениетіндегі музыка туралы деректемелерді білу. Қазақ халқының музыкалық аспаптары және көне дәуірлердегі күйшілік өнер туралы білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дәстүрлі музыка мен фольклор

    Пәннің негізгі мақсаты - қазақтың дәстүрлі фольклордың музыкалық жанрларымен таныстыру, әрі түркі халықтарының алуан түрлі музыкалық аспаптары мен ән дәстүрлерінен түсінік беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна мәдениеті

    Сахна мәдениеті, сахнадағы жүріс-тұрысты меңгеру. Әннің образын аша білу. Сахнадағы қобалжуды, эмоцияны бағындыра білу жолдары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Күй аңыздарын талдау

    Аңыз күйлер туралы ұғым. Көне аңыз күйлері жайлы білу. Аңыз күйлерінің тарихи кезеңдерін білу. Тұрмыс-салттық күйлердің аңыз-әңгімелерін талдай білу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Көне саз аспаптары

    Оларды меңгеру арқылы студентке қазақ саз аспаптарының қатарын көбейту, репертуарын толықтыруды үйрету. Дамыту жолдарын жан-жақты қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орындаушылық шеберлігі

    Күй тарихына байланысты күйдің мазмұнын түсіну. Орындаушының белгілі күйші-композиторлар шығармашылығын салыстырмалы түрде қарастыру. Шығармаларды тиянақты орындауға қалыптастыра білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс музыкасы

    Курс студенттің ой-өрісінің жан-жақты болуына баулиды. Ежелгі Шығыс елінің мәдениеті мен өркениетінің дамуы туралы ұғым алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілі

    Тілдің жалпы нормаларын сөйлеу техникасын меңгеру. Сахналық сөйлеудің қағидалары мен түрлерін меңгеру. Түрлі тілдерді интонациялау өнерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Фольклорлық ансамбль

    «Фольклорлық ансамбль» пәні қажетті практикалық дағдыларды меңгерту болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Этнофольклорлық ансамбль

    Осы оқу барысында студенттер тәжірибе жинақтайды және орындаушылық дағдыларды концерттік практикада қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шығыс халықтарының дәстүрлі музыкасы/

    Шығыс халықтарының мәдениетінің тарихы, музыкалық аспаптары және ән дәстүрімен таныстыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қосымша аспап

    Бұл курс студенттерге басқа да музыкалық аспаптарды қолдана білу мақсатында жүргізіледі. Сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз аспаптарын дұрыс ұстау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ музыка тарихы

    «Қазақ музыкасының тарихы» пәні рухани-эстетикалық тәрбие берумен қатар студенттерде жоғары көркемдік талғам мен қазақ музыкасындағы әр дәуірдің өзіндік қолтаңбасын сезіп түсінуге жол ашу нәтижесінде

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Аэробика

    Аэробика пәні пластика өнерінде сұлулықпен сымбаттылықты музыканың ырғағында машықтану әдістемесі бойынша жаттығулар түзу мен сахна өнеріне қолдану тәсілдерін оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ауызша дәстүрдегі зерттеу әдістемесі

    Қазақтың ауызша дәстүрін зерттеудегі әдістемелердің түрлерін білу. Қазақтың ауызша дәстүріндегі фольклор жанрларын зерттеу әдістемелерін түсіну.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу практикасы

    Ғылыми (музыкатану) әдебиеттермен жұмыс істеу әдептері, оны конспектілеу, дипломдық рефераттың тақырыбы бойынша музыкалық материал мен әдебиеттерді іздеу, саралау, т.б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық этнографиялық тәжірибие

    Курс – музыкалық материалдарды жинақтау, жүйелеу фольклорлық экспедициядан және картаға түсіру жұмысынан құралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық-архивтік практикасы

    Бұл практика музыкалық материалды архивациялау машықтарды игеруіне бағытталған, яғни, ескі дыбыс жазбаларын жаңа электорондық таспаларға қайта жазу, дәстүрлі музыканы жүйелеу, картографиялау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сахна қозғалысы

    Дайындалатын, дамытатын және пластикалық тренинг. Сценалық акробатика. Сценалық секіру. Серіктестердің өзара қатынасы. Кеңістік, уақыт, темпо-ритм.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен өнері

    Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен өнері» пәнін дәріс циклі мен практикалық сабақтары (видео, аудиоматериалдарды көру, тыңдау, меңгеру)

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Күйді ноталау

    Үн таспаларда жазылған дәстүрлі орындаушылардың (аспаптық) музыкасын нотаға түсіру және баспа бетіне дайындау (әр жанрдағы фольклорлық экспедиция материалдарынан).

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақтың дәстүрлі мәдниетінің ерекшеліктері

    Пән, қазақ халқының дәстүрлі музыка мәдениетінің, әншілік, жыршылық, күйшілік өнері мен салт-дәстүрлеріның ерекшеліктері жайында мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми зерттеулерді іздестіруді орындай білу керек, Ғылыми зерттеудің тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау бойынша әдістемелік әзірлемелермен танысу

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Фольклортанудың әдістемесі мен практикасы

    Курстың мақсаты – халық шығармашылығын жинау, жүйелеу, зерттеуді көздейтін музыкалық-этнографиялық пәнінің (фольклористика) әдістемесімен және тәжірибесімен танысу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауызша дамыған қазақтың дәстүрлі музыкасы

    Пән халқымыздың дәстүрлі музыка жайлы студенттің білім көкжиегін кеңейтіп, қазақ музыкасының әлемдік деңдейде дамуындағы тұтас тарихын ашып көрсетуді көздейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Концерттік шеберлік 1

    Жоғары көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды игеру. Концерттік орындаушылық шеберлікті шыңдау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Концерттік орындаушылық

    Жоғары көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды игеру. Концерттік орындаушылық шеберлікті шыңдау. Дәстүрлі орындаушылық мектептерді, оның тұлғаларының шеберлік негіздерін игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Компьютерде нота теру

    Компьютерде ән-күйлерді нотаға тере білу. Музыкалық шығармаларды нотаға теру (компьютерде) қағидаларын меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Концерттік шеберлік 2

    Концерттік орындаушылық шеберлікті шыңдау. Дәстүрлі орындаушылық мектептерді, оның тұлғаларының шеберлік негіздерін игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Кітапханалық-музыкалық тәжірибе

    Әдеби- және музыкалық-редакторлық практика дәстүрлі орындаушының келешек кәсіби қызметінде қажет – БАҚ, радио, ТВ орындарында және музыкалық-этнографиялық жинақтарды құру жұмысында

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Концерттік номерге дайындық

    Орындаушылық деңгейіне байланысты концерттік репертуарын қалыптастыра білу. Жеке көркемдік талғам мен шығармашылық ізденістің маңыздылығын түсіне білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шығармашылық жоспарды әзірлеу

    Пән, болашақ өнерпаздардың шығармашылық жұмыстарын жоспарлау, жүзеге асыру жолдарын үйретеді. Студенттердің өз шығармашылығын дамыту мәселелері жайында ақпарат береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығармашылық жобаны дайындау

    Коммуникативтік және ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Әр түрлі ақпараттар көздерімен жұмыс істеу қабілетін арттыру. Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізудегі таным қабілетін анықтау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Концерттік орындаушылық 1

    Жоғары көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды игеру. Концерттік орындаушылық шеберлікті шыңдау. Дәстүрлі орындаушылық мектептерді, оның тұлғаларының шеберлік негіздерін игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Концерттік репертуар

    Пән, дәстүрлі музыка мәдениетіндегі халық және халық композиторларының күйлері мен әндерін, олардың орындаушылық ерекшеліктерін игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орындаушылардың концерттік репертуарының қалыптасуына ықпал етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Әдеби және музыкалық-редакторлық тәжірибе

    Пән, орындаушылардың әдеби және музыкалық мәтіндерге редакция жасауға, шығармашылық еңбектерін, әдеби-музыкалық кітаптарын құрастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Концерт алды дайындық

    Пән, орындаушының бойындағы концертке деген психологиялық жауапкершілігін арттырады. Концерт бағдарламасын құру, сахнадағы өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Күй қоры

    Орындаушылық деңгейіне байланысты концерттік репертуарын қалыптастыра білу. Жеке көркемдік талғам мен шығармашылық ізденістің маңыздылығын түсіне білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • Аспапта орындаушылық шеберлігін қалыптастыру, актерлік шеберлік негіздерін қолдана білуге қабілетті.
  • Компьютерлік музыкалық программаларды меңгере білуге қабілетті
  • Концерттік орындаушылық өнерді меңгеру және сахна қозғалысы техникасын қолдана білуге қабілетті.
  • Ғылымға негізделген теориялық дағдыларын тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті.
  • Дәстүрлі күйшілік мектептердің ерекшеліктерін, оркестр, ансамбль шығармаларын орындау барысында кәсіби мүмкіншіліктерін қолдана білуге қабілетті.
  • Әр кезеңдегі музыканың тарихын, дамуын меңгеруге қабілетті.
  • Музыкалық білім беруде педагогиканың қолданылатын әдістерін меңгеріп, қызметте жүзеге асыруға қабілетті.
  • Шығармашылық жобаларды, концерттік бағдарламаларды дайындай білуге қабілетті.
  • Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын білуге және кәсіби қарым-қатынаста мәдени сөйлеуге қабілетті
  • Аспапта орындаушылық өнердің, аспаптау мен аспаптанудың негізгі қағидаларын меңгеру және оны тәжірибеде қолдана білуге қабілетті.
  • Музыкадағы теориялық білімді орындаушылықта қолдануға қабілетті
  • Музыкалық фактураның типтерін, полифониялық фактураның түрлерін, олардың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін білуге және түсінуге қабілетті.
Top