Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B02134 Музыкалық театр артисі в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

  • Хор өнері ІV / Музыкалық аспап (түрлері бойынша) ІV

    Хор орындаушылық негіздері сақтай отырып, өз партиясын хор шығармаларында орындау. Бағдарламамен жұмыс: гаммалар, арпеджиолар, аккордтар; полифониялық шығарма; күрделі формадағы шығарма, репертуарды эскиздік тұрғыда игеру; әуенді есту арқылы тере білу

    Несиелер - 3
  • Балама Хор өнері ІII / Музыкалық аспап (түрлері бойынша) ІII

    Хор үндестігі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер және орындаушылық мәдениет. Әртүрлі жанрдағы, стильдегі, формадағы шетел, орыс, қазақ классикалық композиторларының шығармаларын үйрену.

    Несиелер - 3
  • Музыкалық аспап I

    Музыкалық аспапта ойнауға машықтану. Вокалдық шығармаларды орындауда музыкалық аспапты қолдану. Нота мәтінін, орындалатын шығарманы талдай білуге, қағаз бетінен оқуға машықтану.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 1
  • Вокалдық ансамбль ІІ

    Оқу репертуарын орындауды әрі қарай жетілдіру. Жеке және ансамбль мүшелерімен репетициялық жұмыс жүргізу тәсілдері. Шығарманың музыкалық бейнесін жеткізу үшін ансамбль партитураларын меңгеру тәсілдерін үйрену.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 1
  • Тарихи-тұрмыстық би негіздері практикумы

    Би элементтерін, әр түрлі дәуір, стильдер мен этикетін орындау, костюмдердің, аксессуарлардың ерекшеліктерін және олардың қозғалыс сипатына әсерін, драмалық спектакльдерде қолдана білу.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 2
  • Музыкалық аспап IІ

    Аспаптар түрлеріне байланысты (фортепиано, синтезатор, домыбра) орындау ерекшеліктері. Нотаны бірден оқу және орындаушылық қабілеттерін жетілдіру. Шығармаларды мәнерлеп, динамикалық белгілерді сақтап орындау.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 1
  • *Актер шеберлігінің негіздері I

    К.С.Станиславский жүйесінің негізгі қағидалары. Сахнадағы органикалық әрекеттер элементтерін игерудің бастапқы практикалық сабақтары. Актерлік аппаратты дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау негіздері І

    Ансамбльдік ән салудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Ансамбльдегі тыныс алу жұмысының қағидалары. Ансамбльде диапазондағы әртүрлі регистрлерді бірыңғайға келтіру. Нюанспен жұмыс істеу, ырғақтық біркелкілікті сақтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Фортепиано І

    Фортепиано – музыкалық пәндердің құрамдас бөлігі ретінде. Білім алушылардың музыкалық-орындаушылық мәдениет дағдыларын қалыптастыру. Болашақ актерлердің жалпы музыкалық дамуы, әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалармен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің негіздері

    К.С.Станиславский жүйесінің негізгі қағидалары. Сахнадағы органикалық әрекеттер элементтерін игерудің бастапқы практикалық сабақтары. Актерлік аппаратты дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Жеке ән салу І

    Дауыс түзу үдерісінің заңдылығы мен ерекшеліктері, вокалдық, вокалдық – техникалық дағдылардың қалыптасуы мен әрі қарай дамуы. Вокалдық жаттығуларды, вокализдерді (сөзсіз әуен) әртүрлі буындармен орындау (легато, нон легато).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Классикалық би негіздері

    Классикалық биден станок жанында, зал ортасында орындалатын қимылдар комплексі. Болашақ актерлердің дене аппаратымен жұмыс істеудің негізгі ережелері. Бұлшық еттерді бекітудің, координацияның, бастапқы музыкалық сезінудің формасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сахна қозғалысының негіздері I

    Денені, қол, аяқ, басты дұрыс орналастыру. Демді қалыпқа келтіру жаттығулары. Музыкалық – ырғақтық жаттығулар. Координация: доптармен, таяқтармен жаттығулар, имитацияланған заттар арқылы қозғалыстар жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Сахна тілі негіздері I

    Сахна тілін оқытудың негізгі қағидалары; болашақ актерлердің сөз және дауыс мүмкіндіктерін дамыту; интонациялық және орфоэпиялық міндетті тәрбиелеу; нақты және стильдік табиғатын меңгеру үдерісіне үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Тарихи-тұрмыстық би негіздері

    "Тарихи және тұрмыстық би негіздері" курсы батыс Еуропалық қоғамның тарихи дамуының әртүрлі тарихи дәуірінен күнделікті бидің стилистикалық ерекшеліктерін меңгеру; тарихи би техникасын меңгеру, тарихи би туралы оқу кезінде стильдер мен әдеттерді білу;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Фортепиано IІ

    Музыкалық-орындаушылық мәдениет дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Болашақ актердің жалпылама музыкалық білімін дамыту. Әртүрлі жанр және стильдегі музыкалық шығармалармен таныстыру. Білім алушылардың техникасын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау негіздері ІІ

    Музыкалық-әншілік мәдениет, вокалды-хор дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру. Хор үндестігі, унисондық топтың үйлесімділігі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер және орындаушылық мәдениет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің негіздері ІІ

    Сахнадағы органикалық әрекеттер элементтерін игеруге арналған бастапқы практикалық жұмыстар: (зейін, бұлшық еттерді босату, қиял, шындық сезімі және сенім, бақылампаздық, физикалық әрекеттер мен сезімдерді есте сақтау, т. б.).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Сахна тілі негіздері II

    Фонациялық тыныс алу дағдылары; сөз сөйлеу дауысын әрі қарай жетілдіру, оның диапазонын тұрақтандыру және бекіту. Психологиялық, физикалық қысылудан арылу. Орфоэпиялық дағдыларды әрі қарай жетілдіру. Әрекетті сөздің элементі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Жеке ән салу ІI

    Қазақ, орыс, италья тілдері орфоэпия заңдылығы және ноталық мәтіндерде белгіленуі, регистрлерді бірыңғайға келтіру. Ән салудағы дем тірегі, резонаторлардың функциясы, дауыс диапазонын кеңейту, жеке өзіндік дауыс бояуын тұрақтандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Сахна қозғалысының негіздері II

    Әртүрлі машықтану жолдары арқылы денені жан-жақты дамыту, қозғалғыштық мүмкіндігінің диапазонын кеңейту; қимылдардың координациясы мен контрасттығын, табиғи, тұрмыстық қимылдарды жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің негіздері ІІ

    Сахнадағы органикалық әрекеттер элементтерін игеруге арналған бастапқы практикалық жұмыстар: (зейін, бұлшық еттерді босату, қиял, шындық сезімі және сенім, бақылампаздық, физикалық әрекеттер мен сезімдерді есте сақтау, т. б.).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Вокал IІІ, Музыка теориясы І

    Вокалды-техникалық дағдыларды, орындаушылық шеберлікті жетілдіру, алған білімін практикалық іс-жүзінде қолдану. кездесетін қиындықтарды жою тәсілдері. Клавиатурада және жазбаша түрде музыкалық тілдің элементтерін меңгеру дағдыларын қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • ТМД театрының тарихы

    Славян халықтарының, Закавказия, Орталық Азия елдерінің фольклорлық театрларының пайда болуы мен қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі және ХІХ-ХХ ғғ. кезеңдеріндегі ТМД республикаларының ұлттық театрларының даму эволюциясы. ТМД елдерінің театр өнері дамуының негізгі тенденциялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлем театрының тарихы

    Театр тарихы дәуірлер бойынша: антикалық, ортағасырлық, Қайта өрлеу дәуірі, Ағарту дәуірі. XIX ғасырдағы еуропалық театр. Б.Брехттың эпикалық театры. А.Артоның «Қатыгездік театры». Абсурд театры.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Халықтық-сахналық би негіздері ; Сахна қозғалысының техникасы І

    Халықтық және сахналық бидің ұлттық бейне негіздерінде дене серпінділігін дамыту. Өз денелерімен жұмыс барысында бұлшық еттердің толық босатылуына, жеңілдігіне, сенімділігіне қол жеткізу, физикалық дағдыларды еркін меңгеру, дененің сіресіп қалуына жол бермеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құқық негіздері

    Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Мемлекет тарихы және құқық теориясы

    Заң ғылымының мәні және мазмұны. Құқық ғылымы жүйесіндегі заң және мемлекет теориясы. Мемлекет пен құқық қалыптасуы. Мемлекеттің түсінігі, мәні және белгілері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Актер шеберлігінің техникасы ІІ; Сахна тілінің техникасы I

    Сахнада органикалық түрде әсер ету элементтерін игеруге арналған тәжірибелік жұмыстар. Қимыл-әрекет кезіндегі дем алу координациясы үйлесімі. Көркем мәтіндермен жұмыс: прозалық шығармалардан алынған үзінділер, поэтикалық композициялар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау техникасы І, Фортепиано ІII

    Білім алушының жеке мүмкіндігін ескеру арқылы жинақталған әртүрлі стильдер мен сипаттағы музыкалық шығармаларды игеру. Ансамбльдегі тыныс алу жұмысының қағидалары, нюанспен жұмыс істеу, ырғақтық біркелкілікті сақтау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жеке ән салу ІІІ, Сольфеджио I

    Табиғи дауыс және кәсіби әншілік дағдылар. Музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындау: жеңіл ариозо, опера және оперетталардан ариялар. Дыбыстарды айтудағы интонация тазалығы, музыкалық шығармаларды талдау, алдын-ала дайындықсыз ноталарды бірден айту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілi

    Курстың құрылымына теориялық және тілдік мәтіндер енгізілген. Алғашқысы теориялық материал ұсынылады, екіншісі – тілді оқудағы коммуникативтік және жүйелік принциптерді қанағаттандыратын мәтіндердер блоктарынан тұрады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкершілік қызметі негіздері

    Кәсіпкершілік болмысы және концепциясы. Кәсіпкершілік: түрі, формасы және қоғамдағы даму рөлі. Кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігінің техникасы ІI , Сахна тілінің техникасы II

    Сахнада органикалық түрде әсер ету элементтерін игеруге арналған тәжірибелік жұмыстар. Дем алу мен қимыл-әрекет координациясы. Қазақ және шетел жазушыларының әңгімелерімен, поэтикалық композициялармен жұмыс тәсілдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өнер саласындағы менеджмент

    Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Вокал IV, Музыка теориясы ІІ

    Күрделі әуенді, өлшем-ырғақты шығармаларды меңгеру жұмысын жетілдіру, бейне сомдау барысында декламациялық-тақпақ сазды стильді пайдалану.Ән жанрының стильдері, нотаны бірден оқу барысындағы әншілік дыбыс тазалығын сақтау. Музыкалық шығарманың контекстіндегі мәнерлі құралдардың рөлін түсіндіре отырып, ноталық мәтінге қарапайым талдау жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жеке ән салу ІV / Сольфеджио II

    Әншілердің дауыс аппаратының бас және кеуде резонаторлары. Регистрлерді бірыңғайға келтіру. Вокалдық шығармалармен жұмыс. Ішкі есту қабілетін дамыту жұмысы, ноталарды бірден оқып айта алу. Музыкалық-көркемдік талғамын дифференциациялау және шығармашылық дағдыларын бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау техникасы ІI / Фортепиано ІV

    Отандық және шетелдік классиканың заманауи композиторлар шығармаларының, халық музыкалық шығармашылығының озық үлгілерін игеру. Музыкалық шығармаларды эскизді түрде меңгеру. Бағдарламамен жұмыс: полифониялық шығарма, күрделі формадағы шығарма.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна қозғалысының техникасы ІІ, Заманауи би негіздері

    Күрделі элементтерді жасауға қажетті дайындық жаттығулар кешені: құлаудың, жүгірудің, жығылудың, домалаудың сан-алуан түрлері, сахна қозғалысының элементтері, серіктеспен қарсыласу. Джаз-модерн, contemporary және музыкалық-ырғақтық, спорттық құрылымдағы, ұтқырлық пен жедел реакцияны игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс театр тарихы

    Азия елдері театрлары: Үндістан, Қытай және Жапония. Театрлардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Үндістан, Қытай және Жапония елдерінің сахналық ишараты, музыкалық сүйемелі, сахналық кеңістігі, грим және сахналық киімінің декоры.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ театрының тарихы

    Қазақ театрының тарихын зерттеу бағдарламасы, театр дамуының эволюциясын, оның қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі жағдайын қарастырады. Оның даму жолдарын халықтық-кәсіптік деңгейге дейін ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актердің рөлмен жұмысы I, Монологпен жұмыс I

    Кейіпкердің оқиға желісін сезімталдықпен қабылдаудың қисының, сахналық тәртібінің әрі қарай жүйеленуін анықтау. Драматургиялық мәтіннің орфоэпиялық және стилистикалық ерекшеліктерімен жұмыс. пьесаны талдау, монологпен жұмыс, Ұлттық драматургиялық шығармалармен жұмыс істеу. Өлеңдердің екпін-ырғағымен жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 9
  • Музыкалық театр тарихы

    Музыкалық театрдың пайда болуы, қалыптасуы және дамуындағы заңдылықтар мен ерекшеліктері үдерісі; театр – өмір құбылыстарын, музыкалық драматургияны сахналық әрекетте бейнелейтін өнер түрі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жеке ән салу V / Вокалдық-ансамбльдік орындау І

    Вокалдық-сахналық бейне құрастыру, күрделі формадағы вокалдық шығармалармен жұмыс. Күрделі әуенді, өлшем-ырғақты шығармаларды меңгеру жұмысын жетілдіру, бейне сомдау барысында декламациялық-тақпақ сазды стильді пайдалану. Вокалдық-ансамбльдік үндестік, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер және орындаушылық мәдениет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Заманауи әлемдік театр үдерісі

    Еуропа, Шығыс, Ресей, Канада және Американың заманауи театрының негізгі даму үрдістерімен таныстырады...

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Эстрадалық музыка тарихы

    Рок музыка, мюзикл. Қалыптасуы мен дамуы. АҚШ және Ағылшын рок-топтары, көрнекті өкілдері. Кенес Одағындағы ВИА (көрнекті өкілдері) Қазақстан эстрада өнері мен мюзикл жанрының қалыптасуы мен дамуы, белгілі қайраткерлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі режиссура

    Қазіргі режиссураның негізгі қағидалары. Жас режиссерлердің шығармашылық ойлау мен стильдірінің ерекшеліктері. Қазақстанның прогрессивті режиссерлерінің шығармашылығы және олардың отандық театр өнерін дамытуға қосқан үлесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Спектакльдегі пластика І / Сахна сайысы

    Драматургиялық, музыкалық жоспарды, хореографиялық мәтінді құрастыру. Спектакльдің басты кейіпкерінің біртұтас пластикалық бейнесін сомдау. Сахна сайысы негізгі элементтерінің техникасы. Заманауи тақырыпқа қойылған спектальдердегі сахна сайысының негізгі тәсілдері. Суық қарудың әр түрімен қауіпсіз сайыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пантомима тілі және сахналық этикет

    Дене қимылының пластикалық мәнерлігі, қол қимылы, бет-әлпет мимикасы. Ұсынылған тосын жағдайды кеңістікте пластикалық өмір сүру заңдылықтарымен одақтаса отырып жүзеге асыру. Этикет заңдылықтарының кез келген формацияда тұрмыс-тіршілікке, нормаға, салт-дәстүрге байланысты жүзеге асырылуы, жетілуі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Киім тарихы

    Курс концепциясы костюм тарихын тұрмыстық және стильдік тарихи аспект негізінде қарастырады. Киім әртүрлі елдер мен халықтар қоғамы дамуының спецификалық ерекшелігін айқын көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актердің рөлмен жұмысы II / Монологпен жұмыс II

    Сөзден өлеңге, өлеңнен әнге, әннен биге қисынды түрде және еркін ауысуды игеру жұмысы. Шығарманың авторлық ойтүйінін, идеясын және мазмұнын аша білу. Әртүрлі сипаттағы музыкалық пьесалар мен мюзиклдердегі қара сөзбен, өлеңмен жазылған монологтар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Пантомима / Семсерлесу

    Дененің пластикалық тілі арқылы сахналық бейнені игеру. Адам денесінің пластикалық мәнерлілігі, оның бет қимылы мен мимикасы. Семсерлесу техникасын меңгеру: зейін, реакцияның шапшандығы, икемділік, ептілік, ырғақтылық «скульптуралық», «сайысты сезіну», «мәнерлік форманы сезіну».

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Спектальдегі пластика ІІ

    Сахналық бейнені орындау үшін, оның би қимылдық – пластикалық шеберлігін шыңдау. Студентті тұтас қойылыммен жұмыс жүргізуге дайындау. Сахналық кейіпкердің бишілік мінездемесінің стилі, мінез-құлық мәнері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ХХ ғ.-ХХІ ғ. басындағы Батыс Еуропа өнері

    ХХ ғ. - ХХІ ғ. Батыс Еуропалық өнерінің шығу тарихы, қалыптасуы мен дамуындағы басты кезеңдер. Негізгі бағыттары, мазмұны мен мәні.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Этнокостюм композициясы

    Этнокиімнің даму және қалыптасу қағидалары. Киім формасы және оның өзіне тән белгілері. Киімнің силуэтті шешімі. Этнокиімдегі фактура және декор. Шығармашылық үдерістің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қойылымның пластикалық орындаушылық шеберлігі ІI

    Әр түрлі дәуір, стильдер және жанрлар шығармаларымен жұмысты әрі қарай жалғастыру. Жарқын бейнелерді жасай білу, актердің ішкі техниканы, ырғақты сезінуі, мәнерлі пластиканы кәсіби меңгеруі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жеке ән салу VI / Вокалдық-ансамбльдік орындау ІI

    Оперетта жанры орындаушыларының және белгілі әнші- актерлердің вокалдық шығармаларының интерпретациялары. Вокалдық – техникалық дағдыларды, жетілдіру. Сөзден әнге, керісінше әннен сөзге дауыс бояуын өзгертей бірден өту. Вокалдық-сахналық, ансамбльдік еркіндікті жетілдіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Үзінділер мен рөлдерді әрекет арқылы талдау ІI

    Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына сәйкес кейіпкердің өмір жолы мен мінез-құлқының тәсілдерін құру. "Әрекет арқылы талдау" әдістемесін және пьесаның басты оқиғасын анықтау. Таңдалған пьесаның жанрлық және стилистикалық ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Бейнелеу өнерінің тарихы

    Ежелгі өнер, көне өркениет өнері мен мәдениеті. Батыс еуропалық өнердің үлкен стильдерінің тууы мен эволюциясы: ренессанс, барокко, классицизм, рококо және романтизм.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Артистің пластикалық мәдениеті

    Спектакльдің хореографиялық композициясының және хореографиялық драматургиясы Білім алушылардың композициялар құрастыру қабілетін дамыту, хореографиялық тілдің ерекшеліктері мен өзіндік мәнерлік құралдары негізінде кәсіби ойлауды тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сахна тілі өнері І, Жеке ән салу VII

    Интонациялық-логикалық талдау жасау үшін мәтінмен жұмыс, ұсынылатын тосын жағдай мен көкейкесті мақсатты анықтау, драматургиялық мәтіндегі контексті, өзекті әрекетті және көкейкесті мақсатты, қисындар перспективасын айқындау. Әртүрлі жанрдағы музыкалық қойылымдардағы жеке және ансамбльдік партияларды орындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Спектакль және актер I

    Театрдағы қойылымының негізгі дайындық кезеңдері. Қоюшының (режиссер, суретші, балетмейстер) ой түйіні негізінде актерлік тәсілдермен көркем бейнелер жасау, бірыңғай көркемдік ой аясында шығармашылық ұжымда жұмыс істеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Хор өнері ІІІ

    Ұжымда жұмыс істей алу, әртүрлі көркемдік құрылымдағы шығармаларды сахналық тілге аудару алу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әрлеу

    Театр қойылымдарындағы грим және оның мәні. Гримнің функциясы мен түрлері. Театр қойылымдарын көркем безендірудегі гримнің басқа компоненттермен өзара байланысы. Өздігінен әрлеу жүргізудің практикалық дағдылары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актердің режиссермен жұмысы I

    Режиссер мен актердің шығармашылық өзара байланысы. Білімгерлерді театрларда қалыптасқан репетициялық үдерістің кең тараған түрлері және тәртібімен таныстыру; заманауи театрдың әртүрлі стилистикасында «тіршілік ете білу» түрлері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау ІII

    Опералық сахна, мюзикл материалдары негізінде хормен ән айту дағдыларын нығайту жұмысы. Көп дауысты партитураның үздіксіз орындалуы. Хормен айтылатын шығармалардың сахналық әрекетке айналу барысындағы барлық теориялық және практикалық кезеңдерін игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Драматургиялық мәтінмен жұмыс I, Вокал VII

    Драматургиялық мәтіннің орфоэпиялық және стилистикалық ерекшеліктерімен жұмыс, пьесаны талдау. Ұлттық драматургиялық шығармалармен жұмыс істеу. Өлеңдердің екпін-ырғағымен жұмыс. Вокалдық-сахналық бейне құрастыру, күрделі формадағы вокалдық шығармалармен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сызықтық грим

    Әрлеу техникасының негізгі тәсілдері. Кәсіби маман дайындауға, қалыптастыруға қажетті студенттердің негізгі сапалық қасиеттерін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық театр актері өнері І

    Кейіпкердің оқиға желісін сезімталдықпен қабылдаудың қисының, сахналық тәртібінің әрі қарай жүйеленуін анықтау. Пьеса мазмұнының өміртанымдық, тарихи және басқа да аспектілерін игеру, идеясын, ұлттық ерекшеліктерін анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Этикет / Спектакльдегі би пластикасының қойылымы І

    Әр алуан халықтардың әдет-ғұрыптары, киімі, тұрмыстары. Реквизитті қолдана білу және тарихи тұлғалар киімін киіп сахнада әрекет ете білу. Құрастырылатын кейіпкердің психологиялық, жеке, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түсіну. Белгілібір сахналық мінез-құлықтың айқын да, қолдануға бейім безендірілуін таба білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау ІV

    Опера, оперетта, классикалық мюзиклдерден дуэттер, триолар, квартеттер, ансамбльдерден концерттік бағдарлама құрастыру. ұжымда жұмыс істей алу, әртүрлі көркемдік құрылымдағы шығармаларды сахналық тілге аудару алу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Драматургиялық мәтінмен жұмыс IІ, Вокал VIIІ

    Интонациялық-логикалық талдау жасау үшін мәтінмен жұмыс, ұсынылатын тосын жағдай мен қисындар перспективасын айқындау. Оперетта жанры орындаушыларының және белгілі әнші-актерлердің вокалдық шығармаларының интерпретациялары. Сөзден әнге, керісінше әннен сөзге дауыс бояуын өзгертей бірден өту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дипломдық қойылымдар ІI (би, пластика, сайыс)

    Сахналық әрекеттегі пластика мен би композициясы, оның эмоционалық аясы. Спектакльдің негізгі ой-түйінін ашу, оның көркемдік құрылымының мәні.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Хор өнері ІV

    Мелизмдер мен безендірулер. Интонация тазалығы. Штрихтерді орындау тәсілдері. Речитативті- декламациялық орындау, олардың ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Музыкалық театр актері өнері ІІ

    Шығармашылық үдерісте сахна тілі, жеке ән салу, пластика, хорды органикалық біріктіру. Өндірістік жағдайда дипломдық қойылыммен жұмыс жүргізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Спектакль және актер II

    Рөлге сараптама жасау, бейне органикасын табу, өзекті әрекетті анықтау. Саханлық кейіпке ену үдерісінде ішкі және сыртқы сипаттаманы іздеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілі өнері ІІ / Жеке ән салу VIII

    Актер тіліндегі сөздің пластикалық мәнерлігін, тонның рельефтігін айқындау. Көрермендермен қарым-қатынас нюансы, дауыс мәнерлілігі, әсер ету және серіктеске әсер ету деңгейі жұмыстары. Музыкалық қойылымдарды минусовканың сүйемелдеуімен орындау (музыкалық драма, мюзикл).

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Спектакльдегі би пластикасының қойылымы ІІ

    Тұтас қойылымның контексіне байланысты, нақты сахналық кейіпкерді құрастыру барысында бишілік-актерлік шеберлігін шыңдау. Би сахнасының мәні мен мақсаты. Би – музыкалық-драмалық әрекеттің ажырамас бөлігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актердің режиссермен жұмысы II

    Режиссер тапсырмасының формасы – көрсету, түсіндіру және кеңес беру. Режиссер мен актердің мизансценамен жұмысы. Режиссердің актер шығармашылығындағы ішкі кедергілерді болдырмауға көмегі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Классикалық, заманауи, музыкалық драматургияны және театр өнерінің даму заңдылықтарын біледі.
  • Сахналық бейнені сомдау барысында әрекет арқылы талдау мен тәжірибесін жетік меңгерген.
  • Ұжымның өзара қарым-қатынасы және тұлға аралық философиялық-психологиялық мәдениет негіздерін меңгерген
  • Информациялық қоғамның дамуына байланысты қазіргі ІТ технологияларының қағидаларын пайдалана алады.
  • кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін әлеуметтік, гуманитарлық, құқықтық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін қолдана біледі
  • Рольді құрастыру және орындау барысында өзінің дамыған дене аппараты арқылы, қозғалыс міндеттерін, қару және қарусыз сахна сайысын жеңіл атқара алады.
  • Ішкі және сыртқы актерлік техниканы басқара алады.
  • Рольді құрастыру және орындау барысында дауыспен сөздің барлық мүмкіншілігін қолдануға қабілетті.
  • Театр, кино және ТВ режиссерінің, суретшінің, музыкалық жетекшінің, балетмейстердің негізгі ой-түйіні бойынша, актерлік құралдар арқылы көркем бейне құрастыру білімділігін көрсете алады.
  • Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін, оның саясатын, сондай-ақ басқа да белді мемлекеттердің және әлем өркениетінің тарихын, тарихи жалғастықтың мәні мен механизмін атай алады.
  • Қазақстанның көптілді және көпмәдениетті қоғамында және халықаралық деңгейде коммуникация міндеттерін тиімді шешеді;
Top