Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02131 Физикалық театр әртісі в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Пластикалық қойылымды қауіпсіз және техникаға сай қолайлы тәсілмен орындайды; пластикалық суреттегі техникалық-көркем орындаудың әсерлі тәсілдерін өмір шындығына сәйкестеп өзгертеді;режиссердің, суретшінің, гримердің, музыкалық жетекшінің, балетмейстердің, театрда, теледидардағы киноның ой – пікірлері негізінде көркемдік бейнелерді жасайды, шығарманы көркем қабылдауға және бейнелі ойлау қабілетін арттыруға негіздейді;
  • Сontemporary техникасының би комбинацияларында көркемдік әсерлі динамикада жұмыс істейді; би тарихын және этнокостюмдерді зерделеуде өз бетімен білім алу қажеттілігін,халық және сахналық би материалында дене икемділігін дамытуға арналған жаттығуларды;сахналық бейнені нақты іске асыруға арналған уақыт пен кеңістік аралығын сезінеді түсінеді; пантомиманың арнайы тәсілдері мен дағдыларының негіздерін жүзеге асырады.; кеңістікте орын ауыстырудың, серіктестердің қимыл әрекеттегі тапқырлықтарын, құлаудың барлық түрлерін, сондай - ақ актердің сахнада лақтыру, ұстап алу, тасымалдау, айналдыру және заттың тепе-теңдігін қалыптастыратын арнайы дағдыларды жасайды және реттейді (синтездейді) ;
  • Өзінің жұмысында және рөлде актерлік шеберліктің ішкі және сыртқы психотехникасының негіздерін білумен эмоциялық астарлы ойға бағытталған сахна бейнесін құрудың негізін жасау; классикалық және қазіргі заманғы драматургияны, драма теориясы бойынша ғылыми еңбектерді, театр өнерінің даму заңдылықтарын, оның тарихи өмір шындығымен байланыстыра қолданады;
  • Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі білім алу қабілеті; мәдени білім беру, педагогика, педагогикалық басшылық әдістемесімен және негізгі формаларымен теорияны жүзеге асыру; оқу және би пластикалық пәндерді оқыту дағдылары;
  • Пластикалық мәнерлілік тәсілдерімен, мәнерлер мен этикеттерді қолдану, акробатикалық элементтерді сауатты және нақты орындау; сахналық ұлтаралық билердегі әсемдіктің негізгі әдістері; қозғалыстың кең және әр түрлі палитрасы; қозғалыстың әр түрлі сахналық трюкті техникасы және қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіну; қойылымның идеялық-көркемдік ойы-стиль мен жанрына сай жұмыс істеу;
  • Оқу мақсаттары үшін тілдің базалық лексикасы мен мамандықтағы кәсіби тіл үлгісін ұсынатын лексика, сондай-ақ таңдап алған мамандану саласындағы негізгі терминология білімін көрсетеді; меңгеру: ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларына машықтандыру, жалпы ғылыми және кәсіби қарым-қатынас тақырыптарына қатынасу үшін қолдануды; көпшілік алдында сөйлеу; аннотациялау, рефераттаулар мамандық бойынша шығармашылық әдебиеттенхабардар болуына басымдылық беріледі.
  • К.Станиславский әдісінің негізгі элементтерін меңгеру, актерлік жұмыстың табиғатын меңгеру және меңгеру; физикалық театрдың актерлік тренингтерінің техника негіздері мен әдістерін машықтанып көрсету; физикалық театр элементтерінің негіздерін меңгеруде дұрыс тыныс алу дағдыларын, мәтінді оқу кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды дауыстап айтудың айқындығын жүзеге асыру;музыкалық сауаттылықты, вокалдық ән салу негіздерін, фортепианолық орындаушылық дағдыларын меңгеру.
  • Этюдтар мен үзінділер жасау барысында заманауи театр технологиялары мен мультимедианы қолданады; соло, дуэттер мен ансамбльде импровизация техникасын қолдана біледі; сахналық сөйлеу техникасы бойынша барлық элементтерді синтездеу;ансамбльдік орындау, хор құрылысында; ансамбльде ән салудың бірыңғай мәнерін меңгергенін көрсетеді;
  • Актерлік өнердің пластикалық мәдениетімен қатар, психофизикалық үрдісі бар; сахна кеңістігінде бағдарлай алады; сахналық ырғақты және шығармашылық кең диапазонды меңгерген; contemporary негіздері би комбинацияларындағыәсерлі динамиканы өрістету; дене болмысының дұрыс қойылымын көрсетеді, би станогында қарапайым және күрделі үйлесімдегі классикалық бидің базалық қозғалысының мәнін түсінеді;жалпы дамыту және түзету жаттығуларының кешенін орындайды; пәннің негізгі комбинацияларын меңгерген және оларды музыкамен сенімді орындайды.
  • Мұрағат материалдары мен мерзімді басылымдар негізінде театр тарихы мен теориясы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізу; өнер туралы ғылымның және аралас ғылыми пәндердің жаңа жетістіктері контекстінде өзінің ғылыми ұстанымын баяндау және қорғау;Еуропа мен Шығыстың қазіргі заманғы театрының дамуының негізгі тенденцияларын, дәуірдің театр костюмінің ерекшеліктерін қолдану; драмалық шығармалар мен спектакльдерді сыни ой айтып, талдаудың әдістері мен дағдыларын меңгеру; қоршаған ортаны қабылдауға, бейнелі ойлауға қабілетті болу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін, түрлі қызмет салаларында құқықтық білім негіздерін ( әкімшілік, қылмыстық, азаматтық және т. б.) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылым негіздерін; сапалы білім беру, менеджмент теориясының негізгі ережелерін, өнер саласындағы менеджменттің ерекшеліктерін, мәдениет саласындағы басқарудың негізгі модельдерін жүзеге асырумен қатар;
Top