Жаңа білім беру бағдарламасы

7M11103 Туризм және Қонақжайлылық Менеджменті 1 жыл в Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Туризм және қонақжайлылық менеджменті» мамандандырылған бағыттағы магистрлік бағдарлама туризм саласында және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында болашақ мамандарды даярлауға бағытталған оқу бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты - қатысушыларды қазіргі заманғы зерттеулер мен кәсіби тәжірибе негізінде туризмді басқару және қонақжайлылық индустриясының теориясы мен тәжірибесімен таныстыру. Теория мен практиканың интеграциясы оқу бағдарламасында маңызды орын алады. Бағдарлама тұлға аралық дағдыларды дамытуға, мәселелерді шешуге және қазіргі туризм мен қонақжайлылық индустриясында ынтымақтастық пен дамудың мүмкіндіктерін іздеуге баса назар аударуға бағытталған. Бағдарлама туристік және қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпорындарын ұйымдастырумен, жоспарлаумен, реттеумен және басқарумен байланысты кәсіби қызметті дамытуға негізделген.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M147 Туризм
  • Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 7M111 Қызмет көрсету саласы

Оқыту нәтижелері

  • Тарих, психология, философия және басқа әлеуметтік саладағы білімді қолдана отырып, тұтас ғылыми дүниетаным негізінде туризм және қонақжайлылық саласында жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін жалпы ғылыми пәндердің білімдерін қолдана білу.
  • Кәсіби салада, сондай-ақ көпшілікпен де мемлекеттік, ресми және халықаралық тілдерде еркін қарым-қатынас жасай алуы.
  • Менеджмент, маркетинг және бизнестің басқа салалары бойынша, кәсіби мәселелерді шешу үшін және туризм мен қонақжайлылық индустриясы саласында тиімді және үздіксіз кәсіби даму үшін стратегиялық дағдыларды қолдану үшін кең білім алу.
  • Қонақжайлылық индустриясында басқарушылық және кәсіби шешімдер қабылдау үшін, қажетті деректерді тиімді талдау үшін әртүрлі дереккөздерден күрделі деректерді пайдалану және IT-технологиялар мен операциялық бағдарламаларды қолдана білу.
  • Таңдалған салада мансапты жалғастыру және дамыту үшін қонақжайлылық индустриясы, туризм және іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы бизнестің әртүрлі аспектілері бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларға үйрену.
  • Қонақжайлылық пен туризм саласындағы білім мен тәжірибені дамыту үшін қазіргі және болашақ қажеттіліктерге жауап ретінде әдістемелік және ғылыми білімді қалай қолдану керектігін білу.
  • Қонақжайлылық пен туризм саласындағы инновациялық шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуде басқару принциптері мен практикалық білімді қолданатын сыни және жобалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Қазіргі заманғы туризм және қонақжайлылық индустриясы туралы терең білім мен жүйелік түсініктерді қалыптастыру.

Ұқсас БББ

Top