7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы" мамандығы бойынша резидентураның модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, амбулаторлы-емханалық және стационарлық жағдайында мамандандырылған гастроэнтерологиялық көмек көрсетуге , сонымен бірге жоғары технологиялық көмекке қабілетті және дайын білікті маман гастроэнтеролог дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Онкология негіздері
“Онкология негіздері” пәні онкологиялық аурулардың, этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, дифференциальды диагностикасын қамтиды. Коммуникативті дағдыларды меңгеру, анамнез жинау, науқастарды тексеру, біліктілік талаптарына сәйкес науқастарды емдеу тактикасының негіздерін меңгеру және онкологиялық аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту мәселелерінде компетенті болу қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 13
-
Гастроэнтерология (Гастроэнтерология-2)
ХХ ғасырдың соңғы он жылында маңызды ғылыми ашылулар және клиникалық медицина жетістіктері себебін, ағымын және емдеудің методологиясын анықтауға, сонымен қатар асқазан-ішек жолының ағзаларының патологиясы аймағындағы жаңа нозологиялық формаларды ерекшелеугемүмкіндік берді. Гепатит вирусының персистенциясымен шақырылған, өңештің әртүрлі патологиялық жағдайлары, созылмалы гастрит және жара ауруы, ұйқы безі және өт шығаратын өзек аурулары колоректалды аурулардың эпидемиологиялық таралуы, оларды алдын ала ескерту, уақытылы анықтау және емдеу жалпы халықтық мағына береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 23
-
Гепатология (Гепатология-1)
«Гепатология» пәні гепатобилиарлы жүйесінің ауруларының этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, дифференциалды диагностикасын, дәлелді медицина негізіндегі емін қамтиды. Клиникалық диагнозды негіздеу, емдеу жоспарын белгілеу және дәлелді медицина негізінде оның тиімділігін бағалау. Шұғыл жағдайларда базалық көмек көрсету, кәсіби командалар құрамында жұмыс істеу. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Эндоскопия
В дисциплину "Эндоскопии " входят диагностику, дифференциальную диагностику заболеваний пищеварительной системы, лечение на основе доказательной медицины. Формировать знания, умения и навыки по эндоскопическим исследованиям с гастроэнтерологческой патологией в соответствии с современными принципами доказательной медицины. Оказывать «Эндоскопия» пәні асқорыту жүйесі ауруларының диагностикасы, дифференциалды диагностикасы, дәлелді медицина негізінде емдеуді қамтиды. Дәлелді медицинаның заманауи принциптеріне сәйкес гастроэнтерологиялық патологияларды эндоскопиялық зерттеу бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру. Төтенше жағдайларда базалық көмек көрсету, кә��іби командалар құрамында жұмыс істеу. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 14
-
Гастроэнтерология (Гастроэнтерология-1)
ХХ ғасырдың соңғы он жылында маңызды ғылыми ашылулар және клиникалық медицина жетістіктері себебін, ағымын және емдеудің методологиясын анықтауға, сонымен қатар асқазан-ішек жолының ағзаларының патологиясы аймағындағы жаңа нозологиялық формаларды ерекшелеугемүмкіндік берді. Гепатит вирусының персистенциясымен шақырылған, өңештің әртүрлі патологиялық жағдайлары, созылмалы гастрит және жара ауруы, ұйқы безі және өт шығаратын өзек аурулары колоректалды аурулардың эпидемиологиялық таралуы, оларды алдын ала ескерту, уақытылы анықтау және емдеу жалпы халықтық мағына береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 23
-
Ультрадыбыстық диагностика
«Ультрадыбыстық диагностика» пәні асқорыту жүйесі ауруларының диагностикасын, дифференциалды диагностикасын УДЗ қолдану арқылы үйренуді қамтиды. Гастроэнтерологиялық патологиямен ауратын науқастардың ультрадыбыстық диагностикасының нәтижелері негізінде білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Нутрициология
«Нутрициология» пәні толық емес және теңгерілмеген тамақтандырудың салдарынан аурулардың пайда болуын, сондай-ақ салауатты тамақтану мен салауатты өмір салтының адам ағзасына, емдік және профилактикалық әсерін қамтиды. Емдік тамақтануды тағайындау және оның тиімділігін дәлелді медицина негізінде бағалау қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Гастроэнтерологиядағы шұғыл көмек
"Гастроэнтерологиядағы шұғыл көмек" пәніне жедел медициналық көмекті қажет ететін гастроэнтерологиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және дифференциалды диагностикасы туралы заманауи мәселелерді қамтитын сұрақтар кіреді. Пән курсы мыналарды қарастырады: клиникалық диагнозды негіздеу, емдеу жоспарын тағайындау және дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалау, төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсету, кәсіби командалар құрамында жұмыс істеу. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Клиникалық зертханалық диагностика
Бұл пәнге ас қорыту жүйесі аурулары кезінде қолданылатын зертханалық диагностикалық әдістер кіреді. Гастроэнтерологиялық патология саласындағы зерттеулерді таңдау және жүргізу кезінде білімді, дағды мен дағдыны қалыптастыру және дәлелді медицинаның заманауи қағидаларына сәйкес оларды интерпретациялау. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Гепатология (Гепатология-2)
«Гепатология» пәні гепатобилиарлы жүйесінің ауруларының этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, дифференциалды диагностикасын, дәлелді медицина негізіндегі емін қамтиды. Клиникалық диагнозды негіздеу, емдеу жоспарын белгілеу және дәлелді медицина негізінде оның тиімділігін бағалау. Шұғыл жағдайларда базалық көмек көрсету, кәсіби командалар құрамында жұмыс істеу. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 26
Оқыту нәтижелері
- - Ас қорыту жүйесінің құрлымын мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлерде және ересектер мен әртүрлі жастағы балалардағы қызмет етуінің негізгі принциптері бойынша білімін қолдануға қабілетті. - Әртүрлі жастағы ересектер мен балалардағы асқорыту жүйесі мүшелерінің негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу туралы заманауи білімі бар - Гастроэнтерологияда қолданылатын зерттеу әдістерін интерпретация жасай алады. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті. - Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарга емдеу тактикасын негіздей алады.
- - Гепатобилиарлы жүйесінің құрлымын мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлерде және ересектер мен әртүрлі жастағы балалардағы қызмет етуінің негізгі принциптері бойынша білімін қолдануға қабілетті. - Әртүрлі жастағы ересектер мен балалардағы гепатобилиарлы жүйесінің мүшелерінің негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу туралы заманауи білімі бар - Гепатологияда қолданылатын зерттеу әдістерін интерпретация жасай алады. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті. - Гепатобилиарлы жүйесінің патологиясы бар науқастарга емдеу тактикасын негіздей алады
- -Ересектер мен әртүрлі жастағы балалардың ас қорыту жүйесінің онкологиялық ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу туралы заманауи білімі бар. - Онкологияда қолданылатын зерттеу әдістерін интерпретация жасай алады. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті.
- -Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары мен ережелерін, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтының адам ағзасына емдік және алдын алу әсері туралы заманауи білімі бар. - Нутрициологияда қолданылатын зерттеу әдістерін интерпретация жасай алады. - Нутрициология принциптерін ескере отырып, науқастарға емдеу тактикасын негіздей алады.
- -Гастроэнтерологиялық патологияда қолданылатын эндоскопиялық зерттеу әдістері туралы заманауи білімі бар -Гастроэнтерологиялық патологияда эндоскопиялық білімін, біліктігін, дағдыларын және зерттеу нәтижелерін интерпретация жасауға қабілетті. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті.
- - Гастроэнтерологиялық патологияда қолданылатын ультрадыбыстық зерттеу әдістері туралы заманауи білімі бар - Гастроэнтерологиялық патологияда ультрадыбыстық білімін, біліктігін, дағдыларын және зерттеу нәтижелерін интерпретация жасауға қабілетті. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті.
- - Гастроэнтерологиялық патологияда қолданылатын зертханалық диагностиканың заманауи әдістерін біледі. - Гастроэнтерологиялық патологияда зерттеулер таңдау да, жүргізу де және оларды интерпретациялау кезінде білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдана алады.
- - Ас қорыту жүйесінің құрлымын мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлерде және ересектер мен әртүрлі жастағы балалардағы қызмет етуінің негізгі принциптері бойынша білімін қолдануға қабілетті. - Әртүрлі жастағы ересектер мен балалардағы асқорыту жүйесі мүшелерінің негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу туралы заманауи білімі бар - Шұғыл гастроэнтерологияда қолданылатын зерттеу әдістерін интерпретация жасай алады. - Әртүрлі синдромдардың даму механизмдері туралы талдау жасауға және жетекші синдромды түсіндіруге қабілетті. - Ас қорыту жүйесінің жедел патологиясы бар науқастарга емдеу тактикасын негіздей алады.
- - Академиялық адалдықты, этиканы, деонтология нормаларын сақтайды. - Өз жұмысын ұйымдастыруда менеджмент принциптерін қолдануға қабілетті. - Кәсіби қызметінде түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын тиімді көрсете алады. - Командада жұмыс істеуге қабілетті және өз көзқарасын дұрыс жеткізе алады. - Диагностика және емдеу әдістерін таңдау кезінде өз ұстанымын жеткізеді және негіздей алады. - Әр түрлі мәдениеттердің, конфессиялардың, ұлттардың өкілдерімен төзімділік, сыйластық және ынтымақтастық көрсете алады.
- - Аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті. - Қажетті ақпарат алу және кәсіби мәселелерді шешу үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді қолдана алады. - Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу үшін білімін мен дағдыларын қолданады. - Пәннің жаңа салаларын өзіндігінен оқу арқылы зерттеуге қабілетті. - Оқытылатын пән бойынша қызықтыратын сұрақтарды дұрыс тұжырымдауға қабілетті.
Ұқсас БББ
7R01104 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
Семей медицина университеті
7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
Астана медицина университеті
7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
Қарағанды медицина университеті (ҚМУ)
7R01104 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы