Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.
Оқу жылы - 1Қазіргі шығыстанудың тұжырымдарын меңгеру, шетелдік және отандық шығыстанушылардың ғылыми мұраларын игеру, сараптамалы қталдау, қалыптасқан көзқарастар мен концепцияларды зерделеу негізінде қазіргі шығыстану ғылымының өзекті мәселелерін айқындау.
Селективті тәртіп«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1Бұл курста магистрант шығыс тілі бойынша алған білімдері мен дағдыларын қазақ және шетел әдіскерлерінің жаңашыл әдістерін игеруі арқылы дамытады. Шығыс тілін оқыту үрдістерінде заманауи тәсілдер мен технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастырады
Селективті тәртіпКурс магистранттарды әлеуметтік институттар, нормалар, құндылықтар, қандай да бір әлеуметтік және саяси жүйелерге тән бір тұтас саяси мәдениет түсінігімен таныстырады. Курста қазіргі Шығыс елдерінің дәстүрлі және қазіргі саяси мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады.
Селективті тәртіпСаяси ілімдер тарихы курсын тыңдай отырып, магистранттар саяси ойдың пайда болуы туралы, оның әртүрлі теориясы мен бағыттарының қалыптасуы мен бекітілуі жайлы нақты түсінік алады. Курста қазіргі саяси ғылымның маңызды мәселелері, оның негізгі категориялары мен парадигмалары қарастырылады.
Селективті тәртіпҚазіргі шығыстанудағы методологиялық ізденістерді, шығыстану және халықаралық қатынастар методологиясын, отандық шығыстанудың қалыптасу тарихын тереңдете білу мақсаты көзделеді.
Селективті тәртіпАкадемиялық салаға бағытталған магистранттардың негізгі шығыс тілі бойынша алған білімдері мен дағдыларын дамыту. Лексикалық қорды толықтыру, жаңа стилистикалық тәсілдерді меңгеру.
Селективті тәртіпПәннің негізгі мазмұны интеграция ұғымы, халықаралық ұйымдардың рөлі, олардың қызметінің заңдылықтары мен механизмдері туралы ғылыми түсініктерден құралады. Шығыс елдеріндегі интеграциялық құбылыстарды, үдерістер мен қазіргі кездегі болып жатқан мәселелерді бірізді әрі дәйекті түрде анықтауға бағытталған.
Селективті тәртіпБілім алушы оқыған шығыс тілі бойынша саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және интеграциялық үдерістерге қатысты еңбектермен танысып, оларға ғылыми-сараптамалық, салыстырмалы талдау жасауға дағдыланады.
Селективті тәртіпБұл пән шығыс елдеріндегі экономикалық модернизация үдерісін зерттеу, шығыс елдері экономикасының даму және жаңғыру үрдістерін талдау үшін білім алушыларға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Селективті тәртіпБұл пәнді оқытудың қажеттілігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруін және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамыту болып табылады.
Оқу жылы - 1Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.
Оқу жылы - 1Қазіргі Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер ерекшеліктері мен шығыс социумындағы трансформацияның факторлары мен бағыттары жайлы түсінік алады. Қазіргі шығыс елдеріндегі мемлекет пен қоғам, қоғамдағы саяси үрдістер қарастырылады. Шығыс елдерінің дамуындағы жаһандану кезеңі және интеграциялық үрдістеріне, шығыс елдерінің даму модельдеріне талдау жасалады.
Оқу жылы - 1Бұл пән оқыған тіл негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстардың нeгізгі ұғымдары мен ережелерін жүйелі түрде түсіндіруге, ғылыми-сараптамалық еңбектердің дайындалу жолдарын, рәсімделуін үйретуге бағытталған.
Селективті тәртіпБұл пән білім алушының назарын Шығыс қоғамының дамуындағы дәстүрлі мен заманауи синтез бен симбиозына аударта отырып, Шығыс өркениеттеріндегі дәстүршілдік пен жаңғыртылуды қарастырады.
Селективті тәртіпШығыс елдерінің деректануы мен тарихнамасының теориясы мен әдіснамасы туралы кешенді түсіндіру, білім алушыны әртүрлі тарихи деректермен жұмыс жасауға үйрету.
Селективті тәртіпБұл курс білім алушылардың шығыселдерініңқазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалықүдерістерінің даму тенденциялары туралы түсініктерін қалыптастыруға, үдерістердің мәнін түсінуге, оларға тиісті талдау жасауға қажетті білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
Селективті тәртіпБұл пәнде білім алушылар оқитын тіл бойынша дискурсивті формалардың теориялықәдістемелік негіздерімен, қажетті білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен танысады. Алған нәтижелер бойынша әртүрлі дискурс түрлері (медиа, саяси, діни дискурс) бойынша аудармалар жасаланады.
Селективті тәртіпПән бойынша адамзаттың жаһандық дамуына ықпал етуші Шығыс елдеріндегі этноконфессиялық ахуал қарастырылады. Аймақтық және әлемдік қауіпсіздікке төнген қатерлердің пайда болуына жетелейтін өзекті этноконфессиялық мәселелер зерделенеді.
Селективті тәртіпБұл курс теориялық негіздерді (қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің эволюциялары, негізгі парадигмалар мен тұжырымдар) игеру, сондай-ақ шығыс елдеріндегі ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2Бұл пән білім алушыларды шығыс елдерінің классикалықжазба мұраларымен таныстыруға, әртүрлі кезеңдердегі шығыс тілінде жазылған жазба мұраларды оқу және талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Селективті тәртіпНегізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игереді.
Шығыс елдердегі әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық үдерістерді талдау және тиісті қорытынды жасалады; - проблемалық міндеттерді дербес түрде анықтау және оларды табысты шешеді; - Шығыстың дәстүрлі және қазіргі кезде болып жатқан өзекті мәселелері, саяси және мәдени дамуы туралы білімін кәсіби қызметте қолданады, сондай-ақ Азия аймақтарының генезисін пайдаланады.
Шығыс тілдері мен шығыстануға қатысты пәндерді оқыту дағдыларын меңгереді; - әртүрлі (академиялық, саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, әдеби, т.б.) мәтіндерді шығыс тілдерінен немесе шығыс тілдеріне аудара біледі;
Ғылыми біліктілік жұмысы тақырыбына байланысты статистикалық зерттеулер жүргізе біледі.
Оқытылатын елдің дамуының жалпы мәселелері туралы зерттеу жүргізіп, Шығыс елдеріндегі интеграциялық үдерістерді болжауға бағытталған ақпаратты жүйелейді.
ғылыми-академиялық әдебиеттерді талдайды; - ғылыми мәтіндерді кәсіби саладағы коммуникация құралдары мен ғылыми-зерттеу нәтижелері негізінде қарастыра біледі.
Шығыс елдеріндегі түрлі мәселелер туралы ғылыми талдауды, есептерді, ақпараттық анықтамаларды құрастыра біледі;
ғылыми мәтіндерді кәсіби саладағы коммуникация құралдары мен ғылыми-зерттеу нәтижелері негізінде қарастыра біледі.