Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (п) в Mardan Saparbaev Instityty

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, жоғары деңгейдегі ғылыми педагог мамандар даярлауда кәсіби қызметін атқаруға қажетті психологиялық, педагогикалық біліммен қамтамасыз ету. Педагогикалық интеграция саласындағы білімдерді игерген, педагогикалық міндеттерін атқару барысында түрлі пәндер саласындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгерген, әлеуметтік серіктестікке, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті маман даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Басқару ғылымы пәні мен әдісін жіктейді. Менеджмент терминдерін және ұйым түрлерін түсіндіреді. Коммуникациялық үрдісті, оның түрлері мен элементтерін сипаттайды. Басқару шешімдерін және басқаруды ынталандыруды талдайды. Менеджменттегі басқаруды және жоспарлауды сипаттайды. Көшбасшылықты бағалайды: басшылық стилі мен менеджер имиджі. Қақтығыстар мен күйзелістерді басқаруға дайындайды.

  • Әдеби сын және баспасөз
    Несиелер: 5

    Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірдегі алатын орнын, қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздерін зерттейді. Ізденушінің талғамын қалыптастырып, көркем шығарманы жете түсінуге жетелейді. Әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
  • Тіл білімінің өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Тіл мен сөйлеудің, ойлаудың, ақиқат-шындықтың, мағына мәселелерінің арақатынасын анықтайды. Тілдің жүйесі мен құрылымы түсінігін, заманауи лингвистикалық ғылым парадигмасындағы қазақ тіл білімінің салаларын саралап, ара-жігін ашып, талқылап, қарастырады. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттарын, қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістерін, тілдегі норма және тіл бірліктерінің вариациясын, қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістерді меңгертеді.

    Селективті тәртіп
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Психология мінез-құлқының негізгі ерекшеліктері, теорияларды ғылыми бағалау, жеке тұлғаның мінез-құлқымен және өзін-өзі жетілдірумен, тұлғалық өсуді арттырумен, талдау, салыстыру, кәсіби қабілеттерін дамыту, психофизикалық тәсілдер мен сапаларды жетілдіру арқылы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттейді, сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, білімді жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру дағдысы.

  • Қазақ тілі синтаксисінің коммуникативтік аспектісі

    Қазақ тіл білімінде сөйлемнің функционалды мүмкіндігін коммуникативтік тұрғыдан анықтап, функциональды синтаксисті контекст аясынан баяндайды. Сөйлемнің коммуникативтік сипатын, оны актуальды (коммуникативтік) мүшелеудің, коммуникативтік бөліктерді ерекшелеп жіктеп, саралайды. Тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын айқындап, зерделейді.

    Селективті тәртіп
  • Психолингвистика
    Несиелер: 4

    Психология мен лингвистика аралығындағы ғылымның саласын, адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуын, сөйлеу процесін, мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын зерттеп, жан-жақты талдайды. Психологияның танымдық бағытын, субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін қарастырып, талқылайды. Тұлғаның iшкі, көзге көрінбейтін сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерін ажыратып, саралау арқылы тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
  • Қазіргі қазақ прозасы

    Әдебиеттің тарихы мен дамуында ерекше орны бар көркем шығармалар мен қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін зерттейді. Прозадағы психологизм мәселелерін, бағалауды, сараптауды, жүйелеуді үйретеді. Қазақ әдебиеті терминдері мен ондағы дәстүр сабақтастығын талдап, қазіргі заманғы прозамен байланыстыра отырып меңгертеді

    Селективті тәртіп
  • Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері

    Обсуждает научно-теоретические основы познания окружающего мира, человеческих качеств, общественных явлений и природы посредством языка. Определяет научные основы теории познания в языковом образовании путем описания, анализа и сравнения. Раскрывает и сравнивает с научной точки зрения языкознание и когнитивную лингвистику.

    Селективті тәртіп
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Кәсіпкерлік және серіктестік келісім шарт жүргізеді. Ұжымдық жұмыста шеберлікті ұштастыру және коммуникация дамытуға мүмкіндік береді. Іскерліктегі этика мәселесі, жобаны басқару, стратегия, ғылыми мақала орындауда визуалды құралдарды негізге ала отырып академиялық мәтіндердерді пайдаланады. IT –технология және коммуникация: сайтқа ақпарат береді. Әлеуметтік мәселелер: ақпарат жинайды, ақпарат дайындайды. Ғылыми жұмысына презентация жасайды.

  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    Тіл мен әдебиеттің қоғамдық мәні, қызметі, жүйесі мен құрылымын анықтайды. Іргелі зерттеулердің теориялық-әдіснамалық ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін, хронологиялық кесте негізінде ажыратып, саралайды. Әдебиеттану, тіл білімі пәндерін негізге ала отырып, филологияның тарихы мен теориясының жекелеген салаларындағы тұжырымдарды салыстыра, тәжірибеден өткізе отырып, меңгертеді.

  • Семантикалық синтаксис негіздері
    Несиелер: 4

    Тіл мен әдебиеттің қоғамдық мәні, қызметі, жүйесі мен құрылымын баяндайды. Сөздердің синтаксистік қасиеттерінің ішінде олардың семантикалық валенттілігінің ерекшеліктерін айқындайды. Тіл жүйесіндегі семантиканы парадигматикалық және синтагматикалық тұрғыдан сипаттайды. Хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану мен тіл ғылымының қол жеткізген табыстарын саралайды.

    Селективті тәртіп
  • Қазіргі қазақ прозасы

    Әдебиеттің тарихы мен дамуында ерекше орны бар көркем шығармалар мен қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін зерттейді. Прозадағы психологизм мәселелерін, бағалауды, сараптауды, жүйелеуді үйретеді. Қазақ әдебиеті терминдері мен ондағы дәстүр сабақтастығын талдап, қазіргі заманғы прозамен байланыстыра отырып меңгертеді

    Селективті тәртіп
  • Код ON1

    Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді

  • Код ON3

    Когнитивті лингвистика, психолингвистикалық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдайды. Педагогика-психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіреді, заңдылықтарын ашып, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтайды;

  • Код ON2

    Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін, педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын саралайды. Кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастырады, тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын игереді. Басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдап, жоспарлайды.

  • Код ON6

    Ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы мәліметтермен қаруланып, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасай алады, әдебиеттің әр түрлі жанрларын: проза, әдеби сын, шешендік мәселелерін зерттеудің теориялық және қолданбалық деңгейлерінде сандық және сапалық талдау жасай отырып, ғылыми зерттеушілік және шығармашылық әрекеті қалыптасады.

  • Код ON8

    Инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысады. Ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарында жариялай алады. Диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылайды және ғылыми-зерттеу әрекеттерін іске асыра алады, қалыпты ғылыми мәселелерді шеше біледі және рәсімдей алады.

  • Код ON4

    Әрбір тарихи кезеңдерде жалпы түркі тілдерінде болған фонетикалық және грамматикалық өзгерістердің түрлері, тілдік жаңалықтардың қалыптасу кезеңі және олардың тіл құрылымын қамту дәрежесі, тілдік өзгерістердің этно-географиялық таралу шегі туралы өз көзқарасын көрсете алады.

  • Код ON9

    Күнделікті кәсіби қызметке және білімді докторантурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгереді. Ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi заманауи ақпараттық технологияларды қолданып жүргізе алады.

  • Код ON5

    Диссертациялық зерттеу үшін отандық және шетелдік ғылымның жаңа әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеулерді, эксперименттік мәліметтерді іріктеп талдаудың заманауи әдістерімен игереді, тәжірибелік және фактологиялық материалды жинақтап, тұжырымдайды.

  • Код ON7

    Заманауи лингвистикалық ғылым парадигмасындағы қазақ тіл білімінің орнын түсінеді. Тілдің жүйесі мен құрылымы түсінігін бағалайды. Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістерді, тілдегі норма және тіл бірліктерінің вариациясы, қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістерді саралайды. Сөйлемнің синтаксистік әрі коммуникативтік аспектісін бағамдайды. Тілдік форманың объективтік шындыққа қатынасын, оған сөйлеушінің көзқарасын мағыналық мазмұнымен байланыстыра отырып, коммуникативтік прагматикада қарастырудың негіздерін саралайды. Тілдің құрылымдық элементін ойлау формаларымен сабақтастырып, танымдық негізде дәйектей біледі.

Top