Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (Лингвист-зерттеуші) в Баишев Университеті

Пәндер

  • Жоғары мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары

    Курстың мақсаты - магистранттың кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы білімін тереңдету және кеңейту, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану құзыреттілігін дамыту. Курс заманауи ақпараттық технологиялардың жұмыс принциптерін зерттеуге және оларды кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін пайдалануға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Нейролингвистика

    Бұл ғылыми пән неврология мен лингвистика ғылымдарының аясында тіл жүйесін тілдік мінез-құлықтың ми субстратымен арақатынасы мәселелерін және әртүрлі мақсатта және әртүрлі жағдайларда қолданылатын адамзат тілі мен сөйлеуін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл білімінің психолингвистикалық мәселелері

    Пән психолингвистиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуын, ғылыми-теориялық негіздерін, зерттеу әдісін меңгертіп, осы аспектіде зерттеу жасау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курстың мақсаты-магистранттардың білім түрі және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі қазіргі ғылымның қалыптасуының негізгі тарихи кезеңдері, ғылым әдіснамасының негізгі түсініктері мен категориялары туралы білімдерін дамыту. Курс магистранттардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін жалпы ғылыми, философиялық-әдіснамалық, дүниетанымдық және теориялық базаны дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым мен білім беру саласындағы сандық сауаттылық

    Пән кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде компьютер мен интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті қабілеттерін дамытуға бағытталған, соның ішінде мәтіндік процессорлар, электрондық пошта мен презентацияларға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты офистік бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана білу; бейнелерді/аудио/бейне жасау және редакциялау мүмкіндігі; веб-браузерді және интернет-іздеу жүйелерін пайдалану мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Курс педагогикалық теория мен шеберліктің теориялық негіздерін үйретеді, жоғары мектепте қызмет етуде оқу-тәрбиелік процестерді басқаруды, педагогиканың негізгі категорияларын, жоғары мектептегі педагогиканың орнын, рөлін, маңызын, қазіргі педагогиканың негізгі принциптерін меңгеруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сандық интеллект

    Берілген пәнді оқу мақсаты әртүрлі мақсаттағы интелектік жүйелерді құрудың теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайы туралы білім моделін және олардың өзара байланысы туралы біртұтас түсініктерді қалыптастыру; интеллектуалды ақпараттық жүйелерде тілдік және пәндік ақпаратты ұсыну деңгейлері; әртүрлі қолданбалы есептер үшін табиғи тілді өңдеудің кіші жүйелерін ұйымдастыру принциптерін оқыту болып табылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты- шет тілін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру, білім алушыны интеллектуалдық және эмоциялық даму жағынан ынталандыру, оны таныс емес мәдениетті объективті қабылдауға дайындау және оны жалпыадамзаттық құндылықтарға одан әрі қатыстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл білімінің философиялық мәселелері

    Тіл білімінің лингвистикалық дәстүрлер бойынша ғылым ретінде қалыптасуында философиямен сабақтасуының себептерін, оның жалпы ғылымдағы алатын орнын, , философиялық контекстегі тіл білімінің әдістемесін меңгертуді көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Мақсаты-қазіргі жағдайда ұйымдарды басқару мәселелерін шешуде қолданылатын психологиялық білімді дамыту. Курс басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатында адам факторының ресурстық мүмкіндіктерін, басқару қызметінің компоненттерін, топтық процестердің заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ әдебиетіндегі фантастикалық жанр

    Курсты оқу барысында магистранттар фантастикалық ойдың даму генезисіне үңіледі, мифтік санадағы фантастикалық элементтерді саралайды, ғылыми фантастиканың пайда болу, қалыптасу, кемелдену кезеңдеріне баға беріледі. Фантастикалық туындылардағы ғылыми идеялардың шындыққа сәйкестену-сәйкестенбеуін қарастырады, болашаққа құрылған модельдердің бүгінгі күн үшін маңызы айқындалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі терминтану

    Курсты игеру арқылы білім алушылардың терминтанымдық білімі, оны практикалық тұрғыдан пайдалану мен қолданысқа түсірудің принциптерін, терминжасамның өзекті проблемаларын түсініп, оны зерттеу, оқытудың, объективті талдаудың қыр-сырын игертуге арналған. Осы салада зерттеу жобасын жасаудың, зерттеу жұмысын жүргізудің мүмкіндіктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Қазақ тілінің академиялық грамматикасы

    Курс қазақ грамматистерінің еңбектерін талдауға, салыстырмалы бағалауына, өз практикасында қолдануына мүмкіндік беріп, практикалық дағдыларының жетілуіне үлес қосады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Поэтикалық мәтінге когнитивтік-лингвомәдени талдау

    Поэтикалық мәтінді лингвомәдени және когнитивті лингвистика аспектісінен талдау мен зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздерін игертуді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ фольклорының тарихы

    Курста фольклордың ұлттық руханиятқа айналғаны және жаңа дәуірде фольклор жанрларының өзгеріп, соны формалардың пайда болғаны зерделенеді. Соның нәтижесінде фольклордың көне түрлері есте жоқ ескі заманда туып, алғашқы синкреттіліктен арылғаны, көп ғасырлар бойы дамудың арқасында қарапайымдықтан көркемдікке жеткені, сөйтіп қазіргі көп жанрлы, кәсіби әдебиетімізге, өнерімізге негіз болғаны дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 9
  • Көркем мәтінді зерттеудің қазіргі парадигмалары

    Тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша көркем мәтіннің зерттелу аспектілері туралы, көркем мәтінді зерттеудің қазіргі парадигмалары туралы, лингвистикалық парадигмалардың ерекшеліктері мен зерттеу әдіс-тәсілдерін үйретуге бағытталған пән.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Лингвоэкология

    Тіл мен экология тоғысындағы пәнаралық білімді игертуді, тілдің экологиялық проблемаларын дұрыс пайымдап, бағалап, мәселелерді шешу жолдарына үйретуді көздейтін пән.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Ғылыми-зерттеу әдіснамасы

    Курста ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастырудың теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады, ғылыми білімді жүйелеу және өңдеу амалдары мен әдістерін меңгертуге арналған. Ғылыми зерттеуді жоспарлау принциптерін, лингвистикалық зерттеулердегі ғылыми мақалалардың негізгі жанрларының сипаттамасы мен іске асу кезеңдерін үйретіп, кәсіби қызметіне жарату дағдысын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Когнитивтік лингвистика

    Пәнді оқыту барысында тіл мен сананың арақатынасы мәселелерін, танымдық процестер және адам тәжірибесін жалпылаудағы тілдің рөлін, адамның жеке танымдық қабілеттерінің тілмен байланысын және олардың өзара әрекеттесу формалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Корпустық лингвистика

    Білім алушылардың лингвистикалық теория мен практикада заманауи корпустық технологияларды қолдану саласындағы құзыреттіліктерінің, білімдерінің, біліктері мен дағдыларының базалық жүйесін қалыптастыру, білім алушыларды осы саладағы қолданыстағы бағдарламалық өнімдермен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Функционалды грамматика

    Курс сөзден бастап, мәтінге дейінгі тіл бірліктерін нысан етіп алып, оны мағынадан тұлғаға немесе тұлғадан мағынаға қарай, кейде осы екі талдау қағидатынының бірігіп келген тәсілімен зерттейтін грамматика

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Лингвистикалық ғылыми-зерттеу технологиялары

    Аталған пән болашақ тіл мен әдебиет мамандарын дайындау жүйесі бойынша жалпытеориялық және оқу-әдістемелік сипаттағы ғылыми-зерттеудің өзекті мәселелерін шешуде аса маңызды орын алады. Пән лингвистикалық жоспарлау формалары, лингвистикалық зерттеулердің әдістері мен әдіснамасы туралы түсінік береді. Пәннің мақсаты - лингвистикалық ғылыми-зерттеу әдіснамасын, лингвистикалық зерттеу жасаудың әмбебап және бірегей ерекшеліктерін игерту, практикалық қолданыс дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Пәнді оқыту барысында әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтерді меңгертіп, теориялық мәселелері бойынша терең білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы-салғастырмалы лингвистика

    Курс лингвистиканың салыстырмалы, салғастырмалы зерттеу жасаудың негізгі заңдылықтарын оқытуға, лингвист-зерттеушіге қажетті кәсіби амалдар мен білімдерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8

Оқыту нәтижелері

  • білім беруде, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда АКТ-ны пайдалана отырып, цифрлық сауаттылық мәдениетін еркін меңгергендігін көрсетеді.
  • қазіргі лингвистика және әдебиеттану салаларындағы ғылыми жетістіктерді көрсетеді, жобаларды басқарудың кәсіби құзыреттіліктерін меңгереді.
  • ғылыми-кәсіптік қызметте, салааралық коммуникацияда шетел тілін «С» деңгейінде қолданып, ғылыми танымның философиялық, логикалық тәсілдерін, ұйымды басқарудың психологиялық механизмдерін игергенін көрсетеді.
  • педагогикалық әдепті сақтай отырып, Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын ескереді, ұжыммен, топпен жұмыс істеу үшін білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие үдерісін басқаруды және кәсіби құзыреттіліктерді меңгереді.
  • тілтанымның жаңа бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу еңбектерін ғылыми салыстырып, сыни талдауға, бағалауға, тәжірибелік міндеттерді шешуде идеялар қосуға, өңдеуге қабілетті.
  • шығарманың тілдік ерекшеліктерін лингвистиканың жаңа жетістіктері тұрғысынан талдайды, бағалайды, зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде қолданады, коммерцияландыру үшін жобаларды жүзеге асырады.
  • тілтану, әдебиеттану, тұлғатанушылық тұрғыдан еңбектерді тарихи даму кезеңдеріне сай талдап зерттеп, шығармашылықпен білім алушыларға игерте алады.
  • ЖОО-да оқу-әдістемелік құжаттарды ұйымдастырып, ғылыми-педагогикалық қызмет мақсатын айқындап негіздейді, оған жетудің қалыпты әдістері мен құралдарын таңдап, сабақ түрлерін өздігінен жүргізе білетінін көрсетеді.
  • білім беру үдерісін жоспарлау мәселелерін шешеді, ғылыми-педагогикалық, инновациялық қызметті жүзеге асырады, кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білімді дербес меңгереді.
Top