Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B02130 Актерлық өнер в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

  • Дауыс қоюдың негіздері (сахна тілі/ ән салу)

    Курс тыныс алу мен дауыс қою \сахна тілі мен вокал\ заңдылықтары мен үдерістерін зерттейді; сөйлеу және ән салу аппараттарының анатомиясымен таныстырады; тыныс алу мен артикуляция жаттығуларын күнделікті жасап жүруді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Сахна пластикасының негіздері (классикалық бидің негіздері)

    Классикалық би негіздері бойынша дене, қол, бас қимылдарын қою игеріледі, станок жанында және зал ортасында қимыл-әрекет үйретіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сахна пластикасының негіздері ( Ырғақ/Классикалық бидің негіздері )

    Курс (ритмика) музыкалық-ритмикалық жаттығуларды оқытып-зерттейді. Сөз сөйлеу жанры актерінің музыкалық-кәсіби машықтары игеріледі. Классикалық би негіздері бойынша дене, қол, бас қимылдарын қою игеріледі, станок жанында және зал ортасында қимыл-әрекет үйретіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Акробатика

    Пәнді меңгеру барысында болашақ актерді сахнадағы акробатикалық тәсілдерді меңгеруге алып келеді және шапшаңдыққа, иілгіштікке, секіруге, күш пен тепе-теңдікке арналған акробатикалық жаттығуларды жасауға бейімделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Дауыс қоюдың негіздері (сахна тілі/ән салу)

    Курс тыныс алу мен дауыс қою \\\\сахна тілі мен вокал\\\\ заңдылықтары мен үдерістерін зерттейді; сөйлеу және ән салу аппараттарының анатомиясымен таныстырады; тыныс алу мен артикуляция жаттығуларын күнделікті жасап жүруді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Актер шеберлігінің негіздері

    К.С.Станиславский жүйесінің негізгі қағидалары. Сахнадағы органикалық әрекеттер элементтерін игерудің бастапқы практикалық сабақтары. Актерлік аппаратты дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Дауыс қоюдың негіздері (сахна тілі)

    Курс тыныс алу мен дауыс қою \сахна тілі \ заңдылықтары мен үдерістерін зерттейді; сөйлеу және ән салу аппараттарының анатомиясымен таныстырады; тыныс алу мен артикуляция жаттығуларын күнделікті жасап жүруді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің негіздері 1

    «Актер шеберлігі негіздері-1» курсы – мамандықпен таныстыру және кіріспе, театр өнері, актердің мақсат-мұраты, актерлік өнердің негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дауыс қою негіздерінің тренингі (сахна тілі/ән салу)

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Сахналық би негіздері ( тарихи-тұрмыстық би негіздері

    "Тарихи және тұрмыстық би негіздері" курсы батыс Еуропалық қоғамның тарихи дамуының әртүрлі тарихи дәуірінен күнделікті бидің стилистикалық ерекшеліктерін меңгеру; тарихи би техникасын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Дауыс қою негіздерінің тренингі (ән салу)

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің техникасы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Дауыс қою негіздерінің тренингі (сахна тілі/ән салу)

    Курс, сахна тілі және вокал тренингтерінің негізін оқытып-зерттейді. Тыныс алу және артикуляция жаттығулары жасалады: жаңылтпаш, санамақ, вокалдық жаттығулар және вокализ бен вокалдық шығармалар негізінде дикциямен жұмыс істелінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 1
  • Актер шеберлігінің техникасы

    Курс «жүйенің» элементтерін зерттейді: денемен сезіну, қиялдан туған шартты жағдайда әрекет ете білу, актерлік өткірлік пен сәбише сенгіштікті дамыту, әріптестермен қарым-қатынас жасай білу, бір адамдық, екі адамдық және топтық этюдтарды, хаюанаттар әлеміне арналған этюдтарды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Сахналық би негіздері (Степ/ Тарихи-тұрмыстық би негіздері )

    Курс (Степ) адымдаудың негізгі ережелері мен күрделі емес комбинациялар, қосарланған және секіру жаттығуларын, пластиканы, өкшеге екпін түсіре жасалатын жаттығулардың ырғақ пен кординациясын жетілдіреді. Тарихи-тұрмыстық билер негізі: орта ғасырлардың батыс-еуропалық билері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Қазақ және әлем әдебиетінің тарихы және Әлем театрының тарихы

    Курс көркем шығармаларды тарихи-әдеби жағынан танып-білуді көздейді. Курсты оқу барысында студенттер қазақ және шет ел әдебиетінің негізгі кезеңдерінің дамуын оқып, біледі. "Әлемдік театр тарихы" курсы-актер -студенттерді дайындаудың базалық пәні. Театр тарихы театрдың пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиетінің тарихы және ТМД театрының тарихы

    Пән қазақ және әлем әдебиетінің дамуын негізгі әлеуметтік-тарихи үрдістердің өзгеруімен және оның ғасырлар бойы дамуындағы философиялық концепциялармен байланыста қарастырады. «ТМД театрының тарихы» курсында студенттер славян халықтарының, Закавказия елдерінің, Орталық Азия елдерінің фольклорлық театрының пайда болуы мен қалыптасу тарихын, революцияға дейінгі ТМД республикаларының ұлттық театрларының даму эволюциясын, ХІХ-ХХ ғғ. жағдайын, ТМД елдерінің театр өнерінің дамуының негізгі тенденцияларын зерттеуді үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби-бағытталған шет тілі

    «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесінде қажетті байланыстардың бірі болып табылады және сол арқылы негізгі шет тілі курсын жалғастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігі бойынша суырыпсалмалық

    Курс, драматургия мен әдеби шығармалардың инсценировкалары арқылы актерлік импровизацияны, сөзбен қарым-қатынасты, қимыл-әрекет органикасын, әріптеске әсер ете білуді, «кино лента көріністерін» құра білуді оқып-үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Этикет және халық биінің негіздері

    Курс, әр алуан халықтардың әдет-ғұрыптарын, киімін, тұрмыстарын зерттейді. Реквизитті қолдана білу және тарихи тұлғалар киімін киіп сахнада іс-әрекет ете білуге үйртетеді. Әр түрлі халықтардың темпераменттері мен ұлттық ерекшеліктерін көрсете білу үшін сол ұлттардың халық билерінің негіздерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мемлекет тарихы және құқық теориясы

    Заң ғылымының түсінігі, мәні және мазмұны. Құқық ғылымы жүйесіндегі заң және мемлекет теориясы. Мемлекет пен құқық қалыптасуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Құқық негіздері

    Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады. Аталған курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары, дамуы және қалыптасуы, негізгі заң туралы түсініктерді анықтау, сонымен қатар конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік секілді қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері кіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сахна тілі және ән салу техникасы

    Курс, фонациялық демалу негіздерінің спецификасын; тыныс алу мен қимыл-қозғалыс координациясын, дикция анықтылығы мен орфоэпикалық сауатты сөйлей білуге, әншілік диапазонды кеңейтуге арналған вокалдық жаттығуларды, репертуарды таңдап, құра білуге оқып-үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкершілік қызметі негіздері

    Кәсіпкершілік болмысы және концепциясы, Кәсіпкершілік: түрі, формасы және қоғамдағы даму рөлі, Кәсіпкерлік орта

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс театр тарихы

    «Шығыс театр тарихы» курсы студенттерді Үндістан, Қытай және Жапония театрымен таныстырады. Бұл елдер театры өткен дәуірлердегі бастапқы элементтерді сақтай отырып, үздіксіз дамыды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Пантомима және заманауи би негіздері

    Пантомима курсы дененің пластикалық тілі арқылы актердің сахналық бейнені сөз айтпай жеткізе білуге үйретеді. Қазіргі заман билері негізінде джаз-модерн, contemporary және де басқа әр түрлі бағыттарды оқып-үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ театрының тарихы

    Қазақ театрының тарихын зерттеу үшін ұсынылған бағдарлама, театр дамуының эволюциясын, оның қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасуын қарастырады. Оның халық театры дәрежесінен кәсіби дәрежеге дейін даму жолдарын ашып көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілi

    Курс LSP деңгейінде кәсіби тілде кәсіби шығармашылық мамандықтардың студенттеріне арналған. Бұл болашақ мамандардың сөйлеу мәдениетін жақсартуға, оқушылардың коммуникативтік және сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға...

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өнер саласындағы менеджмент

    Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сөз сөйлеу жанры актерінің шеберлігі

    Курс, әдеби мәтіндер негізінде құрылған этюдтарды, бір актылы пьесалармен жұмысты, жүріп-тұру мәнерін, сөз сөйлеу мен дене мәдениетін, қимыл-әрекеттің ырғағы және өлшемін, мизансцена құра білуді оқып-үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдеби және музыкалық мәтіндермен жұмыс жасау (сахна тілі, ән салу)

    Курс, әдеби мәтіндер негізінде К.С.Станиславский «жүйесі» бойынша сөз сөйлеу заңдылықтарын меңгеруге бағытталған. Вокалдық шығармалардағы музыкалық мәтіндерді меңгеру үшін жұмыс атқарылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Драматургиялық мәтінмен жұмыс жасау

    Курс, драматургиялық мәтіннің стилистикалық және орфоэпиялық ерекшеліктерін, пьеса талдауды, монологпен жұмыс істеуді, ақ өлең мен өлең қалыбының мертикалық құрылымымен жұмысты зерттеп, оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ұлттық әзіл

    «Ұлттық әзіл» курсы бұл – ұлттық юмор мен сатираны, сарказм мен гротескіні, дала қуларын, қазіргі заман сахналық юморы мен сатирасын, актерлік импровизацияны оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сөз сөйлеу жанры артисінің рөлмен жұмысы

    Курс, болашақ актердің рольмен алғаш жұмысын және оның пьесаны оқып, танысуын, әрекетті талдауды, рольдің сахнадан тыс өмірін, түпкі мақсатты айқындауын, арқау-әрекетін, пьесадан тыс, орталық және басты оқиғаны анықтауды оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қойылымдағы пластикалық көріністер

    Қойылым режиссерінің пластикалық шешімі мен ойының сәйкестігін талдау. Спектакльдің драмалық және музыкалық туындының мазмұнымен би стилін, би композициясының ырғағын және толық үйлесімділігін сақтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шешендік өнер

    Курс, шешендік өнердің бастауын, тарихы мен қалыптасуын, антика, батыс пен шығыс, түркі халықтарының шешендік өнерінің, қазақ шешендік өнері – билер, ақын-жыраулар, шешендердің сөйлеу мәдениетін оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Вокалдық-ансамбльдік орындау

    Вокалдық-ансамбльдік орындаушылық спецификасы. Музыкалық және поэтикалық мәнерлік құралдарының өзара сабақтастығы, дауыстардың сипаттамасы. Интонациялық, динамикалық, тембрлік, өлшем-ырғақтық, дикциялық-орфоэпиялық ансамбль.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Вокалдық ансамбль

    Курс, ансамбльдік ән салу негіздерін: деммен жұмыс қағидаларын және ансамбльмен ән салуда біртекті қалыптасыруды, диапазонның әр түрлі деңгейлерінде регистрді сәйкестендіре білуді, ритмдік синхрондау кезінде ньюанстармен жұмысты үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлем халықтарының әзіл- сықақтары

    Курс әлемдік әзіл- сықақтың көзін антикалық Грециядан бастап бүгінгі күнге дейін зерттейді. Шығыс пен Батыстың әзіл-сықағын, арабтардың әзілі – хижаны, Одессаның сарказмы мен гротескін, Кавказ халықтарының әзілін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ халқының әзіл- сықақтары

    Курс халық ертегілерін халықтық әзіл- сықақтың қайнар көзі ретінде, айтыс өнеріндегі сарказм мен гротескіні, дала қулары – шаншарларды, фольклорды ұлттық әзіл- сықақтың бастауы ретінде оқытып-зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Заманауи әлемдік театр үрдісі

    Курс, қазіргі заман театрының негізгі даму тенденцияларымен таныстырады, әлемдік қазіргі заман театр өнерінің (драматургия, актерлік және режиссерлік өнер, сценография) мәселелерін талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сахна пластикасы (сахна сайысы/ спектакльдегі пластика)

    Сахна сайысы курсы тарихи қару-жарақ туралы мәлімет береді. Әр түрлі суық қару қолдану арқылы қоян-қолтық сахналық ұрыстың әдістерін үйренеді. Драматургиялық материалдың пластикалық шешімін табуда сахналық әрекеттің бейнелеу құралы ретінде спектакльде пластикамен жұмыс істеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Заманауи режиссура

    «Заманауи режиссура» курсында жас режиссерлердің шығармашылық шешімдері мен стилін зерттейді. Қазақстанның прогрессивті режиссерлерінің шығармашылығы және олардың отандық театр өнерін дамытуға қосқан үлесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актердың монологпен жұмысы

    «Актердың монологпен жұмысы -1» курсы – бұл пьесаны талдау; қисынды сөйлеу заңдылықтары; монологпен жұмыс; ақ өлең және өлең өлшемдерімен жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлем сатирасы

    «Әлем сатирасы» курсы бұл – антикалық Греция сатирасын, Шығыс сатирасын, Европа, Кавказдың сатира, сарказм мен гротескісін және орыс халқының юморын оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актердың рөлмен жұмысы

    «Актердің рольмен жұмысы -1» курсы – бұл рольмен жұмыс және оның пьесамен танысуы, қимыл-әрекетті талдауы, негізгі мақсатты анықтауы, әрекет арқауын анықтауы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сөз сөйлеу поэтикасы

    «Сөз сөйлеу поэтикасы» курсы бұл – түркілердің шешендігін, қазақтардың шешендік өнерін, билер шешендігін, жыраулар шешендігін, шешендердің сөз тапқырлығын, жыршылардың сөз сөйлеуінің мәдениетін оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ансамбльдік орындаушылық

    Оқу репертуарын орындауды жетілдіру. Жеке және ансамбль мүшелерімен репетициялық жұмыс жүргізу, шығарманың музыкалық бейнесін жеткізу үшін ансамбль партитураларын меңгеру тәсілдерін үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Театр педагогикасына кіріспе

    Курс – театр педагогикасын, театр ілімінің, сахна педагогикасының қалыптасу тарихын; К.С.Станиславский «жүйесі» бойынша жеке басты дамытуға арналған театр педагогикасы әдісін зерттеп, оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Спорттық семсерлеу

    Спорттық семсерлеу - бұл олимпиадалық спорт түрі, оның мәні суық қарумен күрес жүргізу болып табылады. Спорттық семсерлесудің түрлерімен ерекшеліктері: рапирде, қылыштарда, шпагтарда.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Актердің режиссермен жұмысы

    Болашақ актердің рольмен жұмысын жалғастыруы: түпкі мақсатты көздеу, дәйектер мен оқиғаны бағалау, рольдің логикалық әрекетін құру, ұсынылған шартты жағдайды тереңдету, мизансцена құру, рольдің мінез ерекшелігін табу, әрекет партитурасы және спектакльді безендіретін музыка.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Камералық хор

    Музыкалық-әншілік мәдениеттің қалыптасуы, вокальды-хор машығы мен қабылетін, көркемдік бейнеге жету үшін қажетті кешенді музыкалық-орындаушылық, хормен ән салу, унисондық топтардың үйлесімі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер, орындау мәдениеті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Театр педагогикасы мен психологиясы

    Курс – театр педагогикасы мен психологиясы генезисін, педагогика мен психологияны театрға ыңғайлау, К.С.Станиславскийдің сахналық әдісін психологялық-теориялық негіздеуді оқытып, зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілін және шешендік өнерді оқыту әдістемесі

    Курс, «Сахна тілі» және «Шешендік өнер» пәндерінің теориялық негіздері мен даму, қалыптасу кезеңдерін оқиды. Сахна тілі және шешендік өнерден сабақ берудің базалық әдістемесін жетілдіру мәселелері. «Дикция» бөлімі негізінде оқыту әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Педагогика негіздері

    «Педагогика негіздері» курсы бұл – педагогиканы жалпы педагогика контексінде; оқу-тәрбие үдерісін модельдеу принциптерін біртұтас даму үдерісінің маңызды материалы негізінде оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Семсерлесу және пластика (семсерлесу және спектакльдегі пластика)

    Арнаулы сахналық ұрыс әдістері мен қорғаныстарын меңгеру. Семсерлесудің техникасы мен тактикасының негіздерін қалыптастыру. Спектакльдің басты кейіпкерінің біртұтас пластикалық бейнесін сомдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Актердың кейіпкер монологымен жұмысы

    «Актердың кейіпкер монологымен жұмысы» курсы – бұл автордың мәтінімен және автор сөзінің ерекшеліктерімен, автордың айтар ойымен, шығарманың жанр және стилімен жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сөйлеу мәдениетін оқыту әдістемесі

    «Сөйлеу мәдениетін оқыту әдісітемесі» курсы бұл – сөйлеу мәдениетін оқытудың базалық әдістемесін жетілдіру мәселелерін меңгеру, «Дикция» бөлімі үлгісінде оқыту әдістемесін оқыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Педагогика және психология

    «Педагогика және психология» курсы бұл – педагогика мен психология генезисін оқу, психологияның дамуының жалпы принциптерін ғылыми әдіс ретінде және біртұтас әдістеме мәселесі ретінде оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актердың пьесамен жұмысы

    «Актердің пьесамен жұмысы» курсы – бұл болашақ актердің сахнада5ы жұмысы: негізгі мақсатты көздеу, фактілер мен оқиғаларды бағалау; роль әрекетінің логикасын құрастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Монологпен жұмыс

    Автордың мәтінімен және автор сөзінің ерекшеліктерімен, автордың айтар ойын табумен, шығарманың жанры және стилімен, ойлы паузалармен және сөзге екпін берумен, драматургиялық материалды талдаумен жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дубляж өнері

    Курсты оқу: кадр сыртындағы мәтінмен, кейіпкерлердің мінез-құлықтарына сәйкес дауыс ырғағын табуды, дубляждың жанр ерекшеліктерін зерттеуді, экрандық бейне мен фонограмманың, мәтінді ерін қимылына сай айту мен липсингке дөп түсу жұмыстарын қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сөйлеу мәдениеті

    «Сөйлеу мәдениеті» курсы бұл – сөзбен әрекет етумен, мәтінді интонациональды-логикалық талдау бағытындағы жұмыс, ұсынылған шартты жағдайды және кейіпкердің негізгі мақсатын анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Конферанс өнері

    Курс, комик пен резонердің жеке және қос конферанстың, шығармашылықтың нарративтік қалыбын, мысалды сатиралық жанр ретінде тануға үйретеді. Әншілік және би машықтарын тереңдете оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тележурналистика

    Курс – отандық және шет елдік ТВ бағдарламаларын талдау, ойын және думанды-сауық бағдарламаларды, телепублистика мен ток-шоуларды құруды сараптайды және оқытып зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сөз сөйлеу жанры артисінің өнері

    Курс – актер шеберлігін сахна кеңістігінде тереңдетіп оқу, роль гигиенасын оқу, «егерде мен» ұсынылған шартты жағдайда бірінші және екінші пландағы рольдерді зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Рольдің пластикалық шешімі

    Актердің пластикалық сымбаты. Кейіпкердің пластикалық сымбатын табу арқылы рольге ену. Мизансцена құруда пластиканың көмегі. Кейіпкер пластикасының қойылым контекстінің идеялық шешімімен үндесуі. Спектальдің айтар ойын пластикалық шешім арқылы жеткізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Телехабарды дайындау негіздері

    «Телехабарларды дайындау негіздері» курсы бұл – ТВ бағдарламаларды, шығармашылық және сараптау қабылетін қалыптастыруды, ойын-сауық бағдарламаларын дайындауды, болашақ жобаның көркемдік толымдылығына жетуді оқу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Телехабарды дайындау технологиясы

    «Телебағдарламалар дайындау технологиясы» курсы – ТВ бағдарламалар спецификасы, талдау және шығармашылық қабылеттерді жетілдіру, болашақ жобаның көркемдік кемелдігіне жету, түсіру үдерісін жоспарлауды зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әрлеу өнері

    Пәнді меңгеру мақсаты: грим салудың теориялық негіздерін зерттеу және меңгеру. Кейіпкердің гримін салу кезінде өз бетімен грим сала білу машығына үйрену.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дипломдық қойылымдар

    Би мен пластика театр қойылымдарында маңызды орын алады, спектакльдің динамикасы, оның қарқыны қойылымның дәл пластикалық шешімімен анықталады және спектакльдің мағыналық мазмұны ашылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сызықтық грим

    Пәннің мазмұны макияждағы гигиена және қауіпсіздік ережелері, театрларда, циркте және кинодағы әртүрлі сахналық макияж, макияж жанрлары мен дайын макияж сияқты негізгі білімдерді қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ролдің мәтінімен жұмыс жасау

    Драматургия мен әдеби шығармалардағы сөзбен әрекет етуді зерттеу, ұсынылған шартты жағдайды анықтау, әдеби мәтіндегі әрекет арқауы мен түпкі мақсатты, логикалық дамуды, мәтін астарын ашу мен кинолентакөрумен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хор

    Курс, дауысты партияларға бөлу, ансамбльде ән салу машығы, берілген ырғақ-өлшемге сай орындау, өз дауысын топтағы әншілермен бір тембрда айтылуын, жалпы көпдауыста орындау кезінде дауыстың таза интонациясын және дауыстың әуендік деңгейін ұстай білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кино дубляжы

    «Кино дубляжы» курсы бұл – кадр сыртындағы мәтінмен, кейіпкерлердің мінез-құлқына дауыс тональдылығын сәйкес келтіру; дубляждау кезінде жанр ерекшеліктерін зерттеумен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тізгінші конферансье

    «Тізгінші конферансье» курсы – бұл конферансье резонёр комик амплуасы; сатира, пародия, ирония, сарказмды оқу; сахнада әншілік және бишілік машықтарды тереңдету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хор өнері

    Музыкалық ой-өрісті, нотаға қарап бірден оқу дағдысын дамыту. Вокалды-хор дағдыларын меңгеру: құрылым, дикция, артикуляция, дем, дыбыс, әртүрлі ансамбльдік орындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дипломдық қойылымдар (би, пластика, сайыс)

    Пластика мен би композициялары жаңа эмоционалдық салаға сахналық әсер етеді, спектакльдің басты ойының ашылуына жиі ықпал етеді, оның көркемдік құрылымының терең мәнін анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Спектакльдің биін қою

    Спектакльдің би-пластикалық сахналарын қойылымның идеялық-көркемдік шешіміне сүйене отырып режиссердің талдау контестіне сай қоя білу. Әрбір кейіпкердің индивтидтік ерекшелігіне сәйкес пластикасымен жұмыс істеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сөйлеу мәдениеті мен тәсілі

    «Сөйлеу мәдениеті мен тәсілі» курсы бұл – болашақ актердің дауыс айшықтарымен; әріптесіне әр қилы әсер ете білу, кейіпкерлердің қарым-қатынастарын ашып, қаракет мотивациясын табумен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сахна тілі өнері

    Дауыс бояуларының қанықтығын, болашақ актердің әріптесіне әсер ете білу және әсер ету деңгейін, қарым-қатынас орната білуін, кейіпкерлердің мінез-құлқын және іс-әрекет мотивациясын, көрермендермен қарым-қатынас құрудың нәзік қыр-сырымен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дипломдық спектаклмен жұмыс

    Курс актер шеберлігі мен дипломдық спектакльді дайындауды тереңдете оқытады. Рольмен жұмыс кезінде әрекет арқауы мен түпкі мақсатты, әсер ету және әріптес пен көрерменге әсер ету деңгейін оқып, зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Үйренген машықтарын: қызғылықты, сауықты-думанды, публицистикалық бағдарламалар мен телебағдарламалар дайындау технологиясын, ток-шоу дайындауда қолдана біледі.
  • Қазақ және шет ел әдебиетінің негізгі даму кезеңдерін, қазақ және әлем театрларының пайда болу үдерістерін, қалыптасу және дамуын, театр үдерісінің негіздерін біледі.
  • Спектакльдің би-пластикалық сахналарын жасауда сахна пластикасы, ритмикасы, степ, пантомима, этикет, сахна сайысы, семсерлесу және әр түрлі жанрдағы (классикалық, тарихи-тұрмыстық, халық және қазіргі заман) билерді қолдана біледі.
  • Автордың мәтінін, әртүрлі жанрдағы (әзіл- сықақ) әдеби шығармалардың бейнелік жүйесін игеруге қабылетті. Кейіпкердің берілген бейне-кескінін өз бетімен байыта білу өнерін меңгерген. Эстрадада конферансье ретінде суырып-салмалыққа және шығармашылық ізденіске еркін бара біледі.
  • Театр педагогикасының тарихы, психологиясы мен теориясы бойынша теориялық және тәжірибелік білімді және «Станиславский жүйесі» бойынша актерлерді оқыту әдістемесін меңгерген.
  • «Станиславский жүйесінен» бастап, актерлік импровизацияны, грим салуды, рольмен жұмысты, роль сомдау перспективасы логикасынан дипломдық спектакль дайындауға дейінгі сөз сөйлеу жанры артисінің тәжірибелік және теориялық білімдерін терең меңгеру шеберлігіне қол жеткізген.
  • Дубляж жасау ісінде дауыс және дем қоюдың ерекшеліктері мен заңдылықтарын, шешендік өнердің бастауын, тарихы мен қалыптасуын, жанрлық ерекшеліктерін біледі. Сөз сөйлеудің дикциялық және орфоэпикалық айтылуын меңгерген, драматургиялық сөздің стилистикалық және орфоэпикалық ерекшеліктерін, пьеса талдауды; монологпен және ақ өлеңмен, кадр сыртындағы мәтінмен жұмыс істей біледі.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы негіздеріндегі қызметтің түрлі салаларында құқықтық білімдердің негіздері (әкімшілік, қылмыстық, азаматтық және т.б.) туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін іске асырады; басқару теориясының негізгі ережелерін, өнер саласын басқару ерекшеліктерін, мәдениет саласындағы басқарудың негізгі үлгілерін біледі;
  • Білім беру мақсаттары үшін негізгі тілдік лексиканы, мамандықтың ішкі нышандарын білдіретін сөздік қорын, сондай-ақ таңдалған мамандану саласындағы негізгі терминологияны біледі; иелену қабілеті: ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын және оларды академиялық, жалпы ғылыми және кәсіби қарым-қатынас тақырыптарымен байланыстыру үшін пайдалану; ашық сөйлеу негіздері; аннотацияның негізгі әдістерін, қорытындысын, мамандық бойынша әдебиетті барабар аударады.
  • Ән салу аппараты анатомиясын, фонациялық демнің спецификасын, ансамбльде ән салу ерекшеліктерін: деммен жұмыс істеу қағидаларын және ансамбльде ән салудың ортақ мәнерін қалыптастыруды біледі. Дауыс тренингтерінің негізін, вокал жаттығуларын, әншілік диапазонды кеңейту үшін вокализ бен вокал шығармаларын, хор құрылымын, унисондық топтардың үйлесуін, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдердің, орындау мәдениетін меңгерген.
Top