8D01823 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін әдіснамалық және зерттеу құзіреттілігін игерген, жеке тұлға мен қоғамның әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттесу үдерісінде білім мен ғылымның тұжырымдамалық ережелерін жүзеге асырудың заманауи инновациялық тәсілдерін көрсетуге қабілетті жаңа формациядағы PhD докторларын даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D020 Әлеуметтік педагогика бойынша кадрларды даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D018 Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау
Пәндер
-
Академиялық жазба
Курсты оқу барысында докторанттар ғылыми мәтіндерді талдау және пікір жазу, және өзіндік идеяларды құрылымдап баяндау дағдыларын, психологиялық-педагогикалық академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әртүрлі түрдегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық академиялық мәтіндерді жазу білу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Наукометрия
Білім алушылардың пән ретіндегі наукометрия туралы ұғымдар жүйесін қалыптастыруға; ғылыми және сыни ойлауын дамытуға, ғылыми ақпарат іздеу әдістерін және ғылыми дерекқорлардың ресурстарын қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зертеу әдістері
Курс психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістемесі мен әдістері туралы түсініктерін, зерттеу құзіреттілігін қалыптастыруға және алған білімдері мен дағдыларын жеке ғылыми ізденістерін ұйымдастыруда және өз кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда қолдануға дайын болуға бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика философиясы мен әдіснамасы
«Философия және педагогикалық ғылым әдіснамасы» оқу пәні ретінде педагогикалық ғылымның гносеологиялық негізін, педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің арақатынасын әдіснамалық тұрғыдан түсінуге, әдіснамалық және зерттеушілік мәдениетті және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік-педагогикалық ғылымның дамуының ғаламдық трендтері
Курс мазмұны кәсіптік білім беру саласындағы әлемдік білімнің трендтерін, олардың өткен және болашақтағы өзара байланысын тұтас қабылдауды дамытуға бағдарланған. Білім берудің трендтерімен байланысты инновациялармен, әлемдік тенденцияларымен және заманауи әлеуметтік-мәдени ситуациялармен байланысты негізгі түсініктерді және ұғымдарды, теорияның практикамен ұштасыуын және кәсіби білім беруді дамытудың әлемдік трендтерінің теориялық жағдайын нақтылауды, білім беру мекемелеріндегі инновациялық процестердің мүмкіндіктерімен және қажеттілігімен байланысты мәселелерге талдау жасауды меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі «Кейс-стади» технологиясы
Курс докторанттарға CASE-технологияларының мәні мен мазмұнын, кейс-әдістің технологиялық ерекшеліктерін, case-study әдісін дамытудың стратегиялық принциптерін, Практикалық, оқыту, ғылыми-зерттеу кейстерін және әлеуметтік-педагогикалық білім беруде CASE-технологияларын қолдану тәжірибесін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- дербес зерттеу нәтижелерін кәсіби әрекетке жобалау, ендіру және бейімдей алу қабілетін көрсету
- Ғылыми зерттеулерді орындау процесінде наукометриялық мәліметтерді өңдеу, интерпретациялау және қолдана білу дағдыларын меңгеру.
- педагогика әдіснамасы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке талдау жасау дағдысын игеру
- ғылыми-педагогикалық орта мен кәсіби іс-әрекетінің даму жағдайы мен тенденцияларын сыни талдай білу дағдыларын меңгеру