Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02314 Әдебиеттану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Академиялық жазба
    Несиелер: 5

    «Академиялық жазба» пәні академиялық мәтіннің жазылу заңдылықтарын, негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын меңгереді; ғылыми талдау негіздерін оқытады. Академиялық мәтін түрлерінің орындалу әдістерін (реферат, аннотация, ғылыми мақала, тезис) үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлемдік әдебиеттану ғылымы контексіндегі отандық әдебиеттану
    Несиелер: 5

    «Әлемдік әдебиеттану контексіндегі отандық әдебиеттану» курсы докторанттарға әлемдік әдебиеттанудың қазіргі кезеңіндегі дамуының контекстінде ұлттық әдебиет теориясының нақты мәселелері туралы білімін тереңдетуге арналған. Қазақстандағы әдебиетті қалыптастыру және дамыту тарихы, ұлттық ғылымның негізін қалаушы, қазақстандық ғалымдардың филология ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы ақпаратты қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Структуралық әдебиеттану және мәтін талдау
    Несиелер: 5

    Курс АҚШ, Европа және Ресейдегі мәдени антропологиялық мектептердің қалыптасуы мен даму мәселелерін және олардың мазмұны мен түйінді жағдайларын қазіргі әлемдік мәдени антропологиялық даму тұрғысынан қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар
    Несиелер: 5

    Пән әдеби үрдіс және оның ерекшеліктері жайында пікір қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты – әртүрлі әдеби мектептер мен бағыттардың зерттеу тақырыбы болып табылатын әдеби үрдістердің ең маңызды аспектілерін анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сөз өнерін кешенді талдаудың филологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу көркем мәтіннің ерекшелігі туралы түсінік береді, әртүрлі аспектілермен және лингвистикалық талдаудың негізгі кезеңдерімен, сонымен қатар филология ғылымының маңызды жетістіктерімен таныстырады. Курс шығарманы әдеби талдаудың әдістері, тәсілдері мен қағидаттарына қатысты бірқатар теориялық мәселелерге тұтас көзқарас қалыптастыруға бағытталған; көркем мәтінді әдеби талдаудың негізгі принциптерін, логикасы мен әдістерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көркем туындыдағы авторлық позиция/
    Несиелер: 5

    Көркем шығармадағы авторлық позицияны кейіпкерлер образы мен сюжеттік оқиғалардан талдап, тану, идея иен авторлық позицияның ара жігін ажырату. Автордың шығармашылық тұлғасын оның позициясы арқылы таныту үшін көркем мәтінді әдеби талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зертеу әдістері
    Несиелер: 5

    «Ғылыми зертеу әдістері» пәні ғылыми өлшемдерге сай зерттеу жұмысын жүргізуді оқытады. Әртүрлі ғылыми идеялар мен теорияларды сыни тұрғыда талдауды, бағалауды және салыстыруды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON2

    Қазіргі әлемдік әдебиеттану ғылымының даму бағытын, оның өзіндік ерекшелігі мен зерттеу әдістері, әдіснамасы, сөз өнері мен рухани құндылықтарды саралаудағы отандық әдебиеттану ғылымының маңызын түсініп, меңгереді. Қазіргі әдебиеттануда ғылыми зерттеудің тәжірибесін қолданады. Қазақстандық әдебиеттану ғылымының дамуы мен тарихын зерттей біледі.

  • Код ON4

    Академиялық мәтіннің жазылу заңдылықтарын, негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын меңгереді; ғылыми талдау негіздерін біледі. Академиялық мәтін түрлерінің орындалу әдістерін (реферат, аннотация, ғылыми мақала, тезис) игеру. Ғылыми өлшемдерге сай зерттеу жұмысын жүргізу

  • Код ON3

    Қазіргі мәтін концепциясы мен көркем мәтінді талдау технологиясын жетік меңгеріп, рецептивті эстетиканың өзекті мәселелерін, генезисін, контекстуалды-мәтінаралық талдау технологиясын жақсы үйрену. Алған білімді диссертациялық жұмысты жазу барысында қолдана алу, сөз өнерін талдау әдіс-тәсілін пайдалана білу. Көркем шығарма мазмұнын талдаудың тілдік-стильдік, көркемдік, идеялық, сюжеттік-композициялық талдау тәсілдерін меңгеру.

  • Код ON1

    Әдеби шығармашылықты зерттеу үдерісінде, көркем шығарманы психологиялық талдауда қазіргі ғылыми теориялар мен тұжырымдарды қолдана біледі. Филологиялық зерттеулер жүргізуде әлемдік және отандық әдебиеттанудағы ғылыми мектептердің басым бағыттарын меңгереді; Әдебиеттану саласындағы білімді кеңейтудегі жаңа және күрделі идеяларды сын тұрғысынан талдап, бағалап және жинақтай алады. Қазіргі әдебиет теориясының ағымдары мен бағыттары, қазіргі жанрлар теориясы мен даулы мәселелерді, әдеби үдерістің даму заңдары мен заңдылықтарың меңгереді

Top