Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01117 Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты: жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің жоғары сапасына дайындық деңгейіне міндетті талаптар қою есебінен қол жеткізу, білім алушылардың өзіндік оқу және практикалық қызметін ынталандыру, дәрігердің жүйеленген теориялық білім мен практикалық дағдылардың қажетті көлемін алуы, емдеу-алдын алу мекемелерінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымында өз бетінше жұмыс істеу және халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында қатысу үшін резидентураны бітіргені туралы құжаттардың баламалылығын қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R017 Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Хирургиялық бейіндегі емделушілерде анестезиологиялық қамтамасыз ету.
Кардиохирургиядағы анестезия және қарқынды терапия, перфузиология.
Нейрохирургия және неврологиядағы анестезия және қарқынды терапия.
Жақ-бет хирургиясында, стоматология және отоларингологияда, офтальмологияда Анестезия және қарқынды терапия. Амбулаториялық анестезиология.
Оқыту нәтижелері
- Кейіннен қарқынды терапия жоспарын тағайындаумен журетин, пациенттің жағдайын анықтайтын негізгі клиникалық, зертханалық және аспаптық деректерді дұрыс түсіндіре алады
- Анестезияның негізгі қағидаттары мен ерекшеліктері туралы қазіргі заманғы деректер негізінде пациенттердің әртүрлі санатында анестезияның тиімді және қауіпсіз әдісін таңдауға қабілетті
- Клиникалық хаттамаларға және дәлелді медицина принциптеріне сәйкес толық тексеру және қарқынды терапия жоспарын дұрыс тағайындай алады
- Дифференциалды диагностиканы дұрыс жүргізуге, талдауға, осы клиникалық диагнозды негіздейтін дәлелдерді тұжырымдауға және емдеу мен анестезияның дұрыс жоспарын тағайындауға қабілетті
- Ағымдағы Медициналық және есепке алу-есеп құжаттамасын дұрыс жүргізуге қабілетті
- Эмпатия және өзара түсіністік негізінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін пациентпен және оның туыстарымен дұрыс коммунизациялауға қабілетті
- Өмір бойы кәсіби және жеке оқыту мен дамыту үшін білімді, іскерлікті, дағдыларды пайдаланады