Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02310 Филология в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 8D02310-Филология мамандығы бойынша докторанттарды даярлауға арналған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: кәсіби және ғылыми құзыреттілікке ие гуманитарлық мамандардың, жоғары білікті және халықаралық бәсекеге қабілетті, тәжірибелік және ғылыми қызметті жүзеге асыру дағдыларын үйрету.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
  • Мәтіннің лингвомәдениеттану анализі: әдістері мен тәсілдері
    Несиелер: 4

    Александр Матвеевич Пешковскийдің еңбектеріндегі сыйпаттама және нормативтік грамматикалық мәселелері.Н.Я. Маррдың Яфеттік теориясы.Түркология ғылымының даму тарихы.Кеңестік тіл білімі. 20-40 Кеңестік тіл білімі. Н.Я. Маррдың Яфеттік теориясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі ғылыми парадигмалар аспектісіндегі тіл мен мәдениет
    Несиелер: 4

    Тілдің синхрондық және диахрондық аспектілері.Тілді жүйе деп тану, оның таңбалық табиғаты�� көрсетуі мәселелері. Копенгаген мектебінің негізін салушылар.Луй Ельмелев еңбектерінің идеясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Лингвистикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері мәселелері. Г.Паульдің, Ф.Блейктің, Н.Р.Маррдың, В.Вундтың, және Р.А.Будагов пен Л.С.Выготскийлердің лингвистикалық семантика жөніндегі ғылыми негіздемелері. Дәстүрлі семантикалық үшбұрыш, функционалды семантикалық үшбұрыш. Денотаттық мағына. Денотаттық және референттік белгілер, олардың өздеріне тән сипаттамасы.Тіл біліміндегі Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Жюль Жильерон негізін негізін салған «Лингвистикалық география» бағыты. Женева социологиялық мектебі. Франция социологиялық мектебі. Карл Фосслер салған эстетизм мектебінің принциптері, аталу себептері, қателіктері. Фердинанд де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы. Ф. Де Соссюрдің өмірі, ғылыми еңбектері, шәкірттері туралы қысқаша түсінік. Ф. Де Сюссордің концепция��ары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компаративистика
    Несиелер: 6

    Компаравистика (comparativus-салыстырмалы) – лингвистика ғылымындағы жаңа бағыт. Ол тіл білімінің бір бөлігін яки жалпылама қарастырғаннан гөрі оны тарихи контексте салыстырмалы түрде қарастыруды ұсынады. Бұл ғылым академик А.Веселевскидің «тарихи поэтика» атты терминінен бастау алады. Кезінде оны проф. Шевырев («Теория поэзии в историческом развитии у древних и новых народов») пен проф. Кудрявцев (жалпы тарих бойынша) пайдаланып, дамытқан.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистикалық ізденістердің заманауи үрдістері
    Несиелер: 4

    Тіл білімінің дамуы бір қалыпты болмайды. Ол соңғы ғасырларда қатты, жан-жақты дамыды. Ол көп қырлы болып келеді. Еуропа, Америка, Шығыс тіл мектептері тереі байланыста дамуда. Тіл білімі зерттеудің дедуктивтік кезеңінен эмпиритикалық зерттеулерге ауысты. Тілдегі логикалық және грамматикалық категориялардың арақатынасы, халықаралық тіл, тілдердің туыстығы тағы басқа мәселелелер – қазіргі лингвистикалық үрдістің аспектілері мен жаңа бағыттары .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы.Ғылыми зерттеудің методологиясы - шығармашылық ойдан бастап ғылыми еңбектің түпкілікті рәсімделуіне дейін ғылыми мағынада жеке зерттеу жүзеге асырыладыү Демек ғылыми зерттеу әдістері ғылыми зерттеудің маңызды факторлары юолып табылады. Ғылыми таным әдісі-объективті шындықты зерттеу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдік қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері
    Несиелер: 4

    Тілдік интеграция мен дифференциация – танымдықдаму нәтижесі. «Тілдік дәстүр» – дүниені тану қ��ралы. «Тілдік универсалий» – уәжделген танымдық фактор. Қазақ лингвистикасында тілтанымдық «этюдтер» парадигмасы. Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші.Тілдік норма – танымдық заңдылық. Тілдік қор – танымдық жады қызметінің нәтижесі. Тілдегі тәжірибе мен таным бірлігі – лингвистикалық мәселе. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмалар. Тілтаным теориясының концептологиялық негізі. Семантика мен таным теорияларының байланысы. Тіл мен таным одағының лингво-мәдени сипаты.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 3

    Академиялық хат ғылыми коммуникация процесін процедуралық рәсімдеу ретінде. Академиялық мәтін түсінігі. Академиялық мәтіндердің функциялары: сипаттау, сендіру, конструктивті. Академиялық мәтіндердің түрлері. Ағылшын тілді және орыс тілді дәстүрлердегі академиялық мәтіндерді жазудың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері. Әлеуметтік және гуманитарлық пәндерге мәтін жазу ерекшелігі. Академиялық мәтіндерге қойылатын талаптар. Академиялық тілге қойылатын талаптар. Академиялық мәтіндерді рәсімдеуге қойылатын талаптар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Танымдық семантика (когнитивтік семантика)
    Несиелер: 6

    Танымдық семантика (когнитивтік семантика) - когнитивтік лингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Когнитивтік семантиканың негізгі принциптері: біріншіден, грамматика концептуализация бар; екіншіден, тұжырымдамалық құрылым сөйлеуде бекітілген және оған уәжделеді; үшіншіден, тілді пайдалану мүмкіндігі арнайы тілдік модульге емес, жалпы когнитивтік ресурстарға негіздеоген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON6

    Тіл мәселелеріне компаравистика тәсілі арқылы салыстырмалы, тарихи контексте сараптама жасай алады

  • Код ON10

    Тіл эволюциясының ішкі және сыртқы факторларын жүйелі түрде танып, ғылыми тұрғыда қолданады

  • Код ON3

    Филология және педагогика ғылымдарының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістемелікті кәсіби қызметінде қолданады.

  • Код ON5

    Халықаралық ғылыми форумдарда, конференцияларда және семинарларда көпшілік алдында шешен сөйлей алады.

  • Код ON4

    Жүйелі ойлау, инновациялық-танымдық, инициативтік, өзіндік шығармашылық іс-әрекет мәдениетіне ие болады.

  • Код ON8

    Ғылыми ізденіс тәжірибесін ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, оқу процесіне нәтижелерін енгізу мен педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру, зерттеу қызметінің алгоритмін меңгере алады.

  • Код ON7

    Білім беру өрісінде филологиялық пәндерді оқытуды, ғылыми ізденістерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде ұйымдастырып, басқара алады.

  • Код ON2

    Ғылыми таным құралдары мен жаңа әдістерін, қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді, білімді интеграциялауды меңгереді.

  • Код ON9

    Белсенді ізденіс пен ғылыми ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ететін ілімді жаңарту, кәсіби өсу, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдердің динамикасы жағдайында аз шығынмен жұмыс бейінінің ауысуы мүмкіндігін пайдалана алады.

  • Код ON11

    Лингвистикалық қазіргі үдерістердің бағыттары мен өзектілік жай-күйін сыни тұрғыдан бағалай алады.

  • Код ON1

    Кәсіби және қоғамдық ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады.

Top