Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02312 Шетел филологиясы: түрік тілі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Базалық түрік тілі А1, A2 (Бастапқы деңгей)

    Студенттердің тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым кезеңдері негізінде түрік тілінде сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы мен лексикалық тезаурусын, нормативтік, әдеби айтылуы мен фразалық интонациясын және олардың қарым-қатынас процесінде қолданылуын, осы курс аясындағы әртүрлі мәтіндер мен коммуникативті жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік-мәдени және елтанулық мәліметтерді үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Түркі филологиясына кіріспе

    Түркі филологиясы – түркітану ғылымының дамуы мен түркілер жайлы алғашқы деректер туралы, түркі тілдерінің қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері, зерттелу тарихы, генеалогиялық және тарихи тұрғыдан жіктелуі жайлы мағлұмат беруге бағытталған. Түркі халықтарының дүниетанымы мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын халық тарихымен, этникалық құрамымен сабақтастыра отырып, интегративті түркітанымдық аспектіде қарастыруға негізделген. Түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар мен өзіндік ерекшеліктер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Пәннің мақсаты: мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет

    Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің тілдік қызмет түрлері

    Әр қилы тұлғада жұмсалатын тіл бірліктерінің қолданыстары алуан жағдайлар арқылы танытылып, білім алушыны өз бетінше жазуға, сөйлеуге, түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы мен лексикалық тезаурусын, нормативтік, әдеби айтылуы мен фразалық интонациясын және олардың қарым-қатынас процесінде қолданылуын, осы курс аясындағы әртүрлі мәтіндер мен коммуникативті жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік-мәдени және елтанулық мәліметтерді үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі

    Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми зерттеу негіздері пәні ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми-методологиялық базасын, ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастырып, әдіс-тәсілдерін білу, игеру, қолдану міндеттерін көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және бизнес

    Пәннің мақсаты: Кәсіпкерлік пен бизнестегі теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін зерттеу. Мазмұны: Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешуүшін құқықтық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелерін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық түрік тілі

    Курс түрік тілінде мамандық бойынша терминологияны меңгеріп, кәсіби сипаттағы хабарламаны қабылдау, мақсатты түрде ақпарат алмасу, кәсіби тілдесім мәселесі бойынша дайындықсыз түрде өз ойларын жеткізуді көздейді; тілдің грамматикалық ерекшеліктері мен құрылымдарын, оқудың негізгі ережелерін біледі; ойлау мәдениеті қалыптасқан, ақпаратты қабылдап, сараптай білуге, мақсат қойып және оған қол жеткізудің жолын таңдай білуге қабілетті; тілдер бойынша ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасай алу қабілеті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің коммуникативтік практикасы

    Түрік тілінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерін оқыту, сондай-ақ оқытылатын тақырыптар бойынша коммуникациялық жағдайларға байланысты жазбаша және ауызша сөйлеуді қалыптастыру. Қарым-қатынастың белгілі бір жағдайында коммуникация міндеттерін орындауға ықпал ететін тілдік құралдарды дұрыс таңдап, дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Сөйлеудің негізгі коммуникативтік қасиеттерін білу және оларды сөйлеу процесінде ескеру. Тілдің функционалдық түрлері, сөйлеу құралдарын оңтайлы таңдауға және ұйымдастыруға әсер ететін қарым-қатынастың прагматикалық шарттарын игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің фонетикасы

    Фонетиканың зерттеу объектісін, мақсаты мен міндетін, фонетиканың теориялық және практикалық мәнін, фонетиканың салаларын, түрік тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін, буын, екпін, үндестік заңдарын теориялық тұрғыдан қарастырады. Түрік дыбыстарының қолданылу ерекшеліктерін қарастырып, практикалық дағдыларды жетілдіріп, дұрыс сөйлеу процесін игертеді. Түрік тілінің фонемаларының ана тілінің фонемаларымен салыстырғандағы артикуляциясының ерекшеліктерін, сөйлеудің интонация ерекшеліктерін қарастырады; алған білімдерін ауызша сөйлеуде, сөздік құрастыруда, талдауда және шетел мәтіндерін оқуда қолдануға үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сөйлеудегі түрік лексемаларының қолданылуы

    Түрік тілінің сөздік қоры оның ішінде, арғы түрік және ортақ түркі бірліктері мен қазіргі түрік сөздері, сондай-ақ түрік тіліндегі кірме сөздер қарастырылады. Тілдегі фразеологизмдерді тану, олардың тұлғалық және мағыналық күрделі құрылымдарын пайымдау, тілдегі ұқсас бірліктермен салыстыру, аудару жолдарын меңгеру; фразеологизмдердің сөйлеуде қолданылу ерекшеліктерін, стильдік бояуын, синонимдерін, антонимдерін, омонимияларын, фразеологиялық бірліктердің қолданылу нормаларын қарастыру, олардың негізгі құрылымдық-семантикалық және стилистикалық түрлері туралы түсінік алу, ана тілінде сөйлеушінің эмоционалды боялған сөзін түсіну, әңгіме жүргізу

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Базалық түрік тілі В1, B2

    Түрік тілінде сөйлету, өз ойын жазбаша түрде жеткізуге бағыттау және әртүрлі тақырыпта әңгіме-диалог құру, мәтіндермен жұмыс, шығарма, мазмұндама жаздыру, түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы мен лексикалық тезаурусын, нормативтік, әдеби айтылуы мен фразалық интонациясын және олардың қарым-қатынас процесінде қолданылуын, осы курс аясындағы әртүрлі мәтіндер мен коммуникативті жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік-мәдени және елтанулық мәліметтерді үйрету көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрк тілінің фразеологиялық жүйесі

    Тілдегі фразеологизмдерді тану, олардың тұлғалық және мағыналық күрделі құрылымдарын пайымдау, тілдегі ұқсас бірліктермен салыстыру, аудару жолдарын меңгеру; фразеологизмдердің сөйлеуде қолданылу ерекшеліктерін, стильдік бояуын, синонимдерін, антонимдерін, омонимияларын, фразеологиялық бірліктердің қолданылу нормаларын қарастыру, олардың негізгі құрылымдық-семантикалық және стилистикалық түрлері туралы түсінік алу, ана тілінде сөйлеушінің эмоционалды боялған сөзін түсіну, әңгіме жүргізу, диалогта фразеологиялық бірліктерді еркін қолдану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Түркия Республикасының тарихы

    Оқу пәнінің негізгі мақсаты-Түркия Республикасының тарихы түрік халқының көне дәуірден бастап қазіргі кезенге дейінгі тарихы туралы білімді қалыптастыру. Кіші Азияда құрылған алғаш Селжүк бейліктері, Осман империясы және ХХ ғасырда құрылған Түркия Республикасының ішкі және сыртқы саясаты дамуының негізгі векторларын анықтау, экономикалық дамуын зерделеу. Жаһандану үдерістері аясында қазіргі түркі мемлекеттерімен байланысын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің ауызша және жазбаша практикасы

    Түрік тілін меңгеру аясында аударманың ауызша түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аударма құзыретін қалыптастыру, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дыбыстардың фонетикалық екпіні

    Фонетиканың зерттеу объектісін, мақсаты мен міндетін, фонетиканың теориялық және практикалық мәнін, фонетиканың салаларын, түрік тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін, буын, екпін, үндестік заңдарын теориялық тұрғыдан қарастырады. Түрік дыбыстарының қолданылу ерекшеліктерін қарастырып, практикалық дағдыларды жетілдіріп, дұрыс сөйлеу процесін игертеді. Түрік тілінің фонемаларының ана тілінің фонемаларымен салыстырғандағы артикуляциясының ерекшеліктерін, сөйлеудің интонация ерекшеліктерін қарастырады; алған білімдерін ауызша сөйлеуде, сөздік құрастыруда, талдауда және шетел мәтіндерін оқуда қолдануға үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің сөз жасамы

    Түркі тілдерінің сөзжасам жүйесі – сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді. Сонымен қатар, сөзжасамға қатысты ғылыми еңбектерді қарастырады, білім алушыларды сөзжасамның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, нақтылы ғылыми деректер береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас контексіндегі түрік тілі

    Тілді маңызды қарым-қатынас құралы ретінде қабылдау, тілді оймен, сөзбен, этноспен және халықтың мәдениетімен байланыстыра отырып, түрік тілінде тұрмыстық тақырыптардағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Түрік халқының мәдениетін зерделеу арқылы түрік тілінде сөйлеу дағдыны жүзеге асыру үшін коммуникативті дағдыларды дамыту. Курстың коммуникативтік бағыты студенттердің сөйлеу әрекетінің 4 түрін меңгеруін көздейді: тыңдалым, айтылым, оқу, жазу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің морфологиясы

    Морфология – сөз бен оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы болғандықтан, қазіргі түрік тіліндегі сөздің грамматикалық тұлғаларын тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен бірге зерттейді. Түрік тілінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, түрік тілінің морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сонымен қатар, сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көне түрік әдебиеті

    Түркі халықтарының көне кезеңінен орта ғасырлардағы ортақ тарихы мен әдебиетін қарастырады. Әлемдік көркем сөз шеберлігіне және әдеби қозғалысқа тигізетін түркі халықтары әдебиетінің ықпалы нысанға алына отырып, ежелден тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы өзара жақын болыпкелетін түркі тектес халықтардың ортақ әдебиеті қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік халық әдебиеті

    Қазіргі түрік әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі түрік әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түрік әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің морфологиясы

    Сөз бен оның формалары туралы түсінікті, түркі тілдеріндегі сөздің грамматикалық тұлғаларын тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен бірге зерттейді. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, түркі тілдерінің морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сонымен қатар, сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің деривациясы

    Түрік тіліндегі деривациялық құбылыстың даму ерекшеліктерімен таныстыру, семантикалық деривация және сөзжасамдық деривация ұғымдарының мәнін түсіндіру, транспозициялық және категория ішіндегі аффикстерді қолдана отырып, жаңа сөздердің пайда болуы қарастыру; препозициялық және постпозициялық элементтердің тіркесімінің әртүрлі фонетикалық, морфологиялық, морфонологиялық, лексикалық-семантикалық ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, туынды негіздердің лексикалық-семантикалық түрлендірулеріне контексттің аспектуалды компоненттерінің қатысуы сияқты негізгі мәселелерді қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін салыстырмалы-синхронды аспектіде қарастыру; салыстырмалы түркі тіл білімінің ғылыми принциптерімен, әдіс-тәсілдерімен таныстырады; сингармонизм заңдылығының қазіргі тілдердегі сақталу ерекшеліктерін түсіндіру; қазіргі түркі тілерінің жалпы грамматикалық құрылымы бойынша білім қорын қалыптастыру. Түркі тілдерінің және жеке түркі тілдерінің дыбыс өзгерiстерi, түбiр мәселелерi грaммaтикaлық сипaты мен ортaқ жaқтaрын, ерекшеліктерін, морфологиялық формaлaры сaлыстырмaлы aспектіде қaрaстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аударма теориясы мен практикасы

    Аударманың негізгі түрлерін анықтап және тілдік, семантикалық аспектілерде аударманың түрлеріне қойылатын талаптарды қарастыру, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, білім алушыларды бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің синтаксисі

    Аталған пәннің теориялық негіздерін, оның негізгі бірліктерін, олардың арасындағы байланыстар мен өзара қарым-қатынастарды, түркі тілдеріндегі синтаксистік құрылымның ерекшеліктерін зерттеу. Түркі тілдеріндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердін өзіндік белгілерін, құрылысын, құрамын, байланысу тәсілдері мен байланысу формаларын, құрмалас сөйлемнің басты белгілерін, оның жай сөйлемнен айырмашылықтарын, құрмалас сөйлем түрлерін салыстырмалы тұрғыда игереді. Кешенді синтаксистік конструкцияларды құрастырып, күрделі сөйлемді талдай білуді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық түрік тілі

    Студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау, ғылыми мәтіндерді оқу дағдыларын, академиялық жазу дағдыларын, тыңдалым мен дәрістерді қысқаша жазып алу дағдыларын, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын: көпшілік алдында сөйлеу, келіссөздер, кездесулер, іскерлік хат алмасу, электронды коммуникациялар және т.б. жетілдіру; презентациялар мен семинарлардың өткізілуіне дайындау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, түрік тілінен жалпыға ортақ, ғылыми және кәсіби деңгейдегі білімдерін халықаралық стандартқа сәйкес қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Іскерлік түрік тілі

    Мәдениетаралық коммуникация саласында кәсіби міндеттерді орындау үшін білім алушыларға қажетті деңгейде арнайы құзыреттерді қалыптастыру, дамыту және жетілдіру, халықаралық іскерлік салада іскерлік кездесулер, келіссөздер, презентациялар өткізу, коммуникация функциясын жүзеге асыруға қол жеткізу, нақты қарым-қатынас, шетел мәдениетіне және оның тасымалдаушыларына нақты қол жеткізуді іздеу арқылы тілді шынайы қарым-қатынаста қолдана білу және тәжірибеде қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Диван әдебиеті

    Ескі әдебиетке қарсылық ретінде туындаған, болашаққа бағытталып, батыстан әсер алған Танзимат әдебиеті кезеңдерінің жалпы ерекшеліктері, әдеби жанр түрлері, әдеби ағымдар, Танзимат әдебиетінің бірінші және екінші кезеңдерінің танымал ақын-жазушыларының өмірлері мен шығармашылықтары қарастырылады. Ағартушылық кезеңі Танзимат әдебиеті шығармаларының тақырыптық, мазмұндық сабақтастығы, көркемдік-жанрлық сипаты қарастырылады. Танзимат әдебиеті кезеңіндегі шығармалардың композиция, сюжетін талдау, автордың жазушылық стилін айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Базалық түрік тілі C1, С2

    Түрік тілінде сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау деңгейін дамытып, продуктивтік және рецептивтік білімді арттыру іске асырылады. Осы курс аясында грамматикалық модельдерді үйренуді одан әрі жалғастыра отырып, тілдің құрылымы мен лексикалық тезаурусын, нормативтік, әдеби нормалары мен фразалық интонациясын және олардың қарым-қатынас процесінде, әртүрлі коммуникативті жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік-мәдени және елтанулық мәліметтер беріліп, қалыптасқан дағдылар бекітіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы

    Грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, лексика-грамматикалық разрядтарды, морфологиялық парадигмаларды, түркі тілдерінің сөйлеу бөліктерін салыстыра және салғастыра қарастыру. Түркі тілдеріндегі сөздердің грамматикалық тұлғаларын тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен бірге зерттеу. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымын, тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, морфологиялық терминологиясын оқыту. Сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтап, салыстыра зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық және қолданбалы лингвистика

    Теориялық және қолданбалы лингвистика пәні лингвистика ғылымының бір бөлшегі болып саналады. Тілдің қолданбалы бұл аясы негізінен ана тілі мен шет тілін оқыту әдістемесі және тілдің лексикологиялық жүйесін қарастырады. Қолданбалы әдістерін жасауды, яғни жазу мәселесін дамытуды, ауызекі сөйлеудің транскрипциялық жүйесін құруды, шетел сөздерінің транскрипциясын жасауды, стенографилық тәсілдерін дамытуды, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығаруды, тарихи ескерткіштерді таңба жазуларды айқындауды қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Танзимат кезеңі түрік әдебиеті

    Ескі әдебиетке қарсылық ретінде туындаған, болашаққа бағытталып, батыстан әсер алған Танзимат әдебиеті кезеңдерінің жалпы ерекшеліктері, әдеби жанр түрлері, әдеби ағымдар, Танзимат әдебиетінің бірінші және екінші кезеңдерінің танымал ақын-жазушыларының өмірлері мен шығармашылықтары қарастырылады. Ағартушылық кезеңі Танзимат әдебиеті шығармаларының тақырыптық, мазмұндық сабақтастығы, көркемдік-жанрлық сипаты қарастырылады. Танзимат әдебиеті кезеңіндегі шығармалардың композиция, сюжетін талдау, автордың жазушылық стилін айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Түрік тілінің функционалды стилистикасы

    Студенттерді қазіргі түрік тілінің барлық стильдерімен және стильдік ерекшеліктерімен; стилистиканың негізгі ұғымдарымен: норма, денотативті, коннотативтік мағыналар, контекст, насихаттау түрлері, стильдік қызмет, троптар, стилистикалық таңбаланған және стилистикалық бейтарап лексика, стильдік құралдар, экспрессивті құралдар, сөз тұлғалары және т.б.; экспрессивтік құралдар мен стильдік құралдардың негізгі белгілерімен және қызметтерімен; экспрессивтік құралдар мен стильдік құралдардың классификациясымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Түрік халқының этнографиясы

    Түркі халықтарының этникалық мәдениетін, олардың дүниетанымы мен этнографиясы туралы білімін ұштауға және этнография ғылымын үйретуге бағытталған. Пән түркітанушы мамандардың түркілер тарихы мен мәдениеті бойынша жинақтайтын теориялық-методологиялық білімін тереңдете түседі. Пәнді оқыту білім алушыларды түркі халықтарының салт дәстүрлері арқылы жалпытүркілік ортақ бастаулар мен жекелеген түркі халықтарының даралық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландырып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түрік әдебиеті

    Қазіргі түрік әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі түрік әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түрік әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Түрік тілінің стилистикасы

    Студенттерді қазіргі түрік тілінің барлық стильдерімен және стильдік ерекшеліктерімен; стилистиканың негізгі ұғымдарымен: норма, денотативті, коннотативтік мағыналар, контекст, насихаттау түрлері, стильдік қызмет, троптар, стилистикалық таңбаланған және стилистикалық бейтарап лексика, стильдік құралдар, экспрессивті құралдар, сөз тұлғалары және т.б.; экспрессивтік құралдар мен стильдік құралдардың негізгі белгілерімен және қызметтерімен; экспрессивтік құралдар мен стильдік құралдардың классификациясымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Түрік тілінің көркем аудармасы

    Көркем аударманың өзекті мәселелерін, негізгі функциясы оқырманға көркем-эстетикалық ықпал ететін мәтіндерді аудару жолдарын, түрлерін және ерекшеліктерін меңгеру. Бір тілден екінші тілге аударылған көркем шығармаларды қарастыру, дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма түрлерінен қайсысына жататындығын ажырата білу. Аударма ісінің теориялық және әдіснамалық негіздерін ашу, түркі халықтарының мәдениетаралық қарым-қатынасы контекстіндегі аударманың ерекшеліктерін зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілін оқытудағы инновациялық технологиялар

    Оқытудың біртұтас жүйесі компоненттерінің бірі ретіндегі инновациялық технологиялар оқу қызметінің нұсқалық мүмкіндіктерін, оны дараландыру мен саралау мүмкіндіктерін ашып қана қоймайды, сонымен қатар, шетел тілі ретінде түрік тілін игеру барысында оқытудың барлық субъектілерінің өзара әрекеттестігін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ педагогикалық инновацияның теориясы мен тәжірибесі туралы мәліметтерді меңгертеді, болашақ мұғалімнің жаңашылдықты қабылдауға, өз мамандығы бойынша шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіруге инновациялық дайындығын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің тарихи грамматикасы

    Білім алушылардың түрік тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары туралы ақпараттарды игере білуі туралы білім жүйесін қалыптастыру, түрік тілі жүйесінің деңгейлерін диахрондық позициялардан сипаттауға үйрету; тіл жүйесінде қалыптасқан көне түркі дәуірінен қазіргі кезеңге дейінгі өзгерістер мен даму жолдарын анықтау және маңыздылық дәрежесімен сипаттау; алған білімдерін кәсіби міндеттерін шешуде қолдана білуге үйрету

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Түрік тілінің ауызша аударма практикасы

    Түрік тілін меңгеру аясында аударманың ауызша түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аударма құзыретін қалыптастыруды қарастыру, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік әдебиетін оқытудың әдістемесі

    Түрік әдебиетін оқытудың негізгі әдістемелерін, оқыту технологияларын және әдістеме түрлерін қарастыру. Әдебиеттану ғылымдарының іргелі тұжырымдамасын, мазмұндық, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін жаңа сапада ұғыну. Тәжірибелік, білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды іске асыру және осылайша, оқытудың осы саласы бойынша маманды жан-жақты дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шет тілін одан әрі кәсіби-бағдарлы жетілдіру үшін негіз қалау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік этнолингвистикасы

    Түрік этнолингвистикасы – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ мамандарға ұсыну көзделеді; халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп- ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеу негізге алынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі түркі прозасы

    Түркі халықтарының қазіргі заманғы көркем прозасының даму бағыттарын ашу, белгілі түркі прозаларының шығармашылығын зерттеу. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түркі халықтары әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Түрік тілін оқытудың әдістемесі

    Әлемдегі әдістеме ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, білім алушыларға түрік тілін оқытудың бағыттары мен ұстанымдарын анықтау, түрік тілін табысты меңгеру үшін қазіргі заманғы инновациялық технологияларды, жасанды интеллект әдістерін игеру. Тәжірибелік, білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды іске асыру және осылайша, оқытудың осы саласы бойынша болашақ маманды жан-жақты дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шет тілін одан әрі кәсіби-бағдарлы жетілдіру үшін негіз қалау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Түрік тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивті әдістері

    Курстың мақсаты - шет тілді білім берудің жаңа концепциясына негізделе отырып, болашақ шет тілі мұғалімінің кәсіби-пәндік дайындық сапасын қамтамасыз ету, қазіргі кезеңде маманға қойылатын әлеуметтік педагогикалық талаптарға жауап беру. Сондай-ақ педагогикалық инновацияның теориясы мен тәжірибесі туралы мәліметтерді меңгерту, болашақ мұғалімнің жаңашылдықты қабылдауға, өз мамандығы бойынша шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіруге инновациялық дайындығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Қазіргі түркі халықтары әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түркі халықтары әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу. Қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдану, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйрету.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Ғылыми зерттеулерді үйымдастыру, зерттеу тақырыбын таңдау және неғіздеу, ғылыми материалдарын дайындау және ресімдеу мәселелеріне көңіл бөлу
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, инклюзивті қоғамның кедергілері мен ресурстарын диагностикалау, әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген күнделікті және кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас стратегиясын таңдай біледі.
  • Ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін Түрік тілінің сөйлеу іс-әрекетінің түрлерін (тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу) меңгеру.
  • Әдеби талдау және көркем мәтіндерді интерпретациялау дағдыларын меңгеру; түрік және басқа түркі халықтарының тарихын, дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін білу.
  • Жазбаша қызметті жүзеге асыру үшін Түрік тілінің тілдік жүйесін меңгеру, түрік тілінің теориясын білу.
  • Түрік тілі мен әдебиетін оқыту әдістерін, оның ішінде түрік тілін табысты меңгеру үшін қазіргі заманғы инновациялық технологияларды, жасанды интеллект әдістерін игеру.
  • Түркі тілдерінің морфологиясы мен стилистикасын, салыстырмалы-салғастырмалы грамматикасын (морфология, синтаксис) меңгеру.
  • Түрік тілінің синхронды аудармасын, жазбаша сөйлеудің екі жақты аудармасын жүзеге асыру; кейінгі орта ғасырдағы түрік текстологиясын меңгеру.
Top