Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02312 Филология: ағылшын филологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В02312-"Филология: ағылшын филологиясы" білім беру бағдарламасының мақсаты-халықаралық қоғамдастық таныған деңгейде шет тілін меңгерген БАҚ-та, баспаларда, аударма бюросында, ғылыми-техникалық кітапханалар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде шет тілі әдебиетін редакциялау, рефераттау саласында, жоғары білім беру саласында мамандар даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Базалық ағылшын тілі В1
Тіл біліміне кіріспе (роман-германдық)
Ағылшын тілінің коммуникативті курсы
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
Базалық ағылшын тілі В1-2
-
2 Оқу жылы
Лингвистикалық типология және тілдік универсалиялар
Әдебиеттану теориясы
Көркемді мәтінді оқу және аудару
Қазіргі тіл білімі: зерттеудің теориясы мен әдістері
Елтану
Базалық ағылшын тілі В2
Ана тілінен ағылшын тіліне аудару және оқу: теория және практика
Базалық ағылшын тілі В2-2
Мәдениетаралық коммуникация бойынша практикум
Екінші шет тілі А1
Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)
Тілдерді оқытудағы заманауи технологиялар
Шет тіліндегі қарым-қатынас
-
3 Оқу жылы
Ағылшын тілінің теориялық грамматикасы
Ағылшын тілінің лексикологиясы
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және коррупцияға қарсы мәдениет, Экология және тіршілік әрекеттері қауіпсіздігі
Екінші шет тілі А2
Аударма теориясы мен практикасы
Базалық ағылшын тілі C1-1
Медиа сауаттылыққа арналған ағылшын тілі
Тілі оқытылатын елдер әдебиеті
Екінші шет тілі В1
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Базалық ағылшын тілі C1-2
Көркем мәтінді стилистикалық талдау
Академиялық хат
-
4 Оқу жылы
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Академиялық мақсаттарға арналған тіл
Оқытылатын шетел халықтарының бастапқы кезеңдегі әдебиеті
TBL, TBL ағылшын тілін оқытудың жаңа тәсілдері
Екінші шет тілі В2
Классикалық және қазіргі ағылшын әдебиеті
Креативті жазу
Ағылшын тіліндегі шешендік өнер
Шет тілін оқытудың әдістемесі
Базалық ағылшын тілі C2
Шет тілін оқытудың кәсіби - бағытталған әдістемесі
Оқыту нәтижелері
- Студенттерді академиялық жазылымның негізігі қағидаларымен таныстыру, ғылыми жұмыстар, эссе жазуға машықтандыру, ғылыми басылымдарға мақала жариялауды үйрету, ғылыми мақалалар жазу қабілетін жетілдіру, пәнді оқыту барысында практикалық мысалдар мен жаттығуларды қолдана отырып, жаңа идеяларды өз бетінше игеру дағдыларына ие болу, ғылыми ақпараттың, зерттеушінің (ғалымның), басқарушының (менеджердің) ағымын тез және тиімді бағдарлау, студенттердің академиялық жазу қабілетерін дамыта отырып шетелдік, отандық ғылыми басылымдарда еңбектерін жариялау, халықаралық ғылыми конференцияларға қатыстыру.
- Базалық шет тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, түпнұсқалық мәтіндерді, мәдениетаралық құзыреттерді түсіну; оқу және тыңдау кезінде шет тіліндегі мәтіндерді қабылдау және түсіну дағдыларын көрсету; шет тіліндегі коммуникация шарттарына сәйкес тұтас және қисынды сөздер айту.
- Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын қолдану; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын лингвистикалық сипаттау және талдау әдістерін меңгеру, дәлелді ақпаратты пайдалану негізінде қазіргі заманғы мәселелерді шет тілінде шешу.
- Диалог жүргізу, монолог жүргізу және әлеуметтік, ақпараттық және кәсіби сипаттағы хабарламалар жасау дағдыларын, кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде ағылшын тілін, халықаралық емтихан тапсырудың қазіргі заманғы талаптарын көрсету.
- Стилистикалық академиялық мәтіндердің түрлерін анықтау; ғылыми мәтіндерді аннотациялау және рефераттау принциптерін жалпылау. Шет тілін оқытудың жаңа әдістерін қолдану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру, курстық және дипломдық жұмыстарды жаза білу.
- Ағылшын тілінің грамматикасы бойынша білімдерін көрсету, ауызша және жазбаша сөйлеу практикасының әдістері мен тәсілдерін зерттеу, кәсіби қызмет саласындағы білім деңгейін көрсету, іскерлік хаттарды, конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын ресімдеу нысандарын қолдану.
- Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
- Тілдік құбылыстарды терең түсіну үшін ағылшын тілін фонетикалық, лексикалық, стилистикалық білімдермен, ағылшын тілінде коммуникацияның әртүрлі түрлерін құру үшін ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеру, мәтін мазмұны, авторлық идеялар.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Ұлыбритания әдебиетінің даму бағыттарын жіктеу, әдеби шығарманы талдауда әртүрлі әдістерді қолдану, қазіргі ағылшын әдебиетінің әдеби процесінің ерекшеліктерін түсіну, жазушылардың шығармашылығын талдау, дәуірдің әдеби және қоғамдық-саяси ағымдары арасындағы байланысты түсіну.