Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02312 Шетел филологиясы: түрік тілі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу. Қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдану, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйрету.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Ғылыми зерттеулерді үйымдастыру, зерттеу тақырыбын таңдау және неғіздеу, ғылыми материалдарын дайындау және ресімдеу мәселелеріне көңіл бөлу
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, инклюзивті қоғамның кедергілері мен ресурстарын диагностикалау, әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген күнделікті және кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас стратегиясын таңдай біледі.
  • Ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін Түрік тілінің сөйлеу іс-әрекетінің түрлерін (тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу) меңгеру.
  • Әдеби талдау және көркем мәтіндерді интерпретациялау дағдыларын меңгеру; түрік және басқа түркі халықтарының тарихын, дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін білу.
  • Жазбаша қызметті жүзеге асыру үшін Түрік тілінің тілдік жүйесін меңгеру, түрік тілінің теориясын білу.
  • Түрік тілі мен әдебиетін оқыту әдістерін, оның ішінде түрік тілін табысты меңгеру үшін қазіргі заманғы инновациялық технологияларды, жасанды интеллект әдістерін игеру.
  • Түркі тілдерінің морфологиясы мен стилистикасын, салыстырмалы-салғастырмалы грамматикасын (морфология, синтаксис) меңгеру.
  • Түрік тілінің синхронды аудармасын, жазбаша сөйлеудің екі жақты аудармасын жүзеге асыру; кейінгі орта ғасырдағы түрік текстологиясын меңгеру.
Top