7M07302 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру (бейіндік) в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру үшін технологиялық үдерістерді жобалауда іргелі білімді, технологиялық процесті сапалы бақылауға, эксперименттердің әдістерін әзірлеуге және олардың нәтижелерін талдауына негізделген әртүрлі білімді, әлеуметтік табысты тұлғаларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M125 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M073 Сәулет және құрылыс
Пәндер
-
Шыны кристалды материалдар алудыңтеориялық негіздері
Пәннің мақсаты: тау жыныстар, шлактар және ЖЭС күлдер негізінде шыныкристалдыматериалдардың технологиясын игеру. Пәнді меңгерудің негізгі бағыттары: Шыныкристалдыматериалдар технологиясының бүгінгі таңдағы күйі. Шыныкристалды материалдартехнологиясының ерешеліктері, қасиеттері және пайдалану саласы.
Несиелер - 5
-
Физика-химиялық зерттеу әдістері
Пән мақсаты: магистранттарға құрылыс материалдарының физика-химиялық зерттеу әдістерінің теориялық және практикалық қабілеттерін ашу. Магистранттарды спектралды, электрохимиялық, хроматографиялық және тағы басқа әдістермен таныстырып, қазіргі заманғы зертханалық қондырғылармен жұмыс жасауды үйрету.
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Психология гуманистік дүниетанымын қалыптастыруға негіз болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлі жайындағы мәліметтер кіреді. Фундаменталды және психологиялық түсініктердің негізінде адам тұлғасы мен әрекеттеріне тұтас көзқарастарын қалыптастырып, психикалық процестердің заңдылықтары мен адамның тұлғалық қасиеттері туралы білімдер негізінде жастардың әрекеттері мен мінез-құлықтарына саналы түрде талдау жасай білу қажеттіліктерін дамытады.
Несиелер - 2
-
Полимер материалдың эксплуатациялық төзімділігі
Пәннің мақсаты: магистранттарға құрылыста қолданылатын полимер материалдарды қолдану төзімділігі жайлы, құрылыс материалдар, бұйымдар, конструкциялар өндірісіндегі полимер материалдар рөлі жайында түсінік қалыптастыру, сонымен қатар негізгі факторлардың түрлі материал беріктілігіне, физико-механикалық қасиеттеріне, материал қасиеттері, шайыр негізіндегі байланыстырғыштар, қоспалар, толтырғыштар әсерін білу болып табылады.
Несиелер - 5
-
Менеджмент
Пәнді оқытудың мақсаты қызметкерлер мен мамандарды тиімді басқару процесін зерттейтін пән ретінде менеджмент саласында арнайы білім мен дағдыларды иелену арқылы магистранттардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету болып табылады.
Несиелер - 2
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты: Білім алушының оқып жатқан мамандығына байланысты шет тілдегі терминдерді, керекті ақпараттарды, соңғы жаңалықтарды білуге және қолдануға ықпал жасау, ақпараттарды тез игеруге септігін тигізу және шет тілде сауатты сөйлеп жазуды меңгерту.
Несиелер - 2
-
Құрылыс материалдар технологиясында түрлендіру
Пәннің мақсаты: магистранттардың құрылыс материалдарын түрлендіріп дайындаудың жалпы принципін білу. Пәннің қысқаша мазмұны: Түрленген құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің оның құрылыс техникалық және функциональды қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланыстылығын оқып білу.
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Пәннің негізгі міндеттері: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудегі тәжірибелік дағдыларды дамыту; зерттеу жүргізудегі отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу; қорытынды біліктілік жұмыстарды орындау кезінде әзірленген пән бойынша арнайы әдебиеттерді пайдалану ерекшеліктерін зерттеу; ғылыми зерттеу әдістерімен танысу; Деректерді талдау және өңдеудің әр түрлі әдістерін игеру.
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Тарихи оқиғалар мен процестерді зертеу бойынша аналитикалық және аксиологиялық талдауға қабілетті. Ағылшын тілінде жазбаша және ауызша коммуникацияға қабілетті. Қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізудің ең тиімді әдістерін қолданады. Психологиялық білім мен теориялардың көмегімен басқару мәселелерін шешеді. Жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік жұмысының ерекшеліктерін біледі, сабақ жоспарларын жасайды, мұғалімдердің үздік тәжірибелерін қолданады.
- Құрылыс материалдарын зерттеуде рентгенографиялық талдауды, оптикалық микроскопия және тағы басқа заманауи зерттеу әдістерді қолдана біледі. Дәстүрлі технологияларды жетілдіруге қабілетті, заманауи технологиялық мысалдарға негізделген компоненттерді алдын-ала дайындауды біледі, аз материал және аз энергия қажет ететін материалдарды, сонымен қоса техногенді шикізаттарды қолдана біледі.Көп компонентті жоғарғы сапалы бетонның құрамын, оны алудағы технологиялық процестерді жобалайды және жинақтайды; әртүрлі орында пайдаланатын жоғарғы сапалы бетон алудағы әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу жөнінде тәжірибе жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін біледі және ұйымдастыра алады. Диссертациялық жұмыс тақырыбына сай әдеби шолу және ғылыми ізденіс жұмыстарын жасайды. Диссертациялық жұмыс тақырыбына сай зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оған қажетті озық құрал-жабдықтарды қолданады, зерттеу қорытындысын жасайды, мақала жариялайды.
- Бақылау, өлшеу, құжаттандыру жұмыстарын жүргізеді және нәтижелерді дұрыс рәсімдейді; олардың маңыздылығын және теорияға сәйкестігін ескере отырып алынған деректерді өңдейді.