Жаңа білім беру бағдарламасы

7M08505 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету (бейіндік 1) в Қазақ ұлттық аграрлық университеті

  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің заманауи мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақстан ауыл шаруашылығындағы отын-энергетикалық ресурстар және олардың қолдану перспективалары. Ауылшаруашылық тұтынушыларындағы жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің ерекшеліктері. Жылумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі тұрақты және айнымалы режимді бөлмелеріндегі жылу теңгерілімдері. Желгілікті энергетикалық қорларын пайдаланатын жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету локалдық жүйелері. Газбен қамтамасыз ететін жүйелер және олардың жабдықтарын жетілдіру үрдістері. Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің экологиялық аспектлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Менеджменттің даму динамикасын ескере отырып, бәсекелес орта жағдайларында жұмыс істейтін ұйымдардағы процестер мен құбылыстарды түсіну үшін кең ғылыми басқарушылық көзқарасты, дүниетанымды, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру. Икемді бейімделген ұйымдық құрылымдар құру, ұжымдық басқарудың инновациялық әдістері мен технологиялары

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауыл шаруашылығындағы энергия үнемдеуші технологиялар
    Несиелер: 4

    үнемдеу саласындағы терминдер мен ұғымдар. Отын-энергетикалық ресурстар. Энергетикалық зерттеулер. Кәсіпорынның энергетикалық төлқұжаты. Жаңартылатын энергия көздері. Энергияны тұтынуды бақылау және есепке алу үшін автоматтандырылған жүйелерді пайдалану. Қосалқы энергия ресурстарын қайта өңдеу әдістері. Энергиямен жабдықтау, энергияны тұтыну, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі энергияны үнемдеу. Жылыту желілері. Тасымалдау кезінде жылу энергиясының шығыны және оларды азайту жолдары. Энергияны тұтыну нормалары. Қаланың коммуналдық аудандарындағы электрмен жабдықтау, жылу, газ, суды үнемдеу, жылыту жүйелеріндегі энергия үне��деу, ыстық сумен жабдықтау, желдету және ауа баптау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бизнес шешімдерді модельдеу
    Несиелер: 3

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жобаларды басқару
    Несиелер: 3

    Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады. Жобаның жетістіктерін жоспарлау және бақылау құралдарын зерттейді; зерттеу және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамытуға, бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып жобаларды экономикалық модельдеуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Энергия үнемдеуші электрмеханикалық жүйелер
    Несиелер: 6

    Типтік автоматтандырылған электр жетектер. Білікке активті момент арқылы циклдік әсер ететін механизмдердің электр жетегі. Энергия үнемдейтін асинхронды электр жетегі. Энергия тиiмдi тартқышты электр жетектерінің күштік сұлбаларының топологиясы және реттеу заңдары. Математикалық немесе имитациялық әдістер арқылы зерттеу нәтижелерін тексеру. Электромеханика. Асинхронды машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі. Айналмалы магнит өрісі. Фазалық және индукциялық реттегіштер. Кернеу теңдеулері. Жарық сәулелендіретін диодтар. Өндірістік үй-жайлардың электр жарығы жүйелерін есептеу. Сыртқы электрлік жарықтандыру жүйелерін есептеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Энергияны үнемдейтін асинхронды электрлік жетек
    Несиелер: 6

    Асинхронды қозғалтқыштардың математикалық сипаттамалары мен модельдері. Қоректендіру кернеуінің айнымалы жиілігі кезіндегі асинхронды қозғалтқыштың орын басу сұлбалары. Реттелетін асинхронды электр жетектерін энергияны көп қажет ететін технологиялық үрдістерде қолдану. Жетектің және жетек жүйесінің өзара әрекеттесу сипаттамалары. Электр жетектердің энергетикалық көрсеткіштері. Энергияны тұтынуды азайту жолдары. Жиілікті түрлендіргіш – асинхронды қозғалтқыш (ЖТ-АҚ) режимдерін оңтайлау. Қосынды шығындарды минимум бойынша оңтайлау. Асинхронды электр жетектердің орнатылған режимдегі реактивті қуаты. Асинхронды электр жетектердің өтпе���� жұмыс режимі. Технологиялық талаптарды қамтамасыз ету. ЖТ-АҚ ақырын қосу. «Энергияны үнемдейтін асинхронды электржетек» оқу пәнінің мазмұны күштік түрлендіргішті электронды қондырғы базасындағы заманауи микропроцессорлы басқару жүйесі бар электр машиналары мен электр жетектері аумағындағы кәсіби білімдерін жүйелі баланыстыруды қамтиды. Электр жетегінің энергетикалық көрсеткіштерін есептеу әдістері мен энергияны үнемдейтін асинхронды электр жетегін тұрғызуға көп көңіл бөлінген. Өзіндік жұмыстарға арналған мысалдар мен есептер келтірілг��н.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Модельдеудің және ғылыми тәжірибенің теориясы
    Несиелер: 4

    Қазіргі заманғы жоғары кәсіптендірілген мамандар эксперименттік мәліметтерді өңдеудің теориялық білімі мен практикалық машықтарын игеруі керек, және де міндетті түрде ДК мүмкіндіктерін пайдалана алуы қажет. Пән мақсаты – эксперименттік мәліметтерді өңдеудің теориясына негізделген теориялық базалық білімді оқыту, қазіргі заманғы бағдарламаларды қолданып техникалық эксперименттердің мәліметтерін талдау үшін практикалық машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі үрдістерді математикалық модельдеу
    Несиелер: 5

    Математикалық модельдеу туралы негізгі ұғымдар. Математикалық модельдеудің кезеңі, мақсаты және негізгі принциптері. Энергетикалық қондырғылардағы электр өрістерін математикалық модельдеу. Электр өрістерін Лаплас теңдеулері арқылы модельдеу. Электр өрістерінің критериальды теңдеулері және ұқсастық критерийлерін анықтау. Электродты жылулық қондырғыларды модельдеу кезінде конформдық бейнелеу тәсілін және электростатикалық анология тәсілін қолдану. Периодты сыртқы әсер кезінде электр тізбектерін модельдеу. Математикалық модельді құрастыру. Электр тізбегін талдау және оңтайластыру. Параметрлік оңтайластыр��дың міндеттері. Автономды электр жетегіндегі үрдістерді математикалық модельдеу. Синхронды генератор мен асинхронды қозғалтқыштың дифференциалдық теңдеулері. Шынжырлы араның электр жетегі жүйесіндегі өтпелі үрдістерді талдау. Ауыл шаруашылығын жылумен қамтамасыз ету жүйесін және қондырғыларды математикалық модельдеу. Электродты су қыздырғыштары мен бу генераторларын математикалық модельдеу. Мал фермаларының жылумен қамтамасыз ету жүйелерін математикалық модельдеу және олардың режимдері мен параметрлерін оңтайластыру. Математикалық мо��ельд��у кезінде компьютерлік технологияларды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Энергияны зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 3

    Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, кәсіпкерлердің өмірлік ұстанымына, қабілетіне, дүниетанымына, теориялық білімдеріне және практикалық дағдыларына, экономикалық белсенділіктігіне байланысты болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON7

    Қабылданған ұйымдастыру-басқару шешімдерінің шарты мен салдарын бағалауда қабілеті болу және бизнес үрдістерді модельдеуде шеберлігі болу. Ішкі энергетикалық аудитті жобалауға және дайындауға қатысу және белгілі бір кәсіпорында қолданыстағы менеджмент жүйесін талдау

  • Код ON1

    Менеджмент пен психологияның сұрақтарының көкжиектерін көрсете білу, әртүрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табуға және басқару шешімдерін қабылдауға қабілеті болу

  • Код ON3

    Энергетикалық құрылғылар мен жүйелердегі ғылыми тәжірибелер мен модельдеу үрдістерін ұйымдастыру саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды білу

  • Код ON5

    Кішігірім ғылыми және инженерлік қызметкерлер тобын ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті болу, көшбасшылыққа және қалыпты психологиялық климатты қамтамасыз етуге дайындығы болу

  • Код ON2

    Ағылшын тіліндегі халықаралық ортада кәсіптік әңгімелесу, ғылыми- техникалық және педагогикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша әңгімелесуді жүргізу қабілеті болу

  • Код ON8

    Іскерлік шешімдерді модельдеуде бизнес дағдыларын көрсете білу, іскерлік қызметті тиімді басқару қабілеті болу

  • Код ON4

    Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, олардың нәтижелерін талдау, жабдықтар мен басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу, Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі проблемаларды шешу үшін тиімді ғылыми және инженерлік шараларды әзірлеу қабілеті болу

  • Код ON6

    Ауыл шаруашылығындағы энергия үнемдеу технологияларын білу және ауыл шаруашылығында энергия үнемдеу үрдістерін негіздеу және қолдану қабілеті болу. Энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі үрдістерді модельдеу және энергетикалық жүйелерде эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру қабілеті болу және алынған нәтижелерді талдаудан өткізу шеберлігі болу

Top