Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07342 Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы в Халықаралық білім беру корпорациясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» даярлау бағыты бойынша ББ отандық және халықаралық еңбек нарығына сұранысқа ие жоғары білікті құрылысшыларды даярлауға арналған. ББ пәндері студенттердің еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына, бакалаврларды даярлаудың осы бағыты бойынша стандарттарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B126 Көлік құрылысы
  • Дайындық бағыты 6B073 Сәулет және құрылыс

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ON 11 Жаһандық – интернационалдық еңбек нарығының талаптарына сай келу және әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдерді ауыстыруға және қазіргі заманғы жағдайлардағы мобильділікке ауыстыруға дайын болу
  • ON 12 Бүкіл кәсіби қызмет кезеңінде өзін-өзі жетілдіруге және біліктілігін арттыруға қабілеттілігін көрсету; ғылыми-техникалық және әлеуметтік құзыреттерді халықаралық және мәдениаралық өзара әрекеттестік тәжірибесін көрсету
  • ON4 Құрылыста және экологиялық қауіпсіздік негіздері мен еңбекті қорғау талаптарын білу
  • ON2 дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді түсіну және талдау қабілеттілігі, адамның өзін қалыптастыру үрдісінде жалпы гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі білімге негізделу шеберлігі; әлеуметтік және кәсіби қызметте гуманитарлық білімді пайдалану шеберлігі
  • ON5 Жобалау, құрылыс және басқару саласындағы мемлекеттік және халықаралық стандарттарды, қолданыстағы нормативтік құжатар негізінде олардың сапасын білу
  • ON6 Жаңа технологияларды, соның ішінде аралас салалардағы технологияларды есепке ала отырып, қазіргі заманғы ақпараттық платформадағы үлгілеу және жобалаудың негізгі принциптерін білу
  • ON 9 Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялардың көмегімен жаңа білімді алу қабілеттілігін игеру және оларды кәсіби қызмет саласында пайдалану
  • ON7 Жобалық, инженерлік және технологиялық шешімдерді талдау және оңтайландыра білу, олардың тиімділігін техника-экономикалық бағасын беру
  • ON1 Кең дүниетаныммен және ойлау мәдениетімен жоғары білімді тұлғаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаратылыстану ғылымы, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімді меңгеру
  • ON 10 Пәнаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру дың барлық кезеңдерінде оларды орындау барысында командада жұмыс істеу дағдыларын игеру
  • ON3 Құрылысшының кәсіби құзыреттерін меңгеру және өзінің болашақ кәсібінің әлеуметтік мәнін жете түсіну, кәсіби, жобалық-технологиялық ұйымдастыру-басқарушылық қызметті орындауға жоғары ынтаға ие болуы
  • ON8 Техникалық қаржылық және адами факторларды есепке ала отырып, өндірістік қарым-қатынастар мен менеджмент принциптерінің негіздерін білу
Top