Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07210 Мұнай-газ ісі в Yessenov University

  • Мұнай және газ өндірудің өзекті технологиялық бағыттары
    Несиелер: 5

    Мақсаты: ұңғымалардың өнімділігін арттыру үшін жаңа бағыттармен, әдістермен және технологиялармен танысу. Курс әдістер мен технологиялардың технологиялық процестерінің қолдану критерийлерін, белгілі бір әдісті қолдану тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастырады. Пән мұнай және газ өндіру кезінде туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын; кенге әсер етудің мәні мен технологияларын зерттеуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Игеру үрдісінің тиімділігін болжау
    Несиелер: 5

    Мақсаты – технологиялық игеру көрсеткіштерін болжау әдістері туралы білім қалыптастыру және оларға құрылымы күрделі кеніштердің геологиялық-физикалық сипаттамаларының әсерін бағалауды қалыптастыру. Курс болжау әдістерін пайдалана отырып, ғылыми эксперименттер мен зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастырады. Пән болашақта кен орындарды игерудің мүмкін жағдайларын, негізгі технологиялық нұсқаларды болжау әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кенорындарды игерудің соңғы сатысында моделдеу
    Несиелер: 5

    Мақсаты-көмірсутегі кен орындарын игеру үдерістерін геологиялық және гидродинамикалық және математикалық үлгілеу саласындағы білім жүйесін қалыптастыру. Курс сұрақтар қойылуын, технологиялық процестерді моделдеумен байланысты индустриалды-инновациялық инженерлік есептерді шешудің ғылыми ойлауын қалыптастырады. Пән кен орындарын геологиялық және гидродинамикалық үлгілеуді, гидродинамикалық моделдеуге арналған негізгі бағдарламалық өнімдерді оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қабат мен ұңғымаларды зерттеудің заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - мұнай ұңғымалары мен қабаттарын зерттеудің заманауи гидродинамикалық әдістерін жүргізу, технологиялар түрлері туралы білімді қалыптастыру. Курс қабаттардың параметрлерін анықтаудың оңтайлы нұсқасын таңдау және негіздеу дағдыларын қалыптастырады. Пән нәтижелерді өңдеу әдістерін, мұнай кен орындарын гидродинамикалық зерттеу әдістері мен үрдістерін дамыту және жетілдіру болашағын зерттеуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қабаттың түпқасы аймағына әсер етуге қолданылатын біріктірілген әдістер
    Несиелер: 5

    Мақсаты - докторанттарды қабат түбі маңына әсер етудің заманауи біріктірілген әдістерімен таныстыру. Курс біріктірілген әдістерді енгізу нәтижелерін түсіндіру, сондай-ақ технологиялардың тиімділігін зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Пән ұңғыманың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді әдістерін қолдану кезінде көмірсутектерді өндіру көлемінің өзгеру жағдайын; кенішке әсер етудің біріктірілген әдістерін жүргізудің мәні мен технологиясын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON3

    - өндірістік бағдарламаларға сәйкес өндіріс барысын және кәсіпорынның негізгі қызметінің басқа да түрлерін реттеу; - өндірістің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын жүйелер мен технологиялық процестерді жаңғырту және жетілдіру бойынша идеяларды ұсыну

  • Код ON4

    - аналитикалық, имитациялық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және орындау; - компьютерлік технологияларды қолдану арқылы деректерді өңдеу және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану; - орындалған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар, жарияланымдар ресімдеу; - зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жүйелеу;

  • Код ON8

    - ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді қалыптастыру; - ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешу; - ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіптік қызметін ұйымдастыру; -ғылыми, зертханалық және эксперименталды-зерттеулердің нәтижелерін және ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа ғылыми есептер, мақалалар тезистері, баяндамалар, докторлық диссертациялар түріндегі жетістіктерді таныстыру

  • Код ON5

    - мұнай-газ саласындағы экономикалық, экологиялық, әлеуметтік проблемаларды талдау; - мұнай-газ ісі саласындағы жаңа идеялар мен бағыттарды талдау; - мұнай өндіруді қарқындату кәсіпшілік қызметінің жұмысын ұйымдастыру; - қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерін қолдану тиімділігін бағалауды жүргізу; - қабаттардың мұнай беруін және газ беруін арттыру әдістерін жетілдіру бойынша идеяларды ұсыну;

  • Код ON1

    - оқу саласы туралы фундаменталды және жүйелік түсініктерін көрсету; - мұнайгаз ісі саласындағы зерттеу әдістерін қолдану; - мұнайгаз ісі бағыты бойынша жаңа зерттеу әдістерін өзгерту;

  • Код ON7

    - өнеркәсіптік жағдайларда шикізатқа технологиялық зерттеулер жүргізуге бақылау жүргізу; - зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу және геологиялық-геофизикалық ақпаратты қорыту; - жаңа технологиялар мен әсер ету әдістерін қолдана отырып кен орындарын игеру процесін моделдеу;

  • Код ON2

    - технологиялық процестер мен объектілерді математикалық, гидродинамикалық үлгілеу саласында бағдарламалық кешендерді пайдалану; - технологиялық процестерді есептеуді жүзеге асыру; - технологиялық процестердің тиімділігіне болжамдық баға беру

  • Код ON6

    - жаһандану және интернализация жағдайында отандық ғылыми дамудың заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді іске асыру; - аналитикалық, имитациялық эксперименталды зерттеулер нәтижелері бойынша қорытындылар тұжырымдау; - технологиялық процестерді ұйымдастыру және жүргізу үшін құжаттаманы әзірлеу

Top