Білім беру бағдарламасы өзекті емес

8D02105 Балеттану в Қазақ ұлттық хореография академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: 8D02105 - Балеттану білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғамның рухани - эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін, тарих, хореография теориясы және балет сыны саласында жалпы мәдени, тереңдетілген кәсіби, ғылыми құзыреттілікке ие философия (PhD) докторларын дайындау. Шығармашылық білім беру саласында түбегейлі өзгерістерге әкеп соғатын жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесіндегі білім беру процесінің қазіргі талаптары арнайы пәндерді оқытудың дәстүрлі нысандарын қайта қарастыруға әкеледі және Қазақстан Республикасының барлық өнер салалары, соның ішінде хореография үшін жас кәсіби кадрларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізуді, пайдалануды қолдайды. Әлемдік хореографиялық білім берудің және ұлттық педагогиканың үздік дәстүрлерінің арнасында өнертану және арт-менеджмент кафедрасы қазақстандық хореографиялық өнерді одан әрі дамыту үшін бәсекеге қабілетті кадрларды тәрбиелеу тұрғысынан білім, кәсіби құзыреттілік, іскерлік, дағдылардың өзіндік моделін әзірледі. Бұл модель отандық балеттанушыларды, балет сыншылары мен өнертанушыларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы әлемдік және отандық дәстүрлердің ұйымдастыру синтезіне негізделген.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D034 Өнертану
  • Дайындық бағыты 8D021 Өнер
Top