Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07207 Пайдалы қазбаларды байыту в Қарағанды индустриялық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Деректерді өңдеу, ұсыну, беру және сақтау үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, технологиялық процестер мен аппараттарды жобалау, талдау, модельдеу және оңтайландыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияларды құру
  • Бастапқы шикізаттың құрамы мен сапасына және негізгі жабдықтың техникалық жай - күйіне сәйкес пайдалы қазбаларды байыту бойынша жұмыстарды жүргізу технологиясын таңдау
  • Байыту фабрикасындағы жабдықтарының өнімділігі мен параметрлерін анықтау
  • Кәсіптік қызметте математикалық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану
  • Байыту фабрикаларының ұтымды құрастыру шешімдерін қабылдай отырып, жобалаудың қазіргі заманғы әдіснамасы негізінде минералдық шикізатты қайта өңдеу кезінде өндіріс жобаларын әзірлеу
  • Минералды шикізат пен араласушы тау жыныстарының қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты талдау
  • Байыту фабрикалары өнімдерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру және нормативтік-техникалық құжаттармен жұмыс істеу
  • Салауатты өмір салтына, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағытталған өзінің дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсету
  • Кәсіби міндеттерді шешу үшін негізгі жаратылыстану, инженерлік - техникалық білімді пайдалану
  • Пайдалы қазбаларды байыту кезінде ұтымды және кешенді тәсіл әдістерін қолдану
  • Кәсіби қызметті ұйымдастыру үшін экономика, менеджмент, маркетинг және құқық саласындағы білімді тəжірибеде қолдану
  • Өндірістік учаскелердегі еңбекті қорғауды, өрт, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтау және жағдайын бағалау
  • Өндірістің технологиялық параметрлері мен процестерін басқаруда автоматты бақылау және цифрландыру құралдарын қолдану.
  • Су ауа және шаруашылығының жұмысын қамтамасыз ету
Top