Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M10140 - в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ; ЭКОНОМИКА; ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ: - денсаулық сақтаудағы басқарудың негізгі нысандарын, қағидаттары мен моделдерін жүзеге асыруға қабілетті; - денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің ұйымдық бөлімшелеріне қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдау жүргізе біледі; - денсаулықты нығайту және емдеу бойынша іс-шараларды, технологияларды, жаңа қызметтерді енгізудің әсерін модельдеу және болжау; - бағдарламаларды жоспарлау, жүзеге асыру және бағалау, саясатты қоғамдық денсаулық сақтау практикасына көшіру;
  • ДЕНСАУЛЫҚТЫ ІЛГЕРІЛЕТУ: - тұрғындар денсаулығына байланысты мәселелерді анықтауға қабілетті; - негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және қалпына келтіру бойынша ұзақ мерзімді кешенді жоспарларды құрудағы дағдыларды игере білу; - халықтың денсаулық жағдайын жан-жақты бағалау дағдыларын көрсете білу (демография, аурушаңдық, мүгедектік, дене даму)
  • КОММУНИКАТИВТІЛІК: - кәсіби қызмет аясында алынған кез-келген ақпаратқа қатысты мәліметтерді қорғауға және құпиялылыққа қатысты этикалық қағидаларды сақтау; - практикалық денсаулық сақтаумен, оның ішінде шет тілінде тиімді қарым-қатынасты көрсете білу
  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖЕРІ: - ақпараттық жүйелердегі практикалық дағдыларды көрсете білу; - денсаулық сақтау саласында экономиканың нарықтық механизмдерін қолдану
Top