Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07105 Көлік, көлік техникасы және технологиялары в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби өсу мен тәуелсіз ойлау қабілеті бар, кілттік және кәсіби құзыреттілікке, көліктегі басқарушылық құзыреттерге, көліктік техника мен технологияға ие ғылыми ойлау қабілеті бар бәсекелестік тұлғаны қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M104 Көлік, көліктік техника және технология
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық жазылымның мәдениеті мен этикасы
Көлік техникасының пассивті қауіпсіздігін арттырудың қазіргі заманғы әдістері
Шет тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы
Эргономика
Тарих және философия ғылымы
Көліктің қаржы-шаруашылық проблемаларын шешу
Жоғары мектепте техникалық пәндерді оқыту әдістемесі
Жоғары мектепте техникалық ғылымдарды оқытудың инновациялық технологиялары
Автомобиль көлігінде басқару шешімдері
Көлік техникасының даму перспективалары
Көлік объектілерін салу кезіндегі қазіргі заманғы жоспарлау шешімдері
Көлік кәсіпорындарын стратегиялық тұрғыдан басқаруды ұйымдастыру
-
2 Оқу жылы
Жер үсті көлік-технологиялық машиналарын зерттеу және сынау
Автомобильде пайдалану материалдары
Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
Консалтингтік қызметті ұйымдастыру
Көлік және көлік техникасындағы ақпараттық технологиялар
Көлік техникасының бөлшектерін қалпына келтірудің қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологиялары
Талдау мен есептеудің компьютерлік технологиялары
Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету
Бизнес-үдерістердің реинжинирингі және комерциализация негіздері
Көлік және көлік техникасын құрастыру және есептеу
Оқыту нәтижелері
- Жоғары мектепте техникалық пәндерді оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана отырып білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясы жағдайында қашықтықтан оқытуды сүйемелдеу жүйелері негізінде жоғары мектепте техникалық пәндерді оқыту әдістемесін қолданады.
- Жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылымның дамуының қазіргі үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыруға, алынған зерттеу нәтижелерін ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдары, АКТ саласында жоспарлауды жүзеге асыруға және зерттеулер жүргізуге, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуға қабілетті.
- Техникалық құжаттаманың сараптамасын, жылжымалы құрамның, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады
- Ғылыми зерттеулер мен есептеулер жүргізуде, ғылым мен техника жетістіктеріне, көлік кешені саласындағы жаңашыл отандық және шетелдік тәжірибеге сәйкес жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тиімділігінің техникалық-экономикалық және экологиялық-экономикалық көрсеткіштерін айқындауда құзыреттерін көрсетеді.
- Оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына сәйкес, білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ете отырып, жоғары мектепте арнайы пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, оқу ақпаратын таратуға қабілетті, соның ішінде осы ғылымында ғылыми зерттеулердің теориялық-әдістемелік негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті, оқу үрдісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекеті психологиясының біліміне негізделе отырып командада жұмыс істеуге, шешімдер қабылдауға, даулы жағдайларды шешуге қабілетті.
- Қабылданатын шешімдерді талдау және функционалдық, техникалық, әлеуметтік - экономикалық, сәулет-көркемдік және экологиялық талаптар бойынша таңдап алынған оңтайлы нұсқа негізінде көлік объектілерін салу үшін жобалық құжаттаманы әзірлейді.
- Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті, өз ойын академиялық адалдық ережелерін қарастырып ауызша және жазбаша нысанда дұрыс ресімдеуге қабілетті
- Экономикалық тиімділікті, автомобиль көлігі өндірісін оңтайландыру бойынша енгізілген ұсыныстардың рентабельділігін қамтамасыз ететін құзыреттерді және жылжымалы құрамның оңтайлы модельдерін және оны пайдалану үшін технологиялық жабдық түрлерін талдауды, сондай-ақ бизнес-процестерді модельдеу мен басқарудың теориялық негіздерін және бизнес-процестерді реинжиниринг және кейіннен басқару бойынша жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерін жария етуді көрсетеді.
- Ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады, патенттік іздеу және патенттік зерттеулер жүргізеді, инженерия және көлік саласында ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді, зерттеу процесі кезеңдерінің құрылымы мен мазмұнын және жоба бойынша жұмыстың дәйектілігін әзірлейді.
- Көлік саласы үшін қазіргі заманғы материалдардан бәсекеге қабілетті күрделі бұйымдар мен конструкциялар жасау үшін IT-технологияларды қолдана отырып, инженерлік жобаларды орындауда құзыреттерді көрсетеді.
- Механика, жаңа конструкциялық материалдар, нанотехнология және оларды зерттеудің қазіргі заманғы әдістері саласындағы; жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізудің технологиялық процестеріндегі жаңа жаңалықтар саласындағы құзыреттерді көрсетеді.