Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01102 Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

  • Ревматология амбулаторлы-емханалық, ересектер

    Пән БМСК кезеңінде ревматологиялық пациенттерге Қазақстан Республикасының және Халықаралық ревматологиялық қоғамдастықтардың нұсқауларына сай дәлелді медицинаның принциптеріне негізделген, біріншілік және екіншілік профилактика принциптеріне сай, маршрутизация, медико-әлеуметтік сараптама, диспансеризация және реабилитация жүргізу бойынша диагностикалық ізденіс пен ем алгоритмін қолдану бойынша білімдер мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 26
  • Ревматология стационарда, ересектер

    Пән сүйек-бұлшық ет және дәнекер тін жүйесінің ауруларымен ауыратындарға медициналық көмек көрсету бойынша, клиникалық, лабораторлы-инструментальды тексерулерді жүргізу, алынған нәтижелерді интерпретациялау, дифференциальды диагностика жүргізу, қауіпсіз және тиімді ем таңдау, аурудың нәтижесін болжау және профилактикалық шараларды жүргізу, пациентпен, оның туысқандарымен және әріптестермен тиімді жұмыс жасау бойынша білімдер мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 40
  • Ревматология стационарда, балалар

    Пән ревматологиялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету бойынша, жан-жақты зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді интерпретациялау, дифференциальды диагностика жүргізу, терапия таңдау, аурудың нәтижесін болжау және профилактикалық шараларды жүргізу, пациентпен, оның туысқандарымен және әріптестермен тиімді жұмыс жасау бойынша білімдер мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 40
  • Ревматикалық аурулар кезіндегі жүктілерді жүргізу тактикасы

    Пән ревматикалық аурулары бар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Жүктілерде ревматикалық аурулардың ағым ерекшеліктерін, жүктілікті жүргізуді және емдеуді таңдау, аурудың болжамы және болу мүмкін асқынулары, жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңде дамуы мүмкін ревматикалық аурулардың ерекшеліктерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Ревматологиядағы гендік-инженерлік биологиялық терапияның (ГИБТ) принциптері

    Пән туа біткен және адаптивті иммунды жауаптың негізгі мехенизмдерін, аутоиммунды аурулардың патогенезінің аспекттерін, биологиялық терапияның иммунологиялық негіздерін зерттейді. ГИБТ-ң негізгі топтарының фармокодинамикасы мен фармакокинетикасы бойынша, оларды қолданудан болатын асқынулар және оларды түзету әдістері бойынша білім қалыптастырады. ГИБТ тағайындау үшін көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтайды. Биологиялық терапияны жүргізу бойынша және терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігіне мониторинг жасау дағдысына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Ревматология амбулаторлы-емханалық, балалар

    Пән БМСК кезеңінде тірек-қимыл жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге біріншілік және екіншілік профилактика принциптеріне сай, маршрутизация, диспансеризация және реабилитация жүргізу бойынша диагностикалық ізденіс пен ем алгоритмін қолдану бойынша білімдер мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 26

Оқыту нәтижелері

  • ON4 потенциальды қауіптерді және пациентте коморбидті ауруларды ескере отырып, дәлелді медицина принциптеріне негізделген қауіпсіз және тиімді емді таңдау, базисті терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігіне мониторинг жасау
  • ON6 пациент үшін жақсы нәтижелерге жету үшін пациентпен, оның туысқандарымен және әріптестермен тиімді жұмыс жасай алады; кәсіби командалар арасында іс-әрекетін талдай және келісе алады, әрі қарай нәтижелерді жақсарту үшін өзінің варианттарын көрсете және қорғай алады.
  • ON3 дифференциальды диагностика жүргізу және замануи жіктеулерге сай диагноз құрастыру
  • ON5 аурудың нәтижесі мен асқынуларын боожау, профилактикалық шараларды жүргізу
  • ON7 есеп және есептілік құжаттарды толтыра және жүргізеді, медициналық көмек көрсетудің сапасына сараптама жүргізеді.
  • ON1 Қазақстан Республикасының және Халықаралық ревматологиялық қоғамдастықтардың нұсқауларына сай диагностика және ем хаттамаларына сай стационарда және амбулаторлы кезеңде тірек-қимыл жүйесінің және дәнекер тіннің ауруларымен аурыратын пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету
  • ON2 тірек-қимыл жүйесінің және дәнекер тіннің ауруларымен аурыратын пациенттерге клиникалық, лабораторлы-инструментальды зерттеулерді жоспарлау және өткізу дағдыларын қолдану; зерттеу мәліметтерін интерпретациялау
  • ON8 зерттеу сұрақтарын құрастырады, алынған мәліметтерді талдап, оларды қорытындылап, нәтижелер шағарып, өзінің клиникалық тәжірибесінде қолдана алады; конференцияларға және үздіксіз кәсіби даму бойынша басқа оқуларға қатысады.
Top