7M02312 Филология: тіл білімі в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М02312 - «Филология: тіл білімі» білім беру бағдарламасының мақсаты – филология, лингвистика салаларының ғылыми-зерттеуді жүзеге асыра алатын, жаңа зерттеу әдістерін қолдануға, ғылыми эксперименттер өткізуге, орындалған жұмыстың нәтижелерін бағалауға бейім түлек дайындау; ғылым және мәдениеттің маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған жоғары білімді, бәсекеге қабілетті маман дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстанның және аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосу.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы іс-әрекетті, тұлғалардың қарым-қатынасын басқарудың жалпы психологиялық аспектілерін қалыптастыру. Басқару психологиясының тарихы, басшы қызметінің психологиялық механизмдері, кәсіби білім берудің психологиялық мазмұны, басқару субъектілері мен объектілері меңгеріледі. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистранттар жоғары мектептегі басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық қырын және кәсіби іс-әрекетте тұлғалық психологиялық қарым-қатынасты басқарудың негізін меңгереді. Білім алушылар түрлі ресурстарды басқарудың психологиялық аспектілерін түсіндіруге; басқару әдістерін қолдануға; проблемалық жағдайларды талдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пәннің мақсаты – жоғары кәсіби педагогиканың құзыреттіліктерін, жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық, практикалық негіздерін меңгерген маман даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі және қосымша категорияларын, жоғары мектеп дидактикасы, жоғары мектептегі менеджмент, жоғары мектеп педагогикасының заманауи мәселелері, жоғары мектептегі жалпы педагогикалық жүйені меңгеріп, өздерінің кәсіби іс-әрекетінде қолдана алады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық аспекттілерін меңгереді. Кәсіби іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан даяр болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби саласындағы шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін халықаралық шет тілінде білім беру стандарттарына сәйкес дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесідей құзыреттіліктерге ие болады: лингвистикалық білім мен біліктерін кеңейтеді, кәсіби және ғылыми қызметінде жүзере асыру мақсатында іскерлік ағылшын тілінің негізгі лексикасы мен академиялық хатты меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Тіл біліміндегі өзекті мәселелері, жаңа еңбектер, ондағы теориялық тұжырымдар, концепциялар. Қолданбалы тіл білімі. Даму тенденциялары. Қолданбалы тіл білімінің әлеуметтік маңызы. Компьютерлік лингвистиканың қолданбалы тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасуы мен дамуы, зерттеу нысаны, мақсаты. Психолингвистика. Нейролингвистика. Этнолингвистика. ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар. Антропоцентризм: тілдік тұлға ұғымы, оның когнитивтік және прагматикалық позициядан талдануы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ғылыми, философиялық-әдістемелік және дүниетанымдық негізін қалыптастыру. Ғылыми мамандықтар бойынша білім беру және зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, дағды және құзыреттіліктерді дамыту. Пәнді оқыту барысында мәдениет пен философияның дамуы контекстіндегі ғылымның пайда болу мен даму тарихы, ғылыми білімнің құрылымы мен зерттеу әдістері, заманауи ғылымның даму кезеңдері, өркениеттің дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі, ғылыми ілім мен өркениеттің болашағы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мәтінмен филологиялық жұмыс жасаудың негіздері (құру/өңдеу/аудару)
Мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімі мен әдебиет теориясы ғылымдарының байланыстылығы. Мәтіннің негізгі бірліктері мен категориялары мәселелері: құру, өңдеу, талдау, аудару. Мәтін бірліктері: айтылым, күрделі синтаксистік бірлік, композицияны анықтау. Эксперимент жасау. Мәтінді өңдеудің теориялық негіздері мен кәсіби тәсілдері. Ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістері және білім беру ісіндегі педагогикалық технологиялар. Мәтінді аударудың технологиясы, аударудың лексикалық және грамматикалық мәселелері. Интерпретация.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-да филология ғылымын оқытудың әдіснамасы
Білім берудегі қазіргі парадигма. Филология ғылымын оқыту әдістемесі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы іс-әрекет және бейімделу. Тілдің қолданыстағы қызметі, негізгі бағыттары. Тіл мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мен байланыстарының табиғатын танытатын тілдік жүйе мен қоғамдық жүйенің өзіңдік зандылықтары және олардың сәйкес құбылыстары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағдарламалар дайындаудың ғылыми әдістемесі және бағалаудың өлшемдік технологиясы
Бағдарламалар дайындаудың ғылыми әдістемесі. Авторлық бағдарламалар дайындаудың әдістемесі. Қолданбалы курс. Таңдау пәндері. Бағалаудың өлшемдік технологиясы. Оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы. Бағалаудың рейтингілік жүйесі. Кредиттік бағалау жүйесі. Критериалды бағалау технологиясы Қалыптастырушы (формативтік) бағалау Жиынтық (суммативтік) бағалау. Бағалау тәсілдері. Өзін-өзі бағалауы. Интерпретация әдісі және модерация үдерісі. Интерпретация әдісі. Модерация. Мониторинг. Рубрика. Портфолио. Рефлексия. Тестілеу. Оқу жоспары (қысқа, орта, ұзақ).
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тіл біліміндегі белсенді үдерістер
Тіл дамуының соңғы жылдардағы динамикасы. Тілдегі динамикалық үдерістердің комуникативті-прагматикалық сипаты. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы тілдің стилистикалық динамизмі. Қазіргі қазақ тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық. Лексикалық семантика және үйлесімділік трансформациясы. Тіл біліміндегі парадигма ұғымы. Мәтін және дискурс. Антропоөзектік бағыт. Антропоөзектік бағыттың тіл білімінде қалыптасуың нысаны. Аталым теориясы. Әлемнің тілдік бейнесі. Әлемнің тілдік бейнесі мәселесінің алғышарттары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стратегиялық менеджмент
Курстың мақсаты магистранттардың теориялық білімі мен басқарудың заманауи стратегиялық тәсілдерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорындағы стратегиялық менеджменттің мәні мен маңыздылығы; кәсіпорынның даму стратегиясында басқару қажеттілігін айқындайтын негізгі факторлар; стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен орындалатын міндеттері; кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын қалыптастырудың базалық дағдылары; кәсіпорынның қаржылық мақсаты; құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы;кәсіпорынның стратегиялық жобалары және іске асыру жолдары; бизнес-бірліктер мен тұтынушыларға көрінетін және көрінбейтін артықшылықтарды айқындауды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Аударма негіздері
Аударма ғылымы және оның қалыптасу тарихы. Аударма негіздері Тіл біліміндегі аударматану мәселесі. Көркем аударманың өзекті мәселелері. Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде. Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары. Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы. Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы. Аудармаға қойылатын талаптар. Аударманың негізгі түрлері. Аудармадағы трансформациялық үдерістер. Аударма-технологиялық әрекет
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары білімнің лингводидактикалық аспектілері
Лингводидактиканы тілдерді оқыту процесінің теориялық негіздемесі ретінде игеру және оны лингвистика мен оқыту әдістерінің интеграциясымен зерттеу. Тілдік білім тұжырымдамалары негізінде оқу процесін зерттеу және жобалау тетіктері туралы білім мазмұнын қалыптастыру. Филолог мамандарға қажетті оқытудың жаңа технологиялары, кәсіби теориялық білім және тиісті практикалық дағдылар. Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде білім беру мекемелеріне ұйымдастырушылық, инновациялық технологияларды енгізудің жаңалығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салғастырмалы грамматика практикумы (қазақ, орыс және ағылшын тілдері)
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары. Жалпы және жеке типология түрлері. Салғастырмалы грамматика, салыстырмалы типология мен аударма теориясы. Аудару барысында кездесетін қателер, олардың себептері. Салыстырмалы типологияның аударма теориясы мен тәжірибесі үшін теориялық және практикалық маңызы. Негізгі жіктеу нышандары. Мазмұн бірліктерінің ортақтығы. Салыстыру үрдісіндегі сәйкестік. Генетикалық туыстыққа индифференттілік. Таңдау еркіндігі. Мазмұн айырмашылығы. Негізгі ұқсастыру (идентифицирующий) нышандары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Киберпедагогика негіздері
Пәннің мақсаты – оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика ғылымының жаңа саласы ретінде оның тұжырымдамасының сипаттамасын қарастыру. Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту, компьютерлік мәліметтерді өңдеу әдістері, интербелсенді әдістері, киберкеңістіктегі оқу, тәрбие және даму процестері оқытылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жаңа лингвистикалық парадигмалар/
1. Тіл білімі іліміндегі парадигма ұғымы. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі кездегі тіл біліміндегі мәдени-тарихи жаңа тенденциялар. Тілдегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық. Мәтін және дискурс. Антропоөзектік бағыт. Аталым теориясы. Әлемнің тілдік бейнесі. Әдеби тілдің бастау көздерін, тұлғалардың тілдік ерекшеліктерін анықтау. Лингвомәдениеттанулық зерттеулер. Тіл мен дүниетаным сабақтастығы. Қазіргі заманны
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ф. де Соссюр және ХХ ғасыр лингвистикасы
Қазіргі заман тіл білімі, XX ғасырдың бас кезіндегі Батыс Еуропада жас грамматизм бағыты, Дескриптивтік мектеп, Этнографиялық лингвистика, Лингвистика тарихы, этнолингвистика, Дескриптивті мектеп, Тілдік тұлғалардың байланысы, Структуралық мектеп, Эстетизм мектебі, жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болуы, Глоссематиктер, Ф. де Соссюр лингвистиканың дамуына қлсқан үлестері, қорытынды-тұжырымдары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Лингвистика және қазіргі библиографияның негіздері
Лингвистика және қазіргі библиография негіздері. «Лингвистика және қазіргі библиографияның негіздері» теориясы мен практикасы жұмысының этаптары. «Библиографиялық сипаттама» термині. Қазақ библиографиясының дамуы, еңбектер. Библиографиялық көрсеткіш, Библиографиялық хабарлама, Библиографиялық тізім. Қазақ/орыс библиографиясы: кеше және бүгін. Ақпараттық қоғамдағы библиографиялық сипаттаманың маңызы. Лингвистика саласындағы ағымдағы библиография Библиографиялық сілтеме, оның ерекшеліктері. Библиографиялық сипаттама құрастырудағы регламенттеуші құжаттар. ГОСТ – тар жүйесі ( стандарттар).
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің теориялық тұрғыдан зерттелу заңдылықтары
Тіл ғылымы, лингвистиканың зерттеу нысаны, тіл ғылымының негізі, ұғымы жайлы түсінік. Тіл құрылымы, фактілері, ана тілінің туыс тілдермен генетикалық жақындығы мәселесі, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтары. Тіл білімінің философиялық және жалпы лингвистикалық заңдылықтары. Ғылыми зерттеу ұғымдары және философияның негізгі категорияларын талдау, теориялық білімді жинақтау, ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан талдай алу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі аналитизм
Грамматикалық категориялардың туыстас және туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форманттардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері. Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер. Рай категориясы
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Филология ғылымының философиялық-методологиялық мәселелері
Тіл білімі және философия. Лингвистикалық бағыттар мен философияның байланысы. Онтологиядағы, әдіснамадағы, эпистемологиядағы және тіл біліміндегі байланыстың Мета-тілдік көрінісі. Тіл білімінің құрылымы және оның эпистемологиялық бағасы. Тілдің антиномиясы-эпистемологиялық мәселелердің негізі. Тілдегі объективтілік және субъективтілік. Тіл білімінің әдістемесі. Тілге жаңа көзқарастың әдіснамалық ізденістері. Философия категориялары және тіл ғылымындағы жалпы ғылыми ұғымдар
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы тіл білімі
ССалыстырмалы тіл білімі түсінігі. Фонетика және лексика. Орыс және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымы. Грамматика бөлімдері. Екі тілдің грамматикасын салыстырмалы зерттеудің маңыздылығы. Орыс және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымының морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері. Екі тілдің грамматикалық құрылымының негізгі бірліктері-бұл тілдік талдау арқылы сөз формасы, сөз тіркесі, сөйлем, осы бағытта оқыту
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілдік зерттеудің принциптері мен әдістері
Тіл теориясының танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым саласымен байланысы Лингвистика ғылымының соңғы жылдардағы жаңа бағыттары, ғылыми-теориялық және практикалық жағынан кең өріс алғандығы. Тілдің грамматикалық заңдылықтары. Ғылыми зерттеу принциптері туралы ілім. Тіл біліміндегі дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері. Тілдік зерттеудің принциптері мен әдістері. Тіл біліміндегі негізгі зерттеу парадигмалары. Теориялық білімді практикада қолдана білудің жолдары
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Лингвосемиотика
Тіл білімі-семиотикалық жүйе. Тіл ерекше сипаттағы семиотикалық жүйе ретінде. Тіл жүйелік-құрылымдық құрылым ретінде. Тілдің деңгейлік бөлінуі, оның парадигматикалық және синтагматикалық мәселелері. Лингвистиканың семиотикалық белгілері, тілдік актілер теориясы. Тілдік құзыреттілік. Тіл білімі: ғылым жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар. Әлем тілдерінің номенклатурасы: генетикалық, типологиялық және ареалдық бейнелер. Тілдердің өміршеңдігі мәселесі. Жалпы семантика. Семантикалық теориялар. Прагматика. Тілдік процестерді модельдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Зерттеулердің заманауи ғылыми инструментарийлері
Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау білігтілігін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: зерттеу әдістерінің негізгі кезеңдері мен теориялық негіздері, зерттеудің негізгі тұжырымдамалары мен әдіснамалық аппараты, қазіргі заманғы зерттеулердің озық және тиімді құралдары мен технологиялары, ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудағы шет елдердің ерекшеліктері мен тәжірибесі қарастырылатын болады. Курсты игеру нәтижесінде магистранттар ғылыми бағыттың объектілік-пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми эксперименттерді ұйымдастыруға, қолдануға, зерттеудің ең тиімді әдістерін таңдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түркі онамастикасы
Ономастика және оның тармақтары: антропонимика, топонимика, этнонимика т.б. Түркі, қазақ ономастикасы теориясының зерттелуі. Ономастикалық материалдарды зерттеу әдістері мен аспектілері. Ономастиканың метатілі. Түркі ономастикасы туралы. ҚР-сының аймақтық әкімшілік бөлінісі. Аймақ өңірлеріндегі топонимдерінің пайда болу, өзгеру себептері. Түркі және ҚР-дағы тарихи қалалар. Ономастикалық атаулардың тарихи-лингвистикалық түсінігі. Түркі топонимдерінің лексикалық қабаттары. Көне субстраттық топонимдер Түркі (қазақ) тілдік лексикалық қабат.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскери стильдегі мәтіндерді құжаттау және аудару
Ресми-іс қағаздары стилінің түрлері. Ресми-іскери стильдегі мәтіндердің қызметі. Мәтіндерді аудару кезінде түпнұсқаның маңыздылығы. Ресми-құжат мәтінінің авторына қойылатын талаптар. Ресми-іскери, заң мәтіндерінің стилінің тұрақты тіл бірліктердің қолданылуымен ерекшеленетіні. Барлық ресми мекемелердің негізгі құжаттарының шаблон үлгілері. Аудармашының (тәржімеші) ескі үлгілер бойынша жаңа мәтінді құрастыруы мәселесі. Ресми-іскери стильдің ғылыми стильмен жақындығы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу, ғылыми зерттеулер және қолданбалы аналитика, зерттеу жұмыстарының дизайны және конфигурациясы, зерттеу және зерттеу өнімінің параметрлері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы аналитика әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты, ғылыми-әдістемелік зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны мен құрылымы, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамалары, ғылыми танымның парадигмалары мен тұжырымдамалары, педагогикалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысымен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызшақарым- қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы
- Филология саласына қатысты ғылыми жетістіктер мен жаңа идеяларды жасау, зерттеулер жүргізе білу; зерттелетін мәселелер бойынша теориялық және әдістемелік еңбектерді оқу, талдау және аудару; ғылыми әдістерді, лингвосемиотика саласындағы әдістемелері әзірлеу; білім беру парадигмасын, педагогикалық ғылымның жаңа концептуальды иедеяларын дамыту.
- Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату
- Тіл білімінің іргелі қағидалары, теориялық тіл білімінің жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланыс, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті үрдістері бойынша білім-пайымын таныта алуы; тіл білімі саласында биік деңгейде зерттеулер жүргізуі, мамандық негізіндегі міндеттерді шешуге даярлығы мен шығармашылық бастамасын көрсете білуі.
- Мәтіндік және теориялық категориялы талдау негізінде тілдік материалдар мен өнер туындыларын өз бетімен зерттеу; шығармашылық қызметке байланысты жобаларды дамыту;; ғылыми мекемелерде және білім беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау.
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым- қатынас жасау үшін филологиялық білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.