Мұнай-химия процестерінің негізгі көрсеткіштерін; шығыс коэффициенттерін есептеу әдістерін, бастапқы шикізаттың конверсиялану және мақсатты өнімнің шығымын; реакция өнімдерінің құрамын; мұнай-химиялық процестердің материалдық және жылулық баланстарын құрастыру принциптерін; мұнай-химия процестері реакторларын технологиялық есептеу элементтерін; мұнай-химия процестерінің реакциялық түйіндерін жобалауды; реакторларды есептеуді қарастырады. Мұнай-химия технологиялық процестерін есептеу дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіпЗаманауи химиялық процестерді, химиялық реакторлардың негізгі моделдерін, олардың жұмыс істеу принциптерін; химиялық реакторлардың жұмысын сипаттайтын теңдестірілген, кинетикалық және қосалқы теңдеулер түрлерін қарастырады. Осы процеске арналған технологиялық параметрлерді есептеу дағдыларын; химиялық реактордағы процестің оңтайлы параметрлерін, химиялық реакторларды таңдау әдісін игеруге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпХимиялық инженерия процестеріне арналған эксперимент бағдарламасын құрастыру, зерттеу тұжырымдамасын әзірлеуді қамтитын эксперимент жүргізуге даярлықты; эксперимент жүргізу әдістемесін қарастырады. Математикалық моделдерді құрастыру және зерттеудің оңтайлы объектілерін іздестіруді іске асыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1Мұнай-химия шикізатынан органикалық өнімдер алудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Синтетикалық материалдарға арналған маңызды мономерлер және мұнай-химия синтезіне арналған бастапқы көмірсутектерді алу химизмі мен технологиясы туралы білімдерін тереңдетеді. Құрамында оттегісі бар, галоген және нитротуындылы қосылыстар, синтетикалық жуғыш заттарды, каучуктер, пластикалық массалар мен талшықтар өндіру технологиясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпБасқару шешімдерін, даму принциптерін және ұйымның жұмыс істеу заңдылықтарын негіздеу процесінде сыртқы және ішкі орта факторларының жіктелуін; басқару шешімдерінің түрлері және оларды қабылдау әдістері; ұйымдық өзгерістерді жүзеге асырудың негізгі теориясы мен тәсілдерін қарастырады. Ұйымды басқарудағы негізгі тәсілдердің тиімділігін бағалау дағдыларын игеруге; шешім нұсқаларын таңдау критерийлерін анықтау мәселелерін айқындауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Техникалық диагностиканың жалпы сұрақтарын; терминдер мен анықтамаларды; құрал-жабдық жұмысының сапасына әсер ететін факторларды іріктеу және талдау мен бас тартудың жіктелуін; техникалық диагностика міндеттерін; диагностика-лық параметрлерді; диагностика қою әдістері мен құралдарын қарастырады. Магистралді өнім құбырларына диагностикалық қызмет көрсету жүйелерінің техникалық күйін талдау, оларды жетілдіру жолдарын талдау, оларды жетілдіру тәсілдеріне, диагностика әдістері және құралдарын қолдану саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге дағдыландырады.
Селективті тәртіпҚазақстандағы мұнай-химия өндірістерінің заманауи проблемалары мен дамуының инновациялық жолдарын; мұнай-химия мәселелерін шешудегі қолданбалы және іргелі зерттеулерді; мұнай өңдеу өнеркәсібінің екіншілік қалдықтарды пайдалануды; көмірсутекті шикізатты өңдеудіңполимерлік материалдар, пластмассалар, каучуктер өндірудің заманауи проблемалары мен инновациялық жолдарын; мұнай-химия өндірістері химиялық технологиясының экологиялық мәселелерін қарастырады.
Селективті тәртіпШетел тіліндегі ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мәдениетаралық құзыреттілік, іскерлік ��ат алмасу дағдыларына, өзге тілдегі түпнұсқа дерек көздерін оқудың негізгі түрлерін меңгеруге, мамандық бойынша ғылыми тақырыптаға жазбаша мәлімдемелер - шет тілінде ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми баяндама, презентация, пікірталастар, тезистер және мақалалар; ғылыми мәтіннің аннотациясы, резюме жазу т.с.с. даярлауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Басқару қызметінің психологиялық мазмұнын, жетекші-нің жеке басқару тұжырымдамасын, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздерін, негізгі басқару функцияларын іске асырудың психологиялық ерекшелік-терін, басқару қызметінің субъектісінің психологиясын қарастырады. Басқару қызметі және өзара әрекеттесу саласындағы психологиялық зерттеулер дағдыларын; әртүрлі ұйымдарды басқару саласындағы өзекті мәселелерді қою және психологиялық талдауды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1Модификациялаудың физика-химиялық негіздерін; полимерлік материалдарды модификациялау әдістерін; полимерлік материалдардағы құрылым түзуді; физикалық және химиялық модификациялау тәсілдерін; көпкомпонентті жүйелермен модификациялауды; композициялық материалдардағы армирленген талшықтар бетін модификациялауды, модификацияланған талшықтармен армирленген шыны пластиктердің шекаралық қабатында өзара әрекеттесу механизмін; органикалық талшықтарды модификациялауды қарастырады. Зертханалық жағдайларда модификацияланған композициялық материалдарды алудың практикалық дағдыларын қалыптастырад��.
Селективті тәртіпШет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау; магистрлік жоба, ғылыми мақала, есеп түрінде эксперименталды зерттеу жұмысы нәтижелерін қорытындылау.
Маркетинг пен менеджментті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іс жүзінде қолдану, нарық сұранысына қарай кәсіпорынның ассортимент саясатын жоспарлау.
Стандартты емес өндіріс жағдайларында шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпкерлік дағдыларын қолданып жоо психологияны білу арқылы мамандар тобына жетекшілік ету
Тіршілік қауіпсіздігі және экологиялық тазалықты сақтай отырып мұнайхимия өнімдері өндірісін, көмірсутекті шикізатты өңдеудің технологиялық процестерін басқару, өндірістің оңтайлы технологиялық режимін негіздеу.
Сапаның экологиялық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту мен қайта құрудың балама нұсқаларын құрастыру.
Эксперименталды зерттеулерді дербес орындау, алынған мәліметтерді дәлелдеу, өздерінің жұмыстарын үлкен аудиторияға ұсыну; ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру.
Технологиялық есептеулерді орындау, көмірсутекті шикізатты терең өңдеудің, техникалық көміртек, беттік-активті заттар және синтетикалық жуғыш құралдар өндірудің ресурс үнемдейтін технологияларын құрастыру; шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру.
Мұнай шикізатын терең өңдеу процестеріне катализаторларды іріктеу қағидаларын, лак-бояу және полимерлік композициялық материалдарды, парфюмерлік-косметикалық құралдар рецептураларын құрастыруды меңгеру.
Білім алудың пәнаралық туыс салаларындағы мәселелерді талдауға арналған білім мен дағдыларды қолдану; өмір бойы біліктілігін жоғарылату