Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04114 Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру бағдарламасының мақсаты - инвестициялық банкинг, қаржылық жоспарлау, корпоративті қаржы, қаржы нарығы институттары және тағы басқа салалар бойынша жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Бағдарламаның мазмұны болашақ түлектердің халықаралық және жергілікті еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, 1 деңгейлі CFA кәсіби сертификаттау мазмұнының 91% қамтиды.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Сын тұрғысынан ойлау, жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын және ақпараттық технологиялар дағдыларын көрсету;
  • Презентациялық шеберлікті, көшбасшылықты және тиімді топтық жұмысты көрсету;
  • Зерттеу әдістемесін түсіну және қолдана білу;
  • Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, менеджмент және маркетингтің белгілі бір пәнге қатысты мәселелерді шешу үшін негізгі тұжырымдамаларын түсіну және тұжырымдай білу;
  • Әлемдік және ұлттық тұрғыдан экономикалық және іскери орта туралы хабардарлықты көрсету;
  • Қаржы менеджменті мәселелері бойынша кәсіби шешімдерді қолдану және басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысу;
  • Инвестициялық және қаржылық талдауды түсіне білу;
  • Инвестициялық құралдардың негіздерін, қаржылық өнімдердің кең спектрін, активтерді бағалауды, портфельді басқаруды және капиталды жоспарлауды түсіне білу;
  • Инвестициялық индустрияда жоғары этикалық стандарттардың қажеттілігін және CFA институтының этика кодексі мен кәсіби мінез-құлық стандарттарында талап етілетін этикалық жауапкершілікті түсіну.
  • Қаржы әлемінде тәуекелдердің қалай өлшенетінін және азайтылатындығын ажырата білу;
  • Қаржы жүйесінің жұмысын, пайыздық мөлшерлемелердің негіздерін және құқықтық және реттеуші ортаның қаржы институттарына қалай әсер ететіндігін түсіне білу.
Top