Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02193 Сценография в Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Шетел бейнелеу өнерінің тарихы
    Несиелер: 3

    Ежелгі Шығыс, Ежелгі антикалық дүние, Батыс Еуропаның бейнелеу өнерінің көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуының ерекшеліктері мен заңдылығы, стильдері мен бағыттарының ауысу логикасы; әр түрлі дәуірлер мен елдердің аса көрнекті суретшілерінің шығармашылығын зерделеу; арнайы терминология.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сәулет білімінің негіздері
    Несиелер: 3

    Сәулеттік ой дамуының тарихи кезеңдері; көлемді кеңістіктік композицияларды (макет) конструктивтік-пластикалық құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел костюмінің тарихы
    Несиелер: 3

    Костюмді түрлі елдер мен халықтардың материалдық-экономикалық жағдайының, ұлт белгісінің, рухани және эстетикалық идеалдарының бейнелі көрсеткіші ретінде материалдық мәдениет және стильдер тұрғысынан оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кескіндеме
    Несиелер: 3

    Қоршаған орта заттарын кескіндеме техникасының бастапқы деңгейінде бейнелеу. Акварель және гуашь кескіндеме техникасымен натюрморттың, драпировканың, тірі натураның реалистік бейнелеу тәсілдері мен әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Портретттік кескіндеме
    Несиелер: 3

    Кескіндеме техникасында практикалық тапсырмалар: моделдің портреттік ұқсастығын, мимикасын, психологиялық сипаттамасын жеткізіп бейнелеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Композиция негіздері
    Несиелер: 3

    Композицияның негізгі заңдылықтарын, (симметрия-асиммметрия, динамика, статика, ырғақ, контраст, нюанс, ұқсастық, өлшем, масштаб, тепе-теңдік, комбинаторика,және т.б.) әдістері мен құралдарын зерделеу. Кеңістік ой-өріс пен шығармашылық қиялды дамытуға арналған жаттығулар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сурет
    Несиелер: 3

    Түрлі графикалық тәсілдерді қолдана отырып натураға қарап сурет салу дағдыларын практика жүзінде игеру. Геометриялық қалыптар, архитектура элементтері, бөлшектер, тұрмыс заттары, киім киген адам тұлғасының сызықты-конструктивті суреті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызу
    Несиелер: 3

    Белгілі ережелер мен сызу құралдарын қолдана отырып, объектілерді шартты түрде бейнелеуді практикалық түрде игеру. Алдынан, үстінен, жанынан қарағандағы көріністері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ою-өрнек тарихы
    Несиелер: 3

    Ою-өрнек тарихын символикалық және сиқырлы маңызын, таңбалылығын және мағыналы қызметін сақтап қалған адамның бейнелу қызметінің көне түрі ретінде зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бейнелі-ассоциативті композиция
    Несиелер: 5

    Қоршаған ортаның түрлі объектілерін шығармашылық интерпретациялау мен трансформациялауды пайдалана отырып бейнелі-ассоциативті ойлауды дамыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Анатомиялық сурет
    Несиелер: 3

    Адамның анатомиялық құрылысын, дене бөліктері қалыбының өзгеруін адамның пластикалық анатомиясын, дене бітімінің тепе теңдігін, әйел және ер адам тұлғасының айырмашылықтарын, этникалық ерекшеліктерін және т.б. білу негізінде бейнелеуді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түстану
    Несиелер: 5

    Түстің табиғи феноменнін физика, физиология және психология деректерінің жүйелендірілген жиынтығы ретінде; сонымен қатар түсті философия, эстетика, өнер тарихы, филология, этнография, әдебиет деректерінің жиынтығын қамтитын мәдениет құбылысы ретінде зерттейтін ғылым.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақстанның бейнелеу өнерінің палеолит дәуірінен қазіргі заманга дейінгі дамуының негізгі кезеңдері. XX-шы ғасырдағы қазақстандық көркемөнер мектептерінің қалыптасуы, стильдік шешімдер, дәстүрлі қазақ өнері ағымдарының шығармашылық қайта өнделуі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көлемді форманың тектоникасы
    Несиелер: 3

    Кеңістіктік көркем-бейнелі ой-өріс дамытуға арналған практикалық жаттығулар; іс жүзінде түрлі материалдармен жұмыс істеу; нақты көркемдік эстетикалық түпкіойды көлемді кеңістік құрылымдар, қалыптар жасау арқылы жеткізе білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мүсіндеу негіздері
    Несиелер: 3

    Көлемді-пластикалық композицияны жасауды мүсіндік пластилин мен гипсті илеп жаспыру, қалыптау арқылы орындаудың практикалық әдістерін игеру. Тұрақты қаңқа, болванка жапсырмасы, композициялық қалыптың пластикалық үлгілеуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Пластикалық анатомия
    Несиелер: 3

    Адам денесін бейнелеуді анатомиялық негізде игеру, яғни адам денесінің сыртқы түрі және денесі мен оның бөліктерінің қалпы қозғалыссыз және қозғалу барысындағы қалыбы мен құрылысын, тері бедерлерінің өзгерулерін, мүшелерінің анатомиясын зерделеу арқылы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Арнайы сурет
    Несиелер: 3

    Адам фигурасының көлемді үш өлшемді пішінін жазықтықта құру, бейнелеу объектілерін жарық-қараңғылығын көрсету құралдарымен моделдеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Авторлық құқық
    Несиелер: 2

    Авторлық құқық авторлық құқықтың барлық негізгі мәселелерін: қалыптасу және даму тарихын; авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерін; туындының авторымен жасалатын шарттарын; авторлық құқықтармен сабақтас құқықтарды; ғылым, әдебиет және өнер туындыларына (авторлық құқық), орындаушылық шығармаларға, актерлік шеберлікке, фонограммаларға, эфирге беруге және кәбілдік хабар таратуға (сабақтас құқықтар) айрықша және мүліктік емес құқықтарды қорғауды жүзеге асыру тәртібі мен әдістерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зияткерлік меншік
    Несиелер: 2

    Зияткерлік меншік құқығы пәні, оның негізгі принциптері мен ұғымдары туралы жалпы түсінік береді. Курста авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік құқығы - өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, фирмалық атауына, тауарлық белгілерге, компьютерлік бағдарламаларға қатысты осы меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сәндік кескіндеме
    Несиелер: 3

    Натураны декоративтік кескіндеме әдістерімен бейнелеу бойынша практикалық дағдылар. Гуашь, акварель, акрилмен жұмыс атқаруда кескіндемелік шеберлікті дамыту. Адам тұлғасы және қоршаған ортаны бейнелеуде жарық-реңді нюанстар, түстік гамма балансы, колорит, тепе-теңдік үйлесімділіктерін білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Театрлық графика
    Несиелер: 3

    Қоршаған ортаның кез келген күрделіліктегі объектілерін кез келген графикалық техникада бейнелеу дағдыларын кәсіби қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Костюмді дайындау технологиясының негіздері
    Несиелер: 5

    Костюмнің бөлшектері мен түйіндерін дайындауды қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, қол, машина, үтіктеу жұмыстарының техникалық шарттарын сақтай отырып орындау; киім дайындау технологиясының терминологиясы, әдістерін зерделеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 2

    Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады. Аталған курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары, дамуы және қалыптасуы, негізгі заң туралы түсініктерді анықтау, сонымен қатар конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік секілді қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сызықтық грим
    Несиелер: 5

    Студенттердің білікті маман болып шығуы үшін қажетті негізгі қасиеттерін дамытады және негізгі білімді қамтиды: гримдеу гигиенасы, түрлі кескіндеме техникасы, түрлі театрлардағы, цирктегі және қойылымдардағы гримдеу жанрлары мен схемалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шаш сәндеу тарихы
    Несиелер: 3

    Курс студенттердің шаштараздың пайда болу және даму тарихы туралы теориялық білімдерін игеруге арналған, ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі барлық тарихи дәуірлердің шаштарын сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Технология профиль бойынша
    Несиелер: 3

    Сахналық көріністің көркемдік әрлеу идеясының элементтерін функционалдық тағайындалуы мен конструкциясын ескере отырып материалдық формаға айналдыру бойынша практикалық дағдылар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнайы кескіндеме
    Несиелер: 3

    Арнайы кескіндеменің әдістері мен тәсілдерін практикалық игеру, шығармашылық қабілеттер мен практикалық шеберлікті дамыту, кескіндемеде кәсіби мақсаттарды орындау барысында шығармашылық идеялар мен ой-пікірлерді іске асыра білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлем театрының тарихы
    Несиелер: 3

    Театрдың пайда болу қайнар көздері, дамуының негізгі кезеңдері, эстетикалық құндылықтары және өзекті мәселелері. Театрдың синтетикалық өнер түрі ретіндегі өзгешілігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Театр механикасы
    Несиелер: 5

    Қойылымның көркемдік әрлеуіне сахналық жабдықтар механникасын, машина мен механизмдерді қолдануда олардың техникалық мүмкіндіктерін түсіне білуді және сауатты да қауіпсіз жұмыс атқару жолдарын тәжірибе жүзінде оқыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ костюмінің тарихы
    Несиелер: 3

    Дәстүрлі қазақ костюмінің негізгі қалыптарының даму тарихы, олардың конструктивтік, сәндік шешімі, оларға қолданылған түрлі материалдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика негіздері
    Несиелер: 4

    CorelDraw, Adobe Photoshop компьютерлік графикалық редакторларының векторлық және растрлық құралдары көмегімен графикалық суреттерді салу және өңдеу технологиясының негіздері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аралас грим
    Несиелер: 4

    Студенттердің бойында келесі дағдыларды дамыту: макияж көмегімен ұлтты визуалды түрде өзгерту мүмкіндігі, мүсіндік-көлемді грим элементтерін аз мөлшерде қолдана отырып, актердің сыртқы келбетін түбегейлі өзгертуге қол жеткізу мүмкіндігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мифологияның шығарамашылық реcурсы/Творческий ресурс мифологии/Creative recource of mithology
    Несиелер: 3

    "Мәңгілік" мифологиялық сюжеттердің құрастыру заңдылықтарына, "басты" кейіпкерлеріне, тұрақты қайшылықтарына шолу жасау және зерттеу; "екінші дәрежелі" кейіпкерлердің ресурсы; жаңа "батырлар" жасау және өзекті тақырыпта мифтер қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Этнографиялық костюм композициясы
    Несиелер: 4

    Ұлттық костюмнің негізгі қалыптарының, конструктивтік және көркемдік шешімдерінің, түрлі материалдар мен түстік үйлесімдерді қолданудың даму тарихын оқыту; түрлі елдердің дәстүрлерін қолданып киімді көркемдік жобалау дағдыларын қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Материалтану
    Несиелер: 4

    Костюмді дайындау барысында материалдарды таңдау бойынша практикалық дағдылар. Материалдардың, жіп, талшықтардың құрамын, қасиеттерін, жасалу әдісін, құрылысын; материалдардың ассортименті мен жіктелуін, конфекциялау ұстанымдарын білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілi
    Несиелер: 3

    Курс LSP (арнайы мақсатқа, кәсіби бағдарланған қатынасқа арналған тіл) деңгейін де кәсіби қазақ / орыс тілін меңгеру үшін шығармашылық мамандықтар студенттеріне арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арнайы кескіндеме ІІ
    Несиелер: 4

    Қоршаған әлем объектілерін және адамды декоративтік кескіндеме техникасында бейнелеу шеберлігін жетілдіру. "Сәндік", "стилизация", "трансформация" ұғымдарын практика жүзінде игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Постиж негіздері
    Несиелер: 4

    Тамбурока жасау техникаларын; постижер цехындағы жұмыс тәртібін; шикізатты өңдеу және дайындау технологиясын; гримде қолданылатын ұсақ постижер бет жапсырмаларын дайындау технологиясын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс
    Несиелер: 3

    «Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс» курсы театртанушы-студенттерді Еуропа, Шығыс, Ресей, Канада және Американың заманауи театрының негізгі даму үрдістерімен таныстырады. Сабақ барысында студенттер қазіргі заманғы әлемдік театр өнерінің (драматургия, актерлік және режиссерлік өнер, сценография) мәселелерін талдап үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Драматургия теориясы
    Несиелер: 3

    Аристотельден Лессингке дейінгі драматургия теориясы. Драматургиялық шығарманың сюжеттік желісі мен фабуласын талдау, сондай-ақ әр түрлі жанрдағы драматургиялық шығармаларды түсіне білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шығыс театры
    Несиелер: 3

    Шығыс театрының елдер мен жеке тұлғалар бойынша дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері. Шығыстың ұлттық театр дәстүрлерінің және Батыстың заманауи идеяларының өзара қатынастары. Жапониядағы абсурд театры. Т. Сузуки режиссурасы. Тогадағы театр орталығы. Театр антропологиясының мәселелері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Декорацияларды модельдеу
    Несиелер: 6

    Жобаның үш өлшемді кеңістігін - сахнаны және оны құрайтын декорацияларды, реквизитті моделдеудің әдістері мен тәсілдерін практикалық түрде игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сценография композициясы
    Несиелер: 4

    Сахналық кеңістікті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін, композициялық шешімдегі бейнелілік және мәнерлілік ұғымдарын зерделеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этнографиялық костюмнің материалда жасалуы Making a еthnographic costume in the material
    Несиелер: 6

    Ұлттық костюмнің пішімін, түстік гаммасын, сәндік әрлеуін қолдана отырып ұлттық сахналық әйел костюмінің авторлық эскизін жасап, материалда орындау (пішу, өлшеу, тігу, көркемдік әрлеу) бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стильдер тарихы
    Несиелер: 3

    Сәндеу стильдерінің даму ерекшеліктері және костюмді, әшекейлерді, тұрмыстық заттарды, интерьер мен қоршаған ортаны сәндеу дәстүрлері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихи әйел костюм композициясы
    Несиелер: 4

    Спектакльдің режиссерлік интерпретациясына сәйкес және қойылымның ерекшелігін ескере отырып, тарихи костюмдегі әйел кейіпкерлердің бейнесін іздеу және эскиздерін орындау, өйткені көбінесе қойылымдарда белгілі бір дәуірдің көркемдік стилінің ерекшеліктерін бейнелейтін сахналық костюмдер қажет

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сахнаның жарық жабдықтары
    Несиелер: 6

    Жарық жабдығының жұмыс істеу принциптері және сахналық жарықтандыру жүйесінің құрылымы туралы тәжірибелік білім

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көлемді-мүсіндік грим
    Несиелер: 3

    Оқушылардың көлемді гриммен жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларын дамыту. мүсіндік-көлемді гримде тойтармалар, жапсырмалар, тартқыштар, негативті және оң бедерлерді түсіру, құю, пластикалық жапсырмалар, желімдеу және әрлеу жұмыстары сияқты ұғымдарды бекіту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әйел костюмін конструкциялау
    Несиелер: 6

    Әйел тұлғасының антропометриялық нүктелері мен өлшемдік белгілері; қосымшаларды таңдау; базистік торды есептеу; түрлі сұлбалы әйел киімінің базалық конструкцияларының негізгі сызбаларын құру; моделдеу; лекалдарын жасау және құрылған конструкцияны тексеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы маркетинг
    Несиелер: 3

    «Өнер саласындағы маркетинг» пәні мәдениет және өнер саласындағы отандық қызмет көрсету нарығының ерекшеліктерін; мәдениет және өнер саласындағы маркетингтің негізгі құралдарын және оларды пайдалану әдістерін; мәдениет және өнер саласындағы маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістерін; нақты мәдениет және өнер мекемелеріндегі маркетингтік қызметтің тиімділігін арттырудың әртүрлі стратегиясын зерделеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы менеджмент
    Несиелер: 3

    Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге, сонымен қатар мәдениет саласындағы ұйымдарды басқару қызметінің практикалық дағдыларын меңгеруге, мәдени қызметтің заманауи шарттарымен танысуға, шығармашылық жобалармен жұмыс жасауға, арт-индустрия саласындағы маркетингтік, қаржылық, басқару ерекшеліктерін тануға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі заман костюмінің тарихы/История современного костюма/The history of modern costume
    Несиелер: 3

    Пән ХХ-XXI -шi ғғ. костюмі сәнінің стильдері мен бағыттары, сән табиғатының анықтауы мен құрылымы туралы білім береді. Сәннің қызтеттерін, оның даму және болжау заңдылықтарын қарастырады. Костюм қалыбын талдауға негізделген стильдерді тану және өз пікірін қалыптастыру дағдылары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шаш тараз ісінің негіздері
    Несиелер: 6

    Шаштараз ісіндегі гигиена мен санитарияны зерттеу;жабдықтардың, құрылғылар мен шаштараз құралдарының қасиеттері мен мақсаты; шаштараз құралдарымен жұмыс істеу әдісі; шашты өңдеудің жалпы операциялары және бұйралаудың әр түрлі техникасы. Оқыту барысында

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стиль және макияж
    Несиелер: 4

    Макияждың негізгі әдістерін, түрлері мен стильдерін зерттеу. адамның бет терісімен жұмыс істеу гигиенасы мен ережелері туралы, макияжды қолдану кезінде косметикалық құралдар мен сәндік косметиканың түрлері туралы білімді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сценографиядағы медиатехнологиялар
    Несиелер: 3

    Театр-декоративтік өнердің қазіргі тәжірибесінде қолданылатын технологиялар мен бағдарламар. Декорация эскиздерін құруды және сахна әрлеуін графикалық бағдарлама (AdobePhotoshop, CorelDraw, CorelTrace) құралдарымен рәсімдеу әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Курстың мазмұны салық салу режимдерін, маркетинг негіздерін анықтау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін оқып үйренуді, тиісті аймақта қажетті бизнес-жобаларды әзірлеуді қарастырады, нөлден бастап жеке стартап кұру, ғылыми зерттеулер мен өнертабыстар көрме-конкурстарына қатысу, жобалык шешімдердің техникалык-экономикалык негіздемесін дайындау үшін алынған білім мен дағдыларды пайдалануга мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Постиж
    Несиелер: 6

    Сақал, орташа және толық сақал түрінде ірі бет постижерлық бұйымдарын жасау. Сондай-ақ, бағдарламаға мұрт, сақал және сақалдың негізгі түрлері мен нысандарын зерттеу, бағытпен тамбуровка әдісін игеру кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сценография тарихы
    Несиелер: 3

    Сценография тарихын әлемдік театрдың көне дәуірден қазіргі заманға дейін дамуының эвлюциялық тұжырымдамасы мәнмәтінінде зерделеу. Өткен дәуірлер мен қазіргі заманғы аса көрнекті сахна суретшілерінің шығармашылық жетістіктерін білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мультимедиялық қойылым саундтрегі
    Несиелер: 3

    Дыбыстық және бейне ақпаратты редакциялаудың замануи бағдарламалық құралдарын; өңдеудің, сызықты және сызықты емес монтаж жасаудың, композитинг құрудың негізгі әдістері мен тәсілдерін зерделеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спектальдін сыртқы формасы
    Несиелер: 6

    Спектакльдің сыртқы қалыбын сахналық кеңістікті көркемдік ұйымдастыру мен заттық дүниелік ортаны жасау әдісімен құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ерлер костюмін конструкциялау
    Несиелер: 6

    Ерлер тұлғасының өлшемдік белгілері; ерлердің түрлі сұлбалы иықтық және белдік заманауи киімдерінің конструкциясының еркін қону қосымшаларын таңдау; базалық торларын есептеу; сызбасын құру; лекалдарын жасау; құрылған конструкция сызбасын тексеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сахна жарықтандыру дизайндағы арнайы эффектілер
    Несиелер: 3

    Табиғи жарық (күндізгі, таңғы, түнгі жарықты) және әр түрлі табиғи құбылыстар (еріген жаңбыр, жылжыған бұлттар, лаулап жанған өрт жапағын, түсіп жатқан жапырақтар, ағынды су) және т. б. имитацияларын жарықтандыру тәсілдерімен жасау бойынша практикалық дағдылар алу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Костюмдегі фактураларды имитациялау
    Несиелер: 3

    Сахна үшін маталарды (парча, барқыт, алтын кесте, былғарыға баспа ою жасау, кесілген ағаш) театрлық әдіспен имитациялау және қойылымның тарихи, стилистикалық, концептуалдық мақсаттарымен шешімімен сәйкестендіріп көркемдік өндеу әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шаш тараз ісі
    Несиелер: 7

    Әр түрлі халықтар мен мәдениеттердің ежелгі әлемінің шаш үлгірін орындау әдісін игеру білікті грим суретшілерін дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Орындау әдістерін жаттығу шаштараз маникюрлерінде, париктерде немесе модельдерде олардың орындау күрделілігіне байланысты зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Студиялық және студиядан сырт жарықтандыру
    Несиелер: 6

    Кез келген конфигурациялы сахналық аланды жарықтандыру техникасы. Сахнаны жарықтандыру принциптері: тұрақты және импульсі жарық

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Декорацияларды компьютерде жобалау
    Несиелер: 7

    Декорацияларды түрлі компьютерлік 3D бағдарламаларда практикалық жобалау. Декорациялар конструкциясын құрастыру және есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қалып жасау және құю технологиясы
    Несиелер: 6

    Түрлі күрделіліктегі қалыптарды құю технологиясын және пластикалық жапсырмаларды дайындау үшін әртүрлі қалыптық және көшірме материалдармен жұмыс істеу техникасын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әйел тарихи костюмін материалда жасалуы
    Несиелер: 7

    Авторлық эскиз бойынша тарихи сахналық әйел костюмін театрлық костюм дайындау әдістерін қолданып, материалда орындау (конструкциясын жасау, пішу, өлшеу, тігу, сәндеу) бойынша дағдылар қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гримдегі фактураның имитациясы
    Несиелер: 3

    Аэрограф пен арнайы бояулардың көмегімен жанасусыз бояу және гримдеу техникасын зерделеу. Әр түрлі материалдардың беттеріндегі әртүрлі текстураларын ұқсату қабілеттерін дамыту, бұл әртүрлі ертегі мен қияли бейнелерін жасау кезінде қажет болатын қабілет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Макеттеу
    Несиелер: 5

    Развитие пространственного мышления в конструктивно-геометрических формах. Практическое изготовление любых сложных пространственных форм. Метод трехмерного моделирования в материале

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 6

    Замануи тәжірибеде костюм эскиздерін, фотосуреттерді, афишаларды өңдеуге қолданылатын компьютерлік графикалық бағларламалармен (Adobe Photoshop) жұмыс жасауды ұйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тарихи ерлер костюмінің композициясы
    Несиелер: 5

    Тақырып бойынша әдеби материалды зерттеу, ақпарат жинау, талдау арқылы шығармашылық ізденіс негізінде тарихи сахналық ерлер костюмдерінің эскиздерін жасау және костюмдердің эскиздік қатарын жобалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Портреттік грим
    Несиелер: 6

    Гримде Тарихи түпнұсқаға немесе сілтемеге портреттік ұқсастыққа қол жеткізу үшін қажетті дағдыларды дамыту. Бет пен дененің жекелеген бөліктерін гримдеу әдістерінің қыр-сырын тереңдету. Адамның сыртқы келбетінің физиогномиясы туралы білімді бекіту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Постижер ісі
    Несиелер: 5

    Игеру: түрлі жапсырмалар, шиньондар мен өрімдер үшін негіз дайындау технологиясы; қосарланған торап техникасы; шашты тресстеу; шаштан безендіруді ресімдеу техникасы; шаштан жасалған әшекейлерді күту рәсімдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шаш үлгісін модельдеу
    Несиелер: 3

    Өткен ғасырдың 20 ғасырында танымал болған шаш үлгілерін орындау әдісін игеру. Осы бағыттағы қиял мен іс-әрекеттің еркіндігін дамыту үшін қиял шаштарын орындаудың түрлері мен әдістерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихи костюмді конструкциялау
    Несиелер: 6

    Ерлердің түрлі дәуірдегі түрлі қалыпты, сұлбалы, пішімді тарихи костюмдерінің (фрак, жюстокор, смокинг, сюртук, әскери костюм) конструкциясын құру бойынша білім мен дағдылар қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Постижер іскерлігі
    Несиелер: 6

    Әр түрлі типтегі Театр париктерін жасау технологиясын зерттеу және игеру, модельдің басын өлшеу мен Парик негізін жасаудан бастап, дайындық пен дизайнға дейін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жарық шоуды жоспарлау және басқару
    Несиелер: 6

    Жарық беру сценарийін заманауи жарық беру жабдықтарын қолдану арқылы жасау. Болашақ шоу тұжырымдамасын жобалау, жарық беру дизайны сценарийінің мақсаттарын анықтау бойынша дағдылар қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Виртуалды кеңістіктің сценографиясы
    Несиелер: 6

    «Виртуалды кеңістіктің сценографиясы» курсын оқу үрдісінде студенттер операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері, оларды құру және қызмет ету бойынша дербес компьютермен жұмыс істеудің негізгі білімі мен дағдыларын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Театрлық жарықтандыру
    Несиелер: 3

    «Сахнаның жарық жабдықтары» курсы студенттерде, жарық жабдықтарының жұмыс істеу принциптерін және сахналық жарықтандыру жүйесінің құрылымын практикалық білімдерді қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гримді компьютерде жобалау
    Несиелер: 3

    Autodesk Maya үш өлшемді редакторында 3D модельдеумен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, үш өлшемді кеңістікте өз шығармашылық идеяларын визуализациялау. Autodesk Maya-дағы қарапайым модельді жасаудан бастап 3D кейіпкер моделін модельдеуге және егжей-тегжейлі зерттеуге дейінгі стандартты операцияларды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахналық грим
    Несиелер: 3

    Грим өнерінің даму тарихы. Туынды жанрына байланысты гримнің түрлері, сипаты. Шартты және шынайы грим. Гримнің сахналық костюммен бірге кейіпкер бейнесін ашудағы маңыздылығы. Гримді жобалау: қойылымның стилімен, жанрымен байланысты эскизін жасау, гримді орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахнаның жарықтық кеңістігін модельдеу
    Несиелер: 6

    Cпектакльді жобалау әдістері мен міндеттері арасындағы өзара байланысты және үшөлшемді жарық үлгілеу бағдарламаларының мүмкіндіктері, үшөлшемді кеңістікте кеңістіктік формаларды құру әдістерін меңгеру, жарық кеңістігін автоматты жобалау жүйелерімен жұмыс істеудің нақты дағдысы мен практикалық тәжірибесін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шаш тараз іскерлігі
    Несиелер: 6

    Ортағасырлық Еуропа мен Византияның шаштарын орындау әдісін игеру білікті грим суретшілерін дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Шаш түрлерін және оларды орындау техникаларын жаттығу шаштараздарындағы маникендерде, париктерде немесе модельдерде олардың орындалу күрделілігіне байланысты зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Режиссермен жұмыс
    Несиелер: 3

    Режиссермен орындалатын жұмыс кезеңдерімен танысу: қойылым бойынша драматургиялық, тарихи және т.б. материалдармен танысу; қойылым стилистикасымен және режиссёрдің қойлымының бейнелік-ассоциативтік тұжырымдамасы және кейіпкерлер бейнесінің сипаттамасы туралы түпкі ойымен танысу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихи ерлер костюмінінің материалда жасалуы / Создание исторического мужского костюма в материале /Making of historic man costume in the material
    Несиелер: 6

    Ерлердің тарихи костюмдерін (фрак, жюстокор, смокинг, сюртук, әскери костюм) режиссерлік шешімімен сәйкестендіріп жасаған авторлық эскизі бойынша материалда орындау (конструкциясын құру, пішу, өлшеу, тігу, әрлеу) дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спектакльді жобалау кезеңдері
    Несиелер: 3

    "Спектакльді жобалау кезеңдері" пәнін оқу білім алушылардың нақты сахналық объектіні жобалауда теориялық білімді қолданудың нақты дағдыларын меңгеруіне бағытталған. Акт бойынша мультимедиалық декорациялардың толық жиынтығын техникалық іске асыру құжаттамасын дербес әзірлеуге үйретеді. Спектакльдің авторлық жобасының сыртқы көркемдік формасының компоненттерін іске асыру және іске асыру кезеңдерін жоспарлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиялық контентті жобалау
    Несиелер: 3

    Сандық ақпаратты, дыбысты және бейнені өңдеу, анимациялық әсерлерді жасау, түрлі графикалық объектілерді өңдеу, сандық мультимедиялық ақпаратты сақтау және жариялау әдістері бойынша әр түрлі редакторларды пайдаланудың практикалық дағдылары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Киногрим
    Несиелер: 3

    Камера мен экранға арналған гримнің қыр-сыры мен ерекшеліктерін, түрлі жанрдағы гримдеу техникаларын: кинокартиналар, телесериалдар, тв-шоулар, телебағдарламалар мен музыкалық роликтер, жоғары ажыратымдылықтағы камераларға арналған шынайы грим техникаларын зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахналық костюмнің композициясы
    Несиелер: 6

    Театрлық және экрандық сахналық костюмнің ерекшеліктері, шартты сипаты, бейнелік мәнерлілігі, қызметтері, терминологиясы. Қойылымды костюмдік әрлеу шешімінің қойылым жанры және стилистикасына бағыныштылығы. Костюмнің театрлық және кино қойылымның басқа элементтерімен өзара байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахналық бас киімді, аяқ киімді, аксессуарларды дайындау
    Несиелер: 3

    Әр түрлі әдістермен түрлі қалыпты бас киімдер, аяқ киімдер, аксессуарларды дайындау дағдыларын қалыптастыру. Олардың композициясының, конструкциясының, жасалу технологиясының, сәндеуінің ерекшеліктері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Постиж ісінің заманауи технологиялары
    Несиелер: 6

    Жоғары сапалы камералар үшін шынайы парик жасау технологиясын игеру. Курс бағдарламасы мыналарды қамтиды: шынайы парикке арналған өлшемдерді алу, бағытпен тамбуровка жасау; заманауи материалдармен жұмыс істеу; дайындау және безендіру; желімдеу және бүркемелеу; шынайы париктерді жөндеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерное проектирование костюма
    Несиелер: 3

    AdobeIllustrator, CorelDraw, CorelTrace, Maya компьютерлік графикалық бағларламаларда костюм эскиздерін жобалау әдістерін игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Костюмдік жобаны материалда жасау
    Несиелер: 8

    Режиссер көзқарасына негізделіп орындалған костюмдердің эскиздік қатарын театрлық костюм жасау әдістерін қолданып, материалда орындау: костюмдердің техникалық эскиздерін жасау; материал таңдау; конструкциясын құру; лекалдарын жасау, пішу, өлшеу, тігу, әрлеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жобадағы грим тұжырымдамасы
    Несиелер: 7

    Гримге арналған заманауи материалдарды және гримдеудің соңғы әдістерін қолдана отырып, драматургия немесе сценарий негізінде өз ойы бойынша қойылымға грим

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спектакльдің мультимедиялық шығарылымы
    Несиелер: 8

    Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, режиссердің түпкі ойына сәйкес мультимедиялық қойылым жобасын жасау және көркем шығарманың жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, көпшілік алдында көрсетілуін жүзеге асыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Грим жобасын материалда жасау
    Несиелер: 8

    Эскиздер, 3D модельдер немесе 2D эскиздер жасаудан бастап, макияж өнерінің заманауи тенденцияларына сәйкес барлық талаптарға сәйкес грим үлгісін жүзеге асыруға дейін спектакльдегі кейіпкерлердің грим үлгілерімен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спектакльді костюмдік әрлеудің эскиздік жобасы
    Несиелер: 7

    Дипломдық жоба тақырыбы бойынша материал жинау және зерделеу; ақпаратты талдау арқылы костюмдердің эскиздік қатарын жобалау. Жобалық қызметтегі креативтік тәсілдеме.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спектакль тұжырымдамасының сандық визуализациясы
    Несиелер: 7

    Қазіргі заманғы ойын-сауық іс-шараларын әрлеудің озық сандық технологияларын қолдана отырып, драматургия немесе сценарий негізінде өз ойы бойынша қойылым концептін әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON4

    Қазақстанның көптілді және көпмәдениетті қауымында және халықаралық деңгейде іскерлік қарым-қатынас міндеттерін ауызша және жазбаша түрде мемлекеттік және шетел тілінде шешуге қабілетті

  • Код ON9

    Сахналық техника, технология, жаңа материалдар саласындағы соңғы жетістіктерді енгізуді іске асырады; сахналық жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды

  • Код ON1

    Логикалық ойлауға; тарихи, экономикалық және қоғамдық-саяси даму заңдылықтарын талдауға; азаматтық позициясын, өмірге, мәдениетке деген құндылықты көзқарасын көрсетуге; өзінің денсаулығын сақтауға, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті

  • Код ON10

    Сахналық қойылымды әрлеу барысында өзінің шығармашылық түпкі ойын жоғары көркемдік дәрежеде көрсетуді инновациялық сандық технологияларды қолдана отырып іске асырады

  • Код ON5

    Өзінің кәсіби қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолданады; әлеуметтік және құқықтық жауапкершілік ұстанымдары аясында әрекет етеді;

  • Код ON3

    Ғылыми және көркемдің жоба жасау барысында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алады;

  • Код ON7

    Сценография, бейнелеу өнерінің даму тарихын; заманауи театр процесстерінің эстетикалық басымдылықтары мен өзекті мәселелерін әлемдік және ұлттық театр дамуының эволюциялық тұжырымдамасының мән мәтінінде білетіндігін көрсетеді

  • Код ON2

    Ұжымдағы өзара іс-қимыл мен тұлға аралық қарым-қатынас мәдениетінің; ұжымның ережелері, құндылықтары, бағалаулары туралы саналы көзқарастың; ықтимал даулы жағдайлардың алдын-алудың психологиялық негіздерін меңгерген;

  • Код ON11

    Спектакльді шығарудың өндірістік процесі шеңберінде көркемдік технологиялық және экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімдер кешенін меңгерген

  • Код ON6

    Бейнелеу шеберлігі мен көркем-бейнелі ойлау дағдыларын, көлемді кеңістік формасын сезіну және спектакльдің сыртқы визуалды формасын шешу үшін түрлі кескіндемелік жүйелер мен стильдерді білу дағдыларын меңгерген

  • Код ON8

    Спектаклдің көркемдік бейнесін қойылым жанрына, режиссердің шығармашылық тұжырымдамасына сәйкес жобалайды

Top