Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Элементар физика курсы
    Несиелер: 6

    Элементар физика курсын оқыту - жүйелі физикалық білім алуға дайындық. Мектеп физика курсын қайталау табиғаттағы және техникадағы процестер мен құбылыстардың физикалық мағынасын тереңірек түсіну болып табылады. Элементар физика курсы студентерді жоғары оқу орындарында оқытылатын жалпы физика курсын оқып-үйренуге негіз болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 7

    Жоғары математика курсы төрт бөлімнен турады: жоғарғы алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау және қатарлар теориясы. Негізгі бөлімі болып табылатын бірінші бөлімде жоғарғы алгебраның барлық бағыттары қарастырылса, екінші бөлімде аналитикалық геометрияның негізгі теориялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканың негізгі заңдары (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Физика пәнінің негізін физикалық заңдар және теориялар құрайды. Физиканың негізгі заңдары іргелі физикалық заңдар мен теориялар, табиғаттағы құбылыстар мен үрдістердің физикалық маңызы, физиканың теориялық және эксперименталдық негіздері туралы білім жүйесі болып табылады. Студенттер физика курсының негізгі формулалары мен заңдарын оқып-үйренулері тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика(ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары мен Ньютон заңдарын терең оқып, табиғат құбылыстары зерттеледі. Қоршаған ортаны тану мен ғылыми түсінігін дамытуға, қиындығы әртүрлі деңгейдегі есептерді шешуге бағытталған және механикалық процестерді сипаттайтын заңдарды түсініп білім алушының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика тарихы
    Несиелер: 5

    Болашақ мұғалімдерге ғылым тарихын оқытудың тәрбиелік және әдістемелік мәні зор. Физика тарихы пәні физиканың пайда болуы, ежелдегі физика, ортағасырдағы физика, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі, классикалық физиканың негізгі бағыттары, XVIII-XXI ғасырлардағы физика салаларының дамуы, ғылыми революциялар, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, атомдық және ядролық физиканың дамуы және де ғылымдағы негізгі тарихи мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютердің көмегімен физикалық есептер шығару
    Несиелер: 5

    Компьютерді қолданып физикалық есептерді шығарудың әдістемелік негіздерін, физикалық құбылыстарды демонстрациялауға, физикалық эксперименттер мен лабораториялық жұмыстарды орындауға компьютерлік модельдік бағдарламаларды қолданады, физикалық есептерді шығаруға бағдарламалау тілдерін қолдануды оқып үйренеді, экспериментті басқару, графиктер құру, формула бойынша есептеу, лабораториялық сабақтарда физикалық құбылыстарды бақылайды және модельдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Механиканың таңдаулы тараулары(ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    «Механиканың таңдаулы тараулары» пәні болашақ мамандарға теориялық дайындығына және ғылыми-техникалық қызметке дайындалуына негіз болады. Курста студенттердің ой-өрісін дамытуға негіз болатын қолданбалы есептер ұсынылады. «Механиканың таңдаулы тараулары» пәні әлемдегі физикалық заңдылықтардың болашақ маманға қажетті физикалық білімдердің негізгі өзегі болады. Пән мынадай бөлімдерді қамтиды: механиканың физикалық негіздері, денелер (заттар) құрылымы, сұйықтар механикасы т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканың компьютерлік әдістері
    Несиелер: 5

    Физика пәнінен қарастырылатын тақырыптар бойынша лабораториялық жұмыстар және т.б көптеген тәжірибелер барлығыда компьютердің көмегімен демонстрация жүргізу арқылы түсіндіру студенттердің зейінін жақсартуға, тақырыпты толық түсінуге үйретеді. Сабақты жүргізуде білім алушылар компьютерлік әдістерді қолдану арқылы оңтайландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен гигиена талаптарын үйретумен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • "Молекула-кинетикалық теория
    Несиелер: 5

    Молекулалық-кинетикалық теория пәні студенттерге молекулалардың негізгі құрылымы, қағидалары және заттың үш түрлі қатты, сұйық, газ күйінің қасиеттерін талдау арқылы теориясымен қатар есептерін шығаруды, тәжірибе жасауды үйретеді. Физика бөлімдерінің ішінде бұл теория маңызды рөл атқарады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Молекулалық физика
    Несиелер: 5

    Молекулалық физиканың негізгі принциптерімен, заттың құрылысы, газдың кинетикалық теориясы, МКТ негізгі теңдеуі, фазалық тепе-теңдік және олардың математикалық өрнектерімен, жылулық құбылыстарды бақылау мен эксперименталдық зерттеуді үйрету, эксперимент нәтижесін талдауды, бағалауды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектеп физика курсының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқыту барысында студенттер орта мектепте физиканы оқыту әдістемесінің алдында тұрған көкейкесті мәселелерді қарастырады. Мектептердің жаңартылған бағдарламамен оқытылуына байланысты физика курсының әдістемелік мәселелеріне үлкен назар аудару қажет.Бұл пән мектеп физика курсын оқыту теориясы және әдістемесінің өзекті мәселелерін және оқыту процесіндегі қарама-қайшылылықтарды анықтап зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электромагниттік өріс теориясы
    Несиелер: 4

    Бұл пән электр және магнетизм бөлімінің негізінде электромагниттік құбылыстар бойынша Фарадейдің еңбектерінен кейін, яғни оның теориясынан бас тартып, өріс деген түсінік енгіземіз. Ол бойынша Максвелл зарядтар және токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өріс теориясын жасады. Осы теория негізінде студенттер маңызды идеялармен танысып, электромагниттік өріс теориясының негізгі теңдеулерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 4

    Студенттер пәнді игеру барысында төрт негізгі әсерлесудің бірін электромагниттік әсерлесу, яғни электрлік және магниттік әсерлесудің негізгі табиғатын үйренеді. Кулон заңы, Ампер заңы, Джоуль-Ленц заңы және т.б негізгі заңдарды үйреніп, оны есептер шығаруда және де практика барысында қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Радиоэлектроника негіздері
    Несиелер: 6

    Бұл пәннің физика курсында оқытылуының маңыздылығы бұл пән бойынша теориялық түсінікпен қатар, практикалық жағынан да басымдылықтар берілген және де студенттер көптеген тәжірибелер үйренеді. Радиоэлектроника негіздері пәні радио жиіліктік электромагниттік тербеліс пен толқындарды түрлендіру және қолдану негізінде ақпаратты беру бойынша байланысқан сала және оның негізінде радиотехника мен электроника алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оптика
    Несиелер: 4

    Оптика пәнінде студенттер жарықтың табиғаты жайлы және байқалатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтарды түсінеді, жарықтың түзу сызықты таралу заңы, жарықтың сыну заңы, жарықтың шағылу заңдарын, линзаның қасиеттерін және түрлерін оқып-үйренеді. Интерференция, дифрафция, поляризация құбылыстарына арналған зертханалық жұмыстар жасау арқылы құбылыстарды практикалық көзқарастарын қалыптастырады, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқыту әдістемесі: жалпы мәселелер
    Несиелер: 5

    Физиканы оқыту әдістемесі пәні физика негіздерін оқытудың теориясы мен практикасы болып табылады. Сондықтан студенттерге орта мектептерде физика пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырып сабақтарды жүргізу барысында логикалық ойлауды, физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды оқыту әдістерін үйрету. Физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес дүниені біртұтас танып білдіретіндей және оның тәрбиелік мәнін ескере отырып үлгілік бағдарлама талаптарын орындауды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Толқындық оптика
    Несиелер: 4

    Электромагниттік толқындар, жарық, жарық интерференциясы, дифракциясы, дисперсиясы және поляризациясы т.б. тақырыптар толқындық оптиканың негізін құрайды. Толқындық оптикадан алған білімдерін арнайы курстарды оқуда, техникада, тұрмыста, медицинада пайдалану жолдарымен, голографиялық кескін жазу әдістерімен танысады, лазерлік спектроскопияның негізін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Виртуалды эксперимент
    Несиелер: 4

    Пән физикалық құбылысты бақылауды, өлшеуіш приборлармен физикалық шамаларды өлшеуді, физикалық шамалардың арасындағы сандық тәуелділіктерді тағайындауды, физикалық тұрақтыларды анықтауды үйретеді. Виртуалды эксперименттер дайындап оқу үдерісінде пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикалық оқу экспериментінің техникасы
    Несиелер: 4

    Мектептегі эксперимент техникасы сабағы студенттерді болашақ қызметінде орындайтын демонстрациялық экспериментті жүргізуге дайындайды. Бұл пән арнайы лабораториялық жұмыстар түрінде беріледі. \Студенттер жұмыстарды орындау барысында физикалық тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу техникасымен таныс болады. Сонымен қатар, физика пәнінің тақырыптарына сай виртуальды эксперимент қоюды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды талаптары терминологияның қатаңдығы, анықтығы, бірегейлігі болып табылады. Ғылыми зерттеулерде және оның нәтижелерін ұсынуда ғылыми тілдерді мұқият пайдалану талаптары міндетті болып табылады. Ғылыми зерттеу негіздерін меңгеруде болашақ мұғалімдер оқушылармен ғылыми жоба жұмыстарын жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Жеке тұлғаның бойында осы аталған аспектілердің барлығының жинақталатынына қарамастан мәдениетаралық коммуникация деңгейіндегі әрекеттің де өз ерекшеліктері болады. Ол мәдениетаралық деңгейдегі сұхбаттасушыдан тек қана сол сәттегі қатысым құралына айналып отырған тілді білуді ғана емес, сонымен бірге сол елдің мәдени дерек-терінен де хабардар болуды талап етеді. Тілді мәдениетаралық коммуникацияны игеру мақсаты жүзеге асады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қатты дене физикасы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда қатты денелердің қолданбалы мәселелеріне назар аударылады. Қатты денелерге қатысты теориялық материалдардан келесі сұрақтар қарастырылады: беріктілік және игіштілік, металдар және қоспалар физикасы, заттың аморфтық күйі, магниттік материалдар, полярлық диэлектриктер, жоғары температурадағы асқын өткізгіштердің физикалық қасиеттері, технологиясы және қолданылуы т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Атомдық және ядролық физика
    Несиелер: 4

    Пән микроәлем туралы ілімнің негізгі мәселелерін, қазіргі әлемнің ғылыми бейнесін, атом құрылысы жөніндегі теорияларды, атом ядросының модельдері мен элеменатр бөлшектер жөніндегі стандартты теорияны терең түсінуге бағытталған. Білім алушы замануи атом электр станцияларының құрылысын зерттеп, жасыл қауіпсіз энергетиканың дамуына үлесін қосатын тың идеялармен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 6

    Роботтар қазіргі қоғамда адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Соны есепке ала отырып, бұл пән ғылым мен техниканың дамуына байланысты роботтардың жасалу құрылысын, оларға орнатылған неше түрлі бағдарламалар туралы мәліметтер жинақтау және де үйрету болып табылады. Робототехника ол болашақтың ғылымы болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрономия/
    Несиелер: 6

    Астрономия ғылымы бұл жалпы Ғаламның құрылымын оқытады. Оның ішінде аспан денелері мен жүйелерінің пайда болуын, физикалық табиғатын, қозғалысын және орналасуын зерттейді. Нақтырақ айтсақ, Күн және басқада жұлдыздарды, планеталар мен олардың серіктерін, қара құрдымды, галактикалар мен тұмандықтарды және т.б қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрофизикалық зерттеулер
    Несиелер: 5

    Студенттерді заманауи астрофизиканың негізгі жетістіктері мен шешілмеген мәселелерімен таныстыру. Теориялық материалдармен қатар қазіргі заманғы астрофизикада қолданылатын эксперименталды әдістер сипаттау. Астрофизиканың ішкі логикасы нақты мысалдар туралы теория мен эксперименттің қосымша және өзара байланысты дамуы ретінде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Классикалық механика
    Несиелер: 4

    Классикалық механика пәні Ньютонның механика заңдарын негізге ала отырып, зерттеу пәні макроскопиялық денелердің қозғалысын қарастыру болып табылады және де жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз жылдамдықпен орындалады. Студенттер Ньютон заңдарына байланысты есептер шығаруды және де практикалық жұмыстар жасап үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Теориялық механика
    Несиелер: 4

    Теориялық механика зат денелерінің механикалық қозғалыстарының жалпы заңдылықтары мен механикалық әсерлесуін зерттейді. Теориялық механика пәні бойынша студенттер механика бөлімдерімен танысады, соған байланысты есептер шығарады, және оны практикамен байланыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физиканы оқыту әдістемесі: жеке мәселелер
    Несиелер: 4

    Студенттерге орта мектептерде физика пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырып сабақтарды жүргізу барысында логикалық ойлауды, тұрақты машық алуды, физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды таңдай білуге үйрету. Физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес дүниені біртұтас танып білдіретіндей және оның тәрбиелік мәнін ескере отырып тақырыптық, календарлық сабақ жоспарын жасай білу

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Атом және атом ядросының физикасы
    Несиелер: 4

    Ұсынылып отырған пән келесі тақырыптарды қамтиды. Атом туралы кванттық түсініктер, Корпускулалық – толқындық дуализм, Атом ядросының физикасы, Ядролық реакциялардың физикасы, Ядролық физиканың эксперименталдық əдістері, Элементар бөлшектер физикасы. Атомдық және ядролық физикасының заңдылықтары жəне қолдану аясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрофизика негіздері
    Несиелер: 5

    Теориялық үлгілердің көрсетілуімен қатар қазіргі заманғы астрофизикада қолданылатын қазіргі эксперименталды әдістерді сипаттайды. Курстың негізі: заманауи астрофизика, жалпы салыстырмалық теориясы, жұлдыздарды және олардың эволюциясын, галактикаларды және олардың эволюциясын, қараңғы заттар мен қараңғы энергияны т.б. астрофизикалық мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физикалық есептер шешу әдістемесі
    Несиелер: 6

    Физикалық есептерді шешу әдістемесі пәні бірінші кезекте мектепте I және II басқыштағы физикалық есептерді шешудің жалпы міндеттері мен әдістерін қарастырады. Пәннің негізгі мазмұны болашақ физика пәнінің мұғалімдеріне арналған физикаға тән типтік есептерді шешу. Физикалық есеп тапсырмасына жан-жақты талдау жасау, есеп шығару жолдарын талқылау, есепті бірнеше жолмен шығаруды оқушыларға үйретуге дайындалу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физика пәнін жаңа бағдарлама бойынша оқыту
    Несиелер: 5

    Білім беру бағдарламасының құрылымы, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті, мазмұны, мақсаттары, педагогикалық әдіс-тәсілдері, оқу мақсаттарына қол жеткізуге критериалды бағалау жүйесін қолдану, мектептің нормативтік құжаттамаларын сауатты толтыру, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылады, бағалау критерийлерін анықтау, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жартылай өткішгіштер физикасы мен техникасы
    Несиелер: 5

    Жартылай өткізгіштердің заманауи техника мен технологияның дамуында алатын орнын ескере отырып студенттерге келесі теориялық білімді меңгерту қажет – меншікті, қоспалы және реттелмеген жартылай өткізгіштер физикасы, жартылай өткізгіштік аспаптарда қолданылатын құрылымдардың физикасы мен техникасы, оптикалық тұрғыдан белсенді жартылай өткізгіштік материалдар мен құрылымдар, кристаллдардың технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биоинженерлік физика
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқытуда адам ағзасындағы термодинамикалық және электродинамикалық процестер, биоэлектроника негіздері, емдеуде физикалық әдістерді қолданудың және вакцина жасап шығарудың, диагностикалық құралдардың және фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің биофизикалық негіздері, физикалық-химиялық биология әдістері және медициналық техника аспаптары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физика есептерін шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Физикадан есептер шығару пәнді оқытудағы маңызды мәселелердің бірі. Физикалық есептер шығару практикумы физикалық теорияларды іс-тәжірибеде қолдану болып табылады. Сабақта студенттер есептерді шығару әдістерін меңгереді, әр түрлі есеп типтерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдайды,оқушыларға арналған бақылау жұмыстарын түзу негіздерін біледі, олимпиадаларға есептер дайындайды, есептерді құрастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудың жаңа әдістері
    Несиелер: 5

    Физика мұғалімін дайындау жүйесі, орта мектепте жоғары дәрежеде оқыту, физиканы мектепте оқыту мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, әдістері, мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, теоремаларды дәлелдеу, есеп шығаруға үйрету, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Cабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кванттық теорияның шығуы және дамуы
    Несиелер: 5

    Кванттық физиканың пайда болуы ұзақ уақытқа созылған және кезеңді процесс. Кванттық ұғымның алғашқы пайда болуынан бастап кванттық механиканың Копенгагендік интерпретациясының дамуына жалғасты. Кванттық теория бүкіл Еуропада ғалымдардың қарқынды жұмысымен толықты. Студенттер кванттық теорияны дамытуға және түсінуге үлкен ғалымдар - Макс Борн, Макс Планк, Пол Эренфест, Эрвин Шредингер, Вернер Хейзенберг, Вольфганг Паули , Пол Дирак т.б. ат салысқаны туралы танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Астрономия есептерін шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Есептер шығару арқылы астрофизикалық білімдерін тереңдетеді. Студенттердің диалектиқалық-материалистік көзғарастарын және астрономияның теориялық негіздерін, ғылымның жетістіктері туралы білімдердерін астофизикалық есептерді шешу арқылы кеңейту. Есептер шығару барысында студенттер жұлдызды аспан картасымен және суреттермен жұмыстар орындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кванттық механика
    Несиелер: 5

    Кванттық механика ерекше теория болып табылады. Оның постулаттары бойынша біз жүйе туралы бәрін біле аламыз, ал оның жеке бөліктері туралы ештеңе белгісіз.Кванттық механикада теорияның логикалық қағидаларына назар аударылып, кванттық логиканың парадоксын жоюға емес, оны жарыққа шығаруға және оны түсіндіретін күрделі сұрақтар қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON6

    инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және білім алушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;

  • Код ON1

    Физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестерді түсінеді, қолданады;

  • Код ON5

    қоршаған ортаны дүниетанымдық позициялар негізінде философия мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері аясында бағалайды;

  • Код ON8

    критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады;

  • Код ON11

    физикалық заңдар мен формулаларға негіздей отырып есептер шығарады, теориялық білімді іс-тәжірибеде қолданады;

  • Код ON7

    кәсіби қызметінде білім алушы әріптестерімен, ата-аналармен диалог жүргізеді, әлеуметтік серіктестерімен ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, командада жұмыс істейді, коммуникативтік танытады;

  • Код ON12

    оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламаларын әзірлейді, тәрбиелік іс-шаралар бағдарламаларын құру үшін отандық және шетелдік тәжірибелерді пайдаланады.

  • Код ON4

    физикалық процестерді модельдейді, эксперимент нәтижелерін өңдейді, талдайды, пәнді оқытуда АКТ-ны, цифрлық білім ресурстарын қолданады;

  • Код ON2

    математика ғылымының классикалық бөлімдерінің негізгі ережелерін, базалық идеясы мен әдістерін, негізгі математикалық құрылым мен аксиоматикалық әдістер жүйесін шешу үшін таңдай біледі;

  • Код ON3

    өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби қызметті жүзеге асырады, кәсіби этика мен сөйлеу, тілдік мәдениеттің негіздерін меңгереді;

  • Код ON9

    табиғаттағы құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін ашу үшін физикалық бақылау мен эксперименттерді жүргізеді және нәтижелерін талдайды, бағалайды;

  • Код ON10

    инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін практикада қолданады;

Top